Еңбекке оқыту кезіндегі оқушыларды тәрбиелеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2015 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын айқындау үшін, біз қазақ халқының шаруашылығының даму тарихына шолу жасаудан бастағанды жөн көрдік.

Содержание

І. Кіріспе
Еңбек пәні туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1) Теориялық бөлім
A. Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
B. Қазақ халық педагогикасы идеяларының бүгінгі еңбек тәрбиесіндегі көрінісі
C. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастары
2) Практикалық бөлім
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Еңбекке оқыту кезіндегі оқушыларды тәрбиелеу.docx

— 60.42 Кб (Скачать файл)

Еңбекке оқыту кезіндегі оқушыларды тәрбиелеу

Жоспар:

І. Кіріспе

Еңбек пәні туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

1) Теориялық бөлім

A. Қазақ халық педагогикасында оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің тарихи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары

B. Қазақ халық педагогикасы идеяларының бүгінгі еңбек тәрбиесіндегі көрінісі

C. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының моральдық-этикалық көзқарастары

2) Практикалық бөлім

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

Еңбек пәні туралы түсінік

Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі дейтін болсақ бала

алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен, өзінің іс-әрекетімен

күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға

да пайдасын, жемісін береді. Осы орайда баланы еңбекке жастайынан

үйретсек, баланың бойында еңбек тәрбиесі дұрыс қалыптасатыны белгілі.

Еңбексіз даму жоқ, онсыз кері кетушілікке ұшырауға болады. Еңбек –

адамның көркі, бақыты, қоғам байлығы. Қоғамда қабілетіне қарай еңбек ету

әрбір адамның әдетіне, ең бірінші өмірлік қажетіне айналады. Ол үшін бұл

үдерістердің тәрбиелік әсерін оқушылардың бойына сіңірудің алуан түрлі

әдістемелерін қолданамыз. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде 1884 жылдан бастап жас ұрпақты өздігімен еңбектену әрекетіне дайындауды жалпы білім беретін мекемеде еңбекке баулу арқылы шешуді ұйғарған. 1886 жылы Швецияның

Соломондық әдісімен оқытылатын мектеп директоры Сант-Илер «Қол

еңбегін оқыту негіздері» атты еңбек жазған. Ресейде 1901 жылы «Қол еңбегі

мен сызу пәндерін оқыту» деп аталатын бағдарлама ұсынылып, онда жас

ұрпақты еңбекке дайындау, кәсіби бағдар берілуі керектігі көрсетілген.

Елімізде тұңғыш рет орыс-қазақ мектебі Жәңгір ханның бастауымен

1841 жылы Бөкей ордасында  ашылып, онда еңбекке және қолөнерге  баулу

енгізілді. Бірақ оқыту, тәрбиелеу мазмұны орыс халқының тәжірибесімен

байланысты болды. Ы.Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс-қазақ мектебін

алғаш ашқанда сабақты еңбекке баулудан бастаған. Әдеби дерек көздеріне

талдау жасай қарайтын болсақ, мынандай тұжырым жасауға болады:

біріншіден, адамдар ұлы тіршілік иесі ретінде еңбек ету, материалды

байлықтар жасау және өндіру қабілетіне ие. Адам бұл қабілеттерді

пайдаланып тәжірибе жинамаса адамдық бейнесін жоғалтады, қатігездікке

бой алдырады. Екіншіден, еңбек адам бойындағы адами қасиеттердің

қалыптасуына ықпал жасап, оның ішкі дүниесін мінез-құлқын бағалауда

негізгі өлшем ретінде қызмет етеді.

Өткен замандағы нақты бір өнімді еңбек түрін орындау барысында

белгілі бір еңбек іс-әректтеріне баулу, тәжірибелерін қалыптастыру орын

алған жоқ. Солай бола тұрса да педагогикада тұлғаны еңбекке тәрбиелеуге

байланысты идеялар дами түскен, оларды қалыптастыру жолдары мен

құралдары іздестіріліп отырған.

Осы тұрғыдан материалистік философияның негізін салушы

М.В.Ломоносов жас ұрпақты еңбекке баулуға, адам өміріндегі еңбектің

орнына ерекше мән берген. Оның айтуынша, адамның жеке құндылығы

еңбек арқылы жарыққа шығады дегенді қорытындылаған. «Адамзаттың

өміріндегі жетістіктер туралы ойласам, сондай жетілгендігінен ештеңе

таппаймын, егер кім әсем және мүлтіксіз еңбектенсе ғана пайдасы болады»

деп жазған. Балаларды тәрбиелеуде еңбексүйгіштікке, әрекетке

дағдыландыру керектігін ескереді. Педагогикалық ойлармен танымал

А.Н.Радишев еңбек тәрбиесін адамгершілікпен байланыстырып, еңбек

арқылы тәрбиелеу адамды шынықтырып, моральдық жағынан тазалайды деп

есептеген. Оның айтуынша, баланы сәби кезеңнен еңбекке тәрбиелеуді «...

соқаны жүргізуге, жүйектер жасауға үйрету», баланың еңбек құралдарымен

«... шалғы және балға, жоңғы және қашау» жұмыс істеу біліктілігі болуы

еңбекке тікелей араластыру арқылы жетуге болатындығын айтады.8

Н.Г.Чернышевский адамның өмір сүру шарты оның пайдалы істері мен

кең мағынадағы еңбегі деп есептеді. Еңбекті адамның бірінші қажеттілігіне

айналдыру, оның нәтижесінен шын рахаттануы қажет деген ойды дамытты.

Сондықтан балалардың жалпыға пайдалы еңбекке тәрбиеленуі, шама-

шарқына қарай еңбекке араласады дей отырып ерікті де сергек еңбекті

уағыздайды. Еңбекте адамзаттың қоғамдық тұрмыс негіздерін көріп,

оқушыларды еңбекті құрметтей білуге, жалқаулыққа төзбеу, ісін сөзбен

сәйкестендіруге тәрбиелеуді қолдады.

Сол кезеңдегі гимназиялардың оқу жоспарында еңбекке оқыту немесе

еңбек тәрбиесі деген пән мүлде болмады. Д.И.Писарев мектеп

бағдарламасына гигиена талаптарын сақтай отырып ұста еңбегін кіргізуді

ұсынды, өйткені мектептегі балалар еңбегі ең әуелі тәрбиелік мақсатқа

негізделуі тиіс. Ол балалық шақтағы мектеп – дамыған, өзін-өзі басқаратын

және экономикалық тұрғыдан тиімді ғана емес, сонымен бірге онда еңбек

артельдерін құруға негіз болатын өз шеберханасы болу керек деп санады,

Балаларды еңбекке тәрбиелеу жеке адамның жан-жақты дамуының құралы

ғана емес, сонымен бірге жастарды мамандық таңдауға дайындаудың

шынайы мүмкіндігі деп түсінеді. Орта мектептің әрбір түлегі мектеп

қабырғасынан тек ғылым негіздерін игеріп және ақыл-ойын дамытып қана

қоймай, белгілі бір қолөнерді нақты меңгеріп шығуы тиіс. Бұл адамның

адамгершілік дербестігінің бірден-бір шарты, сонда ол бір ғана кәсіпке

таңылып қалмайды. Ағартушының бұл ойы қазіргі таңдағы білім беру

жүйесінің 12 жылдыққа көшу бағыттарының талаптарымен үндесетіндігін

көреміз.

К.Д.Ушинский еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына әсері

туралы: «Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі

адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады...» деп еңбек етпей адамның

алға жылжуы мүмкін емес деген қорытындыға келді. Белгілі ғалымның

пікірінше, біріншіден, баланың өзіне пайдалы еңбек табу мүмкіндігін ашуға,

келесі жағынан, оған еңбекке деген құлшыныс тудыру қажет,

тәрбиеленушінің бойына еңбекке деген құрметті сүйіспеншілікті сіңдіру

керек, осы арқылы ол еңбекке үйренеді. Ағартушылардың ой-пікірін талдай

келе мынадай құнды пікірлдерді атап көрсетуге болады: еңбек арқылы

адамдық қасиеттерді тәрбиелеу, дене жетілуі, өзін-өзі тәрбиелеу, балалардың

өзін-өзі басқару, дамыту деген идеяларын мектепалды және кіші мектеп

жасындағы балаларды еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін

қалыптастыруды басшылыққа алуымыз қажет.

Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты экономикалық, саяси, мәдени

байланысында кең жолды тарихи қалыптасқан. Г.М.Храпченковтың зерттеуі

бойынша, жергілікті халықтармен жақын араласу және өлкеге оқыған,

сауатты қайраткерлерді даярлау мақсатында Омскі, Орынборда, Торғайда,

Ырғыз, Қазалыда мектептер ашылып, қазақ халқының мәдениетінің,

ағартушылық ой-пікірлердің қалыптасуына ықпал етті. Ж.Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» атты еңбегінде кешенді түрде

зерттелетін мәселе халықтың күн көретін еңбегі екендігін, оның үш жағын

«оқудың бас қазығы еңбек болмақ, мектеп өмірінің, мектеп ұйымының бір

басты бөлігі еңбек болмақ, өмірді зерттеудегі басты әдістің бірі еңбек

болмақ» деп баланың еңбекке өзі араласуын, еңбектеніп жүріп білім алуын,

тәжірибе жинуын, еңбектің өнімді болатын төтенше жолды үйренуді

ұсынады. Сонымен қатар, еңбекке қолма-қол араласқан жағдайда білім

қонымды да, жұғымды болатындығын айта келе, мектептегі еңбек түрлерін

ұйымдастырудың шарттарын:

1. Еңбек тәрбиелік жағынан  маңызды болсын, яғни баланың  денесі,

ақылы жетілуге қол-қабыс еткендей еңбек болсын;

2. Баланың жасына, күшін  лайықты, шамасы келерлік еңбек  болсын;

3. Бала түсінгендей, баланың  мүддесіне тура келетіндей еңбек  болсын,

мұғалімнің бұйырғаны болмасын;

4. Іс жүзінде пайдалы  еңбек болсын;

5. Баланы шаршатып, желіктірмейтін  еңбек болсын;

6. Көптесіп, бірлесіп істегендей  болсын;

7. Еңбектің мақсатын, жоспарын  балалар өздері белгілеп, бірлесіп 

орындау жолын өздері реттеп, кім қандай жұмыс атқаратынын өздері

күштеріне қарай бөліп алсын деп белгіленген.

Технология пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны

 Технология пәнін әдістемелік  басқаруда мұғалімнің оқыту мақсатын,

міндеттерін айқын қоюына, оқытудың негізгі қалпын, әдістерін, құралдарын

жақсы білуіне, оны шеберлікпен іске асыруына байланысты болмақ. Оларға

арнаулы білім беруде аталған пәнді оқытудың негізін, мамандықты игерудегі

алатын орнын, технологиялық білімді теориялық жағынан меңгертудегі рөлін,  тәрбиелік дағдысы мен іскерлігін қалыптастырудағы ықпалын нақты біліп,

оларды кәсіптік жағынан жан - жақты даярлауды меңзейді.

Бұл курсты оқып, үйренудегі меже болашақ мамандарды

педагогикалық, психологиялық біліммен қаруландырып, оны тәжірибеде

қолдана алу дағдысы мен іскерлігіне машықтандыру. Кәсіптік жағына

даярлап, әлеуметтік және жоғары азаматтық тұлғасын, кәсіби шеберлігін,

танымдық қызығушылығын, талпынысын, өздігінен білім алудағы

дербестігін қалыптастыру көзделді.

 Технология пәні әдістемесін  басқару курсының мақсаты: студенттерді 

педагогикалық колледжде технология пәнін өткізу әдістемесімен таныстыру.

Курстың мақсат, міндеттерін, мазмұнын нақты түсініп, тәжірибеде қолдана

білуге бағыт беру. Өздігінен дербес ізденушілікке үйрету.6

Технология пәні әдістемесін басқару курсының міндеттері:

- болашақ мамандардың  мектепте технология пәнін өткізудің  сан-салалы 

жұмыстарымен, оқу-тәрбие істерімен таныстыру. Технология пәні мұғаліміне

қажетті дағды мен іскерлікті, кәсіптік мінез-құлықты қалыптастыру;

- болашақ мамандарды технология  пәнін өткізудің оқу жоспарларымен,

білім мазмұнымен, бағдарламаларымен, оқулықтарымен таныстыру;

- технология пәнін оқытудың  негізгі қалпы сабақпен, оның  типтерімен,

түрлерімен, әдіс-тәсілдерімен, сабақтастығы, дербес жұмысымен

қаруландыру;

- жаңашыл педгогтардың  оқыту әдістерін шығармашылыққа  пайдалану

арқылы оқыту үрдісін жетілдіру;

- педагогикалық тәжірибенің  мазмұнымен, тәжірибе кезінде жүргізілетін 

жұмыстың әдіс-тәсілдерімен, ғылыми-әдістемелік жұмыстарымен

қаруландыру арқылы болашақ мамандарды жан-жақты даярлау;

- болашақ мамандарды педагогикалық  колледждегі, балабақшалардағы 

оқу тәрбие жұмыстары,олардың ерекшеліктерімен таныстыру;

- тәрбиеші мен мұғалімнің  жеке басына қойылатын талаптарды  игерту;

- оқу-тәрбие жұмыстарының  мазмұнын, әдіс тәсілдерін жаңартып  отыру;

 Мазмұндағы әрбір бөлімдер  негізгі дәрістер мазмұнында  ашылып,

семинар сабақтарда талданады. Алдын-ала қажетті материалдар жинақтау, ой

қорыту, тәжірибелік, теориялық дайындық қажет екені студенттерге

ескертіледі.

 Төмендегі педагогикалық  дағдылар мен іскерліктерді болашақ  мамандар 

игеруі тиіс:

- оқу жоспарына сай  педагогикалық пәндерден күнтізбелік  жоспар жасау.

- күнделікті сабақ жоспарын  жасап,конспект жазу;

- педагогикалық пәндерді  оқыту үдерісін ұйымдастыру;

- өткізілетін тақырыбына  сай көрнекі құралдар дайындау, оны тиімді 

қолдана білу;

- ата - аналармен жүргізілетін  жұмыстың түрлерін игеру;

Информация о работе Еңбекке оқыту кезіндегі оқушыларды тәрбиелеу