Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2014 в 17:07, реферат
«Екіні екіге көбейткенде төрт болатындығы сияқты, айдан анық нәрсе ғой» дегенді біз жиі қолданамыз. Санау мен есептеудің біздің тұрмысымызға еніп, әбден сіңісіп кеткендігі соншалықты, тіпті, санауды және қарапайым есептеулер жасауды білмейтін ересек адам болады деген ұғым біздің ойымызға да келмейді. Алайда, адамның тіпті сан ұғымы туралы түсінігі болмаған кезде болған.
Жас баланы сан ұғымымен алғаш таныстырып отырған тәрбиеші үшін бұл ұғымның дамуының ұзақ жолын білу тек қызықты ғана емес, ол қажет те. Бұл болса осы ұғымды игеруде балалардың қандай қиыншылықтарды жеңуге тура келгенін тәрбиешінің түсініп алуына көмектеседі.