Т.Рысқұлов атындағы
Қазақ Экономикалық Университеті
«Философия
және тарих» кафедрасы
МОӨЖ
Рациональдық
формаларының көптүрлігі
Қабылдаушы: Сыбанбаев Қ.Ү.
Магистрант: Босмойынова
А.Ш.
Мамандығы: Маркетинг
Алматы 2013
Рационалды таным және
оның формалары: ұғым, пікір және ой
қорыту
Рационалды
таным деп тану құралдарының
заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне
және олардың болмысына үңілуінен көрініс
беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті
мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра
алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін
рационалды таным арқылы кеңейте алады,
заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің
көмегімен танылады. Рационалды танымның
формаларына ұғым, пікір және ой қорыту
жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың
айқындамаларында бекітілген жалпылама
байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын,
белгілерін көрсететін адам ойының формасы.
Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен,
терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін
(Күн жүйесіндегі планеталар, экономикалық
қатынастар, т.б.) бірнеше сөз тіркесімен
беріледі. Ұғым барлық білімдер қорының
негізінде жатқан бүкіл адамзат ойлауының
мейлінше кең формасын жинақтаған. Ұғымның
қалыптасуы — күрделі үдеріс. Онда салыстыру (бір
затты екінші затпен ойша катар қою, олардың
арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
айқындау), талдай қорыту (біртекті заттарды
олардың жалпы белгілерінің негізінде
ойша біріктіру), абстракциялау кезінде
заттың белгілі бір мәнді жақтары екінші
қатардағы мәнді емес белгілерінен бөліп
алып қарастырылады. Түсініктің қалыптасуы
кезінде осы логикалық амалдар бір-бірімен
тығыз байланыста болады. Мысалы, "үстел"
ұғымын тиянақтаған кезде адамдар, бір
жағынан, оның мәнді емес қасиеттерін,
оның формасын (дөңгелек, төртбұрыш?) түсін,
аяқтарының санын, осы үстел жасалған
ағаштың қасиеттерін бөліп тастайды да,
екінші жағынан, олардың күнделікті өмірде
пайдалылығын айқындайтын жалпылама белгілерін
алады. Ұғымдар затты ғана айқындамайды,
олардың қасиеттерін, өзара қатынастарын
да айқындайды. Мысалы, мынандай ұғымдар
— қатты және жұмсақ, үлкен және кіші,
суық және ыстық сияқты заттың белгілі
бір қасиеттерін көрсетеді. Ал қозғалыс
немесе тыныштық, жылдамдық және күш ұғымдары
зат пен адамдар арасындағы және басқа
да заттар арасындағы немесе табиғаттағы
үдерістер арасындағы өзара қатынастарды
білдіреді. Ғылыми танымның тереңдеуіне
және дамуына байланысты күшті және кезге
көрінетіндей жаңа ұғымдар пайда болып
жатады. Ғылыми жетістіктер мен ашулар
жаңа ғылыми ұғымдардың пайда болуына
септігін тигізеді. Әр ғылымның өзінің
кең ұғымдар жүйесі болады. Оларды түсінік
аппараты деп атайды. Физиканың түсінік аппаратында
— масса, энергия, заряд; химияның түсінік
аппаратында — элемент, валенттілік, реакция; биологияда — жасуша, организм, өмір, тағы осы сияқты
ұғымдар бар. Қоғамдық ғылымдардың негізін
— өндіріс, мемлекет, құқық, саясат, коғам
және басқа ұғымдар құрайды.Техника ғылымдарында
— машина, қозғалтқыш, автоматика, телемеханика
деген ұғымдар кездеседі. Қазіргі ғылымда
жалпы ғылыми ұғымдар үлкен рөл атқарады.
Олар түрлі ғылымдардың өзара байланысы
мен ықпалы нәтижесінде пайда болған.
Жалпы ғылыми ұғымдар санатына — жүйе,
модель, ақпарат, ұйым сияқты сөздерді
алуға болады. Адамның дүниені тану арсеналында
жалпылама ұғымдар философиялық категориялар
делінеді. Оларға сапа, сан, материя, кеңістік,
уақыт, тағы басқалар жатады. Мынаны естен
шығармау керек: адамдар өздерінің өмірінде
жекелеген, бөлініп алынған ұғымдармен
ойламайды. Осыған байланысты ұғымдарға
құрылған және оларды өзінің құрамына
қосатын ойлаудың рационалдық және логикалық
формасы болатын — пікірдің рөлі айқындала
түседі. Пікір — заттардың, құбылыстардың,
үдерістердің және олардың қасиеттерінің
байланыстарын, арақатынастарын көрсететін
ойлау формасы. Пікірде нәрселер арасындағы
байланыстар мен қатынастардың бар немесе
жоқ, екендігі ашылады. Мысалы, ғылым мен
практика темірдің электрөткізгіштігін
дәлелдеді. Темір мен оның жеке қасиеттерінің
арасындағы байланыстар мынадай пікір
тудырады: темір — электрөткізгіш, сонымен
қоса ол мөлдір емес сәулені де өткізбейді.
Бұған катысты "темір — мөлдір емес"
деген пікір туады. Пікір формасында заттың
кез келген қасиеттері мен белгілері көрініс
табады. Бүл ой, әдетте, хабарлы сөйлеммен
беріледі. Ол ақиқат ("Будапешт Дунайдың
жағасында орналасқан") немесе жалған
("Астана Еділдің жағасында орналасқан")
болуы мүмкін. Егер пікір, бір жағынан
үнемі ұғымдар арасындағы қатынасты көрсететін
сөйлеммен берілсе, пікір немесе олардың
жиынтығы, ез кезегінде, ұғымның маңызын
ашады. Ұғым мен пікірдің ара-қатынасы
осындай. Ой қорыту — логикалық ойлаудың
жоғары формасы. Ол пікірдің логикалық
байланысына негізделген. Ой қорыту бізге
белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау
формасы. Мысалы: "Біріккен Ұлттар
Ұйымының барлың мүшелері бейбітшілік
ұстанымын ұстауы керек" және "Қазақстан Республикасы
— БҰҰ-ның мүшесі" дегеннен гөрі
"Қазақстан Республикасы
бейбітшілік ұстанымын ұстауы керек"
деген ой қорытып шығаруға болады. Тағы
бір мысал: таңертең терезеге қарап, көрші
үйдің төбесінің суланып тұрғандығын
көріп, біз түнде жауын болғандығы туралы
ой қорытамыз. Ой қорыту күнделікті және
ғылыми танымда кең қолданылады. Ой қорытудың
аркасында біз өр пікірде берілген айғақтарға
негіздеп жатпаймыз. Егер ой қорыту жаңа
білімдер алуға мүмкіндік бермесе, онда
адамдар ешқашан атом әлеміне үңіле алмас
еді. Атомның бөлінетіндігі туралы қорытынды
тура бақылаумен алынған жоқ, ол ой қорытумен
алынды. Ой қорытуды негізге ала отырып,
Күн жүйесінің және Жердің пайда болуы,
біздің планетамыздағы өмірдің пайда
болуы, коғамның пайда болуы және оның
даму кезеңдері туралы білімдер қалыптасқан.
Ой қорыту келешекті болжау үшін де маңызды.
Сондықтан ғылымда толып жатқан болжау, долбарлау, гипотезалар кең тараған. Ұғымдармен,
талқылармен бірге ой қорыту сезімдік
танымның шектеулігінен асып түседі. Олар
сезім органдарының күші жетпеген, белгілі
бір объектінің себептері мен пайда болуы
анықталмағанда, оның мәніне қол жеткізе
алмағанда, өмір сүру формасын, дамуының
заңдылықтарын білмеген жерде өте қажетті
құрал болып табылады.[1]