Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 17:25, реферат
1. Инновациялық проекттерді іріктеу әдістері
2. Инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштер
3. Инновациялардың экономикалық тиімділігін арттыру әдістері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің
С.Садуақасов атындағы Аграрлы -техникалық институты
«Инженерлік технология және транспорт» кафедрасы
«Кәсіпорындағы менеджмент және жоспарлауды ұйымдастыру» пәні бойынша
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Инновациялық жобаларды басқару. Инновациялық жобалардың құрамы мен құрылымы.»
Көкшетау 2014 ж.
Мазмұны
1. Инновациялық проекттерді іріктеу әдістері
2. Инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштер
3. Инновациялардың экономикалық тиімділігін арттыру әдістері
1.Инновация және инновациялық жоба
Инновация – бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация –бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық , қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады.
Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері болуы қажет:
а) талдау және кодтау үшін ескерілетін классификациялық жинақтаудың кешенділігі;
б) критерийді анықтаудың сандық (сапалық) мүмкіндігі;
в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми жаңалығы
Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық санын алынатыны және жеке жасалған болу мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзіне асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды, жаңалық инновацияда тұтыну саласында оларды айналдыруүшін сатылады.
Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың біреуі арқылы дамуы мүмкін: 1) инновациялық ұйымда жинақталу; 2) жаңалықтың инновацияға айналуы; 3) тауар сияқты сатылуы;
Ұйым қызметінің тиімділігі экономикалық және қаржылық көрсеткіштерге қарай бағаланады. Нарықтық қатынас жағдайында көрсеткіштің бірыңғай жүйе болуы мүмкін емес. Әрбір инвестор инновациялық жобаның ерекшеліктерінен, мамандардың, менеджерлердің және т.б. факторлардың шеберлігіне байланысты бұл жүйені анықтайды.
Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:
- мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
- ұйымның рационалды құрылымын талдау;
- ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;
- ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
- ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;
- ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
- инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);
- жоба экспертизасының сапасын талдау;
- ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын талдау;
- инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:
- диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;
- талдау мен жинақтау бірлігі;
- ранжирлеу;
- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
- оперативтілік;
- сандық анықтамалылығы және т.б.
Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б.
Инновация бұл – экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді.
Инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:
- өндірістік;
- инвестициялық;
- ынталандырушы;
Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.
Жобаларды басқарудың қолданатын қағидалардың көбісіне де инновациялық менеджмент сүйенеді. Жобаны басқарудың ешқай спецификалық принципі инновациялық менеджменттің әдістемелік ережелеріне қайшы келмейді, керісінше оны нақтылайды және толтырады. Толық жоба жүзеге асыру жағдайы мен мақсаты бойынша әмбебап болу керек. Осы арқылы кез келген жобада оны жүзеге асыру процесінде оңтайлы сапалы өзгеріс алуға мүмкіндік беретін инновациялық элементі бар. Мұндай қорытынды инновациялық менеджмент пен жобаларды басқару мақсаттарын талдау нәтижелерімен дәлелденеді.
Барлық айтылғандар инновациялық жоба түсінігін енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы инновациялық менеджмент теориясында бұл түсінік нақты мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуші қандайда бір әрекеттер кешенін болжайтын қызмет, жұмыс, іс-шара ретінде және қандайда әрекеттерге қажетті ұйымдық-құқықтық және есептік-қаржылық құжаттар жүйесі ретінде пайдаланылады.
Жобаны жасау және жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады: инвестициялық ойды (идеяны) қалыптастыру; инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу; жобаның технико-экономикалық негізделуі (ТЭН); құжаттарды дайындау; жобалық құжаттаманы дайындау; құрылыс-монтаждық жұмыстар; объектіні пайдалану; экономикалық көрсеткіштер мониторингі.
2.Инновациялық проекттерді іріктеу әдістері
Таза дисконтталған табыс (ТДТ) және интегралды эффект; табыстылық индексі (ТИ); табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН); өзін-өзі ақтау мерзімі; және т.б. қатысушылардың мүдделері мен жоба спецификасын көрсететін әр түрлі көрсеткіштерді қолдану арқылы түрлі инвестициялық жобаларды салыстыру мен олардың қолайлысын таңдап алу ұсынылады
3. Инновациялық
жобалардың экономикалық
Жоба тиімділігінің келесідей негізгі көрсеткіштерін бөліп қарайды (сызбаны қара):
Ірі масштабты жобалар (бүкіл республика, қала, аймақ мүдделерін ескеретін) үшін халық шаруашылығы экономикалық тиімділікті бағалау ұсынылады.
Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептегенде ұйым үшін жоба нәтижелерінің құрамына мыналар кіреді:
4. Инновациялардың экономикалық тиімділігін арттыру әдістері
Инвестициялық жобаның алғашқы үш кезеңі маңызды болып табылады, сондықтан оларды толық қарастыру қажет. «Инвестициялық ойдың (идеяның) қалыптасу» кезеңі деп іс-әрекеттің алдын-ала ойланған жоспарын айтамыз. Бұл кезеңде ең алдымен инвестицияның субъектісі мен объектісі, формасы мен көзін анықтау қажет. Инвестиция субъектілері инвестицияны қолданушы, коммерциялық ұйымдар мен басқа шаруашылық субъектілері болып табылады.
Инвестиция объектілеріне төмендегілер жатуы мүмкін:
- жаңа өнімдер мен қызметтер
өндіруге арналған салынып
- бір міндетті шешуге
Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару. Инновациялық жобалардың құрамы мен құрылымы