Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 17:36, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………............1
1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3

1.2 Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары........................................................................................10


2.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

2.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Шағын-және-орта-кәсіпкерлікті-қолдау-инфрақұрылымы.doc

— 162.00 Кб (Скачать файл)

                                  Жоспар

 

  

Кіріспе…………………………………………………………............1

1.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері

1.1 Шағын және орта кәсіпкерліктің түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі..........................................................................................3

 

1.2 Шағын және орта  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының  институттары........................................................................................10

 

 

2.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары

 

2.1 Шағын және орта кәсiпкерлiктің инфрақұрылымдарын қолдаудың әлемдік тәжiрибесi...........................................................

 

Қорытынды

 

Қолданған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе     

Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 344 Жарлығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзiрледi. Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын 1992 және 2000 жылдардағы кезең iшiнде iске асыру Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң жасақталуы мен қалыптасуына негiз қалады. Шағын және орта кәсiпкерлiк экономикасының жинақылығы салыстырмалы түрде аздаған инвестициялары мен тәуекелiнiң неғұрлым аздығымен қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте тауар айналысы саласындағы сол кездегi жағдайды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi.Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 және "Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы" 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлықтары соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің дамуына қуатты серпiн бердi. Осы уақытқа дейiн Қазақстанда шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау белгiлi бiр қысқа мерзiмдi тиiмдiлiк берген салық жеңiлдiктерiн беруге және мемлекеттiк қаржы есебiнен жеңiлдiкпен қаржыландыруға назар аударылды, бiрақ жүйесiз жүргізiлдi. Бұл, шағын кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалары мен мiндеттерi ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған мемлекеттiң экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында қаралуымен түсiндiрiледi.Негiзгi мақсаты елдiң бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылатын 2015 жылға дейiнгi индустриялық-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы мен iске асырылуын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын қайта қарау және мемлекет пен жеке сектордың өзара iс-әрекетiнiң жаңа идеологиясы қажет. Бүгінде шағын және орта кәсiпкерлiк инновациялық экономикада өз орнын жедел iздеу үшiн өзiнiң икемдiлiгiн, ұтқырлығын, рыноктiк объективтiлігін пайдалануы қажет жағдай пiсiп жетiлдi. Мемлекет, өз кезегiнде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуiр әлеуетi бар кәсiпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс.                                                                             Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың жедел шараларын қабылдауда.

1.Шағын және орта  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының  теориялық негіздері

 

1.1. Шағын орта кәсіпкерлік түсінігі және экономикадағы маңызды рөлі

    Әлеуметтік - экономикалық дамудың қазіргі кезеңі экономика құрылымының қайта құрылуын алдын - ала айқындайды, өз кезегінде кәсіпкерліктің жылдам дамуына бағытталған. Қоғамдық қажеттіліктерін және өндіріс құралдарының нақты жалпылануының әр-түрлі деңгейіндегі әр-түрлі сипаттамалары әр-түрлі өндіріс түрлерінің тиімділігі экономикалық масштабын объективті түрде күшейтеді. Белгілі бір шарттарға байланысты экономикалық пайдалылық жөне тиімділік ірі және ұсақ өндірісте бола алады.

“Кәсiпкерлiк – меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқаруға құқығына (ммелекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызмет. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады”. Шағын кәсiпкерлiк бұл кәсiпкерлiктiң аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметтер жасап, жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады.  Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету,  халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту,  қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.

Шағын кәсiпкерлiктiң өзiндiк  артықшылықтары да бар. Оларға:

  • Сыртқы экономикалық факторлардың өзгеруiне тез бейiмдiлiгi;
  • Шағын инновациялық кәсiпкерлiк бiр салада тоқтап қалмай экономиканың барлық сферасын қамтиды;
  • Шағын кәсiпкерлiк iрi компанияларға қарағанда ғылыми – техникалық зерттеулер нәтижелерiн инновацияларды өнеркәсiпке жылдамырақ енгiзедi;

Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын кәсiпкерлiк   келесi  салалар бойынша   бөлiнедi: 

     -  шағын   бизнестiң   кәсiпкерлiк  қызметтiң  бағытталуына байланысты: өндiрiстiк,   коммерциялық,  қаржылық,  инновациялық    болып бөлiнедi;

     - кәсiпкердiң   функционалды  операциясының   құрылымына қарай: өндiрiспен   басқару ,  қаржыландыру   және  делдалдық  қызмет:

     - шаруашылық  түрлерiнiң    санына   байланысты :  бiр профильдi , көп профильдi;

     -   шаруашылықтың   салаларына  бағытталуына  байланысты:   өндiрiстiк,        агроөндiрiстiк,  ауыл  шаруашылық  ,   құрылыста  және  басқада   халық шаруашылық  салаларында .

Шағын кәсiпкерлiк нарық  қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын кәсiпкерлiк ең алдымен  рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, кәсiпкерлiк экономикада нақты белсендi,  бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар,  мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Шағын кәсiпкерлiктiң әлеуметтiк мiндетiне:

  • Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселесiн шешу; 
  • Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;
  • Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн арттыру;

Ал шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:

  • Экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • Рыноктағы сұранысқа және жалпы өзгерiстерге тез бейiмделу;
  • Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;
  • Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;
  • Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;
  • Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;
  • Класстерлiк жүйенiң дамуы;
  • Лизингтiк қатынастардың дамуы;
  • Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;
  • Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етiп, ЖIӨ-нiң өсуiне үлесiн қосады;

Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын кәсiпкерлiк экономиканың даму қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-та барлық жұмыс күшiнiң 50%-iн кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33%-i шағын кәсiпкерлiк үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын кәсiпкерлiкпен шұғылданады және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр.  АҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ғылыми зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да,  өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды.                                                                                                                                   Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы - Елдегi әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы шағын және орта кәсiпкерлiктiң дамуына оң ықпал еттi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң мәлiметтерi бойынша 2005 жылғы 1 қаңтарда республикада 208,4 мың заңды тұлғалар тіркелген, оның 195,7 мың шағын кәсiпорындар құрайды, орта кәсiпорындар - 10,67 мың. Бұл ретте, шағын кәсiпкерлiк субъектілерi жалпы санының 93,9%-ын құрайды. Шағын кәсіпкерлікте (заңды тұлғалар) жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 524,6 мың адамға жетті, өсу 2004 жылғы тиiстi күнiне 8,7%-ды құрады.  Шағын кәсiпкерлiктiң ЖIӨ-ге қосқан үлесi 2004 жылы 16,2%-ды құрады, яғни салыстырмалы түрде шағын және орта кәсiпкерлiк шамамен 25%-ды бередi. Заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң тауарлар мен қызметтердi сатудан түскен кiрiстерiнiң артуы 2005 жылы 2006 жылға қарағанда 8,7 %-ды құрады. Шағын кәсiпорындардың қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары мүлдем дерлік өзгерген жоқ. Белсендi заңды тұлғалар - шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жалпы санынан сауда, автомобиль жөндеу және үйде қолданатын бұйымдар саласы - 40,5%-ы басым жағдайды иеленген, шағын кәсiпкерлiк саласында белсендi халықтың жиынтық саны 163,6 мыңы жұмыспен қамтылған (шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 31%-ы).                                                                                                        2006 жылы көлеңкелi экономиканың үлесi ЖIӨ-ден 22,6%-ды құрады, әйтседе 1992 жылдан 1998 жылдар кезеңiнде аталған көрсеткiш орташа 30-38%-ға дейiнгi аралықта бағаланды. Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып, астыртын өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырыса Атқарушы өкімет органдарының шағын бизнесті қолдауға бағытталған шаралары салдарынан оның тұрақты және жағымды даму серпіні байқалады. 2007 жылда тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 564 бірлікке артты. Облыста барлығы 11232 шағын кәсіпорын бар. Әрекеттегі кәсіпорындардың саны 229 бірлікке артты, қазірде олар – 7891.Шағын бизнес кәсіпорындарындағы жұмысшылардың саны 50208 адам, немесе 2006 жылмен салыстырғанда 5594 есеге көп.Шағын бизнес кәсіпорындарының тауарлар, жұмыстар және қызметтерді шығаруы 17 пайыздан артты. Жеке кәсіпкерлердің саны 5,9 адамға көбейді, облыста қазір олар 60 мыңнан астам.Жылдың басынан әрекеттегі шаруа қожалықтарының саны 1569 бірлікке артты, 16866 бірлік деңгейіне жетті. Шаруа қожалықтарында 33,7 мың адам жұмыс істейді.Шағын кәсіпкерлік саласында 10895 жаңа жұмыс орны құрылды. Елімізде 1 миллионға жуық шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша, республикамызда 985,5 мың шағын кәсіпкерлік субъекті тіркелді. Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуінде бұл туралы Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
В. Школьниктің сөзіне қарағанда, тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 190 мыңы - заңды тұлғалар, 601 мыңы - жеке кәсіпкерлер, 194 мыңы - шаруа қожалықтары. Жалпы алғанда шаруашылық субъектілеріндегі шағын кәсіпкерліктің үлесі 93 пайыз. «2006 жылмен салыстырғанда өткен жылы тіркелген субъектілердің саны 17 пайызға көбейді. Ал жұмыс істеп тұрған субъектілер тіркелгендерінің 76 пайызын құрайды», - деді министр. Бұл ретте ол тіркелгенімен ұзақ уақыт бойы дұрыс жұмыс істемей тұрған субъектілердің азаймай, бұрынғысынша 24 пайыздық деңгейде қалғанын айтты. Бұдан бөлек В. Школьник шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың саны өткен жылы 1 млн. 838 мың болғанын, яғни оның алдындағы жылмен салыстырғанда 11 пайызға өскенін жеткізді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері әлі күнге дейін сауда, автокөлік және тұрмыстық бұйымдарды жөндеу, ауыл шаруашылық салаларында басым болса, өнеркәсіп саласында мейлінше аз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Сурет-2 – Шағын бизнестiң жалпы кәсiпкерлiк қызметтегi үлесi

Суреттен көрiп отырғанымыздай, бүгiнде шағын бизнестiң үлесi айтарлықтай, яғни жұмыссыздықты, халықтың әл ауқатын көтеретiн және тұрақты  экономиканың өсуiн қамтамасыз ететiн шағын бизнес екенi белгiлi. Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда және қызмет көрсету жүйесiнде, әрбiр бесiнсiшi өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1%, өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында   21,2 %  iстейдi,  қалғандары түрлi қызмет  көрсетумен  айналысады.  Бұл   деректiрдiн сауда iсi  әлi  де   басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда   өндiрiс көлемi әлiде  өзгере   қоймаған  көруге  болады.  Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамту және    фирмалар  санының өсуi -  негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар  есебiнен  толығып , жалпы алғанда баяу  өседi.                             Бiрақ елiмiздiң шағын бизнес саласының дамуында оған кедергi болып отырған келесiдей шешудi қажет ететiн мәселелердi атап өтуге болады: Өндiрiстiң негiзгi құралдарының 80%-ы тозуы салдарынан олар шығарған өнiмдердiң бәсекеге қабiлетсiздiгi;

  • Рыноктық қатынастардың, шағын бизнестiң, әсiресе бәсекелестiк қатынастың дамуына монополиялардың кедергi болуы;      
  • Шағын  кәсiпкерлiктi  қолдау  инфрақұрылымның   жеткiлiксiздiгi;
  • Қолданылып  жүрген  заңдарды   жергiлiктi  деңгейде орындау тәртiбiнiң  әлсiздiгi;
  • Салық  салу  және салықтық  тексеру  жүйелерiнiң  тым күрделiгi;
  • Экономикалық  қаржы  секторында   жұмыс  iстейтiн  шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң  iске  қосылмаған, коммуналдық  меншiктегi  өндiрiстiк  үй - жайларды  сатып  алу  тәртiбiнiң күрделiлiгi  және  тым жоғары  жалға алу ақысы;
  • Кадрларды  даярлау  және  шағын  кәсiпкерлiктi  ақпараттық   қолдауының  тұтас  жүйесiнiң  жоқтығы;
  • Шағын  кәсiпкерлiктiң  мемлекеттiк  құрылымдармен  өзара iс  қимыл  жасаудың    ұйымдық  проблемалары;
  • Шағын  кәсiпкерлiктiң  даму  жолындағы  әкiмшiлiк  тосқауылдар;
  • Шағын кәсіпкерліктi инновациялық тұрғыдан барлық жағынан қолдау;
  • Шағын кәсiпкерлiкте кластерлiк жүйенiң дамымауы;

 Қазақстанда бүгiнгi күнi шағын және орта кәсiпкерлiк  бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың  серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын кәсiпкерлiк саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана.              Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.                  Шағын кәсiпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағандығының айғағы. Алайда заңды тұлғалардың жалпы санының 70% ғана жұмыс iстейдi.                               Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген шағын кәсiпорындардың басты көпшiлiгi алматы қаласында орналасқан. Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ шағын бизнеспен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда жүйесiнде, әрбiр бесiнсiшi өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында  олардың  36,1%, өнеркәсiптiк  өндiрiс орындарында   21,2 %  iстейдi,  қалғандары түрлi қызмет  көрсетумен  айналысады .  Бұл   деректiрдiн сауда iсi  әлi  де   басым екендiгiнде,  салалық құрылымдарда   өндiрiс көлемi әлiде  өзгере   қоймаған  көруге  болады.  Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамту және    фирмалар  санының өсуi -  негiзiнен коммерциялық  кәсiпорындар  есебiнен толығып , жалпы алғанда баяу  өседi.                      Шағын кәсiпкерлiктi  дамыту  жөнiндегi  ақпаратты талдағанда   агроөнеркәсiптiк кешендегi шағын кәсiпкерлiк қазiргi  уақытта елiмiздiң эканомикасына тиiстi  үлес  қоса  алмай  отырғанын   немесе   табысын  жасырып  ұстайтынын  байқауға  болады . Сонымен  бiрге  эканомиканы  сараптағанда  мемлекеттiң  стратегиялық  бағытын   жүзеге  асыруда  шағын  бизнес  басты құралдардың  бiрiне  айналды .                                                          

Нарықтың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай  тәуелдi болады.  Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады.  Шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету,  халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту,  қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне коммрциялық банктерден бөлiнген несиелер. ( млн. теңге )

 

Жылдар

12.2003

12.2004

12.2005

12.2006

11.2007

Банктiк несиелер

489417

672407

924283

1256897

1565947

Оның iшiнде шағын бизнеске

121954

145515

210623

264567

325879

- қысқа мерзiмдi

60153

63043

80943

92457

99547

- ұзақ мерзiмдi

61801

83467

120715

164589

186549


 

Осы кестеден көрiп отырғанымыздай, соңғы бес жылда коммерциялық банктерден шағын кәсiпкерлiкке бөлiнген несиелер 21%-ға ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесi салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бiрге, банктерден несие алу үшiн клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдығы шағын кәсiпоарныдардың негiзгi өндiрiсiн техникалық жабдықтауға несие мүмкiндiктерiн төмендетедi. Сондықтан бүгiнгi күнi шағын кәсiпкерлердiң пайдаланып отырған құрылғыларының көбi техникалық және моральдық жағына да тозған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Шағын және орта  кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының  институттары 

 

Қазақстан Республикасының  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы.

Олардың қызметтеріне жеке кәсіпкерлік істі ұйымдастыруға  жәрдемдесу, коммерциялық негізде құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент аясындағы ақпаратпен қамтамасыз ету, материалды-техникалық, қаржылық және т.б. ресурстармен қолдау көрсету кіреді.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары