Құзырлық» ұғымының білім жүйесіндегі алатын орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 15:28, реферат

Краткое описание

Формирование социальной компетентности молодого поколения должна стать специализированной и профессионализируемой деятельностью, потому, что, стихийная социализация уже не обеспечивает необходимые параметры, нужные для самосохранения и воспроизводства общества.
Системно-целостный подход, используемый в исследовании, объединяет все звенья образования, социального компетентного становления личности в единую «цепь». Это способствует максимальному стимулированию активного состояния всех основных структурных компонентов личности в их взаимодополнении и сочетании.

Вложенные файлы: 1 файл

Статьz.docx

— 31.99 Кб (Скачать файл)

 

«Құзырлық» ұғымының білім жүйесіндегі алатын орны мен  ролі

 

Резюме

     Формирование социальной компетентности молодого поколения должна стать специализированной и профессионализируемой деятельностью, потому, что, стихийная социализация  уже не обеспечивает необходимые параметры, нужные для самосохранения и воспроизводства общества.

Системно-целостный подход, используемый в исследовании, объединяет все звенья образования, социального  компетентного становления личности в единую «цепь».  Это способствует максимальному стимулированию  активного  состояния всех основных структурных  компонентов личности в их взаимодополнении и сочетании.

 

Н.Ә. Назарбаев Қазақстан  халқына Жолдауында: «Әлемдік білім  кеңістігіне толығымен кірігу білім  беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте  оның білімділік деңгейімен анықталады»  деген еді. Осы мақсатта болашақ  мамандардың сапалы білім алып, әлемдік  білім кеңістігіне өз деңгейінде кірігіп кетуі үшін әлеуметтік ойлау  мен әлеуметтік құзырлықтың, әлеуметтік интеллектінің, қарым-қатынас мәдениетінің жоғары болуын өмірдің өзі талап  етуде.

Осыған орай, қазіргі мектеп алдында қоғамдық бейімділігі бар, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, қарым-қатынас  жасай білетін жастарды жаңа әлеуметтік құзырлық парадигмасы негізінде  қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан  жастардың әлеуметтік құзырлығын қалыптастыру бүгінгі таңдағы педагогика ғылымының  ең көкейкесті мәселесі болып отыр.

Оқушылардың әлеуметтік құзырлығын қалыптастырудың негізгі бағыты – оларды бүгінгі қоғамның ең маңызды  құндылығы ретінде танып, өз еркімен  шешім қабылдай алатын жеке тұлға  ретінде қалыптастыру. Жасөспірімдердің әлеуметтік құзырлығын қалыптастыру мен  дамыту бағытында мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің маңызы өте зор. Мұндай жағдайда тәрбиені оқушылардың әлеуметтік құзырлығын қалыптастыру мақсатына  бағыттау қажеттігі айқындала түседі. Бұл тек орта және жоғары оқу орындарында  білім сапасын әлеуметтік құзырлық негізінде арттырумен қатар әлемдік  білім кеңістігінің тәжірибелерін  игеру арқылы ғана жүзеге асатындығы белгілі. Осы ретте орта оқу орындарының  бағдарламалары қазіргі кезде белгілі  дәрежеде халықаралық талаптарға сәйкестендіріліп, білім берудің мемлекеттік стандарттары оқытудың жобалау жүйесіне бағытталынып жасалынуда.

Соның дәлелі ретінде Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзыретті орта білім берудің  мақсаты ретінде «... терең білім  мен кәсіби дағдылар негізінде еркін  бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген. Жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысы, қазіргі білім  жүйесінің негізі бола отырып, кәсіби білім жүйесі мен жастардың сапалы кәсіби іс-әрекетін анықтайды, яғни білім  кеңістігінде тұлғаның әлеуметтілігі, кәсіпшілігі, азаматтылығы, өзін-өзі анықтау қабілеттілігін айқындайды[1].

«Құзырлық» сөзі «құзыр»  сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық  ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда  қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп  берілген. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында  «құзырет (компетенция)» – нақты  органның не лауазымды тұлғаның заң  жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің  жиынтығы деп көрсетілген. Латын  тілінен аударғанда (competentia – әділ, дұрыс қорытынды; competere – дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) «құзырлық  – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым  жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы  ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын  болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.

Қазақ тілі сөздігінде «құзыр (компетенция)» ұғымының мән-мағынасын  анықтауға бағытталған мәселелер  ғылыми-әдістемелік басылымдарда, білім  саясатын анықтайтын құжаттарда және әлеуметтік, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде жиі  қолданылатынына көзіміз жетті. Бұл осы ұғымның жалпы білім  берудегі жүйелілік-практикалық қызметімен байланысты. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде  «құзырлық» жаңа ұғым емес. Мәселен, лингвистикалық құзырлықты орыс тілін оқыту әдістемесінің  мамандары пайдаланса, ал филология  мен информатика сабақтарында «коммуникативтік құзырлық» ұғымы жиі қолданылады.

Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса, «Ресейдің мектептегі білімді модернизациялау  стратегиясында» білім мазмұны  – құрылымы бойынша адамның мәдениетіне  теңестірілген, изоморфты, педагогикалық  тұрғыдан бейімделген, адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі ретінде қарастырылады. Ол негізгі төрт элементтен тұрады: танымдық қызмет тәжірибесі, қызметтің  белгілі амалдарын жүзеге асыру  тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі, эмоциялық-құндылық қатынастар жасау  тәжірибесі. Осы төрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің күрделі  мәдениеттілікке сиымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер құзыреттілік деп аталады.

Соңғы жылдары білім берудің  жаңа бағытына қатысты Еуропа Кеңесінің  ұсыныстарына сәйкес құзыр ұғымына  көп мән беріліп жүр. Соған  сәйкес ғылыми әдебиеттерде құзырлық түсінігіне әртүрлі бағытта анықтамалар  берілген. Шетел тілінің сөздігінде «құзыр», «құзырет» (XVIII ғас. соңында) – «қандай да бір мекеме, мемлекет органының немесе лауазымды тұлғаның құзырындағы іс-әрекеттері. Сот құзырлығы. Шығындарды бақылау менің құзырыма жатады. Бұл шешім әкімшіліктің құзырында» деп түсінік берген. Ал XIX ғасыр ортасында «құзырет» – адамның жақсы ақпараттандырылған, кәсіби талғамы бар, істің мәнісін білетін сұрақтардан тұрады. Біреудің құзырында болу. Бұл оның құзырында. Шешімді жылдам қабылдауда оның бұл мәселедегі құзыреттілігі қатты әсер етті.

Мысалы, философиялық энциклопедиялық  сөздігінде құзырлық «компетенция»- сөзінің  француз (competence –құзыретті, хабардар), латын (competentia – әділ, дұрыс қорытынды; competere – дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) тілінен келгендігін, әмбебаптық тұрғыда қолданылатын термин екендігі көрсетілген. Өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған, негізді ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды белгілі  бір саладағы құзыреттіліктерді  меңгерген деп есептеуге болады.

«Құзыреттілік (XIX ғасыр ортасында) – құзырлығы қалыптасқан –  біреуге қатысты немесе қандай да бір істерге байланысты белгіленген  өкілеттіліктерінің құқықтары мен  міндеттерін жетік біледі. Құзырлы  органдар. Құзырлы органдарды хабардар ету. «Біз мұражайдың құзырлы сарапшыларын шақыруға тырыстық».

«Құзырлық» және «құзыр»  ұғымдары абстрактілік пен нақтылық диалектикалық категорияларының арақатынасы, яғни құзыр – бұл жүзеге асырылған  құзырлық, іс-әрекеттегі құзырлығы. Осылайша түсіндірілетін құзырлықтар негізгі  немесе тұғырлық және қосымша немесе кәсіби болып бөлінуі мүмкін. Білім  беруде тұлғаның негізгі құзырлықтарын  қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны ұйымдастырудағы құзырлық бағытын  айқындады және ол қазіргі білім  жүйесінің әдіснамасында нақты  білімділік технологияларының негізі ретінде танылып отыр. Бұл айтылған Ресейлік «тұжырымдамаға» В.В. Краевский  мен И.Я. Лернер және басқа зерттеушілер қорытып шығарған тұжырымдар негіз  болғанын көреміз.

Құзырлықты ғылыми-теориялық  негізде зерттеу жұмыстары Л.А.Петровскаядан, ал жалпы білім беру саласын құзырлық тұрғыдан зерттеу И.А. Зимняя еңбектерінен басталғаны белгілі.

Білімдік парадигманы  өзгертудің немесе одан шығудың жаңа моделдерін В.С. Леднев пен М.С. Каган  ұсынады. Олардың пікірінше білім  мазмұнының негізі ғылыми пәндік сала емес, адам қызметі болуы тиіс. Оның түрлеріне тәжірибелік қайта  құрушылық, танымдық, коммуникативтік, құндылық бағдарлық және көркемдік-эстетикалық  құзырлықтарды жатқызуға болады.

Құзырлық тұрғыда қарастыру  дегенде, бірінші орынға оқушылардың  алған ғылыми хабардарлығы емес, мәселені шешудегі біліктілігі тұруы тиіс. Мұндай жағдайлар: біріншіден, қоршаған ортадағы құбылыстарды танып білу мен  түсіндіруде; екіншіден, қазіргі заманғы  техника мен технологияларды  меңгеруде; үшіншіден, адамдармен қарым-қатынаста, этикалық нормаларда, өзінің іс-әрекетін бағалауда; төртіншіден, отбасы мүшесі, сатып алушы, көрермен, қала тұрғыны сияқты күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік рөлдерін орындауда; бесіншіден, құқықтық және әкімшілік құрылымдарда, талап-тілегін білдіруде және эстетикалық тұрғыда баға беруде; алтыншыдан, мамандық таңдауда, өзінің кәсіптік оқу орнына түсуге дайындығын анықтауда, еңбек рыногын бағдарлауда, өзінің өмірдегі орнын, өмір сүру мұраты мен стилін, келіспеушілікті шешу амалдарын табу сияқты көптеген тікелей өзіне байланысты мәселелерді шешуде пайда болады. Осы тұрғыдан қарағанда құзырлық ұғымын кезеңдік сол заманғы оқу парадигмасы мен әлеуметтік тапсырысына сәйкес қолданғанын көреміз. Ұқсас ұғымдардың өзара байланысқан дамуын 1-кесте арқылы жіктеуге болады.

Кесте 1 – Құзырлық ұғымына  ұқсас ұғымдардың өзара байланысқан  дамуы

 

Ұғымдар

Ұғымдарға түсініктеме

Зерттеуші

Іскерлік

Білімді практикада қолдану, саналы түрде белгілі бір іс-әрекетті орындау қабілеті

К.Д. Ушинский (1824-1870)

Білімділік

Әр түрлі тіршілік әрекетіндегі мәселелерді шешуде өзінің қабылдаған әлеуметтік тәжірибесін пайдалана  білу қабілеттілігі.

Еріктілікті, қылықтар мен  әрекеттерді белгілейді, тұтас тұлғаның моралдық бейнесін айқындайтын мінез-құлық  принципіне айналады

Б.Г. Ананьев

(1907-1972)

 

О.Е. Лебедев 

(1938-2004)

Бәсекелестік 

Өзара жарыс; біреуден озу  мақсаты көзделген талас, тайталасу, ерегісу, бәсекелесу.

Ю. Бабанский (1927-1987)

Құзырлық

Білімнің интеллектуалды және дағдылық құрамын біріктіреді; табиғи интегративке ие нәтижеден құрастырылған; білімнің мазмұнды түсіндіру идеологиясы  орныққан когнитивті, операциялы-технологиялы, мотивациялы, этикалық, әлеуметтік және тәртіптік құрамасы.

А.А. Пинский (1956-2006)

Толерант-

тылық

Әлеуметтік инстинктің ең жоғарғы деңгейі, төзімділік – адамның  әлеуметтік өмірдегі, тұрмыс тіршілігіндегі әр түрлі процестерге, қоғамдағы  әр түрлі қайшылықтарға барынша  сабырлы және орнықты қарым-қатынасы. Кез-келген қоғамдағы терең мағынадағы Толеранттылық ішкі тұтастықты нығайта түсетін маңызды құбылыстардың қатарына жатады.

Л.И. Комарова 


 

Қазақстандық ғалымдар құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдарға өздерінің  түсінігін береді. С.М. Құдайқұлов «қабілеттілік  – белгілі бір қарекетті нәтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі. Ол қарекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерімен сипатталады [5]. Оның жоғары деңгейі-творчествалық, таланттық, дарындылық, данышпандықпен және бәсекелестікпен ерекшеленеді» десе, М.М. Жадрина «біліктілік – білім жүйесінің соңғы нәтижесі оқушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып, дамитын өмірлік дағдылар, құзырлықтар» деп, ал Л.Т. Қожамқұлова «әлеуметтік икемділік – әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі» деп икемділікті құзырлық ұғымына жақын тұлғаның іс-әрекеті ретінде қарастырады.

А.В. Хуторскойдің пікіріне сүйенсек «құзыр – тұлғаның өзара  байланысты сапаларының жиынтығы (білімдер, біліктер, дағдылар, әрекет қабілеттері). Ал құзырлық – адамның іс-әрекет пәні мен өзіне қатысты құзыреттіліктерді  меңгеруі, игеруі» – дейді. Ол сонымен  қатар білімділік құзыретін оқушының шынайы өмірдегі нысандарға қатысты  жеке тұлғалық және әлеуметтік-маңызды  да өнімді қызметтерін жүзеге асыру  үшін қажетті мәндік бағдарлардың, білімдердің, біліктердің, дағдылар мен  іс-әрекет тәжірибелерінің жиынтығы деп қорытындылайды [6].

Демек, құзырлық ұғымы білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес, оқу нәтижелерімен қатар, оқушылардың  шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзырлық оқушының алған білімі мен  дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық  мәселелерді шешу үшін қолдана алу  қабілеттілігін сипаттайды. Бұл, ең әуелі, мектепте оқыту үрдісі кезінде қалыптасады. Оқушылардың құзырлығы оқу үрдісінің  негізгі сапа көрсеткіші, оның жетістігі  қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады. Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымына өз анықтамамызды  береміз: құзырлық – алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.

Бүгінгі таңда «құзырлық» ұғымымен қатар «тұғырлы құзырлықтар» ұғымы да кеңінен қолданылуда. Ол «Еуропаға арналған түйінді құзырлықтар» бағытын ұстанатын Еуропа Кеңесі көлемінде айқындалған стратегиядан бастау алады. Бұл түйінді құзырлықтар  саны жағынан да, мазмұны жағынан  да (құндылықтық мәндік, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық құзырлық, т.б.) әркелкі. Бұл құзырлықтардың жастарды әлеуметтендіруде маңыздылығы артып отыр.

Информация о работе Құзырлық» ұғымының білім жүйесіндегі алатын орны мен ролі