Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 17:26, реферат
Нарық – бұл тауарлар немесе қызметтерді сатушылар немесе жеткізушілер мен сұранысты тудыратындар немесе сатып алушылар арасындағы байланыстарды жүзеге асыратын институт немесе механизм. Сатып алушылар мен сатушылар талғамдары мен нәтижелері тауарларға, қызметтерге немесе ресурстарға бағалар жүйесін қалыптастырады. Осы бағалар бағыттаушы рөлін атқарады, бұл бағаларды басқара отырып ресурстар иелері, кәсіпкерлер мен тұтынушылар өз мүдделерін қамтамасыз ететін өздерінің ерікті таңдауын жасайды. Нарықтардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады, олар еңбек, қаржылық капиталдар, ресурстар, тауарлар, қызметтер және басқа да нарықтар. Қозғалмайтын мүлік тауарлар категориясына жатады, осы уақытта нарықтағы оның айналымы әртүрлі ресурстар мен еңбекті қолдана отырып, қаржылық капиталды қолданумен тығыз байланысты.