Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:24, реферат
Салық салу қазіргі кезеңде ең маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Ол қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік- экономикалық сфераларды қамтиды. Бірде бір мемлекет салықтық түсімдерінсіз бола алмайды. Қоғамдық категория ретінде салықтар мемлекеттің және адамдардың өмірінің нақты тарихи- экономикалық жағдайларын бейнелейді.
Салықтарды зерттеу барысында ғалым экономисттер әр түрлі анықтама берген. Мәселен, Д. Рикардоның ойынша: “Салықтар үкіметтің басқаруына түсетін елдегі өнім мен еңбектің үлесін құрайды ”. [2]
Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.