Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 15:30, реферат
Түйсік арқылы заттардың түсін, исін, дәмін, қатты, жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілдіқасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысымен оның кеңістікте орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітікендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайд болатын уақытша байланыстар жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
а) Түйсік.
1. Түйсік туралы түсінік.
2. Түйсіктің топтары мен ерекшеліктері.
3. Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы.
4. Түйсіктің түрлері.
б) Қабылдау.
1. Қабылдау туралы түсінік.
2. Қабылдаудың физиологиялық негізі.
3. Қабылдаудың түрлері және ерекшеліктері.
4. Кеңістікті және уақытты қабылдау.
в) Ес.
1. Ес туралы түсінік.
2. Ес теориялары.
3. Естің түрлері.
4. Ес процесстері.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
а) Түйсік.
1. Түйсік туралы түсінік.
2. Түйсіктің топтары мен ерекшеліктері.
3. Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы.
4. Түйсіктің түрлері.
б) Қабылдау.
1. Қабылдау туралы түсінік.
2. Қабылдаудың физиологиялық негізі.
3. Қабылдаудың түрлері және ерекшеліктері.
4. Кеңістікті және уақытты қабылдау.
в) Ес.
1. Ес туралы түсінік.
2. Ес теориялары.
3. Естің түрлері.
4. Ес процесстері.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атаймыз.
Түйсік арқылы заттардың
түсін, исін, дәмін, қатты, жұмсақтығын,
кедір-бұдырлығын т.б. осы
В.И.Лениннің айтуынша,
«түйсік-объективті дүниенің
Егер түйсік сыртқы
дүние заттары мен
Адамның түйсігі оның жаттығуына, мамандығына байланысты әруақытта өзгеріп отырады. Түйсік сапасын ажырату жаттығуына байланысты. Адамның сезгіштігі, олардың өмір барысында қалыптасады. Жануарлар түйсігінде сезгіштіктің артығырақ даму дәрежесі тектік белгі болып есептеледі.
Қабылдау – ми
қабығының күрделі анализдік
және синтездік қызметінің
Сөйтіп, қабылдау –
түйсіктегідей бір
Түйсік дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. Түйсік туралы түсініктер ежелден белгілі. Ежелгі грек философы Хрисипп (біздің заманымыздан бұрынғы 250 – 208/205) инстинкт деген ұғымды құстар мен кейбір сүтқоректілердің мінез-құлық әрекетін сипаттауда қолданды. Француз ойшылы әрі дәрігері Жюльен Ламетри инстинкт жан-жануарлардың бүкіл дене құрылымымен, жүйке жүйесімен байланыста болатынын атап көрсетті. Чарлз Дарвин инстинкт — жануарлардың бір түріне ғана тән, кездейсоқ пайда болатын, өте қажетті және тұқым қуалайтын қабілетінің қалыптасуы екенін дәлелдеді. Ал Иван Сеченов пен Иван Павлов инстинкттің рефлекторлық сипатын анықтады. Биологиялық маңызына қарай инстинкт: қоректік (олжасының ізіне түсу, азық жинау, т.б.), қорғаныстық немесе сақтық (қатер төнгенде айбат шегу, тырнау, қозғалмай қатып қалу, т.б.), жыныстық (уылдырығын шашу үшін балықтардың ағынға қарсы немесе ағын ығымен ауа жүзуі), т.б. түрлерге бөлінеді. Барлық бейімделу факторлары сияқты инстинкт орта жағдайының өзгеруіне байланысты өзінің мәнділігін жоғалтуы мүмкін.
Физиологиялық негіз.
Түйсіктің физиологиялық негізін Павлов анықтады. Түйсік сыртқы тітіркендіргіштердің анализаторға әсер етуі арқылы пайда болады. Анализатор деп – сыртқы қабылдау аппоратынан басталып, миға барып аяқталатын күрделі нерв механизмін айтамыз. Анализатордың қайсысы болса да 3 бөліктен тұрады:
1)Сезім мүшелері немесе рецепторлар.
2)Орталыққа баратын нервтер.
3)Мидағы нервтер.
Түйсік пайда болу
үшін бір анализатор ғана
Түйсіктің топтары.
Түйсік 3 топқа бөлінеді:
1)Экстероцептивтік.
2)Интотоцептивтік.
3)Пропраоцептивтік.
1. Экстероцептивтік түйсіктер – бұл түйсіктер организмнің сыртында орналасады. Жататындар: көру, есту, иіс сезу, сипап сезу.
2. Интотоцептивтік түйсіктер – бұл организмнің ішінде орналасады. Жататындар: дәм түйсінуі, ауруды түйсіну, барлық органикалық түйсінулер (шөлдеу, қарны ашуы)
3. Пропраоцептивтік түйсінулер – бұл бұлшықетте, сіңіруде және нерв системасының ішкі жағында орналасады. Жататындар: дірілдеу, тамыр тартылып қалу.
Экстероцептік түйсіктер 2-ге бөлінеді: Дистонгтік және контонгтік.
Ерекшеліктері.
1.Адоптация – «бейімделу»
Адоптация дегеніміз – сезім мүшелеріне ұзақ әсер еткен тітіркендіргішке байланысты адамдардың түйсігінің бейімделуінін айтамыз. Түрлері: қараңғы, жарық, иіс және тері.
2.Синезтезия – гректің «қосарласқан түйсік». Синезтезия деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің пайда болуына әсер етуін айтамыз.
3.Сенсибилизация латынның «сезгіштік» деген мағынаны білдіреді. Сенсибилизация деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің сапасын арттыруын айтамыз.
Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы.
Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның кұлақ түтігі суға толы болады да ештеңені естітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жұрт бастауы түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіне байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
Адамның жан-жағында толып жатқан заттар бар, үнемі түрлі құбылыстар болып тұрады. Олардың жеке қасиеттерін бейнелендіретін қарапайым психикалық процесті мамандар түйсік, кейде түйсіну деп атайды.
Иә, біз өзіміздің түйсігіміз
арқылы айналамыздағы
Сезгіштік арқылы түйсіну
Адамның түйсіне алу қабілеті – сезгіштік болса, ол абсолюттік және айыру сезгіштік деп екіге бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп жүйке саласының өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуын атайды. Ал тітіркендіргіштердің түйсік туғызатын ең аз шамасы – оның абсолюттік табалдырығы. Жалпы, адам баласының сезім мүшелерінің абсолюттік сезгіштігі өте үлкен. Алайда абсолют сезгіштік те, айыру сезгіштігі де тұрақты емес, түрлі жағдайларға байланысты олар өзгеріп отырады. Осы өзгеру лер үш себептен:
1. Сезім мүшелерінің әсер еткен тітіркендіргішке бейімделуіне қарай.
2. Бір мезгілде пайда болатын түйсіктердің бір-біріне ықпалына қарай.
3. Адамның тұрмыс жағдайына, әсіресе, іс-әрекетінің, кәсібінің талабына қарай. Бұл сезгіштіктің өзгеруінің бірінші себептен пайда болатын жағдайы – адаптация, екінші себептен пайда болатын жағдайы – сексибилизация.
Түйсіктің түрлері.
Психолог – мамандар көбінесе түйсікті үш топқа бөліп қарастырады. Біз енді соған тоқталсақ:
1. Өзімізден тысқары
заттардың, құбылыстардың
2. Денеміздің, ішкі мүшелеріміздің күйін (жағдайын) сәулелендіретін түйсінулер. Бұл түйсінулердің мүшелері ұлпалардың ішінде (бұлшық еттерінде), яғни, ішкі мүшелердің бетінде (қарынның, тыныс жолдарының қабырғаларында) орналасқан.
3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты жағдайын білдіретін түйсінулер.
Бірінші топтағы түйсінулер:
Оған көру, есту, иіс,
дәм, тері түйсінулері жатады.
Біз енді оған жеке-жеке
Көру түйсінулері. Біздің көз алдымыздағы нәрсенің қай-қайсының де белгілі түсі бар. Түссіз зат – мөлдір, көзге көрінбейді. Біздің түстерді түйсінуіміз – көру түйсінуі болып табылады. Негізінен, көру мүшесін жарық тітіркендіреді, өмірде ұзындығы 390-800 миллимикронға дейінгі (миллимикрон ми-лиметрдің миллиондық үлесі, М.С.) электромагнит толқындары болады, бұл ғылым дәлелдеген ақиқат.
Барлық түстер екі үл кен топқа бөлінеді: ахроматикалық түстер, хроматикалық түстер. Ахроматикалық түстер: ақ, қара, сұр түстер. Айналамыздағы түстердің қалғандарының бәрі де – хроматикалық түстер. Олар: қызыл, сары, жасыл және көк түстердің барлық реңктері.
Есту түйсінулері. Дыбыс шығатын орыннан жан-жаққа ауа бөлшектерінің бойлық тербелістері тарайды да, дыбыс толқындары адамның есту мүшесін тітіркендіреді. Осы құбылыс – есту түйсінулері болып саналады. Мамандардың пайымдауынша, дыбыс толқындарын айыру тербелудің жиілігіне, оның амплитудасына, яғни, тербелудің түріне қарай жүзеге асырылады. Сол себепті, есту түйсінуінің мынандай үш жағы бар: дыбыстың жоғарылауы, бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі; дыбыстың қаттылығы, бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі; дыбыс тембірі, бұл тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздегі деректер бойынша, адам баласының құлағы бір секунд ішінде 16 тербелістен 20000 тербеліс шегіндегі тербелістерді сезеді. Тек адам құлағы жиілігі бір секундта 20000-нан асатын тербелістерді шала алмайды. Мұндай тербеліс мамандардың тілінде «ультра дыбыс» деп аталады. Әрбір дыбыс әр қилы түйсіну туғызады. Соған сәйкес оларды музыкалық дыбыстар (ән-музыка аспаптарының үні), айқай – шулар, сан алуан сықырлар, тықыр, дүрсіл, тарсыл, гүрілдеу деп жіктейді.
Тері түйсінулері. Мамандар тері және ауыз бен мұрының кілегей қабығының төрт түрлі түй сінулерді білдіруі мүмкін екендігін айтады. Олар: 1. Тигенді түйсіну – тактиль түйсінулері; 2. Салқынды білдіретін түйсінулер; 3. Жылыны білдіретін түйсінулер; 4. Ауырғанды білдіретін түйсінулер. Терінің нүктелері мынандай:
Тию нүктелері – тек тактиль түйсінулерді, салқын нүктелері – салқынды, жылу нүктелері – тек жылыны, ауыру нүктелері – тек ауырғанды білдіретін нүк телер.
Терінің түрлі алаптарының түйсінудің осы айтылған төрт түрін түрліше сезетінін біз жақсы білеміз. Бір нәрсе тигенде оны тілдің ұшы, саусақтардың ұшы, яғни ең қозғалғыш мүшелер жақсы айырады. Ал адамның арқа тұстары аз сезеді. Тек ауырғанды арқа мен бет терілері тез сезеді де, оны (ауырғанды) бәсең сезетін адам мүшелері – саусақ ұштары, алақан терілері. Бір қызығы, адамның өн бойын сыйпауға қатысатын мүшелері онша ауыра бермейді, олар ауруға бәрінен де жақсы «шыныққан». Ыстық, суықты де ненің киім жауып тұратын жерлері тез сезіп, түйсінеді. Олар: белдің, құрсақтың, көкіректің терілері.
Екінші топтағы түйсінулер:
Оған қозғалыс, денені тең басу, органикалық түйсінулер жатады. Қалғаны үшінші топтағылар.
Қозғалыс түйсінулері. «Бұлардың рецепторлары етте, сіңірлерде және буындардың беттерінде болады, - дейді, Б.М.Теплов. Қозғалыс түйсінулері – еттердің жиырылып тартылуын, мүшелердің орналасып, жайласып тұрған күйін, мәселен, қол иықтан, шынтақтан немесе білезіктен қаншалықты бүгіліп тұрғанын білдіретін түйсінуі. Тері түйсінулері мен қозғалыс түйсінулері ұш тасып келсе, қол бір нәрсеге тигенін немесе бір нәрсенің батқанын сезеді, мұны сыйпау сезімі дейді».