Жантану ғылымы психологияның мəнмағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 12:47, реферат

Краткое описание

. Психология пəнi жəне оның мiндеттерi.
2. Психиканың рефлекторлық сипаты.
3. Қазiргi заман психологиясының мiндеттерi.
4. Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орыны.
5. Психология салалары.

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі.doc

— 146.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  Министрлігі

                              Еуразия Гуманитарлық Институты

 

 

 

Тақырыбы: Жантану ғылымы психологияның мəнмағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi орны

 

 

 

 

                                              Орындаған:Тулендинова А.Т

                                             Қабылдаған : Муликова А.С

                                                       гр.ППСК 1-4

 

 

 

 

                                           Астана,2013

Жоспары:

1. Психология  пəнi жəне оның мiндеттерi.

 

2. Психиканың  рефлекторлық сипаты.

 

3. Қазiргi заман  психологиясының мiндеттерi.

 

4. Психологияның  ғылымдар жүйесiндегi орыны.

 

5. Психология  салалары.

 

1. Психология  пəнi жəне оның мiндеттерi

 

Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар əулетiнiң зерттеу объектi болып келдi. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын биологиялық табиғатын, тiлi мен əдеттерiн танып бiлуге деген адамзат

құштарлығының шегi болған емес. Ал осы таным жолында  жантану ғылымының алатын орны асаерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуi мен қалыптасуына,

төңiрегiндегi басқа  адамдармен қарымқатынасының ерекшелiктерiне деген психология дамуының негiзiнде жатқан қызықсыну уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Қазiргi кезеңде өндiрiс, ғылым,

медицина, өнер, оқу, ойын жəне спорт салаларындағы  бiрдебiр iсəрекет психологиялық  заңдылықтардытүсiнiп, танып бiлмей тиiмдi орындалуы мүмкiн емес. Адамның  даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкiндiктерi жөнiндегi бiлiмдер жүйесi бүкiл қоғамның кемелденуi үшiн өте қажет. Адам əр түрлi ғылым тұрғысынан жанжақты зерттелетiн объект, ал ғылымдардың əрбiрi өзiне тəн ерекшекөкейкестi мəселелермен айналысады. Солардың iшiнде қоғамдық ғылымдар əлеуметтiк процестердi зерттеуде психологиялық факторларды айналып өтуi тiптi мүмкiн емес. Солай болса да, əрқандай ғылым басқасынан өз пəнiнiң ерекшелiгiмен ажырап тұрады. Л.С.Рубинштейн "Жалпы психология негiздерi" (1940) атты еңбегiнде “Психология зерттеуiндегi ерекше құбылыстар ауқымы анық көрiнiп тұр олар бiздiң қабылдауымыз, сезiмiмiз, ойларымыз, ықласниеттерiмiз бен тiлектерiмiз, т.б., яғни бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрап, бiздiң жан толғаныстарымыз үшiн денiмiзге ажырамастай болып сiңген құбылыстар жиыны деген. Психологиялық дүниенiң бiрiншi ерекшелiгi əр тұлғаның (индивид) өз меншiк

толғанысының  болуы ол түйсiк, сезiмнен ғана көрiнедi де оның басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы,қаншалықты əдемi, нəрлi суреттеп берсең де, соқыр дүние сұлулығын  сезiнуi қиын; керең тiкелей қабылдамаған соң, əнкүй əуенiн танымайды; махаббат лəззатына өзi бөленбеген адамға ол жөнiндегi əңгiмедастан да түкке де тұрмайды.Психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып болмайтын, қалыптан тыс,тылсым құбылыс болуында. Себебi əрқандай нақты заттың өзi мен оның қабылданған кейпi бiрбiрiненажыралып тұратыны даусыз. Жан ерекше, тəннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санағатерең ұялауы бүған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзi де адамдар мен жануарлардың өлетiнiн, адамның түс көретiнiн сезiп, бiлген. Осыған орай адам ұстамға келетiн тəннен жəне көрiнбейтiн жаннан

бiрiненбiрi дербес екi бөлiктен тұрады деген сенiм туындады; яғни адам өлмейiнше, жан оның тəнiнде жасап, өлгеннен соң тəннен шығып кетедiмыс. Ал адам ұйқыдағы кезде, жан оның тəнiнен уақытша

ажырап, қандай да бiр басқа жерге ауысады. Осылайша, психикалық процестер, қасиеттер мен қалыптар ғылыми талдауға түсiп, зерттелгенге дейiн адамдардың бiрiнiң екiншiсi жөнiндегi қарапайым тұрмыстық психологияға тəн пайымдаулары жинақтала бердi. Адам психика жөнiндегi кейбiр түсiнiктердi өз өмiр тəжiрибесi негiзiнде топтайды. Əлеуметтiк қатынастар мен еңбек барысында түсiнiсуге, бiрлiктi тұрмыс құруға, iсəрекет арқылы адамды тануға қажет болудан жинақталған жай психологиялық пайымдаулар

ғылыми психологияға дейiнгi бiлiмдер ауқымын қүрады. Осы бiршама бiлiктер əр адамға қоршаған ортада жол тауып, өзге тұлғалармен қылықəрекетiне орай қатынас жасауға көмегiн тигiздi. Бiрақ мұның

бəрi тұтастай жүйеленбеген, тереңнен танылмаған, дəлелсiз. Оларды бiз күнделiктi тұрмыстық тəжiрибемiзден ғана үйренбестен, көркем əдебиеттен, халық ауыз əдебиетi үлгiлерiнен (мақалмəтел,

ертек, əпсана) ұғып, түсiнiп келдiк. Қазiргi заман  психология теориялары мен психология салаларының бастаулары нақ осы өмiр тəжiрибесi мен атадан ұрпаққа жеткен асыл рухани мұрадан келiп шығады. Психологияның жантану ғылымы ретiнде мəнi неде? Оның ғылыми денi (предмет) не?

Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан iздеп, психологияның əр даму кезеңiне орай

өзiнiң зерттеу  пəнiне деген көзқарасының өзгерiп барғанын байқаған жөн. Психология өте ежелгi де, өте

жас та ғылым. Мың  жылдық тарихының барына қарамастан, оның бар болашағы əлi алда.

Психологияның дербес ғылыми сала болып танылғанына  ендi ғана жүз жылдан асып барады, ал ол

шұғылданған психологиялық ой, проблемалар тарих тұңғиығында бастау алған пəлсапамен бiрге келе

жатыр.

ХIХ ғ. соңы ХХ ғ. басында танымал ғалым Г.Эббингауз  психология жөнiнде қысқа да дəл  былай деген:

Психологияның тарих алды ұланғайыр, ал тарихы өте  қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп

отырғанымыз психологияның  пəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң

эксперименттiк  зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi шерегi болғанымен,

психология  бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде  өрiс алды.

Пəн атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология жан туралы ғылым (психо – "жан", логос –

"ғылым") дегендi аңғартады. Кең тараған түсiнiктерге  жүгiнсек, алғашқы психологиялық  көзқарастар дiни

ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да, ғылым  тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек

философтарының  алғашқы тұжырымдары адамды практикалық  тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн

жинақтаған, жаңадан  қалыптасып келе жатқан ғылыми ойпiкiр  бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде

жан жөнiндегi дiнимифологиялық көзқарастарға қарсы күресiнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөнiндегi

зерттеулер  мен түсiнiктер психологияның пəндiк  аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең  болды да

психология əуел бастан жан туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу

оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсiндiрдi. Психика мəнiне

байланысты  көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы  философияның өзектi мəселесiн материя  мен

сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын  шешуге тəуелдi болып келдi.

Дəл осы мəселенiң  шешiмi төңiрегiнде бiрбiрiне тiкелей  қарсы философия бағыттары идеализм мен

материализм пайда  болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға

тəуелсiз, белгiсiз  бiр зат деп қарастырды. Ал материалистiк  танымда психика туынды, материяға тəуелдi

құбылыс.

Идеалистiк бағыт  өкiлдерi материяға қатысы жоқ ерекше рухани бастаманың барын мойындап,

психиканың  əрекетi тəнсiз, мəңгi жойылмас жанның көрiнiсi деп бiледi. Ал барша заттасқан  дүние мен

процестер, оларша, бiздiң түйсiгiмiз бен елестерiмiздiң нəтижесi.

Идеализм бастауы  адамдардың өз дене құрылымы мен қызметi жөнiнде дұрыс танымы болмаған,

психикалық  құбылыстарды адам дүниеге келуiмен  тəнге енiп, оның өлуiмен ұшып кететiн  жан жəне рух

əрекетi деп  ойлайтын заманда пайда болған. Жанды бастапқыда адамның əр түрлi мүшелерiнде жасайтын ерекше бiр жұқа зат не тiршiлiк иесi деп бiлген. Дiннiң пайда болуымен жан "о дүниемен" байланысты, көрiнбейтiн əрi мəңгi жасайтын, тəннiң өзгеше бiр екiншi баламасы рухтық зат деп танылды. Бар əлемнiң бастаушысы идея, рух, сана, ал материя осылардан туындайды деп есептеген əртүрлi идеалистiк бағыттар қанат жайды. Адам психикасы рухи өмiрдiң көрiнiсi, сондықтан ол материалдық дүние заңдылықтарына бағынбайды деп санаған идеализм мен дiни догматтар адам жан

дүниесiн материалистiк  тұрғыдан түсiндiруге ұмтылған ғылыми ойпiкiрлердi көп ғасыр кейiнге  ысырып тастады.Жан жөнiндегi танымдар қандай құбылысөзгерiстерге енгенiмен өмiрлiк iсəрекеттiң қозғаушы күшi жан деген тұжырымға ешбiр шүбə келтiре алмады. Тек ХҮIII ғ. психология бiлiмiнiң дамуында Рене Декарт

жаңа дəуiр  есiгiн ашты. Ол адамның iшкi мүшелерi ғана емес, тiптi дене əрекетiнiң де жанға  ешқандай

қатысы болмайтыны жөнiнде пiкiр айтып, дəлелдедi. Бұл  жантану ғылымының кейiнгi желiсiне үлкен

ықпал жасады. Декарт ғылымға екi түсiнiктi рефлекс жəне сана бiрдей енгiздi. Бiрақ ол өз тағылымында

жан мен тəндi бiрбiрiне қарсы қойды, өзара тəуелсiз  екi болмыс материя жəне рух жасайтынын

уағыздады. Сондықтан  да психология тарихында бұл Декарт тағылымы "дуализм" (екi тарапты) атауын

алды. Дуалистер  көзқарасында, психикалық табиғат ми қызметiнiң өнiмi емес, мидан тыс, оған тəуелсiз,

өз бетiнше  жасайтын құбылыс екенi түсiндiрiлдi. Бұл бағыт ғылымда обьективтi идеализм деп аталды.

Дуалистiк тағлиматты арқау етiп ХIХ ғ. Психологиясында психофизиологиялық параллелизм атанған

идеалистiк бағыт  кең өрiс алды. Бұл бағыттың мəнi: психика жəне тəн қатар, бiрақ  өзара тəуелсiз

жасайды. Мұндай идеалистiк көзқарасты дəрiптеушiлер  Вундт, Эббингауз, Спенсер, Рибо, Джемс, т.б.

Шамамен осы  дəуiрде психология денi жөнiнде жаңа түсiнiктер қылаң бере бастады. Ойлау, сезу, қалау

қабiлеттерiне сана атауы берiлiп, психика санамен  баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы

орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Бiрақ сана көп уақытқа дейiн басқа табиғи процестердiң

бəрiнен оқшауланған  ерекше құбылыс ретiнде қаралды. Ендi саналық өмiр Алла жаратқан ақыл көрiнiсi

немесе сананы құраған қарапайым элементтерi бар  субьективтiк сезiм нəтижесi деп  есептелдi. Бiрақ

идеалистiк бағыттағылардың бəрiн бiрiктiрген жалпы пiкiр: психикалық болмыс бұл ғылыми талдауға

келмейтiн, себебiн  түсiндiру мүмкiн емес, тек қана өзiндiк  бақылаумен танылатын субъектив  дүние

екендiгi. Мұндай түсiнiм кең етек алып, ал бұл бағыттағы  идеализм интроспекттiк (iшке үңiлу) сана

тағылымы атын алды. Осыдан сана өзiмен өзi шектелiп, психика объектив болмыс пен субъекттiң  өзiнен

де толығымен  ара байланысын үздi.

ХIХ ғ. екiншi жартысында дербес ғылымға айналған психологияның дамуы өз алдына əртүрлi

мақсаттарды белгiлеп, əртүрлi зерттеу тəсiлдерiн қолданған, бiрбiрiн ауыстырып отырған теориялар

таласында жүрiп  отырды. ХIХ ғ. аяғындағы барша  теориялар, ХХ ғасырдағы бiршама  тағылымдар

сананың осы  интроспекттiк психологиясы шеңберiнде  зерттелдi. Бұл теориялар бойынша  психологиялық

зерттеулердiң  бəрi қоршаған орта мен адам iсəрекетiне байланыссыз жан толғаныстарымен

көрiнiстерiне негiзделдi. Ал сана мен ми арасындағы қатынас  бұл теорияларда дуализм бағытында

шешiмiн тапты.

Интроспекттiк  психология аймағындағы теориялардың бiрбiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы,

мазмұны жəне белсендiлiк  дəрежесiне қарай əрқилы сипаттаудан  болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп

есептелiндi. Осы  тұрғыдан идеалистiк сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды:

􀁺 саналық элементтер теориясы (В.Вундт, Э. Титченер);

􀁺 саналық əрекеттер психологиясы (Ф.Брентано);

􀁺 саналық ағым (сел) теориясы (У.Джемс);

􀁺 дербес құрылым психологиясы (гештальтпсихология);

􀁺 Дильтей суреттеме психологиясы.

Бұл теориялардың бəрiне ортақ түсiнiм: қоршаған дүниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана

қойылып, оның бар iсəрекетi сана белсендiлiгi деп танылды.

Психологияда  эксперименттiк əдiстiң орнығуына  қарамастан, бұл дəуiрде аталған  теориялардың бəрiне

тəн ерекшелiк  психикалық құбылыстардың мəнiн  түсiндiру емес, тек қана суреттеп нақтылау. 1879 ж.

Вундт Лейпцигте  алғашқы эксперименталды лаборатория  ұйымдастырды. Сана психологиясына

эксперимент қою  мүмкiндiгi ашылды: зерттеушi белгiлi жағдайлар  жасап, онда психикалық процестердiң

өтуiн бақылап  барды. Бiрақ бұл бақылаулардың ерекшелiгi: адам өзiнiң iшкi жанкүйiн, сезiмiн, ой

толғанысын  өзi бақылайды, осыдан мұндай зерттеуде  интроспекттiк аталған əдiс қолданылды. Мұндай

бақылау, əлбетте, басты ғылыми талапобьективтiлiкке  сай келмейдi. Осының салдарынан ХХ ғ. басында,

бiр жағынан  ғылыми объектив бiлiмдер дамуына орай талаптардан, екiншiден əлеуметтiкэкономикалық

өркендеу сұраныстарынан интроспекттiк психологияның дағдарысы  көрiнiс бердi.

Адам əрекетқылығын  қадағалап, бақылау құралжабдықтарын дайындауды қажет еткен капиталистiк

өндiрiс əдiстерiнiң  дамуына байланысты практикалық  мiндеттер алдында "сана психологиясы" өз

дəрменсiздiгiн  байқатты.

Осыдан ХХ ғ. екiншi он жылдығында психологияның  жəне бiр бағыты пайда болып, оның өкiлдерi

психологияның жаңа пəнiн жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын,

негiзiнен адам қозғалысының жиынтығы əрекетқылық (поведение) едi. Бұл бағыт

"бихевиоризм" (ағылш. behaviourқылық) аталып, психология пəнi жөнiндегi түсiнiктер дамуының үшiншi

кезеңiн қалады. Бихевиоризмнiң iрге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның мiндетiн қоршаған ортаға

бейiмделушi тiршiлiк  иесiнiң қылықəрекетiн зерттеу  деп бiлдi. Тек бiр онжылдықтың  өзiндеақ

бихевиоризм бүкiл  дүниеге тарап, психология ғылымының  ықпалды бағыттарының бiрiне айналды.

Сонымен, психология өз даму жолында бастапқыда жан туралы ғылым, кейiн жансыз ғылым, ақырында

санасыз ғылымға  айналды. Психология пəнiн осылай пайымдаудан  оның келесi, жəне бiр дағдарысқа

кезiгуiнiң мəнiн  түсiнемiз. Əрине, қылықəрекеттi бақылаумен объектив деректердi зерттей аламыз, бiрақ

мұндай объективтiк  жалған, себебi бiздiң əрқандай əрекетқылығымыздың астарында өзiмiздiң ой, сезiм,

ниеттерiмiз  жатыр. Сондықтан осы ой, сезiм, ынтаықыласты бiлмейiнше, əрекетқылықты тану мүмкiн

емес.

Психология  пəнiн (предмет) нақтылауда болған дағдарыстар себебi аталған теориялардың негiзге алған

əдiснамалық тұжырымдарында болып отыр. Атап айтсақ, саналық  психология болмыс пен сананың,

объектив дүние  мен субъектив болмыстың ара  қатынасын идеалистiк тұрғыдан шештi. Бихевиористер

Информация о работе Жантану ғылымы психологияның мəнмағынасы жəне оның барша ғылымдар жүйесiндегi орны