Азық – түлік тағамдар технологиясының салалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 18:00, лекция

Краткое описание

Құс пен малды тасымалдау. Мал мен құсты темір жол, автокөлік, су көліктері арқылы тасымалдайды. Өте аз қолданытса айдау тасымалдауы болып табылады. Тасымалдауға дені сау жануарлар жіберіледі. Әрбір сойысқа арналған жануарлар партиясына ветеринариялық куәлік беріледі. Оның ішіне жануарлар мен құстар санын, тасымалдау жерін, жануар жағдайы мен оның денсаулығына келтірілген дәрі-дәрмектердің атауын енгізеді, сонымен қатар оның алып келе жатқан жерін кіргізеді. Куәлік берілген күннен бастап 3 күндік мерзімі бар.
Жануарлардың тасымалдау кезіндегі салмақтың жоғалуының ең басты факторы – тасымалдаудың уақыт жалғасуы. Неғұрылым тасымалдау уақыты ұзақ болса, соғұрылым жануарлардың салмағы бәсең түседі. Ең басты салмақтың жоғалуы 24-36 сағат ішінде тез болады. Темір жол арқылы малды тасымалдау радиусы 600 км – ге тура келеді, ал уақыты 4 сағаттан ұзақ болуы тиіс. Ал автокөлік арқылы тасымалдау 5 сағаттан үзақ болмауы тиіс.