Мұнай өндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:28, дипломная работа

Краткое описание

Мұнай-газ өндірісіндегі материалдық шығындар мұнай мен газды өндіру процестері бойынша нормативтердің көмегімен есептеледі.Шикізат пен негізгі материалдар мұнай газ өнеркәсібіндегі қолданылмайды. Материалдық шығындарда меншікті салмаққа қосалқы материалдар мен энергия ие болады.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.

Содержание

КІРІСПЕ
1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын ұйымдастыру
және жоспарлау
1.2 Мұнай кеніштеріндегі қолданыстағы мұнай
өндіру әдістері ШТС, атқыламалану
1.3 Өндірістің тиімділігін энергияны үнемдеуші технологияларды
енгізудің барысында арттыру
2 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК
ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1 Мұнай және газ өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің өзіндік
құнын құрылым ерекшеліктері мен шығындарының топтамасы
2.2 Технико-технологиялық шараларды жүзеге асыруға кететін
өндірістік және пайдалану шығындарының ерекшеліктері
2.3 Мұнай өндіру бойынша көмекші бөлімшелерінің шығындарын
талдау
2.4 Мұнайды жинау мен дайындауға кететін шығындардың
ерекшеліктері
2.5 Қабат қысымын ұстап тұру шараларына жұмсалатын
шығындарының ерекшеліктері
3 КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ПАЙДАЛАНУ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын жоспарлау және
олардың экономикалық ынталандыруы
3.2 Мұнай өндірісі өсімінің барысында іс-шаралардың тиімділігін
экономикалық бағалау
3.3 Шығындарды азайту барысында шаралардың экономикалық
тиімі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-мұнай-өндіру-өнеркәсіптің-көмірсутек-шикізатын-өндіруге-жұмсалатын-пайдалану-шығындарын-азай.doc

— 1.09 Мб (Скачать файл)

                                                                                                                                



                                   

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ  ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКО-

   ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын  ұйымдастыру 

және жоспарлау

1.2 Мұнай кеніштеріндегі қолданыстағы  мұнай 

өндіру әдістері ШТС, атқыламалану

1.3 Өндірістің тиімділігін энергияны үнемдеуші технологияларды

енгізудің барысында арттыру 

2 МҰНАЙ ӨНДІРУ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ  ӨНДІРІСТІК

   ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ  ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1 Мұнай және газ  өнеркәсіп кәсіпорындағы өнімнің  өзіндік

құнын құрылым ерекшеліктері  мен шығындарының топтамасы

2.2 Технико-технологиялық  шараларды жүзеге асыруға кететін

өндірістік және пайдалану  шығындарының ерекшеліктері

2.3 Мұнай өндіру бойынша  көмекші бөлімшелерінің шығындарын

талдау

2.4 Мұнайды жинау мен  дайындауға кететін шығындардың

ерекшеліктері

          2.5 Қабат қысымын ұстап тұру шараларына жұмсалатын

          шығындарының ерекшеліктері  

3 КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН  ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН    ПАЙДАЛАНУ  ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын  жоспарлау және

олардың экономикалық ынталандыруы

3.2 Мұнай өндірісі өсімінің барысында іс-шаралардың тиімділігін

экономикалық бағалау

3.3 Шығындарды азайту барысында  шаралардың экономикалық

тиімі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу мақсаты. Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты мұнай өндіру өнеркәсіптің көмірсутек шикізатын өндіруге жұмсалатын пайдалану шығындарын азайту жолдарын жетілдіруді қарастырамыз.Мұнай өндіруге кететін пайдалану шығындарын тиімді пайдаланса шығындарда азаяды. өнеркәсіпке пайда көп түссе, онда өнеркәсіптің жағдайы да жақсарады. Көмірсутек шикізатын өндіру өнеркәсібінің өндірілетін өнімінің сапасы жоғары болса, ол нарықта жақсы пайда әкелсе, онда пайдасы көбейіп шығындары азаяды. Жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын арттыру мен оның өзіндік құнын төмендетуге деген материалдық қызығушылығын арттыру үшін еңбекақы төлеудің сыйақылық жүйелері қолданылады, бұл жағдайда жұмысшыларға тікелей кесімді бағалар немесе тарифтік мөлшерлемелер бойынша еңбекақымен қатар жұмыстың белгілі түрдегі сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау мен асыра орындағаны үшін сыйақы төленеді. "Қазақстанда өнімнің өзіндік құнындағы энергетикалық шығындардың алатын үлесі басым бола бастауда, осыған орай отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі барған сайын отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеп пайдалануға көбірек байланысты болуда.Өнімнің өзіндік құнын азайтуың үлкен халық-шаруашылық маңызы бар. Өнімнің өзіндік құнының азаюының нәтижесінде ең алдымен кәсіпорындар мен халық шаруашылық салаларындағы пайда арта бастайды және олардың тиімділігі артады.                 

Мұнай өндірісіндегі материалдық  шығындар қосалқы материалдардан, отын мен энергиядан, сондай-ақ геологиялық-барлау жұмыстарына арналған аударымдардан  құралады.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы мұнай өндіретін өнеркәсіптер шығындарын азайту үшін көптеген мүмкіндіктер жасайды. Өнімнің өзіндік құны бойынша жоспарды құрастырған кезде сол кәсіпорынның өнімін өндіру мен сатумен қатысты шығындар ғана есептеледі. Шығындардың басқа түрлері (мысалы, өнеркәсіптік емес шаруашылықтарды ұстау, материалдардың жетіспеуі және т.б.) үкімет ескерген шешімдерді санамағанда, өнімнің өзіндік құнына енгізілмейді. Өнімді өндірумен қатысты болатын шығындар өндірістік болып табылады, ал өнімді сатумен сондай-ақ кейбір орталықтандырылған аударымдармен қатысты болатын шығындар - өндірістен тыс деп аталады. Өнімді шығару мен сатуға жұмсалатын шығындар аса сан-алуан болып келеді және өзінің құрамы бойынша, экономикалық мәні бойынша, олардың өнімді жасау мен сатудағы ролі бойынша әртекті болып келеді. Сондықтан олардың анық жіктемесі өзіндік құнды жоспарлау мен есепке алуда, сондай-ақ әсіресе өнімнің өзіндік құнының төмендеу резервтерін анықтау мақсатында оның экономикалық талдауы үшін маңызды мәнге ие болады. Өнеркәсіп кәсіпорнының өнімді өндіру мен өткізу саласындағы өндіріс құралдарының, еңбек күшінің, қызметтердің ақысын төлеуге жұмсайтын ақшалай түрдегі шығындары өнімнің өзіндік құны деп аталады. Бұл кәсіпорындардың, құрылыстық, көліктік және басқа ұйымдардың іс-әрекетінің аса маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Зерттеу объектісі. Мұнай өндіру өнеркәсіптеріне  көмекші бөлімшелер, мұнайды жинау  және дайындау, қабат қысымын ұстау  цехтары, транспорттық, жөндеу, құрылыстық сияқты өнеркәсіптер кіреді. Әр өнеркәсіптер мен цехтардың мұнайды әр түрлі саладан дайын өнім ретінде шығарғаны үшін кеткен шығындары бар.     

Цехтық өзіндік құн  сол өнімді кәсіпорынның цехтарында шығаруға жұмсалатын барлық шығындарды қамтиды.

Фабрикалық-зауыттық өзіндік құнға кәсіпорынның өнімді жасауға жұмсайтын оның басынан бастап қоймаға дайын өнімді өткізуге дейінгі барлық шығындар кіреді. Цехтық өзіндік құнмен қатар оған тұтастай кәсіпорынды басқару мен оның жалпы шаруашылығын ұстау жөніндегі шығындар енгізіледі. Пайдаланудың сығымдағыш әдісі кезінде тікелей шығындарға ұңғымаға жұмыстық агент ретінде тоғытылатын қысылған ауаның немесе газдың құны жатады. Соған сәйкес бұл шығындар ұңғымаларды сол не өзге түрдегі әдіспен пайдалану арқылы алынған мұнайдың өзіндік құнына жатқызылады.Мұнай өндірісінде өндіріске жұмсалатын барлық шығындардың шамамен алғанда 40%-ы мұнай ұңғымалары бағасының жоғары болуына байланысты негізгі қорлардың өтелу үлесіне тиіп отыр. Энергетикалық шығындардың меншікті салмағы бірқатар факторларға байланысты болады, олардың бастысына кенішті үңгілеу сатысы (мұнайды өндіру әдісі) жатады.

Мұнай мен газдың өзіндік  құны негіздемеленген техникалық-экономикалық нормалар мен материалдық, еңбек  және ақшалай шығындар жүйесіне негізделген. Мұнай мен газды өндіру шығындары өзгерген жағдайда техникалық-экономикалық және ұйымдастыру факторларының жағымды әсерінің және табиғи жағдайлардың қымбаттатқыш әсерінің есебімен келесідегідей көрсеткіштер есептеледі: салыстырмалы тауарлық өнімнің өзіндік құны, салыстырмалы тауарлық өнімнің өзіндік құнының төмендеуі (қымбаттауы), тауарлық өнімнің жұмсалуы.

Зерттеу заты. Өндірістік өнімге кеткен шығындарды өнеркәсіп есептейді. Шығындар бірнеше  түрге бөлінеді. Шығындарды санау  үшін өнеркәсіп барлық пайдалану  шығындарын жинақтап шығындар сметасын құрайды. Ол шығындар сметасының ішіне энергия, транспорт, қосалқы және негізгі материалды, амортизация, еңбек ақы, әлеуметтік сақтандыруға арналған аударымдар кіреді. Сол арқылы өнеркәсіп ай сайын кеткен шығындарын есептеп шығарады. Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындар жұмысының аса маңызды көрсеткіштерінің бірі – кәсіпорындардың өнімді өндіру мен өткізуге жұмсайтын ақшалай түрдегі шығындары болып келеді. Аз мұнайға тән болатын ұңғымалардың ағымдағы жөндеуіне қатысты шығындардың жоғары меншікті салмағы мұнайдың механикаландырылған өндірісінің ең үлкен көлемімен, сондай-ақ сол аудандағы мұнай коллекторларының ерекшеліктерімен байланысты болып отыр.

Мұнай-газ өндірісіндегі материалдық  шығындар мұнай мен газды өндіру процестері бойынша нормативтердің көмегімен есептеледі.Шикізат пен негізгі материалдар мұнай газ өнеркәсібіндегі қолданылмайды. Материалдық шығындарда меншікті салмаққа қосалқы материалдар мен энергия ие болады.

Шығындарды жоспарлаудың негізгі  міндеті кәсіпорынның келешек кезеңде күтіліп отырған іс-әрекетінің экономикалық нәтижелерін белгілеуге негізделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КӨМІРСУТЕГІЛІК ШИКІЗАТТЫ  ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Мұнайды өндіру іс-шараларын  ұйымдастыру және жоспарлау

 

Мұнай мен газды өндірудің ұйымдастыру әдістері көптеген факторлармен белгіленеді. Көбінесе олар мұнай кенішінің табиғи жағдайларына байланысты болып келеді: шоғырдың көлеміне, қаттың қуаттылығына, оның режиміне, коллекторлардың физикалық қасиеттеріне, ұңғыманың тереңдігіне және т.б. Табиғи-географиялық жағдайлар шоғырды қазу жүйесін, б.а. мұнай алаңындағы ұңғымалардың саны мен олардың орналасуын, оларды пайдалануға енгізу тәртібін, ұңғыманың жұмыс тәртібін және қатты энергияның теңгерімін реттеуді және т.б. таңдауға негіз болады.

Өндірісті ұйымдастыру – бұл  еңбек процестері мен өндірістің материалдық элементтерін уақыт  пен кеңістікте оңтайлы үйлестіру. Мысалы, егер өндірістік процесс бес  еңбек әрекеттерін құралып, олардың  барлығы әрқайсысы өз жұмыс орнында  бір уақытта орындалатын болса, онда процесс уақыт бойынша толықтай сәйкестендірілген және кеңістік бойынша бөлінген. Егер де олардың барлығы бір жұмыс орнында орындалса, процесс кеңістікте толықтай біріктіріліп және уақыт бойынша бөлінген болып келеді (бұл жағдайда уақыт үйлесімі жоқ). Осылайша, процестерді кеңістік бойынша бөлудің әр түріне оны уақыт бойынша орындаудың белгілі бір тәртібі сәйкес келеді. Бұл ретте еңбек затын бір жұмыс орнынан екінші бір жұмыс орнына беріп отырудың тәртібін ескерген дұрыс.  Өндірісті ұйымдастыру – бұл еңбек процестері мен өндірістің материалдық элементтерін уақыт пен кеңістік бойынша оңтайлы үйлестіру әдістерінің жиынтығы.Жоспарлауды ұйымдастыру және жоспарлардың орындалуы барысын бақылау ісі кәсіпорынның жоспарлау (жоспарлау-экономикалық) бөліміне жүктелген. Оған төмендегілер жатады:

  • кәсіпорын үшін міндетті болып табылатын жоспарлардың        құрылымын әзірлеу және оларды кәсіпорынның басқару органдарына олардың бекітуіне арнап жөнелту;
  • өздерінің түрін кәсіпорын басшылығы бекіткен жоспарларды құрастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау жұмысына қатысатын кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтерінде материалдар мен бастапқы мәліметтерді әзірлеу;
  • кәсіпорынның іс-әрекетінің аса маңызды бағыттары бойынша техникалық-экономикалық болжамдарды құрастыру;
  • кәсіпорынның құрылымдық және қызметтік бөлімшелеріне арнап   нормативтік жоспарлау құжаттарын әзірлеу (жоспарлардың түрлері мен құрылымы);
  • кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің жоспарларын сәйкестендіру;
  • тұтастай кәсіпорынның және оның жекелеген құрылымдық және қызметтік бөлімшелеріндегі жоспарлардың орындалуын бақылау.

Еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру  және оның түрлері.

   Мұнай, газ және мұнай химия өнеркәсібінде еңбекақының екі негізгі түрі қолданылады:

    1 Мерзімдік

    2 Кесімді

    Кесімді еңбекақы кезінде жұмысшының еңбекақысын іс-жүзінде шығарылған дайын өнімді (бөлшектерді, әрекеттерді және т.б.) өнім бірлігіне көбейту арқылы анықтайды. Еңбекақының шамасы соған орай сол шығаратын өнімнің саны мен сапасына тұтастай байланысты болады, бұл оны еңбек өнімділігін жүйелі түрде арттырып отыруға мүдделі етеді. Жұмысшының қазіргі кездегі еңбекақысы кезінде оның еңбегі өзінің ұзақтығымен өлшенеді. Жұмысшының еңбекақысы жұмыс істеген уақыт  саны мен оның біліктілігіне байланысты болады. Бұл еңбекақы түрін көбінеки өзін дәл есепке алу мен нормалау қиын болатын жұмыстарда және технологиясы қатаң реттелген өндірістерінде қолданады. Өздерінде қатаң реттелген режиммен жұмыс істейтін және жұмысшының өндірімін жеке түрде есепке алып отыруға мүмкіндік болмайтын объектілер басым болып келетін мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарында жұмысшылардың басым бөлігіне еңбекақы мерзімдік еңбекақы төлеу әдісі бойынша төленеді. Кесімді еңбекақыда мұнай өндірісінде жұмысшылардың (көбінесе жерасты және күрделі жөндеулерде еңбек ететін) 11,5%-ы және мұнай өңдеуде – 11,5%-ы тұр. Бұрғылау кәсіпорындарында кесімді еңбекақы жүйесі басым болуда. Жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыруға, өнім сапасын арттыру мен оның өзіндік құнын төмендетуге деген материалдық қызығушылығын арттыру үшін еңбекақы төлеудің сыйақылық жүйелері қолданылады, бұл жағдайда жұмысшыларға тікелей кесімді бағалар немесе тарифтік мөлшерлемелер бойынша еңбекақымен қатар жұмыстың белгілі түрдегі сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау мен асыра орындағаны үшін сыйақы төленеді.Кейінгі жылдары сыйақылық жүйелердің рөлі едәуір дәрежеде артып кетті. Жұмысшылары сыйақыларды мұнай мен газ өндіру мен өңдеу жоспарын орындауы мен асыра орындағаны үшін, ұңғыманы сапалы және мерзімінде және мерзімінен бұрын бұрғылағаны үшін, құрал-жабдықты жөндеу мерзімдерін ұстанғаны және қысқартқаны үшін алады. Жұмысшыларды өнімнің сапасы үшін, шикізатты, материалдарды, отынды, барлық қуат түрлерін үнемдегені үшін сыйақылау шарасы барған сайын кең тарауға ие болуда. Лауазымдық еңбекақылардың деңгейі бойынша кәсіпорындар бұрғылаудың көлемі мен күрделілігіне (бұрғылау жұмыстарын басқарудың үш категориясы), мұнай мен газды өндіру көлемдеріне немесе пайдаланудағы ұңғымалардың санына (мұнай өндіру басқармаларының бес категориясы), мұнай өңдеу және мұнай-химия зауыттарының қуаттылықтарына (зауыттардың бес категориясы) байланысты 3-5 категорияға бөлінген.Сонымен қатар, Мемлекеттік кәсіпорын туралы ережеге сәйкес кәсіпорын біліктілігі жоғары шеберлер мен басқа инженерлік-техникалық қызметкерлерге арнап олардың еңбекақысына еңбекақы қорының жоспарлық қоры шектерінде лауазымдық еңбекақының 30%-ы көлемінде қосып төлеулерді тағайындауы мүмкін, бұл мақсаттарға арнап олар шаруашылық етуші басқарманың рұқсат етуімен кәсіпорынның еңбекақы қорының 0,3%-на дейінгі бөлігін қолданады.                             

Информация о работе Мұнай өндіру