Ерік мәселелері және оның балалық шақта дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 09:09, курсовая работа

Краткое описание

Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы және өзіндік көрсеткіштері болады.

Вложенные файлы: 1 файл

ЕРІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.docx

— 70.49 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Өмірде біз адамның қалай жұмыс істейтінін, оқитынын,  тынығатынын, сүйікті ісімен шұғылданатынын байқаймыз. Біз оның белгіленген мақсатқа жету жолында, ұзақ уақыт талпынатынын, күш-жігер, ақыл-ойын жұмсайтынын, көптеген кедергілерден өтетінін, бойын кернеген сезімді тежеп отыратынын, шаттық пен қанағат әкелмейтін, бірақ қажетті іс үшін кейбір жағымды жайттардан бас тартатынын көреміз. Мұның бәрінде де адам еркі көрініс береді.  
Сонымен ерік мінез-құлықтың реттегіші ретінде өмір мен іс-әрекет процесінде қалыптасады. Адам өз еркін коллектив ішінде бола отырып және еңбек, оқу, ойынмен шұғылдана жүріп тәрбиелейді. Іс-әрекеттің қай түрінде болсын, қызығу, көтеріңкі жағымды  эмоциялық күй туғызатын элеметтер болады. Бірақ еңбек, оқу және тіпті ойынның өзінде бірсарынды, еш қызықсыз, эмоциялық тартымдылығы жоқ, алайда маңызды, қажетті болып саналатын жайттар да аз кездеспейді. Адам белгілі іс-әрекетпен шұғылдана отырып, субъективтік және объективтік қиындықтарды да жеңеді, бастаған істі әрі қарай жалғастырып, аяқтап шығуға өзін-өзі күштеп көндіреді. Нақ осындай жағдайда, мінез-құлықты саналы түрде реттеу қажет болатын қиын шақта адамның еркі нығайып, шынығып отырады. Осыған байланысты мынаны айта кету керек. Жеке адамның ерік-жігерінің жалпы және өзіндік көрсеткіштері болады.

Еріктің дамуы мен адамның еріктік қасиеттерінің қалыптасуында ең маңызды орын алатын күнделікті тұрақты еңбек болып есептеледі. Еңбекте жеке адам коллективтің басқа мүшелерімен міндеттік байланыста болады: бұл міндеттерін орындау үшін ол өз мінез-құлқын коллектив алдында тұрған еңбектік міндетке бағындырып отыруға тиісті.    
Сонымен қорыта келгенде ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалстын жан қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз. 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Ерік мәселелері және оның балалық шақта дамуы

Барлық мәселелерді жұйелі түрде іздестіргеніміз сияқты бүгінгі тақырып – ерік процесінің даму тарихына қысқаша шолу жасап, бұл мәселенің ғылымда алатын орнын баяндау. 
 
Ерік процесін теориялық жағынан қарастырғанда мәселенің мән-жайын баяндау – балалар мен ересек адамдарды ерік-жігер қасиеттерін ашып беру үшін мынадай екі түрлі бағытта іздестіруді талап етеді. Оның бірі – гетерономдық теория делінсе, ал екінші бағыт – автономдық теория аталады.

Гетерономдық теория ерікті әрекеттерді күрделі сипаттағы психикалық процесс және бұл теориялық мәселе санағанмен, ол тәжірибелік зерттеу нәтижесі. Бұл бағыт бойынша адамның ерікті әрекеттері оның өз ықтиярынан тыс болып отыратын күрделі психикалық сипаттармен ерекшеленеді ассоциация немесе ақыл-оймен ұштасып жатады деген пікірді қолдайды. Сөйтіп гетерономдық теорияға негізделген ерік жайындағы түсініктердін бәрі де адамның ырқынан тыс құбылыс деп саналады.

Автономдық немесе волюнтаристік теория ерікті процестер мен күй-жайлардың бәрі де өзара бірлікте болады деген түсінікке негізделеді. Бұл бағыттың өкілдері ерік процесін ерік эрекеті жайындағы заңмен түсіндіруді мақсат етеді. Ерік автономдығы деген түсінік ерікті әрекеттің ешбір нәрсеге тәуелсіз өздігінен болып отыратын құбылыс дейді. Ал ерікті волюнтаристік тұрғыдан ұғыну – еріктің санамен ешқандай байланысы жоқ деген қате пікірді қолдайды.

Осы екі бағытты алдымен жекешелеп, онан соң тұтас түрде қарастырып көрсек, онда бұл бағыттардың негізгі мазмұны мен ерекшеліктерін түсіну онша қиын бола коймайды.

Гетерономдык теория ерік жайындағы ассоциациялық және ақылға тіректелген көзқарас болғандықтан бұл мәселені талдап жатудың қажеті бола қоймас деймін. Сондықтан бұл теорияның тарихи маңызына ғана тоқталып өткім келеді.

Ерік туралы ассоциация теориясының мәні рефлексология мен бихевиоризм теориясына жақын. Бұл теорияның ерікке қатысты жайттары мынадай. Ассоциацияның кез келген түрі қайтымды болатыны мәлім. Егер біз ес жайында тәжірибе жүргізіп, ассоциация принципіне сүйеніп мағынасыз буынньщ бірін «А» деп таңбаласақ, ал екіншісін «Б» деп белгілесек, «А» буынын естіген кезде ассоциация бойынша «Б» буыны еске өзінен-өзі жаңғырып келіп түседі. Бұл сияқты қарапайым жайт кезінде ассоциацияның қайтымды (өзгермелі) заңы делінген.Бұл заң, ересек адам сияқты, баланың да белгілі бір әрекеті бастапқы кезде еріксіз сипатта болады не әрекетін ақыл-оймен басқара алмайды.

Дегенмен, еріксіз әрекетгер арқылы істелген істер белгілі нәтиже беріп, әрекет пен нәтиже арасында ассоциация (байланыс) орнайды. Мұндай байланыстар қайтымды немесе өзгермелі болғандықтан адамның іс-әрекеті мен оның нәтижесі соңғы әрекеттен бастапқы түрімен алмасып отыруы табиғи нәрсе. Бұл айтгың мәнін түсіну үшін Г.Эббингауз мысалдарын келтірейін.

Егер бала табиғи сезімі арқылы тамақтануға талаптанып оған ұмтылатын болса, баланың мұндай әрекеттері сан рет қайталанып оның тамақтануы мен оған тоюы арасында ассоциация орнап, ол кері әсер етеді, немесе бала енді қарны ашатын болса, оны қанағаттандыру үшін саналы түрде тамақ ідейтін болады. Осы жайт Эббингауздың айтуынша ерікті түрде пайда болып, баланың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған әрекеті ассоциациялық байланысқа сәйкес бала соқыр сезімінің «көргіштігі» деп түсіндіріледі.

Ал еріктің пайда болуы туралы екінші теория – ерікті әрекеттер күрделі психикалық процестердің бірігуінен туындап отыратын ақыл-оймен байланысты деп санайды. Ерік туралы бұл теорияны қолдаушылар француз, неміс, ағылшын психологтары. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі И.Ф.Гербарт.

Ерікті ақьш-ой тұрғысынан зерттеушілер оны белгілі сатылардан құралмай, керісінше еріктен тыс процестер арқылы жасалады дейтін пікірді жақтайды.

Ерік жайындағы екі түрлі теорияның кемшілігін была қойып, тереңірек қарастыратын болсақ, олардың жалған теориялар екендігіне көзіміз жетеді. Пікірталасты осымен бітіруге болар еді. Бұл теориялардың шындыққа сай еместігін көрсетумен бірге, ғылымда бұл теориялардан бұрынғы волюнтаристік көзқарастарға қарама-қарсы қойылған бағыттар деп санауымыз керек. Бұл бағыттардағы зәредей ақиқат – еріктің пайда болу себептерін ашып көрсетуте ынталы болуы. Сонымен бірге мұндай көзқарастар орта ғасырлық дүниедегі барлық нәрсенің пайда болуын ешбір себепке тәуелеіз «рухани күштің еркіне’ байланысты дейтін идеалистік философиялық түсініктерге қарсы қойылды. Ассоциационистер мен детерминистер адамның епі мен мақсат-мүлдесіне және бостандығы қандай негіз-себепт байланысты, олар қалай пайда болған? деген мәселені риялық тұрғыдан түсіндіруге әрекеттенді.Ерікті ақыл-оймен ұштас деп санайтын теориялық қарас кез-келген мәселенің түйінің шешуде тәжірибені бірі орынға қояды; онда адам әз әрекетінде белгілі жағдайдың мән- жайын ойластырып, әрекет пен жағдай арасындағы байланып мағынасын жете түсінеді, ойластырған істі жүзеге асыру әрекеттенеді.Бұл теориядағы жетімсіз болған нәрсе ерік процесінде әрекеттің саналы сипатьш ашып көрсете алмады. Сол сияқты адам белгілі әрекетті жүзеге асыру жолында өз бойындағы ішкі бостандығы мен мақсатты әрекетін орындауда таңдап алған әрекеттерінің түр-сипаты, ерікті әрекеттерінің еріксіз қозғалыстарынан айырмашылықтарын ажыратын көрсете алмады.Сонымен ақыл-ойға қатысты ескі теория ең қажетті мәселе ақылсыз әрекеттердің қалайша ақылды әрекеттің айналуын, дәл сол сияқты еріксіз әрекетгің ерікті іске айналу себептерін де түсіндіре алмады. Бұл мәселе психологиядағы еріп жайындағы түсініктерді ғылымға қайшы метафизикалық әдіспен қарастаруға әкеп соқтырды. Осы бағытта автономды теория ерікті өзге психикалық процестермен байланысы жоқ өздігінен пайда болып отыратын ерекшеліктердің бірлігі деген.

Ерік жайында осы аталған теориялардан баска келесі екінші кезеңде екінші топтағы аффектті теориялық көзқарастар деген түсініктер пайда болды.Бұл бағыттың көрнекті өкілі болған В.Вундт. Оның ерік жайындағы көзқарасы психология тарихында белгілі волюнтаристік теория болатын. Ол ерікті аффектіден пайда болатын құбылыс деп атады. Вундт өз пікірін мынадай жайттармен дәйектеді: ерік жөніндегі ақыл-ой мен ассоциациялық теориялар болмыстағы нәрселердің елеусіз белгілеріне тіректеліп, құбылыстағы әрекеттілік пен мағыналыққа мән бермейді, алайда адам бойында мұңдай қасиеттердің болатыны анық және ондай қасиеттер адам еркінің өзге психикалық процестерден басқа ерікті әрекетімен байланысты түрде оны басынан кешіреді дейді.

Вуңдт ассоцианистер ерікті ес арқылы түсіндірсе, ал ақыл-ойды жақтаушылар ерікті интеллект арқылы түсіндіруге тырысады, ал дұрысында ерікті аффер жолымен анықтаған әлдеқайда тиімді болар еді деген пікірді жақтайды. Өйткені аффект адамның ішкі дүниесінің жай-күйін айқын білдіретін жанды әрекет дейді. Вунда былай дейді: егер біз еріктің пайда болуын тірілткіміз келсе, онда біз адамның басынан кешірген күйінішті күйі мен ашу-ызаға булыққан жағдайын зерттеуіміз керек. Мұндай күйге ұшыраған адамды ақыл-ойы билемей, ол күшті сезімнің кыспағында болады. Бұл жайттан біздер адамның ерікті әрекетіне сыртқы жағдайдың күшті ықпал етіп, оның жан дүниесін тебірентетінін байқай аламыз. Аффектті әрекеттік нәтижесінде ерік процесі пайда болады дейді.

Біздер үшін ерік процесіне қатысты мәселенің одан әрі қарай өрбуінің ерекше мәні бар, өйткені Вундт психолог ғалым ретіңде бір ағымен волюнтаристік көзқарасты басып тұрса (ол осы көзқарасы бойынша психолог, әрі философ ғалым ретінде волюнтарист болып қалады), ал екінші аяғымен бұрынғы гетерономдык теорияны басады. Мұндай көзқарастар ерік жайындағы геориялардың мән-жайын бекерлеп, жоққ шығаруларына соқтырады.

Ерік жөніндегі автономдык теория осы аталған баяыттардың бәрін бекерлеп, ол тек еріктің өзіңдік срекшслігі арқылы анықталуға тиіс дегсн иікірді қолдады. Бұл түсінік бойынша еріктің пайда болуы үшін басты фактор – белсенді әрскст. Бұл әрекет – сріктің бастауы. Белеенді әрекст еріктін бастау алар негіэі. Белсенді әрекет жайындағы ерік теориясының өкілдері – Э.Гартман мен А, Шопенгауэр. Олар адамның еркі жоғарғы күш билейді, ол бүкіл әлемдік белсенді күш, ондай күш адамды да өзіне бағындырып, ақыл-ойға қатыссыз-ақ белсенді мақсатқа жетелеп отырады дейді.

Ерік жайындағы мұндай көзқарас психология ғылымың санасыздык деген ұғымды ендірді. Бұл ұғым ерік жайындағы; ілімнің бұдан былайғы өрістеуіне көп уақытқа дейін кедер жасады. Сонымен санасыздық ұғымның психологияға ендірілуі еріктің ақыл-ойға қатысы жайындағы идеалистік бағытты же деп саналады. Сөйтіп, санасыздык туралы ілімнің өкілдері тегіс дерлік және шопенгауэршілердің бірсыпырасы адам психикасының табиғатын түсіндіруде волюнтаристік бағыттан бастеу алатын болды. Кейінірек мұндай көзқарасқа З.Фрейд сияқты ғалымдар да қосылды.

Енді біз осы волюнтаристік бағыттың түрлі ерекшелікте мен варианттарына тоқталып өтейік. Бұл мәселеге шолу жасау үшін волюнтаристік бағыттын біріне-бірінің қарсы жақтарын баяндай отырып, барлық теориялық көзқарастардың ауытқуларын, сонан кейін осы теориялардын ғылымға ендірген недей жаңалықтары болады? деген мәселені қарастырып көрейік. Бірінщіден, ерікті алғашқы деп танып, оның санадан тыс қалатын ерекшелігі қандай, ол күш қандай күш, бұл күштің ада тіршілігінін материалдык және рухани жақтарын қалайша дамыда та алатындырын білуіміз керек. Спиртуалистік теорияның тарахи дамуы Р.Декарт философиясымен байланысты. Бұл философиялық көзқарас орта ғасырлардағы христиандык фшюсі фиялософиямен үңдеседі. Декарт теориясының бастамасы рухани күші тіректеледі де, ол адамның жаң дүниесі мен қылығын басқару бейімделген.

Шын мәнінде Декарт теориясы – 19 ғасырдың соңғы ширетінде қайта туып дамытылған ерік жайындағы волюнтаристік арымның психология ғылымына еніп, идеалистік көқарастын үстемдік етуі. У.Джемс теориясы да осы бағытқа кел саяды. Біз Джемс жүйесін түрлі теориялар және бағыттармен біріктіре отырып қарастыр-мақпыз. Джемс ерік жөнінде өзінің теория жасап, оны латын сөзімен «фиат» деп атады. Бұл сөз Тауараттан алынған. Мағынасы бүкіл дүниені жаратушының құдіреті арқылы бәрі де, «бола берсін» деген сөзді білдіреді. Джеметің пікірікше әрбір ерікті әрекетте осындай күштің бөлшегі болмақ сондай күш әлсіз психикалық процестерді демеп отырмақ. Xирургітің столында жатқан ауру адам жаны катты қиналса, айқай- шу шығармай дәрігердін көз алдында үнсіз жатады. Бұл Джемст айтуынша ерік қасиеті, мінз-құлқындағы ерікті қасиет.

Джемстің ойынша ерік жайындағы Вундтын аффекті теориясын жоққа шығарады. Өйткені аурудан да күшіті аффект еріктен ығысып, адамның емдеуші дәрігер алдында үнсіз жатуына мәжбүр етеді. Шындығында, істің мәніне келгенде, – дейді Джемс, – ауру адамның жаны қиналғанда шыңғырып жіберуінен гөрі үнсіз жатуы онын калауы деу дурыс болмас еді. Әрике ауру адамннң үнсіз жатуынан гөрі шыңғырып жіберуі әлдеқайда басым болатыны мәлім. Аддмның мінез-құлқына қатысты ішкі дүниесі мен сыртқы жағдай арасындағы үйлесімдік, дүниежүзіне мәлім физика заңына қайшьшық жағдайдан өзгеше, ерекше болатындығын жайында терең ойлауды талап етеді. Осы мысалға орай рухани қүбылыс пен физикалық құбылыс арасындағы байланысты калай түсінуге болады? деген сұрақ туады.

Джемстің пікірінше, мұндай фактілерді түсіндіру мүмкін емес, өйткені бұл пікірді қолдай отырып, біздер мынадай жайттарды қолдауға тиіспіз. Ауру адам стол үстінде жата бермек. Ал оның тәні тітіркенгенмен сыртқы әсерге қарсылық көрсетуі әлсіз, немесе бұл орайда біздер физикалық тұрғыдан кінәрат іздейміз, керісінше физикалық ережелерді мақұлдай түсеміз. Дегенмен, мұңдай жағдайда біз өзімізге өзіміз сұрақ қойып, адамның үнсіз жатуына әсер етуші әдде бір рухани күш бар ма? деген жайтты білгіміз келеді. Джемстін К.Щтумпка жазған хатында бейнелі сөэдеріне қарап, әрбір ерікті өрекет Давид пен Голиаф күресі сияқты, Давид қара күштің піріндей Голиафты құдай тағаланың демеуімен жеңіп шығады. Бұл жерде окиғаға рухани күш араласып, болған оқиғаның шындығын бұрмалап, әсірелеп көрсету бар.

Ерік жайындағы тағы бір теорияда, атап айтқанда А,Бергсонның көзқарасында нәрселердің бастамасы етіп интуициялық әдіске тіректелген мәліметтерді алуға болады дейді. Бұл әдістін мәні – сана арқылы нәрселердің жемісін талдау. Бұл жеміс – адамның басынан кешіргендерін өзінше таразылап білуі. Джемс сияқты Бергсон да айқын фактілер мен адамның басынан кешірген қилы-қилы оқиғалары өз еркіне тәуелді деп санады, ал еріктен тыс қимыл-қозғалыстар адам санасынан тәуелсіз бастан кешірілетін оқиғалар дейді.

Информация о работе Ерік мәселелері және оның балалық шақта дамуы