Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 23:01, сочинение
Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым.Ол ең алдымен дүниетанымдық, теориялық , методологиялық ғылым.Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның пәні мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі.
Семей мемлекеттік медицина университеті
Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы
Тақырыбы:Философия
Орындаған:Шабдан А.Қ
210 топ ЖМФ
Тексерген:Жакипова Т.У
Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым.Ол ең алдымен дүниетанымдық, теориялық , методологиялық ғылым.Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның пәні мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыитастыруға қатынасады, іс-әрекеттін барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық, техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады. Адамзат тарихында қоғам уақыт өткен сайын түбегейлі өзгерістерге ұшырап, өз құндылықтарын ой елегінен қайта өткізіп, рухани жаңғыруға даңғыл жол ашуда. Сондықтан бүгінгі таңда өркендеп келе жатқан мәдениет өзекті мәселелерін, әсіресе, бұрыннан қалыптасқан мәдени құндылықтар жүйесін жаңа заман тұрғысынан қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Сындарлы кезеңдердің талқысынан өтіп қана қоймай, осы бір тарихи дәуірлердің рухын жинақтап, мейлінше бай тәжірибе-тағылымды өз бойына сіңіре білген, өзінің сан-сапалық қасиеттерімен ерекшеленетін “мәдениет” атты ұлы күштің бағзы замандардан-ақ адамзат баласының зерттеу және оқып-білу объектісіне айналғандығы ақиқат.Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланады.Әрбір тарихи дәуірдің өзіндік мәдениеті болады.Осы тарихи дәуір өткен сайын мәдениеттің мазмұны да, ерекшеліктері де күрделене бастады.Яғни, айтып өткендей мәдениет материалдық және рухани түрге бөлінеді. Осыны толықтырып айтатын болсақ мәдениет адам әрекетінің көрінісі болғандықтан рухани да ,материалдық та жетістіктерге жатады.Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді.Сонымен қатар мәдениет негізі еңбек .Еңбек неғұрлым күрделі болған сайын мәдениетте жаңа сипат алады. Өткен уақыт мәдениті–халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен жолы, болашағының сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі ретінде, қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау диалектикалық ойлауды қажет етеді.Маркстің сөзімен айтқанда, мәдениет туындысы дегеніміз – адам тұрмысының затқа айналған мәні.Мұнда Маркс мәдениеттің материалдық және рухани айырмашылықтарын айтып өткен.Шынында да, материалдық мәдениет өндіріс құрал – жабдықтары, сәулет өнерінің мұралары арқылы білінсе, рухани мәдениет кітаптар, қолжазбалар, қылқалам шығармалары арқылы, сондай – ақ өлең, жыр, ертегі, терме, жұмбақ, жаңылтпаш, әңгімелерден мәлім болып келеді. Сонымен қатар табиғат пен мәдениеттің арақатынасы – адамның табиғатқа қатысы, табиғатпен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі болып табылады.Адамның тарихи дамуы табиғатпен тікелей байланысты .Анықтап айтқанда табиғат материалдық өндірістің мазмұнын анықтауда ерекше рөл атқарады.Сонымен бірге мәдениет пен өркениеттілік өзара байланысты.Таптық қоғамдарда олардың жолында қиын терең қайшылықтар көп болған.Еңбекші бұқара жасаған мол мәдениет қазыналары көбінесе үстем тап өкілдерінің меншігіне айналады, солардың түрлі мақсатына , игілігіне жұмыс істейді. Сонымен қатар мәдениет пен қоғамда өзара байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне келетін мәдениет деңгейімен сипатталады, яғни қоғам жағдайына тәуелді болып келеді.Мәдениет қоғамдағы барлық байланыстар мен қатынастарды қамтиды.Олай болса, мәдениет дамуы қоғамдық прогреспен тікелей байланысты. Дүниежүзілік мәдениеттің дамуы - мәдениеттің бір сатыдан екінші сатыға көтерілуі, ол қоғамдық – экономикалық өзгерістерге тәуелді болып келеді.Қоғамдағы әр халықтың тілінде, психологиясында, тұрмысында, өмір салтында, адамгершілік ережелерінде әр түрлі өзгешеліктер болады.Ұлт тілдерінің дамуы ұлттық мәдениеттің жетілуіне олардың интернационалдық арнаға құйылуына мүмкіндік туғызады.Ұлттық және интернационалдық мәденит диалектикалық бірлік құрайды.