Сауда,үнемшілік туралы мақал-мәтелдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 15:37, практическая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлік отандық экономиканы дамытудағы маңызды құрал қарым-қатынас екендігі айқын.
Нарықтық экономикаға көшу монополизмнің алдын алу, бәсекелестікті дамытуға бағытталған өндіріс құрылымын қайта құру тәрізді радикалды өзгерістерді талап етті. Ал бұл әлемдік тәжірибе көрсеткендей меншіктің, ұйымдық-құқықтық формасының әр түріне бағытталған кәсіпкерліктің дамуынсыз нәтиже бермейді.

Содержание

Кіріспе
1. Қарым – қатынас және оның түрлері
2. Сауда. Сауда түрлері
3. Аукцион
4. Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
5. Сауда,үнемшілік туралы мақал-мәтелдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

СРСП САУДА.docx

— 112.78 Кб (Скачать файл)

ҚАРЫМ –ҚАТЫНАС ЖӘНЕ САУДАНЫҢ ФОРМАЛАРЫ

 

 

ЖОСПАРЫ:

 Кіріспе

              1. Қарым – қатынас және оның түрлері

              2. Сауда. Сауда түрлері

              3. Аукцион

              4. Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі

             5. Сауда,үнемшілік туралы мақал-мәтелдер

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кәсіпкерлік  отандық экономиканы дамытудағы маңызды құрал қарым-қатынас екендігі айқын. 
Нарықтық экономикаға көшу монополизмнің алдын алу, бәсекелестікті дамытуға бағытталған өндіріс құрылымын қайта құру тәрізді радикалды өзгерістерді талап етті. Ал бұл әлемдік тәжірибе көрсеткендей меншіктің, ұйымдық-құқықтық формасының әр түріне бағытталған кәсіпкерліктің дамуынсыз нәтиже бермейді. 
Қайта құруға дейінгі кезеңде сыртқы экономикалық байланыстарды басқару елімізде макродеңгейде, яғни мемлекет деңгейінде жүзеге асты. Кәсіпорнның сыртқы саудада және экономикалық қарым- қатынасын, қызметтің монополия жағдайында мемлекет қандай ұйымдар, қандай салада,қандай көлемде операция жүргізуін бекітіп отырады, елдің экспорттық-импорттық жоспарын анықтайды. Мемлекет экспорт және импортты рұқсатқағаздар жүйесі арқылы реттеп отырады.

Нарықтық қатынастарды босатудың  аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне  жол беру болды. Алайда мемлекет алғашқыда  идеологиялық сарынмен айырбас саласына өз бақылауын орнатуға тырысты. Ол бірнеше  ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті тауар айырбасын ұйымдастыруға  әрекет жасады.

Өндіруші және тұтынушы салалармен тығыз қарым-қатынаста болатын  және елдің барлық ауқымында, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет шеңберінде тауар мен қызмет жылжытуды қамтамасыз ететін экономиканың жүйелі  секторы ретінде сауда маркетингі қарастырылады.

Сыртқы нарықпен қатынас орнатуға сонымен қатар басқа да бағыттар әсер етті. Экспорттық стратегияны  әзірлеуде маркетинг пен жарнамаға  жоғары назар аудару, сыртқы нарыққа  шығу және сыртқы сауда қатынастарына  түсу процедураларының ережелерін білу және орындау, сонымен қатар инвестициялық-шаруашылық саясат және елде және сырт елдерде  мемлекеттің реттеу механизмі. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру жағдайында елімізде меншіктің әр түрлі формалары  пайда болды. Меншіктің әр түрлі  жаңа формаларының арасында отандық  экономиканың дамуына әсер етуге  бағытталған, белгілі орын алатындарының  бірі – бірлескен кәсіпорындар.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС   ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында  адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро,микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты  мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау;сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Перцептивтік  қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.

Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.

Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. САУДА. САУДА ТҮРЛЕРІ


 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауда түрлері: Iшкі сауда, сыртқы сауда, аукциондық сауда, баспа-бас айырбас сауда, биржалық сауда, комиссиялық сауда, консигнациялық сауда, өтемақылы сауда, лицензиялық сауда (технологияларды пайдалану құқығын, ноу-хауды, патенттерді, өнертабыс лицензияларын мерзімге және сыйақыға беру), көтерме сауда (зани тұлғаларға не заңи тұлға құрмаған жеке тұлғаларға кәсіби қызметте пайдалану үшін кез келген тауарды түрін өзгертпестен қайта сату және сату), бөлшек сауда (халыққа жеке бастың тұтынуы немесе үй қожалығында пайдалану үшін сату), халықaралық сауда, "көзге көрінбейтін" сауда (көрсетілетін қызметтердін көлік, сақтандыру, қаржы, компьютерлік, ақпараттык, лизинплік, құрылыс, тағы басқа қызметтердің экспорты мен импорты), тағы басқа түрлерге бөлінеді. 

         Сауда-саттық  - белгілі бір техникалық- экономикалық сипаттамалары бар тауарды сатып алу нысаны, мұнда сатып алушы сатушылар үшін тауарға конкурс жариялайды. Тек канна ұлттық кәсіпорындар қатысатын сауда-саттықты  і ш к і с а у д а - с а т т ы қ деп атайды, ал шетелдік кәсіпорындар қатысатын сауда-саттықты х a л ы қ a р а л ы қ с а у д а - с а т т ы қ деп атайды. Өз кезегінде халықаралық сауда-саттық тілек білдіруші кәсіпорындардың бәрі қатысатын а ш ы қ с а у д а - с а т т ы қ және жеткізушілер мен сатып алушылардың қатаң түрде шектелген тобы қатысатын ж a б ы қ с а у д а - с а т т ы қ болуы мүмкін. Әуелі (бірінші кезеңде) сауда-саттыққа қатысатын фирмалар іріктеледі, сонан соң (екінші кезеңде) сауда-саттықтың өзі өткізіледі.

          Сауда тізілімі - шетелдерде заңды тұлға тіркелетін мемлекеттік тізілім. Ел аумағында шетелдік фирмалар қатысатын заңи тұлғаны тіркеу кезінде шетелдік фирма өз елінің сауда тізілімінде жария етілген көшірмені табыс етуге тиіс.


Бөлшек сауда — ішкі саудада тауарларды немесе қызметтерді шағын мөлшерде сатып алу және сату. Басты мақсат — тауарды қалайда мол сату, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету және сол арқылы жаңа немесе қосымша сұраныстарды іздестіру. Бөлшек саудаға қатысты сауда орындарына: санаулы және тауарлардың түр-түрін сатуға мамандандырылғанәмбебап, жылжымалы дүкендер және төмендетілген бағамен тауар сататын дүкендер, сауда автоматтары, почта және телефон байланыстары арқылы тауар сату, т.б. жатады.

Көтерме сауда — тауар айналысының алғашқы сатысы; өндіруші кәсіпорындардың тауарларды, өндіріс құралдарын, ірі топтамалармен сатуын қамтитын ішкі сауданың құрамдас бөлігі; тікелей өндірісте тұтынатын немесе бөлшек саудаға түсіретін тауарлардың ірі топтамаларымен сауда жасау; тауардың өндірушілерден бөлшек сауда орындарына немесе өндіріс құрал-жабдықтары бөлігінде өнімнің тұтынушы кәсіпорындарға жетуі. Көтерме саудаға а. ш. өнімдері мен шикізатын сатып алу да жатады. Ол өндіріс құрал-жабдықтарымен және тұтыну заттарымен көтерме сауда жасау түрлеріне бөлінеді. Кеңестік дәуірде тауарлардың көтерме сауда арқылы қозғалысы тауар қорларын өндіру мен бөлуге сәйкес жоспарланды. Өндіріс құрал-жабдықтарымен көтерме сауда жасау тұтыну тауарларымен көтерме сауда жасаудан ұйымдық тұрғыдан өзгеше болып, айналыстың ерекше саласын – материалдық-тех. жабдықтауды құрады. Өнеркәсіп орындары сауда жасаудан босатылып, бүкіл өнімін көтерме сауда ұйымдарына өткізді. Халық тұтынатын тауарлармен сауда жасау Сауда мин-нің қолына шоғырландырылды. Ал, тұтыну кооперациясының өз көтерме сауда жүйесі болды. Нарықтық экономика жағдайында көтерме сауда өнеркәсіп орындары, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен көтерме сауда кәсіпорындарының арасындағы және көтерме сауда кәсіпорындарының өз арасындағы делдалдық буынға айналды. Қазақстанда шикізат, материалдар, қарапайым жабдықтар көтерме сауда фирмалары арқылы сатылады. Ал, арнайы қызмет көрсетуді қажет ететін зауыт қондырғылары, технол. желілер өндіруші кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстар негізінде өткізіледі.

Сыртқы сауда

       Қазіргі  таңда Қазақстанның экспорттық   мүмкіндігі айқындалған шикізаттық бағытта және жанармай, металлургиялық, химиялық комплекстер есебінде ұйымдастырылады.Қазақстан экспортының құрылымының негізгі үлесін мұнай мен мұнай өнімдері құрайды (35%), басқа да маңызды тауарлы топтарды түсті металлдар (17%), қара металлдар (16%), кен (12%), экспорттың белгілі бір бөлігін дәнді дақылдар құрайды (9%). Негізгі импортқа шығарылатын өнімдер машиналар мен жабдықтар, химиялық өнім, минералды жанармай, азық-түлік тауарлары, дайын бұйымдар мен халық тұтынатын тауарлар. Қазақстанның экспорт-импорт құрылымы жылдан жылға диверсификациялы іс қатынастары жағына ауысуда. Бірақ дәстүрлі әріптестер ТМД және Балтық елдерімен сауда үлесі әлі де үлкен: оларға 59% экспорт пен 63 % импорттың үлесі келеді. Сонда да негізгі сауда әріптесі Ресей болып қалады. Алыстағы шет елдер мемлекеттерінен Германиямен, Турциямен, Швейцариямен, Чехиямен, Италиямен, Қытаймен, АҚШ, Ұлыбританиямен, Оңтүстік Кореямен және т.б елдермен сауда қатынастары қарқынды түрде дамуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. АУКЦИОН

 

       

Аукцион — көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес, жария сауда. Бұл латынның auctіo, яғни бәсеке сауда деген сөзінен шыққан. Аукцион тұрақты не уақытша белгіленген орында, алдын ала хабарланған уақытта аукциондық сауда кезінде бұйым көрмеге қойылады. Аукцион тауарлардың, бұйымдардың белгілі бір түрлері бойынша өткізіледі. Аукционның бағаны көтеріп немесе бағаны төмендетіп жүргізетін түрлері бар. Бағаны көтеріп саудаласу ашық және құпия түрде жүргізілуі мүмкін. Ашық түрінде аукционшы лот (сапасы біркелкі тауар тобы) нөмірін, бағасын алушылар алдында жариялап, «кім көбірек», «кім артығырақ» деп сұрақ қояды, ал алушылар тауардың алғашқы бағасынан сату ережесінде белгіленген мөлшерден әрдайым арттырып, өз бағаларын атайды. Егер кезекті баға арттыру ұсынылмаса, сұрақ үш рет қайталанғаннан кейін, аукционшы балға соғып тауардың ең жоғарғы баға ұсынған кісіге (мекемеге) сатылғанын хабарлайды. Аукционның жабық түрінде сатып алушы аукционшыға баға көтеруге келіскені туралы шартты белгілер береді де, аукционшы сатып алушының атын атамай-ақ жаңа бағасын хабарлайды. Бағаны бір ыңғай төмендету арқылы жүргізетін аукционда тауар тобын (лотты) кім бірінші «иә» десе, сол алады. Бағаны төмендететін аукциондарда бағаның өзгеруі циферблат тілімен көрсетіледі. Кім бірінші кнопканы басып циферблат тілін тоқтатса, лотты (тауар тобын) сол сатып алады. 

4. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН РОЛІ   

 Халықаралық ұйымдар сауда  тосқауылдарын жою бойынша маңызды  мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауар айналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған. 

  Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық  одаққа кірудің бастапқы қадамы  болады. Еуропалық еркін сауда  ассоциациясын 17 мемлекеттерін қамтитын  еркін сауда зонасы.

Ең  жоғарғы орган ЕФТА кеңесі болып  табылады, онда әр елдің бір даусы  болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын  және орындалуын бақылайды. Сонымен  қатар ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды жасау керек  пе, соны тексереді. Бұдан басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы, сауда  және кедендік эксперттер). ЕФТА секретариаты Женевада орналасқан. Оны бас директор мен оның орынбасары басқарады. ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін 12 ай өткен соң ғана мүмкін. 

  Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР маңызды болып табылады. 

  АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия  мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд  қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы  декларация бойынша құрылды. 1984 жылы  оған Бруней мен Вьетнам қосылды.  Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен  индустриалды саясат арқылы экономикалық  дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН  елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды  біріктіретін Азиялық еркін сауда  зонасын (АФТА) құру туралы шешім  қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар 1989 жылы Австралияның инициативасымен орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда экономикалық ынтымақтастықты күшейту және 2020 жылға қарай барлық сауда және инвестициялық кедергілерді жою туралы шешім қабылданды.

     Солтүстікамерикалық еркін сауда зонасы Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда болды, Канадамен инициирленді және АҚШ пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994 жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық пайда болды, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді. 

Информация о работе Сауда,үнемшілік туралы мақал-мәтелдер