Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 17:26, доклад

Краткое описание

Банктің сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Вложенные файлы: 1 файл

жол карта 2020.docx

— 17.05 Кб (Скачать файл)

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық  ставканы субсидиялау

Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

Банктің сыйақы ставкасын  субсидиялау жаңа инвестициялық  жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды  іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер  бойынша жүзеге асырылады.

Пайыздық ставкасын субсидиялау  жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкінгдігімен  
1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем  емес өз қаражатының жобаны іске асыруға  қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы пайыздық ставканы  субсидиялау банктердің сыйақы  ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын  Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері  бойынша ғана жүзеге асырылады.  Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама  жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне  байланысты;

өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті  орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын  нарықтық шекті сыйақы ставкасынан  жоғары болуы мүмкін емес.

Субсидиялау мөлшерін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайды. 

 

Кредиттер бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау тетігі

1. Өтінім беруші банкке  өтініш береді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық  тиімділігіне бағалау жүргізеді  және оң шешім болған жағдайда  өтінім берушіге жобаға кредит  беруге  дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.

3. Өтінім беруші банктің  оң шешімімен осы жобаны ӨҮК  қарауына шығаратын жергілікті  деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге  жүгінеді.

4. ӨҮК жобаны Бағдарлама  өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды  және субсидиялау мүмкіндігі (немесе  мүмкін еместігі) жөнінде шешім  қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті  хаттамамен ресімделеді.

5. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК  субсидиялауға мақұлдаған жобалар  тізбесін субсидиялау шарттарымен  бірге тиісті банктерге, сондай-ақ  қаржы агентіне жібереді.

6. ӨҮК-де қаралған барлық  жобаларды жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші олар  бойынша қабылданған шешімдермен  қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне  сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті  орган субсидиялау шарты жасалғанға  дейін ӨҮК шешімін тоқтата  тұруға құқығы бар.

7. Кредиттеу бойынша банктердің  және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің  оң шешімі бар жобалар бойынша  банк, қатысушы және қаржы агенті  субсидиялау шартын жасайды, оның  шеңберінде қаржы агенті мен  Бағдарламаға қатысушы банкке  сыйақы ставкасының тиісті бөлігін  төлейді.

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау  шарттары

Борышкер Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға арналған өтінімді тек 2010 жылы бере алады.

Пайыздық ставканы субсидиялауды  жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аса алмайды.

Егер борышкердің кредит(тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуы  туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.

Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды.

Пайыздық  ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейін төмендететін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, оның ішінде  
7 %-ды борышкер төлейді, ал 5 % мемлекет өтейді. Бұл ретте банк:

өтінім беруші бастамашылық еткен кредиттеу шарттарының  өзгеруіне байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша  міндеттемелерін бұзу себебі бойынша  алынатын комиссияларды, алымдарды  және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

Пайыздық ставканы субсидиялау  бар берешекке (мақұлдау сәтінде) және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекке қолданылады. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша  мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары

Салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер (төлем  көзінен ұсталатын жеке табыс  салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзарту Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты шеңберінде банктердің сыйақы ставкасын субсидиялау үшін мақұлданған  борышкерлерге ғана берілуі мүмкін.

Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде  Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған сәтке  дейін қалыптасқан, Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін берешек бойынша берілуі мүмкін.

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау  шарттары

Пайыздық ставканы субсидиялау  жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы  бір қарыз алушы үшін 3 млрд. тенгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі одан әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен  
1 жылдан 3 жылға дейінді құрайды.

2010 жылы банктердің, Бағдарламаға  қатысушылардың сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 4 %-ды экспорттаушы төлейді, ал 8 %-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ  банк:

өтініш  беруші бастамашылық жасайтын кредит беру шартының өзгеруіне байланысты;

өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды  және/немесе басқа да төлемдерді қоспағанда қандай да бір комиссияларды, алымдарды  және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.

Одан әрі жылына бір  рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің келісімі бойынша ЭДСМ анықтайтын кредит бойынша қаржы ұйымдарының тиімді пайыздық ставкасы нарықтық шекті ставкадан  аса алмайды.

Субсидиялау мөлшері 2011 жылдан бастап банктің сыйақы ставкасының  70 %-ын құрайтын болады.


Информация о работе Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау