Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 19:41, реферат
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып-білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
1.Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдарынан бөлініп шығуы
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып-білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі – қан айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі – қан айналымындағы сұйықтық және ондағы құрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Қытай медицинасында б.з.д. XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Ежелгі Үндістан дәрігерлері
адамның психикалық әрекетінің негізгі
органы – жүрек, оның атқаратын қызметі
біртіндеп миға ауысады деген
тұжырым жасады. Темперамент жайындағы
ілім іргесінің қалануы, әрбір адам
өзінің даралық ерекшеліктерімен сипатталады
деген ұғым ғылым тарихындағы
алғашқы материалистік
Осы негіздерге сүйене отырып, Қытай дәрігерлері адамдарды мынадай типтерге жіктеген: 1) адамның бойында өттің не қан құрамының басым болуы. Мұндай адамдар күшті, батыр келеді. Олардың мінезі жолбарыс тәрізді өжет те шапшаң; 2) ауа тектес нәрселердің көптігі. Ондай адам ұстамсыз, қозғалғыш болады, маймылдың әрекетіндей әрекеттер жасайды; 3) шырынның басымдылығы – қимыл-қозғалыстың баяулығын, сабырлылықты білдіреді деп санайды.
Адам организмі жайындағы
мұндай пайымдаулар сол
Б.з.д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттар кеңінен таралды. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі жолға түсіп, жан дүние сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндірді. Ал йога бағытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының пікірінше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын меңгеріп, оның даралық ерекшеліктерін әдептік (этикалық) жағынан іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдегі Қытай
елінде кеңінен таралған
Адамның тәні мен психикалық тірішілігінде қан айналу процесінің айрықша маңызды қызмет атқаратындығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістан сияқты ежелгі Шығыс елдерінде жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымындағы бөлшектер мен адам психикасының дамуы туралы жалпы заңдылықтардың бір арнаға келіп құятынын көрсетеді. Осындай тарихи жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мәселенің өте ерте кездерде-ақ адамзат мәдениетінің, дүниетанымы мен білімінің философиялық жүйесін, табиғат жайындағы орынды мағлұматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі болғандығын көрсетеді. Міне, осы орайда, психология тарихын зерттеген ғалымдар бұл пәннің практикалық маңызы мен ғылыми білімдер жүйесінде алатын орнын оның философия мен жаратылыстану ғылымдарының түйіскен торабынан өрбіп шыққандығымен түсіндіріледі. Бұл - объективтік шындық және ғылыми тұжырым.
2. Ежелгі психология
Сонау ерте замандардан бері
адамдардың әлеуметтік өмірі олардың
күнделікті сан алуан іс-әрекеттерінен,
бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың
жан дүниесінің сырын бейнелейтін
психологиялық
Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Гераклит (б.з.д. VI ғ.), Демокрит (б.з.д. V ғ.) жан-табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашқы ілім-психиканы адам тәнінің қызметі деген бірыңғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б.з.д. 427-347 жж.) жан-мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтың мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көзқарастың негізін салды.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, “Жан туралы” деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің (психиканың) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналған-ды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым көпшілігін материалистік тұрғыдан шешті, объективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің, Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды.
Жан жүйесі жайындағы ертедегі ілім көптеген ойшылдар мен ғұламалардың шығармаларында өзіндік орнын тапты. Ежелгі Римнің көонекті ойшылдары Лукреций (б.з.д. І ғ.), Гален (б.з.д. ІІ ғ.) психологияның жан дүниесінің сырымен байланысты табағи негіздерін іздестірді. Ал ұлы грек ойшылы Сократ (б.з.д. 470-399 жж.) “өзіңді өзің тани біл” деген ұлағатты пікірін адамның жан дүниесімен, сырымен ұштастырды, Сондай-ақ, адамның жаны тәніне тән деп санап, ол ақыл-ой арқылы реттеліп отырады деді. Ежелгі дүние ғұламаларының жан дүниесі жайындағы ой-пікірлерінің философиялық және әлеметтік негіздері сол заманның экономикалық-саяси құрылысына орай түрлі идеялық бағытта (материалистік не идеалистік) болуы таңданарлық жайт емес.
3. Орта ғасырлардағы жан туралы ілім
Ежелгі дүниенің, құл иеленушілік қоғамның іргесі қаусап, тарих сахнасынан кеткен соң оның орнына бірнеше ғасырларға созылған феодалдық қоғам орнады. Бұл дәуірдің тарихи даму сипаты ғылыми идеялар мен жеке адамның даралық өсу қасиеттерін тоқырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жайындағы ілім мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. Жан екі түрлі сипатта өмір сүреді деп уағыздалды. Психика туралы ертеден қалыптасқан тәжірибелік зерттеулер схоластикамен алмасты. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден шеттетілді.
Алайда, VIII-XII ғасырларда араб тіді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі мәдениет пен ғылымның орта ғасырларда Еуропа мен басқа да елдерге тарап, кең қанат жаюы жалпы адам баласы мәдениетінің өркендеуіне әсер етті. VII ғасырда Халифат мемлекетінің құрылып, араб тілінің мемлекеттік тілге айналуы, ислам дінінің таралауы , Халифат астанасы Бағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны дүниежүзілік мәдениеттің орталығына айналдырды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып, ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектеріараб тіліне аударылды. Сөйтіп, бұл еңбектер Кіндік Азия елдеріне, Үндістаннан бастап сонау Пиреней түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекендеген халықтардың төл мәдениетінің, философия мен өзге де ғылымдардың қарқынды дамуына өз шарапатын тигізді.
Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жаңа сипат алып, біздің аты әлемге әйгілі ғұлама бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.), Әбу Али ибн Сина (Авиценна) (980-1037 жж.), Ибн Рошд (Аввероэс) (1126-1198 жж.) сияқты орта ғасырлық ғұламарлардың зерттеулері арқылы адамның жан дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам (Әлгазен) (965-1039 жж.) , Иранның медик ғалымы Закария рази (865-925 жж.) өз еңбектерінде адам жан дүниесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүйеніп, әр алуан зерттеулер жүргізді.
Әбу Насыр әл-Фараби – сан алуан еңбектер жазып, “Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым. Оның адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалары бар. Солардың ішінде “Ізгі қала тұрғындары”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері” тәрізді басқа да шығармаларында ол бүкіл философиялық жүйені метафизика мен психологиядан бастап, әдеп пен социологияға дейінгі ғылым жетістіктерін кеңінен талдайды, сонымен қатар әрбәр мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер береді. Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін, әсіресе, оның “Жан туралы” деп аталатын шығармасын жете зерттеп, араб тіліне аударды. Жан жүйесінің сырын зерттеуде Әл-Фарабидің Аристотель ықпалында болғандығы – шындық фактор.
Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, біртүрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасайды. Сондай-ақ, ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш-қуат пайда болады, сол күш-қуат қабілетінің негізгі түрлері мынадай деп көрсетті: адамды қуаттандыратын күш (арабша – “әл қуат әл-газийа”); түйсіну қуаты; қиялдау қуаты; ақыл-ой не ойлану қуаты; қозғаушы күш; белгілі іс-әрекетке ұмтылу қуаты. Адам бойындағы күш-қуаттың әл-Фараби атаған түрлері жеке психикалық процестердің атауы мен мәніне дәл келеді. Ал ол өзінің “Екінші ұстаздың сөз (ақыл-ой) мағынасы туралы ой толғамдары” дейтін еңбегінде психикалық процестердіңбарлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материалдық құбылыстар деп анықтап, әсіресе, адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көрсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетінің ерекше бір жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психология да дәл осы мағынада қарастырады. Әл-Фарабидің психология жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады.
Орта ғасырларда жан туралы
ілімді аристотельдік идеялар
Ибн Синаның көзқарастарындағы
тағы бір маңызды мәселе – оның
жан туралы философиялық және медициналық
тұрғыдан қарастырған бір-біріне қайшы
пікірі. Оның анықтауынша, жан туралы
түсінік ғылым мен дін
Орта ғасырлық араб тілді
ғұламалар Закария Разидің
Орта ғасырлардағы еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық ой-пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома Аквинский (1225-1274 жж.) мен басқа да философтардың схоластикалық жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Алайда, мұндай схоластикалық түсініктердің шындыққа сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175-1263 жж.), оның шәкірті Роджер Бэкон (1214-1292 жж.) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямен бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік қағиданы жаңғыртты. Психологияның даму тарихында орта ғасырлық дәуір талас-тартысты оқиғаларға толы болды.