Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 17:44, реферат
Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымының қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.
1. Қазақ философиясының қалыптасып-дамуының негізгі кезеңдері.
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын-жыраулар шығармашылыгындагы философиялық даналық.
Қазақ философиясы
1. Қазақ философиясының
қалыптасып-дамуының негізгі
2. Түркі дүниетанымы – қазақ философиясының бастауы. Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йасауи.
3. Қазақ философиясының
вербальді-дискурсты сипаты. Қазақ
ауыз әдебиетінің түрлеріндегі
және ақын-жыраулар
Қазіргі заманғы қазақ
ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың
зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ
халқының философиялық дүниетанымының
қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай
кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан
ІХ-ғасырға дейінгі кезең –
қазақтардың ата-тегінің
Түркі тілді халықтардың
философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға
дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері
бүкіл түркі дүниесіне ортақ
тұлғалар – Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби,
Ж.Баласағұни. М.Қашғари, Қ.Йасауи. Бұл
кезенді түркі тілді
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) «Зар заман философиясы».
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев.
Кенес дәуіріндегі Қазақстандық
философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан
бастап, 90-жылға дейінгі аралықты
қамтиды. Жалпы кеңестік философия
секілді коммунистік партияның
идеологияпық қызметшсіне айналып,
өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды.
Бірақ негізінен марксистік сипатта
болғанымен, осы кезенде кәсіби философия
қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым
Академиясының құрамында
Тәуелсіздік кезеңінің философиясы – соңғы он бес жылда қалыптасты, қазақ халқының философиялық дүниетанымын тереңдеп зерттеумен айналысып, үлкен табыстарға жетті. Салыстырмалы түрде тарихи аз уақыттың ішінде қазақ халқының философиялық дүниетанымын жарқыратып көрсеткен тамаша зерттеулер дүниеге келді және бұл саладағы жұмыстар толассыз жалғасуда.
Қазақ философиясы өзінің бастауын көне түркі дүниесінен, оның көрнекті өкілдері әл Фараби, ЖүсіпБаласағұни, Қожа Ахмет Йасауиден алады.
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әл Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі – адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты – бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оны өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарын танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін – адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі – түйсіктен, екіншісі – елестетуден, үшіншісі – ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік – бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.
Ұстаз, басшы болу, өзінің
соңынан басқаларды ерту кез-келген
адамның қолынан келе бермейді, ол
үшін ерекше қасиеттер керек деген
әл Фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының
көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде
ұстазға тән қасиеттерді
Әл Фарабидің ойынша, айналадағы
адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт
баянсыз: «…бір адам басқаның өмір
сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін
беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне
негізделген көптеген бірігудің
нәтижесінде ғана адам табиғатынан
маңдайына жазылған кемелденуге
жетеді». Әл Фараби қайырымды қалаға
қарсы қалаларды да сипаттайды: надан,
азғын, адасқан, қажеттілік және тағы басқа
қалалардың ортақ мақсаты жоқ, көздегендері
бақытқа жету емес, өткінші байлық
пен алдамшы рахатқа бөлену. Мұндай
қалаларды алдап-арбау мен
Бір қарағанда әл Фарабидің бұл ізгілікті қаласы утопия немесе қол жетпейтін идеалды, мінсіз қоғам секілді болып көрінуі мүмкін. Бірақ осы модельдің өзінен біздің жас мемлекетімізге пайдалы көп нәрсені байқауға болады.
Мұсылмандық Шығыс дүниесінің тағы бір көрнекті өкілі, ХІ-ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұни еді. Ол өзінің негізгі туындысы «Құтадғу білікте» адам өмірі туралы өсиетін қалдыруға бекінеді. Жүсіп Баласағұни үшін адам баласы – дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы Алла тек оны ғана емес, Ай мен Күнді, Күн мен Түнді, аспан мен Жерді, дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді, бірақ тек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнидың ойынша, ендігі міндет – осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмір сүру. Ол өмірді адамға Алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірді мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Баласағұни «Мәнді өмірге» жетудің азапты жолында адамға серік болар төрт қасиетті – әділет, дәулет, ақыл, қанағатты бөліп көрсетеді және оларға Күнтуды, Айтолды Өгдүлміш, Одғұрмыш деген есімдер береді.
Баласағұни Дәулет-құт
өткінші, тұрақсыз, бүгін бар да ертең
жоқ, сондықтан адамды дәулетке шектен
тыс қызығушылықтан сақтандырады; ол
үшін адамға қанағат керек. «Құтадғу
білікте» Қанағат-Одғұрмыш адамның
мал жайлаудың соңына түскендігіне
өкпелеп, қоғамнан бойын аулақ салады,
Күнтуды-Әділеттің шақырғанына
Айтолдының өмірін мысалға ала отырып, Баласағұни тіршілікке алданбауға, дүниеге малданбауға үгіттейді. Мал-дүниесін жұртқа таратса да, өлімнен қашып құтыла алмаған Айтолды Өгдүлмішке өліммен адамшылық пен кісілік арқылы күрес деп өсиет қалдырады, «өлімді ойла, ұмытпа еш, сарала» дейді. Бұл өсиетті қазіргі адам да жадында ұстағаны дұрыс. Жалпы алғанда, Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білігі» өмір мәндік қағидаларға толы, әрбір адамға аса қажетті, құндылығы мәңгілік туынды.
Орта ғасырлық мұсылман дүниесінің
тағы бір кернекті ойшылы -Кожа Ахмет
Йасауи. Оның пікірінше, адамның мақсаты
– кемел адам қалпына жету, ал
кемелдік жолы – сопылық, алладан
басқаны мойында-май, дүниені, бала-шағаны,
нәпсіні тәрк етіп, тақуалық жолына
түсу, жүректі оятып, Алланы сүю, оған
деген махаббат, ғашықтық тудыру. Бірақ
Аллаға ғашықтық жолында адамға кедергі
болатын оның нәпсісі. Йасауи адамды
нәпсіден без, оны еркіне жіберме
деп үйретеді. Нәпсі адамға табиғатынан
тән қасиет болғанмен, ол санаға тәуелді
болмаса, адам оны саналы түрде реттеп
отырмаса, нәпсі адамның түбіне жетеді.
Йасауи нәпсіні кең мағынасында
қолданады. Оның пікірінше, нәпсі құмарлық
тек тән құмарлық емес, билік пен
байлыққа, өткінші қызыққа шектен
тыс берілгендік. Нәпсіні тыйып,
Алланы сүю жолына түскен адам рухани
тазарады, сол арқылы өмірдің күйбең
тіршілігінен жоғары көтеріліп, бойына
имандылық, қанағат, адалдық, мейірімділік
секілді адамгершіліктік
Жазбаша философиялық шығармалар қазақта кейінірек пайда болды, ал оған дейін казақ халқы өзінің философиялық ойларын вербальдық, ауызша формаларда бейнеледі. Түркі Қағанаты дәуірінде түркілердің төл жазу үлгілері болғаны қазір дәлелденіп отыр. Бірақ тарихи даму барысында көнетүркілік жазу мәдениеті бірте-бірте жоғалып, кешпелі халықтар өз мәдениетін кейінгі ұрпаққа вербальдік формалар арқылы ғана жеткізіп отырған. Бұл құбылыстың жағымды да, жағымсыз да жақтары болды. Бір жағынан үлкен рухани жеңіліс, себебі тарихи тұлғалар, оқиғалар туралы мәліметтер жазылып алынбағандықтан, ұмыт бола бастады, нақтылықгың орнын аңыздар басты. Жазба әдебиеттен ауыз әдебиетіне көшудің жағымды жағына келетін болсақ, «бар алфавитінен айырылғанмен, халықтың ендігі сенері санасы, сезімі болды. Өлең, жыр, эпос, дастандар ел арасында ауызша тарап, соның арқасында ауыз әдебиетінің философиялық пайымдауларға толы небір үлгілері біздің заманымызға дейін жетіп, асыл мұрамызға айналды.
Тіл – адам рухының маңызды және жұмбақ жемісі, адамды ғана емесі жалпы өркениетті қалыптастыратын, оны түсінуге көмектесетін кілт. Тіл мен мәдениет халықпен бірге өмір сүреді, эволюциялық түрде дамушы этносты сипаттайтын – оның тілі мен мәдениеті. Демек, қазақтың шұрайлы мазмұны терең, сөздік қоры бай, өміршең тілін және оған деген қазақ халқының көзқарасын зерттеу арқылы оның дүниетанымын түсінуге болады.
Сөз өнерін қазақ ежелден аса жоғары бағалады, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, қазақтың сүйеніші тілі мен сөзі болды. Қазақтың сөз өнері жай ғана ауызекі тілдің функциясымен шектелмей, дискурстық, яғни пайымдық, пікірталастық сипатта болды. Дискурс адамдардың арасында туындайтын мәселелерді күштің көмегімен емес, ақылға құлақ түре отырып пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешіп, субъектілер арасында түсіністік орнатады, жай келісім емес, әлеуметтік келісімге қол жеткізеді.
Бұл ерекшелік қазақ халқының шешендік өнерінен, әсіресе мал мен жан, жер мен жесір, ар мен намыс дауын қара қылды қақ жарып әділ шешкен дала соттары – билердің қызметінен жақсы байқалады.
Ауыз әдебиетінің философиялық тұрғыдан арнайы зерттелмеген қара өлең, қоштасу, жоқтау, аңыз және тағы басқа түрлері философиялық пайымдауларға толы жәңе бұл философиялық толғаныстардың басты объектілері – адам, өмір және қоғам.
Қоштасу мен жоқтау қазақтың
салт өлеңдерінің ертеден келе жатқан,
мазмұны жағынан қара өлеңге жақын
түрлері. Қоштасу қазақта қалыптасқан
дәстүр бойынша өлең-жырмен немесе
нақыл сөзбен айтылған. Оның түрлері
сан алуан: «жермен, елмен, өтіп бара
жатқан дәуренмен, заманмен, өмірмен, артта
қалып бара жатқан дүниемен қоштасу
болады». Қоштасу өлендерінің осы
аталған қай түрі болмасын өмір туралы
толғауларға толы. Ерекше атап көрсететін
бір нәрсе – қазақтың қоштасу
елеңдерінде өлімнен қатты