Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 15:22, лекция
Сапалық спектрлік талдаудың негізгі мәселесі - сынама құрамына енген элементтерді анықтау. Ізделініп отырған элементтің барын-жоғын суретке түсірілген спектрде осы элементтің аналитикалық сызықтары деп аталатындарды табу арқылы анықтайды. Шынын айтсақ элементтің бар екені туралы қорытынды толқын ұзындығы дәл анықталған жағдайда бір ғана спектрлік сызықша негізінде жасалады. Алайда іс жүзінде толқын ұзындығын анықтау спектрлік сызықтың пішіні мен оның орналасу жағдайын дәл өлшейтін спектрографтың шешушілік күшімен шектелген. Бұл мәселе көп сызықты спектр жағдайында күрделене түседі. Бірнеше сызықтардың кейбіреуі өзара бірігіп, толқын ұзындыгының өзгеруі салдарынан бір элементті басқалармен шатастыру қаупі туатын жағдайлар болады. Сондықтан да спектрде бірнеше аналитикалық сызықтың көрінуі шарт. Аналитикалық сызықтың аса көп санын іздестіруге уақыт көп кетеді, әрі ол артық еңбектенуді қажет етеді.