Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 11:41, реферат
XIX ғасырдағы ғана емес, жалпы қазақтың асыл сөзіне пайым, таным деңгейіне олмейтін өз енерін қосып кеткен, еліміздің тағдыр-талайына, тар кезеңдегі тарихына қабырғасы сегіліп, қасіретті күй кешкен күрделі түлғалардың бірі - Шортанбай Қанайұлы.
1. Ақын, діни қайраткер – Шортанбай Қанайұлы
2. "Иман — жанның жарығы"
3. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы
4. Ақын өсиеті
ЖОСПАР.
XIX ғасырдағы
ғана емес, жалпы қазақтың асыл
сөзіне пайым, таным деңгейіне
олмейтін өз енерін қосып
Ол халқымыздың өдебиеті қатталып, қағазға түсе бастағанынан-ақ еленіп, ескерілген дарын. Әрқашан назарда болды. Қилы кезең-дердің қондырғы саясатына орай түрлі бағасын алды. Бірде ашылды, айтылды, бірде "жабылып", жасырылды. Шортанбайдың заманы озге еді. Оның пешенесіне азғын заманнан адамшылықты аман алып өтудің арпалысы жазылыпты. Қазтуған мен Доспамбеттің, Ақтамберді мен Үмбетейдің "бағынышты болғанша, басың кетсін" дейтін ұрпағы аз емес еді. Соның бірі – Шортанбай, ақын, діни қайраткер. Оның тас жарып шыққан бұлақтай қайсар, тәтті, тұнық жыры, биік жыры ащы мұңға батты, қорғасын ойлардың салмағына тұншықты.
Жырау - Түркістан
төңірегіндегі Қаратаудан Арқаға
барған қожа тұқымына жатады. Қайсібір
дерек оны Ақмешіт қожасы еді дейді. Басы
ашық нәрсе - жырау өмірінің басым көпшілігі
қазіргі Жезқазған облысының аймағыңда
мүрдесі жатқан Арқада — Қарқаралы төңірегінде
өткен.
Шортанбай - белгілі Жанқұтты биге аса
жақын адам. Арқа елінің арғы-бергідегі
жақсы-жайсаңдарымен бірге жүрген, қатар
болған. Шортекеңнің өз кіндігінен Алдаберген,
Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызы болған.
Аязбай осы жақта қайтыс болған да, Алдаберген
кейін Қаратау жаққа кетіп қалған.
Ол 1808 жылы қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірінде шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып, молдадан сауат ашып, Шаяндағы медресені тәмамдайды. Оз бетімен орысша хаттанып, тіл білген.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашы, діни жұмысатқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Тіршіліктің талабы, өмірдің рухани азығы, дүниенің қызығы оны тәубасынан жаңылдырады. Қызойнақ пен Алтыбақан кештеріне бірден барып, жастарға араласып кеткісі-ақ келеді. Амалын тапса, екеуін де қолданып, өзі де елден шеттемей, жастарға да, үлкендерге де үйір боп, солардың ортасында өмір сүру, мүмкін болғанынша сезімге бой алдырмай, ақыл мен парасатқа жүгіну қажет. Осылайша ой түйген Шортанбай өзін еркін ұстайды.
Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққы жетелейді. Елдегі әр қилы дәстүрлі той, жиын, келін түсіру, қыз ұзату салттарына байланысты думандарға еліктемеу мүмкін емес. Ел толған төкпе ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Біраздан кейін өзін-өзі билей алмай, бойын кернеген ақындық өнердің аузын қалай ашып жібергенін өзі де сезбей қалады.
Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын деп атап кетеді. Міне, ғажап! Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.
"Қайсыбірін айтайын, қазақтың ұлы қамалды" деп аһ ұрып, қасірет шеккен Шортанбай заманы туралы, тарихтың сол бір қаратүнек, тұманды, күмәнді түстары туралы қазір де салмақты, сабырлы, салиқалы әңгіме басталды. Сол дөуірдің куәсіндей Шортанбайдың да шырылдаған шындығы бар. Және ащы шындық.
Шортанбайға тағылған толып жатқан "айыптың" бірі — феодалшыл, рушыл, байшыл, ескішіл болса, бірі — сары уайым, заршылдық болса, енді бірі - діншілдік еді. Ол бағаның қалай және не себептерге байланысты берілгені қазір белгілі жай.
Дін — алла тағалаға құлшылықпен, бірді-екілі шарттылықпен ғана түгесілетін дүние емес, бүкіл тіршілікпен, жаратылыс қүпияларымен астасып жатқан, құлашы кең күрделі ұғым. Опасыз жалған дүниеден адамның іздеп тапқан таяныш тұғыры, рухани күші. Шортанбай осыны білген, түсінген, насихаттаған.
Ақынның дүние тірлік, адам жанының
құпия-қалтарыстары, тіршілік табиғатының
ғажайып күштері жайлы толғаныс түжырымдары
көп жыл шошып, үркіп келген діни танымның
аясына емін-еркін сыйып жатыр.
Шортанбай иманды айтса, ақиқатты айтса
— адамшылығынды, кісілік қасиетінді,
жаратушының оң көрген ісін сақтауды уағыздайды.
Дүниені көрме, сезбе, таныма, ойланба,
соқыр сенім, көзсіз қүлшылықта бол деп
емес, зерек бол, сезімді бол, танып істе,
тауып істе деп айтады. "Ақиретте жалған
жоқ, таразысы басқа бір бөлек" — деп,
күні ертең жауап берер күнәдан сақтандырады.
3. Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы.
Еліне ақын боп танылған Шортанбайдың өнерлік жолына шолар болсақ, онда да өзіндік сыр жоқ емес. Қазақта, бұрын-соңды, не көп десе, ақын көп деп жауап берілер еді. Бұл жауаптың екі мағынасы бар. Ақынның көптігі, ең алдымен, халықтың талантқа бай екенін көрсетеді. Екіншіден не нәрсе көп болса, онда құнсыздық та орын алып, яғни, ақын емес, елде ақындыққа жақындар да көбейер еді. Кез келген ұйқас сөз өлең емес, өлең ол Абайша айтқанда, "сөз сарасы" немесе "өлең сөздің патшасы". Ал, оны жасаушы "Ер данасы" - шын мәніндегі ақын. Ойын-сауықта екінің бірі елдің алты аузын айта алады. Нағыз ақын өзінің ішкі жан сезім дүниесін нәзік те, нәрлі сөздермен суреттейді. Ішкі сезімге құрылған тамаша лирикалар жасайды. Бұл – жеке адамдар өміріне, сезіміне байланысты лирикалық туындылар. Сол адамдар сезімін әсем табиғат құбылыстарымен де көмкеріп, жыр төгеді. Табиғат лирикасын дүниеге әкеледі. Тылсым табиғатты қыз-бозбала ғашықтығымен ұштастырса, тамаша сурет туындайды. Осылайша лирикалық нәзік те әсерлі тағы бір саласы дамиды.
Ол 19 ғасырда өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті. Шортанбай өзіне дейінгі Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді жыраулар мен Шал ақынның мол мұраларымен жақсы таныс болған.
Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «Қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алда- берген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызыболған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.
Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
Қазақ қоғамын билеп-төстеген сол тұстағы әкімдер тобы – халыққа арсы боп, елдің басына зобалаң орнатып жатқан қу мен сұмдар. Халықтың бұрын-соңды болған дәстүрлі билігі жойылды. Елдің өзіндік салты, өнегелі басшы адамдары ығысты. Ел билегенде титтей де адалдық қалмады деп өз сынын күшейте түседі.
Халық қайғысының қалыңдауына негізгі себеп – отаршыл патша өкіметінің озбыр саясаты және оны жүргізіп жатқан жергілікті әкімдер. Генерал, майор, князь, тілмәш, дуанбасы, оның соты, әскері, түрмесі, т.б.
Бұлар елді еркіндіктен айырған, дәулетін судай шашқан аждаһа іспетті. Халық қайғысының негізгі себепкерін "Жалмауыз болда ұлығың", - деп әкімдерден көреді.
ХІХ ғасырдың көптеген ақындары қазақтың тәуелділікке душар боп, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Қолынан шығып кеткен мекендеріне іштері қазандай қайнап, жоқтау айтып, зар жылады. Патшалықтың ең ілкі тырнағына ілінген Сарыарқа, Еділ, Жайық, Есіл, Ертіс жер суларының шұрайлы бойларынан айрылу шымбайына қатты батты. Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді.
Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету акі талай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет жасап, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі. Ел ішіндегі әр түрлі жетесіздіктерге, талан-таражға, алуасыздыққа, берекесіздікке, ойсыз опасыздыққа қарсы шықты. Әуелі өз елінің мінезін, мініп түзетпек болды. Жігерін оятып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды. Оны ақын жақсы түсінді. Отаршылар мен оның қазақ жеріндегі сыбайластары билеген заманды ол халық басына түскен ақырзаман, елдің береке-бірлігін кетірген тар заман, жұрт болашағын тұйыққа тіреген зар заман деп өзінше қорытты.
Бұл заманның енді бір кесапаты ол халықты өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған кәсібінен, тіршілік қамынан, үйреншікті, сүйегіне сіңген әдет-ғұрпынан, наным-сенімнен, иманнан, дағдылы ел билеу салтынан айырды.
Осылайша халықтың ұлттық тұрпаты, елдік сипаты бұзылды. Адамы, азаматы, оларды мінез-құлқы, іс-әрекеті өзгерді. Олар тәуелсіздігінен айрылды. Құлдық тәуелсіздік қамытын киді. Өзіндік дербестігі жойылды. Міне, осының бәрі ақынның зарлы-шерлі толғаулары арқылы сыртқа шықты. Ол халықтың мұңы боп қалыптысты.