ӘОЖ 37.025 : 37.025.7:37.011.32.052:373.3
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Дуйсенова Ж.С., Жугинисова
А.К.
(Болашақ университеті, Қызылорда
қ.)
Қазіргі таңдағы мемлекеттің
білім беру саласындағы саясаттың басты
бағыты – шығармашыл, сынадарлы ойлай
білетін, өз мүмкіндіктеріне сенімді,
әртүрлі әлеуметтік және өндірістік
проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті
азамат дайындау екендігі мәлім. Осыған
орай әлемдік қауымдастықта айтарлықтай
ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім
беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру,
бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында
тың да нақты қадамдар жасалуда.
Қазақстан
Республикасының Білім беру туралы
Заңында: «Ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шындауға бағытталған
білім алу үшін қажетті жағдайлар
жасау» - деп атап көрсетілген.
Демек,
білім беру мазмұнын жаңарту
қажеттігі еліміздегі қазіргі
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға
байланысты Қазақстандық білім
беру саласында қалыптасқан ахуалдан
туындап отыр. Бұл ретте біз
оқытудың ең маңызды мәселелерін
нақтылы айқындай отырып, дамыған
елдердің тәжірибесіне сүйене
білуге тиіспіз. Қазіргі қоғам
жеке адамнан прогресивті ойлай
алатын белсенді әрекетті, жан-жақты
болуды талап етеді. Өйткені, адамның
қоғамда алатын орны, қазіргісі,
болашағы үнемі толғандыратын
мәселелер қатарына жатады. Бұл
қоғамның дамуына тікелей байланысты.
ҚР-да орта білімді дамыту тұжырымдамасы
білім беру мекемелерінің негізгі
мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық
деп атап көрсетілді. Қоғамда
«орындаушы» адамнан гөрі «шығармашылық»
адамға деген сұраныстың көп
екендігін қазіргі өмір талабы
дәлелдеп отыр. Көрнекті педагогтар
К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың
шығармаларында қабілеттерді дамытудың
жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына
бағыт-бағдар беруді ең алғаш
білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев
болатын. Кеңестік психологтар мен
ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
А.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов,
Л.В.Занков, В.А.Крутецкий, Б.М.Тепловтың
және өз республикамыздағы көрнекті
ғалымдар Т.Тажібаев, М.М.Мұханов, Ж.М.Әбділдин,
К.Б.Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың еңбектерінде
жеке тұлғаны дамыту мәселесінің
теориясы және практикасының
алтын қоры деп білеміз.
Шығармашылық – бүкіл тіршілік
көзі. Мектепте білім беру ісіндегі
басты бағдар –оқушылардың шығармашылық
мүмкіндіктерін дамыту және оларды
шынай өмірдегі дара тұлға
етіп әзірлеу. Ол үшін ең алдымен
біріншіден, өз таңдаулары бойынша
оқытудың ұстанымын жүзеге асыру,
яғни денсаулығын, дамуын қызығуын
ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден,
оқыту үрдісінің сапасын арттырудың
басты құрамды бөлігі –жақсы
түсінікті тілмен жазған оқулық.
Бұрынғы әдіске арналған оқу
үрдісінде мұғалімге басымдылық
рөл берілсе, ал қазіргі оқу
үрдісінде оқушы белсенділігі
көрсетілуі тиіс. Ол өздігінен
оқуы тиіс, ал мұғалімнің негізігі
көңіл аударатын жайы: әрбір баланың
жеке қызығуы мен мүмкіндіктерін
ашу. Оқу орындарында шығармашылық
сабақтарды жиі өткізу оң нәтижеге
бастайтыны тәжірибе жүзінде
дәлелденіп отыр. Мұғалімнің кез-келген
сабағы шығармашылық сипатта
өткізіліп отырса, оқушы дербестігінің
қалыптасуы жоғары деңгейге көтерілері
сөзсіз.
Қазіргі
оқу үрдісінде түрлі инновациялық
технологиялар – білім сапасын
арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде
пайдалану –оқушыны шығармашылыққа
төселдіруге ықпалы өте зор. Білім
сапасын арттырып, бала қабілетін
дамытуда оқушыға қойылатын талап
деңгейі бірте-бірте күрделене
түскені жақсы. Шығармашылық адамын
тәрбиелеу процесі жаңаша технологиямен
ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Шығармашылық дегеніміз баланың
даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің
көрінуі. Ал бейімділік- бұл адамның белгілі
бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы,
оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің
алғашқы белгісі. Сондықтан, балалық кезде
көзге түсетін бейімділіктердің келешекті
олардың қабілет көрсеткіштері екенін
ұпытпағанымыз жөн. Баланың қабілеті мен
талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса,
соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін.
Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім
байқамаса, ол бала басқа оқушылармен
бірдей болып қалады. Сондықтан мұғалім
қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек.
Ең маңыздысы қабілетті оқушыны зеріктіріп
алмау.
Уақыт талабына
сай оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту үшін оқытудың
жаңа ақпараттық технологиясын
пайдаланған жөн. Әдіс-тәсіл көмегімен
өткізген әрбір сабақ оқушылардың
ойлауына және қиялына негізделіп
келеді, баланың тереңде жатқан
ойын дамытып, оларды сөйлеуге
үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдерді
пайдалану арқылы қабілеті әр
түрлі балалардың ортасынан қабілеті
жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс
жасау, оны жан-жақты тануды ойлап,
оқушылардың шығармашылық деңгейін
бақылап отыру – әрбір мұғалімнің
негізгі міндеті.
Шығармашылық
тұлға, яғни жас дарын жасының
ерекшелігіне, қызығуына қарамастан
өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен,
өз күшіне деген сенімділігімен,
сезім ұшқырлығымен, өз бетімен
жұмыс істеуге деген құштарлығымен,
асқан шабытымен ерекшеленеді.
«Шығармашылық»
сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару»,
«ойлап табу» дегенге келіп
саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап
табу, сол арқылы жетістікке қол
жеткізу деп түсіну керек. Философиялық
сөздікте: «Шығармашылық – қайталанбайтын,
тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары
сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,
- деп түсіндіріледі.
Көрнекті
психолог Л.С. Выготский «Шығармашылық»
деп жаңалық ашатын әрекетті
атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі
Я.А. Пономарев оны «даму» ұғымымен
қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық,
әсіресе интеллектуалдық тұрғыда
болса, ол баланың психикасын
жаңа сапалық деңгейге көтереді
деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі
күнгі педагогиканың талаптарына
сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Шығармашылық
тұлға негізі бастауыш сыныпта
қаланады. Себебі, бастауыш білім -үздіксіз
білім берудің алғашқы басқышы.
Осыған сәйкес оқушыға белгілі
бір көлемдегі білім, білік дағдыларын
меңгерте отырып, шығармашылық бағытта
жан-жақты тәрбиелеу – бүгінгі
күннің талабы. Халықтық тәлім-тәрбиенің
шығармашылық жолдарын тиімді
пайдаланудың маңызы зор.
Бастауыш
сынып оқушыларының қабілеті
екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден,
кез-келген бала оқу барысында
адамзат баласының осы кезге
дейінгі жинақталған тәжірибесін
меңгерсе, екіншіден, кез келген
оқушы шығармашылық әрекеттер
орындау арқылы өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады.
Шығармашылығы
дамыған тұлғаның ерекшелігі
– жалпы зерделілігі, өзіндік
ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.
Ал педагогтардың жұмысы қабілетті
балаларды танып біліп, демеп
отыру. Шығармашылық қабілеттің
сан алуан қырын ашу педагогтарға
үлкен міндет жүктейді. Шығармашыл
тұлға қиыннан жол тапқыш, батыл,
өткір, сезімтал болады. Шығармашыл
тұлғалардың қабілетін келешек
өмірлік кәсібіне лайқтау үшін
теориялық-танымдық іс-әрекеті мен
ұйымдастырушылық, басшылық әрекетіне
қарап таниды.
Оқушының
таным белсенділігін дамыту, шығармашылық
ізденістерге баулу бұл білім берудегі
басты мәселе. Кезінде қазақ мектептеріндегі
дидактикалық міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин
үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде «Балалармен
қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір
пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен
түсіндіру керек, мұғалім жан-жақты, білімді,
өз ісінің шебері болуы қажет» деп атап
көрсетеді. Ал Ахмет Байтұрсынов «Бала
білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу
керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты
әліне қарай шағындап беру және белгіленген
мақсатқа қарай бағыттап отыру керек»
деп ескертеді.
Оқушының
шығармашылық қабілеті оның ойлауы
мен іс-жүзінде әрекеттері арқылы
дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды
жүргізуде, алдымен, мұғалім мен
оқушы арасында ынтымақтстықты қалыптастыру
қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді
түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы
ғана емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын
ұжымдық істердің ұйытқысы. Сонда ғана
оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын
дамытады. Оқушылардың шығармашылығын
қалыптастыру үшін әуелі қызықтыру жолдарын
іздестіру керек.
Бұл
орайда ұлтымыздың рухани жарық
жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың «Қазатың
тағдыры да, келешек ел болуы
да мектебінің қандай негізде
құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді
таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін
негізде құра білсек, келешегіміз
үшін тайынбай-ақ серттесуімізге
болады» деген даналық өсиетінің
мәні қазіргі жаҺандану кезенінде
Қазақстан мемлекеті үшін орасан
зор. Өйткені, қазақ елінің келешегін
айқындайтын, оны тұрақты даму
деңгейіне көтеретін бірден бір
құндылық, ол – бүгінгі ұрпақ.
Сондықтан қазіргі жаңа білім
үлгісін жасау аясында бүкіл
қоғамды жұмылдыра отырып рухани,
интеллектуалдық және экономикалық
тәуелсіз мемлекет орнату болашағына
бағдарланған, ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтарға үйлестірілген тәрбие
мәселесін төрге қоятын тәрбие-білім
жүйесін іске қосу – бүгінгі
күннің кезек күттірмейтін мәселесі.
Әдебиеттер:
- Б.Тұрғынбаева «Шығармашылық
қабілеттер және дамыта оқыту» Алматы
1999 ж.
- Выготский А.С. Воображение и творцество в детском возрасте. Психологический очерк. 2-ое изд. – М.: Просвещение, 1968. – 422 с.
- Пономарев Я.А. Психология творчества.
– М.: Наука, 1976. 304 с.
- Тәрбие теориясы мен әдістемесі,
Қаңтар-ақпан-2007 ж.
- Тәрбие құралы №6 - 2006 ж.
- Бастауыш мектеп № 9 - 2007 ж.
- Бастауыш мектеп № 5-6 - 2007 ж.