Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2015 в 16:39, курсовая работа
Үшінші тарауым «Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары» деп аталады. Бұнда мен мемлекеттік басқаруға енгізілуі мүмкін болатын жаңашылдықты да қарастырып, оның республикалық деңгейде маңыздылығы мен тиімділігін атап өткім келді.
Жалпы қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, азаматтарымыз ендігі кезекте кез келген салада, мейлі кәсіпкерлікте, мейлі мемлекеттік қызметте мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!
КІРІСПЕ......................................................................................................
3
1
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС
1.1
Басқару түсінігінің қалыптасу мен даму тарихы....................
5
1.2
Қазіргі заманғы басқару және оның элементтері...................
6
1.3
Мемлекеттік басқару жүйесі....................................................
9
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (биліктің 3 тармағы негізінде)
2.1
Заң шығарушы билік – биліктің мемлекеттік түбірі ретінде.........................................................................................
12
2.2
Атқарушы биліктің құрылымы................................................
18
2.3
Сот билігінің ұйымдастырылу ерекшеліктері........................
24
3
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1
Жергілікті өзін-өзі басқару: болашаққа апаратын жол.........
30
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
37
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ: «МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ».
студенті Медеубаева А.О.
Оқытушы магистр: Кернебаев А.С.
ҚАРАҒАНДЫ, 2015
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ....................... |
3 | ||||
1 |
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС |
||||
1.1 |
Басқару түсінігінің қалыптасу мен даму тарихы.................... |
5 | |||
1.2 |
Қазіргі заманғы басқару және оның элементтері................... |
6 | |||
1.3 |
Мемлекеттік басқару жүйесі........................ |
9 | |||
2 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (биліктің 3 тармағы негізінде) |
||||
2.1 |
Заң шығарушы билік – биліктің мемлекеттік
түбірі ретінде....................... |
12 | |||
2.2 |
Атқарушы биліктің құрылымы...................... |
18 | |||
2.3 |
Сот билігінің ұйымдастырылу ерекшеліктері................. |
24 | |||
3 |
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ |
||||
3.1 |
Жергілікті өзін-өзі басқару: болашаққа апаратын жол......... |
30 | |||
ҚОРЫТЫНДЫ..................... |
37 | ||||
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................ |
38 |
КІРІСПЕ
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету қай кезде де, қай елде де жұртшылық назарын ұдайы аударып келген мәселе. Тәуелсіздік алып, мемлекеттік егемендігін халықаралық деңгейде паш еткен біздің елде бұл мәселе айрықша көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстанның көптеген саясатшылары мен ғалымдарының мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесіне кейінгі кезде айрықша мән беріп, пікір алмасып талдау жасауды жиілеткені де содан болар.
Қазіргі әлемде мемлекет үрейлі машина емес, азаматтарға қызмет көрсететін ұйым деп саналады. Ол енді бұрыңғыдай қоғамға қарсы тұрған тап өкілдерінің наразылығын басып жаншытатын қару емес. Осыған орай әлемдік ғылым осы заманғы демократиялық қоғамда мемлекеттік егемендік пен халықтық егемендік қатар жүруге тиіс деп топшылайды. Атап айтқанда, елдің ішіндегі халықтық егемендіктің мемлекеттіктен басым роль атқаруы керектігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-ші бабында өз көрінісін тапқан. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық деп атап көрсетілуі сондықтан.
Жұмысымның бірінші тарауы «Мемлекеттік басқаруға теориялық көзқарасты» талдауына арналған. Осы кезекте мен мемлекеттік басқару түсінігімен, оны қалыптастырушы негізгі факторлармен және тарихымен таныстырғым келді. Тарау жеке–жеке маңыздылығы бар үш сұрақтан тұрады. Жалпы мемлекеттік басқарудың пайда болу тарихы ежелгі мысырлықтар мен гректерден бастаманы алуда.
Екінші тарауда толығымен «Қазақстан Республикасындағы басқару құрылымының ерекшеліктерімен» таныстырып өткім келеді. Әрбір елде мемлекеттік басқару өз бағыт – бағдары бойынша қалыптасып дамиды. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару биліктің үш тармаққа бөлінуі арқылы жүзеге асырылады, яғни заң шығарушылық, заң атқарушылық және сот билігі. Осылардың әрқайсысына заңдық негізде құқықтық құзіреттілігін қарастырдым.
Үшінші тарауым «Мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары» деп аталады. Бұнда мен мемлекеттік басқаруға енгізілуі мүмкін болатын жаңашылдықты да қарастырып, оның республикалық деңгейде маңыздылығы мен тиімділігін атап өткім келді.
Жалпы қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, азаматтарымыз ендігі кезекте кез келген салада, мейлі кәсіпкерлікте, мейлі мемлекеттік қызметте мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС
1.1 БАСҚАРУ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
XV ғасырдың аяғынан қазақтардың дала демократиясына сүйенген және монархиялық мемлекеттігінің дәуірі басталғанын отандық тарихтан жақсы білеміз. Ол қазіргі Орталық Азия аумағында болып жатқан саяси және этноәлеуметтік прцестердің көпғасырлық өзара қайшылықты әсері мен өзара араласуының нәтижесінде қалыптасып, 1465 жылы құрылған Қазақ хандығынан басталады.
Жалпы, Қазақ мемлекетінің саясиқұрылымын көз алдымызға анық елестету үшін, мемлекеттің сол замандарда болған Заң түрлерін қарастыруымыз қажет. Осы заңдардың ішіндегі демократиялық дәстүрдің жарқын бейнесін беретіні – «Жеті Жарғы». Бұл Заң Қазақ мемлекетінің бұдан бұрыңғы болған нормативтік актілері негізінде жасалған. Олардың қатарына «Қасым ханның қасқа жолы» және «Есім ханның ескі жолы» атты қазақтың негізгі заңдары жинағы жатады. Міне, осы заңдарда айтылғандай, мемлекеттің жоғарғы билік иесі – Хан. Хан-Елбасы мемлекеттің әскери қауіпсіздігін ұйымдастыру, өлім жазасына кесу немесе кешірім жасау құқықтарына ие болды. Хан өзге мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешкен. Хан билігі мұраға қалдырылмайды. Яғни қазақтардың саяси құқығы бар екендігінің маңызды көрсеткіші хандарды сайлау институты болатын немесе, дәлірек айтқанда, қоғамдық пікір бойынша басшы ретінде танылған. Шығыс төрелерінің билігін бекітудің заңдылық іс-жосығы еді. Тарихтан белгілісі – ең лайықты деген үміткер Хан сайланып, оны ақ киізге салып көтеріп, жария ететін.
Шын мәнінде қазақтардың ортағасырлық қоғамында сол кездің өзінде-ақ билікті бөлудің өзіндік жүйесі қалыптасқан болатын. Хан билігі институты өзінің монархиялық табиғатына қарамастан, сайлану мүмкіндігін сақтағанын айтып өттік.
Қазақ қоғамындағы биліктің ерекшелігі, билік иелерінің тағайындалуы мен сайлануынан гөрі, олардың танылуында, яғни басқарушының лауазымды, еңбегі сіңген құрметті атақ екендігінде еді. Сайланған Ханды ақ киізге салып көтеру немесе билерге сот-әкімшілік, әскери-саяси және дипломатиялық қызметке мерзімі шектелмеген рұқсат беру салт жорасы тек халық таныған жағдайда ғана жасалатынының куәсі. Бұл ерекшелік сондай-ақ қазіргі заманда кеңінен таралып отырған ірку мен қарсы әсер жүйесінде ұқсас билік өкілдігін тежеу түрінде де байқалған. Хандар ақырғы шешімді қабылдауға заң жүзінде ғана құқығы болған, ал іс жүзінде ол Хан кеңесінде әр түрлі мемлекеттік мәселелерді талқылау кезінде көпшілік пікірмен санасуға мәжбүр болған, ал сол кеңестерде қатардағы адамдардың мүддесін халық ортасынан шыққан билер қолдап отырған. Биліктің жекелеме институттарының сайланатын тәжірибесінің кеңінен таралуы нәтижесінде билік ресурстарының өзінен-өзі ұдайы қайталанып тұруы жүзеге асып отырды, ал бұл болса жоғарғы топтың қоғам талаптарына деген төзімділігін арттырады. Міне, осы фактілердің барлығы Қазақ мемлекетінің билігі бір саяси құрылымы мен билік институттарын қалыптастырды.
1.2 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Қазақстанда XX ғасырда мемлекеттік басқару жөнінде айтарлықтай мол әлеуметтік тәжірибе жинақталды. Әсіресе, соңғы бес жылдықта егемен мемлекетіміз осы бағыттағы проблемалардың түбегейлі шешілу жолдарын тыным таппай қарастырып, бүкіл әлемдік қоғамдастықтың тең құқықты әріптесі болуға батыл қадамдар жасауда.
Кез келген мемлекеттің ең әлсіз жері - үкімет билігі мен басқару үрдісінде десек, қазіргі кезде біздің Қазақстанда бұл жағдайларды жақсартып жандандыруға, басқаруды ұтымды әрі тиімді жүргізуге, үкімет билігін демократияландыруға қажетті барлық мүмкіндік ескерілуде.
Бүгінде қоғамымызда жан-жақты жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік басқаруға айтарлықтай ықпалын тигізуде. Басқару қызметінің бағыт-бағдары және дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. Мемлекеттік басқару мемлекеттік айрықша қызметінің бір түріне жатады. Өйткені, мемлекеттік басқару заң жүзінде өкілеттілік берілген арнайы субьектілерге - мемлекеттік басқару органдарына жүктеледі. Мемлекеттік басқарудың өзіне тән мынадай ерекшеліктері болады:
Тікелей басқару — кәсіпорындар мен ұйымдарды және басқа да басқару обьектілерін өз өкілеттілігінің шегінде тікелей басқару болып табылады.
Орталықтандырылған басқару, басқару обьектілеріне тікелей басшылық ету арқылы емес, олардың басшыларына жарлық беру арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру кезінде басқарушы субъектілер басшылыққа алатын негізгі идеялар мен бастамалар, принциптер объектілі түрде болғандықтан, яғни олар басқарудың негізінде жатқандықтан, басқару қызметі сол принциптерді басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Басқару принциптері әлеуметтік-саяси және ұйымдастырушы болып бөлінеді. Әлеуметтік-саяси принциптерге мыналар жатады: заңдылық, жоспарлылық, нормативтілік, халықтың талап-тілегін есепке алу, бұқаралық және жариялылық. Ұйымдастырушы принциптер мыналар: құзыреттерді белгілеу және бөлу принциптері; басқарудағы салалық, салааралық және аумақтық мүдделердің есепке алынуы; басқарушылардың құзыреттері шегіндегі жауапкершілік; алқалық басқарудың жеке-дара басқарумен қатар қою және алқалық басқарудың үстемдігін есепке алу; тікелей және жан-жақты басқару.
1.3 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік-құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әр алуан. Мемлекет органы дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпке құрылады; екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін өкілеттілік береді; бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін; үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді; төртіншіден, мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша - өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай – орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіліктің мерзімі бойынша – тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзыретін жүзеге асыру тәртібі – алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша – құқық шығарушы, құқық қолданушы құқық қорғаушы; құзыретінің сипатына қарай – жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.
Информация о работе Жергілікті басқарудың теориялық аспектісі