Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 22:07, реферат
Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.
Тәуекелділік ықтималдылық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады.