Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батыс еуропалық философия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:12, реферат

Краткое описание

Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болады:
1)ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді механика заңдарымен дәлелдеді;
2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын,өзгермейтін құбылыс деп қарады. Оның ұдайы дамудағы процесс екенін мойындамады;
3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады,сондықтан ол идеалистік тұрғыда қала берді.

Вложенные файлы: 1 файл

europa.docx

— 37.59 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

XV-XVIII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде феодалдық өндіріс әдісі төңірегінде жаңа капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастады.Осыдан бастап, тап ретінде буржуазия дүниеге келді.Ол феодалдық құрылысты құлатып, жаңа өндірістік қатынастарды орнатуды мақсат етті.

  Айталық,XV ғасырда Нидерланды, XVII ғасырда Англия, XVIII ғасырда Франция революциялары бірінің бастамасын бірі жалғастырды. Дүниеге келген жаңа тап-буржуазия ғылым табыстарына сүйенуді қажет етті,схоластиканы қатты сынға алды.Ең алдымен олар схоластиканың басты кемшілігі-тәжірибеден бас тартып,бақылау,эксперименттерге сүйенбейтін шыдамсыздықпен жасалған догмалық топшылауға негізделген,жалған,тұрлаусыз әдісінде деп есептеді.Бұл жаңа тап материализмге сүйенді.Бірақ ол метафизикалық материализм болатын-ды.

 Ал метафизикалық материализмге үш күрделі кемшілік тән болады:

1)ол механика ілімдеріне негізделді. Дүниедегі барлық өзгерістерді  механика заңдарымен дәлелдеді; 

2) дүниені қатып қалған, қозғалмайтын,өзгермейтін  құбылыс деп қарады. Оның ұдайы  дамудағы процесс екенін мойындамады; 

3) қоғам өмірін ғылыми тұрғыдан  түсіндіре алмады,сондықтан ол  идеалистік тұрғыда қала берді.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батыс еуропалық философия

 

Ағартушылық философия европаның  классикалық философиясының дамуының жаңа кезеңі болып табылады. 
 Ағартушылық идеяларының отаны Англия болды. XVII ғасырдың аяғында прогрессивті ағылшын буржуазиясының нығаюы мен ғылыми білімнің даму үрдістері ағартушылық идеяларының кеңінен қанат жаюына негіз болды. Жаратылыстану ғылымдарының дамуымен тығыз байланыста болған ағылшын ағартушылары адамның еркіндігі мен ақыл ойының күшіне сенім артты. 
 Осы сарындағы философиялық идеялар Францияға тез жетіп, жан – жақты дамыған концепциялар пайда болды. Ағартушы – философтар қоғам мен адамның ғылым мен прогреске сүйене отырып жетілуін көкседі. Білімді кең көлемде таратып, адамдарды тәрбиелеу қажеттілігіне көңіл аударды. Адам табиғатынан ізгілікті, оның кемшіліктері қоғамның қайшылықтарынан туындайды. Сондықтан оны әрдайым тәрбиелеп, бағыттап отыру қажет. 
Ағартушылық таза философиялық ілім емес, оның құрамында қалыптасып келе жатқан буржуазияның идеялық және саяси өзіндік санасының мұраттары да көрініс тапты. 
 Англияда, Францияда ағартушылық қайраткерлері ақыл – ойлы негізгі культке айналдырды. Феодалдық қоғамның қалдықтарын сынға алды, ғылыми – философиялық ойлаудың, көркемөнер шығармашылықтың адамдардың пікірі айту қабілетінің еркіндігін жақтады. 
 Француз ағартушылығының көрнекті өкілдері – Франсуа Вольтер (1694-1778), Жан Жак Руссо (1712-1778), Дени Дидро (1713-1784), Клод Гельвеций (1715-1771), Поль Гольбах (1712-1789). 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.Франсуа Вольтер

 

  Вольтердің негізгі еңбектерінің бірі – «Метафизикалық трактат».Ол ағылшын философтары Ф.Бэкон мен Т.Гоббстың шығармашылығын жоғары бағалап, эмпиризмнің ықпалында болады. Көп уақытқа дейін Декарт идеяларына самарқаулық танытады. Вольтер тәжірибенің танымдық маңызын анықтап, оның теорияға қатынасын түсіндіруге тырысады.  
Ойшылдың философиясында субъектің белсенділігі туралы мәселе кеңінен қойылған Вольтер субъектің іс - әрекетінің динамизмі мен белсенділігін ерекше атап, зерттеді, жаңа дәуір философиясын едәуір байытты. 
Оның «қоғамдық адамға» деген қызығушылығы сол кездегі әлеуметтік сұраныстан туындаған. Вольтер басқа адамдар мен тығыз байланыста өмір сүретін адамның қоғамдық табиғатынан жақсы түсінген. 
 Вольтер философиялық еңбектерінде адамдардың теңдігі туралы да мәселе қойылған. Ол саяси теңдік, заң мен құқық алдындағы теңдікке ерекше көңіл аударған. 
 Адамдардың саяси, құқықтық теңдігі экономикалық және әлеуметтік теңдігімен анықталатынын түсіне алмаған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Жан Жак Руссо

 

  Жан Жак Руссо (1712-1778) – кедей ортаның өкілі, оның әкесі сағат жөндеуші және биді үйретуші болған. Руссоның шығармашылығы жан-жақты, театр шығармашылығынан басқа ол ғылым мен өркениетті сынаумен, экономикалық, әлеуметтік – саяси мәселелермен айналысқан. Оның «Эмиль немесе тәрбие туралы» және «Жаңа Элоиза» шығармалары жетілген, табиғи моральдың жобалары болып табылады. 
 Руссоны қызықтырғанең маңызды мәселе – адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. 
 Адамдар арасында негізінен теңсіздік бірден пайда болмайды. Оның туындауына себеп болған меншіктік қатынастар. Яғни қоғамда меншіктік жіктелу болып, жеке меншік пайда болғаннан бастап, теңсіздік қатынастар өркендей бастайды. 
 Жеке меншік - теңсіздіктің бірінші себебі. Ал жеке меншіктің өзі адамдар қажеттілігінің қайшылығынан, бәсекелестік пен бақталастықтан туындайды. Қоғамның табиғи жағдайы бір – бірімен жауласқан топтар қатынасымен алмастырылады. 
 Меншіктік жіктелу – теңсіздіктің бірінші сатысы. Теңсіздіктің екінші сатысы – мемлекеттің қалыптасуы, билік иелері мен оған бағынушылар арасындағы теңсіздік. 
 Үшінші сатыдағы теңсіздік заңы үкіметтің деспотияға айналған уақытында пайда болады. Соңғы жағдайда, Руссоның пікірінше, барлық адамдар өзінің теңсіздігінде бірдей болады да, тиранға қарсы бас көтеруге құқық алады. 1789 жылғы Франциядағы революциялық қозғалыстың заңдылығын Руссо осындай ойлармен негіздейді. 
 Осы ойларын Ж.Ж.Руссо «адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен себептері» деген еңбегінде баяндайды. 
 «Қоғамдық келісім туралы» атты еңбегінде Руссо біріккен халық басқаратын «халықтың мемлекет» идеясын ұсынды. Бұл мемлекетте жалпы ерік пен жеке адамдар еркінің арасындағы күрделі өзара қатынастар елді билейді деп ой қорытады. 
 Ж.Ж.Руссо философиясының атақты девизі «Қайтадан табиғатқа оралу». Өйткені табиғатта адамның орны оның қабілеттеріне байланысты, сондықтан табиғи тәртіп әділетті. Ал қоғамда адам меншік байлық арқасында орын алады, бұдан қоғамдық тәртіптің әділетсіздігі туындайды. 

 

 

 

 

 

 

 

2. 3. Дени Дидро

 

Дени Дидро (фр. Denis Diderot) (1713-1784)- француз философы, ағартушы, жазушы, өнер сыншысы, энциклопедияның редакторы және ұйымдастырушысы. 
 Дени Дидро XVIII ғасырдағы француз ағартушы-материалисті. ''Ғылымдар, өнер және қолөнер энциклопедиясы'' авторы. Бұл еңбек француз буржуазиялық төңкерісінің идеологиялық дайындығына ықпал еткен. Дидро тәрбиеге көзкарасы «Гельвецияның «Адам» кітабын жүйелі түрде жоққа шығару» атты еңбегінде баяндалған. Дени тұжырымы бойынша адамның өзін сүюі жақсы қасиет. Ол Гельвеций түжырымы бойынша, адамның өзін сүюі эгоизмнің бастауы деген шкфге қарсы тұрады. Дидроның ірі шығармалары: "Философиялық ойлар , Аллея немесе Скептиктің серуені" (1747), "Көзі көретіндерге сабық үшін соқырлар туралы хат" (1749), "Табиғатты тану турал ойлар", "Даламбердің Дидромен әңгімесі", "Даламбердің түсі", "Монахиня", "Рамоның жиені", "Жак-фаталист және оның қожайыны" және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Поль Гольбах

  Поль  Анри  Дитрих  Гольбах – ұлты неміс  болғанымен  бүкіл  өмірін  Францияда  өткізген  ол  француз  энциклопедиясының  белсенді  мүшесі  болған. Ол  да  адам  табиғаты  жағынан  не  кең пейілді, не  іші  тар  болып  тумайды, оны  солай  ететін  объективтік  дүние, дейді.

Сондықтан сол  замандағы  феодалдық  қатынастарды  қатты  сынға  алады. Дүниені  материалистік  тұрғыдан  түсіндірді. Табиғаттан  тыс  рухани  күш  бар  деп  сену  қиял  деп  қорытты. Сөйтіп  технология  мен  идеализмге  қарсы  шықты. Материя  мен  қозғалыс  мәңгі. «Материяның  өмір  сүруі  – факт , қозғалыстың  өмір  сүруі  де  дәл  сондай  факт». Бірақ, ол  механикалық  детерменизмді  жақтады. Мәселен, ол  дүние  біртекті  дамиды, деді. Кездейсоқтықты  ол  мойындамады. Мәселен, «фанатиктің  өтіндегі  удың  көбеюі, басқыншының  жүрегіндегі  қанның  қызуы, кейбір  монархтың  асқазанының  қорыта  алмауы, кейбір  әйелдердің  кесапат-тығы – соғыс  ашуға, миллиондаған  адамдарды  қырғынға  айдап, қамал-дарды  бұзуға, қалаларды  күл-талқан  етіп, халықтарды  қайшылық  пен  қайғыға  душар  етуге, аштық  пен  жұқпалы  ауруларды  туғызып, ұзақ  ғасырлар  бойы  түңілу  мен  жоқшылық  көруге  себепкер  бола  алады»,-деп  жазды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5. Клод Гельвеций

 

Франция  материалистерінің  тағы  бір  өкілі  -  Клод   Адриан  Гельвеций. Ол  Парижде  дүниеге  келіп, Незуиттік  колледжде  оқыды. Оның  негізгі  еңбектері: «Ақыл  туралы» (1758), «Адам, оның  ойлау  қабілеті  мен  тәрбиесі  жөнінде» (1773).  Гельвеций материалистік  көзқа-расты  жақтап, ойлау, ақыл  қабілеті  физикалық  сезімталдық  пен  естен  туындайды  деп  жазды. Оның  ойынша  адам  тәнінде  екі  түрлі  қабілет  бар. Бірі – сыртқы  дүниенің  жасайтын  әсерін  қабылдау, оны  сезімталдық, дейді. Екіншісі – бізге  тигізілген  сыртқы  әсерді  бойымызға  сақтай  білу – оны ес  дейді. Ой  жаңа  идея  мен  комбинациялар  жиын-тығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Қорытынды

  

XVIII  ғасырдың  орта  шенінен бастап әсіресе Батыс Еуропада өріс алған буржуазиялық  революцияны  идеологиялық жағынан  әзірлеуде  материалистер Дени  Дидро ,Поль Анри  Дитрих  Гольбах, Клод  Анри  Гельвеций және т.б. аса  маңызды  рөл  атқарды.  Олар  сол  кездегі  Франциядағы  саяси-әлеуметтік  құрылыспен  аяусыз  күресті.

          Бұл  материализм  XVII ғасырдағы   ағылшын  материализмі  сияқты  механикалық, метафизикалық  материализмге   жатады. Сондықтан  негізгі   сипаттары  ортақ. Әрине, одан  бір  ғасыр  кейін  және  Франция  жағ-дайында  дүниеге   келгендіктен  айырмашылықтары   да  бар. Француз  материалистері  көпшілікке  тікелей  әсер  ету  үшін  философиялық  ой-пікірлерін  әртүрлі  көпшілік  жерлерде  айтып, ой тартыстарын  тудырып,  энциклопедиялық  еңбектер  жазып,  ауызша  да  жазбаша  түрде   де  кең  таратты. Негізінде   олар  дінді, оның  уағыздаушыларын   қатты  сынға  алды, сатиралық  сөздермен  мазақ  етті. Бірақ   қоғамдық  құрылысты  түсіндіруде   олар  идеалистік  шеңберден   шыға  алмады. 

 

Батыс Еуропа ағартушыларының  философиясының тарихи мәні:

 

  •     материализм мен идеализмнің жігін ажыратып, бөліп тастады;
  •     философияны діни наным-сенімдерден тазартты;
  •     материя субстанциясына реалистік анықтама берді;
  •     сананың - материяның өзін-өзі бейнелеу қасиеті екендігі туралы қазірге дейін кең танымал идеяны тұжырымдады;
  •    тәжірибеге дейінгі  сезімнен тыс «таза» білімді сынады;
  •    материалистік сенсуализм  теориясын негіздеді  және таратты  (таным  негізінде түйсік сезімдері жатады);
  •    жеке заттардың барлығы - ұсақ бөлшектердің түрлі комбинацияларының нәтижесі екендігі туралы идеяны ұсынды;
  •    қозғалыс - кұдіретті кұбылыс емес, материяның қасиеті екендігіне назар аударды;
  •    әлеуметтік әділеттік идеясын негіздеді;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Әбішев Қ. «Философия» Алматы-2001
  2. Бегалинова К.К.,Альжанова І.К. «Философия » Алматы-2003
  3. Кішібеков Д.К. ,Сыдыков Ұ. «Философия » Алматы-1994
  4. Кішібеков Д.К. «Философия » Алматы-1991

 


Информация о работе Жаңа Уақыт мәдениетіндегі батыс еуропалық философия