Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 21:03, реферат

Краткое описание

Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар –оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынай өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу. Ол үшін ең алдымен біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстанымын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрамды бөлігі –жақсы түсінікті тілмен жазған оқулық. Бұрынғы әдіске арналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділігі көрсетілуі тиіс. Ол өздігінен оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізігі көңіл аударатын жайы: әрбір баланың жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін ашу. Оқу орындарында шығармашылық сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге бастайтыны тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Мұғалімнің кез-келген сабағы шығармашылық сипатта өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері сөзсіз.