Кіріспе
Бидайды өсіріп
оны ұнға айналдыруды адамзат
ерте кезден – ақ білген. Бидай
өнеркәсіптің көптеген салаларында
: ұн, жарма, комбикорм өндіруге, техникалық
мақсатта, медицинада тағы да
басқа салаларда кеңінен қолданылады.
Бидай өнімдерін көптеген дәнді
тағамдар даярланады. Ол ең құнды
шикізат болып есептелінеді, адамның
энергетикалық қажеттіліктерін
қанағаттандырады.
Өткен ғасырдың 80-90
жылдардағы ұн өнеркәсібінің
техникамен қайта жабдықталуы
ұн өндірудің тиімділігін және
жоғары өнімділікті технологиялық
қондырғыларын енгізу арқылы
ұн өнеркәсібінің потенциалды
мүмкіндіктерін жоғарлатты.
Ұн зауыттарының
тиімді жұмысының құрамды бөлігі
жаңа технологияларды , жаңа жоғары
өнімділікті энергияны үнемдейтін
қондырғыларды енгізу болып табылады.
Және ең бастысы – тек қана
нан зауыттарының, кіші наубайханаларының
қажеттіліктерін қанағаттандыру
емес, сонымен қатар кондитерлік
өнеркәсіптер үшін арнайы тапсырыстарды
дайындау, сонымен қатар ұнның
әр сорттары мен басқа компонентерден
ұн қоспаларын шығару және
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының
қажеттіліктеріне азық өнімдерін
шығару болып табылады.
Қазіргі заманғы
ұн зауыты құрамына кіру керек:
бидайды элеваторда фркациялау
учаскесі және жоғары тиімділікті
астық тазалау және ұнтақтау
бөлімдері, сонымен қатар ұнды
қапсыз сақтайтын дайын өнім
бөлімі, осы заманғы транспортты,
таразылы және қаптайтын қондырғысы
бар бөлімдер. Ұнның әртүрлі сорттарынан
және басқа компонеттерден қоспа,
соның ішінде витаминдер мен
микроэлементтер дайындайтын цехтардың
құрылуы маңызды орын алады.
Ұн тарту өндірісінің
тиімділігін арттыру үшін:
- Ұн тарту өндірісінің рационалды құрылымын дайындау және орындау;
- істеп тұрған өнеркәсіпті реконструкциялағанда ұнның композитті сорттарын құруға арналған цехтар салу керек.
Технологиялық процестер
мен жабдықтар
Алдын ала тазартылған
дән элеваторда ұн зауытына
транспортерлермен силосқа түсіріледі.
Дән силостан самотек трубкасынан
шығады. Олар конусты воронкамен
жалғанған. Бергіш клапан арқылы
винтті конвейерге беріледі. Әрбір
ағын магнитті сепараторда өтіп,
қореқтендіргіш шлюзовикке түседі.
Дән ағынмен ірі және ұсақ
қоспаларын шығару үшін сепараторға
барады. Сепаратордан кейін тас
бөлгіш машина дәнінен минералды
қоспалар бөлу үшін жіберіледі
сосын дән дискалы триерлерде
тазаланады, сосын магнитті сепаратордан
өтіп, вертикальды обойлы машинаға
машинаға сыртын тазалуға түседі.
Сосын ағынды дәнді
пневмоқұрылыммен көтеріліп, ауалы
сепараторға түседі. Дән магнитті
сепаратордан шнекті ылғалдандырғышқа
түседі.
Дән ағыны гидроөңдеуден
кейін винтті конвейер көмегімен
жатқызу үшін силотарға беріледі.
Дән жатқызылғаннан соң магнитті
аппараттарынан өтіп, пневмоқұрылғы
көмегімен разгузительге түседі.
Қысқа уақыт металл бункерге
жатқызылады. Жатқызылғаннан кейін
дән магнит сепараторынан өтіп,
вальцовый станокқа ұсақтау бөліміне
түседі.
Ұнтақтау бөлімінде
екі негізгі агрегат жасайды:
вальцовый станок және пневмоортадан
тепкіш рассев. Ұнтақтаудан кейін
вальцовый станокта үсақталған
өнім сұрыптау үшін рассевке
жіберіледі рассевте өнім екі
этап бойынша сұрыпталады. Жоғарғы
сход өнімді рассывтен және
ұсақтау жүйесінен ұрғыш вымольная
машинасына бағыттайды, ал проход
өнімді центифугалға бағыттайды.
Рассевте ұнды илейді. Ол рассевке
поток арқылы винтті конвейермен
түседі . рассевте пневмоортадан
тепкіш күштің әсерінен ұнды
облочкадан айыруға мүмкіндік
береді, вальцовый станокқа түсетін
күшті азайтады.
Дайын болған өнімді
өлшеп ,қаптап ,тігеді .
Дайын өнімді қаптау
және сақтау
Ұн шығарылған соң
қол жұмысын пайдалану арқылы
алдымен таразыда өлшеп, содан
соң тігетін машинаның көмегімен
тігеді.
Өнімді қоймаға тасымалдағанда
да қол күшін пайдаланады.
Ұнды құрғақ жерде
температура 15 градус С- дан
жоғары болмайтын , ауа ылғалдылығы
60-75% жерде сақтайды. Ылғалдылық
құрамы негізгі көрсеткіштердің
бірі болып табылады. Бидай сақталу
кезінде дұрыс тыныс алу керек.
Бидай массаларында ылғалдылықтың
массалық үлесі көбінесе, тыныс
алу үшін бос су пайда болады
да, гидролитикалық порцестерді
күшейтеді.
Бидайдың дәні ылғалдылық
мөлшері бойынша 4 күйге бөлінеді:
- құрғақ- 14 % дейін
- орташа құрғақ – 14,0-15,5%
- ылғал- 15,0-17%
- шикі ылғал- 17% жоғары
Құрғақ
және орташа құрғақ бидайда
бос ылғал жоқтың қасы, дем
алу процесі жақсы, сондықтан
бидайды ұзақ сақтауға болады.
Ылғалды бидайға бақылау және
күтім керек. Шикі ылғалды бидайларда
барлық физиологиялық процестер
бидай массаларының бұзылуына
әкеп соғады. Бұндай бидай сатау
негізінде үнемі қадағалауда
болады, өйткені ол өніп кетуі
мүмкін. Ылғалдылықтың массалық
үлесі бидайдың технологиялық
қасиетіне әсер етеді, оның
жоғарлауы бидайды ұнтақтауды
қиындатады және ұнтақтаған өнімді
електен өткізудісонымен қатар
құрал- жабдықтардың өнімдерін
төмендетеді, энергия шығынын
өсіреді. МЕМСТ сәйкес ұнтақталған
бидай өлшемі электрлі кептіргіш
шкафта СЭШ-1 немесе СЭШ – 3М
130 градус температурада 40 минут
кептіреді
СЭШ- 3М
Анықтау техникасы
-30 грамм бидайды лабороториялық
диірменде ұнтақтайды. Бір рет
ұнтақтағанда оның ірілігі келесі
шарттарға сәйкес келу керек;
елек саңылауларының өлшемі 0,8 мм.
Бидай үшін 60 пайыздан кем болмау
керек. Ұнтақталған бидайдың ылғалдылығы
жойылмас үшін ауызы тығынмен
жабылатын банкаға салынады. Өлшем
олардан бұрын ұнтақталған бидайды
жақсылап араластырады. Алдын ала
өлшенген диаметрі 48 мм , ұзындығы 20
мм, 2 металл бюксаны алып , 5 гр
ұнтақталған бидайды саламыз.
Кептіру тездетілген
әдіспен жүргізіледі, ылғалдылықтың
массалық үлесін өлшемінің кептірілгенге
дейінгі және кейінгі салмақтарының
айырымына қарай есептейді. Ылғалдылықтың
анықтамасының орташасын алады,
сол сынаманың ылғалдылығы 18 пайыздан
асса оны стандартты әдіспен
ылғалдылығын анықтамастан бұрын
, алдын ала 105 градус температурада
кептіреді. Кептіру ұзақтығы бидайдың
түріне және ылғалдылығына байланысты
.
Сонымен қатар дайын
өнімді паддонға орналастырады.
Шштабельдің ұзындығы жазда 8
қатар, ал қыста 12 қатар болуы
керек.
Ұнды сақтау барысында
үнемі қадағалап отыру керек.
Шикізат пен өнімді
технологиялық бақылау
Шикізат пен өнімді технологиялық
бақылау жасау лабораторияда
жүргізіледі.
Бақылау арнайы құрылған
графикпен жүргізілуі керек. Графикті
лаборатория басшысы және бас
технолог құрады.
Бақылау қорытындысы
арнйы журналға жазылып отырады.
Бақылау қорытындысы
бойынша бас технолог өнімді
кеткен қателіктер болған жағдайда
қадағалап, толықтырулар енгізеді.
Бас технолог ұнтақтау
бөлігінің жұмысшыларымен бірге
үнемі қондырғыларды және қондырғылардың
өз уақыты бойынша жұмыс жасауын
қамтамасыз етуі қажет.
Лабораторияда өнім
мен шикізаттың сапа көрсеткішін
– ылғалдылығы, клейковинасы, түсі
бойынша анықтайды.
Ылғалдылығы ;
СЭШ-1, СЭШ -3М шкафында кептіру арқылы;
Клейковинасын; ИДК-3М анықтайды.
Ұнның түсін;
БЛИК-Р3 анықтадым
Сонымен басқа да құрылғылармен
де жұмыс жасадым ;
- Прибор для определение числа падения ПЧП-3
2) Набор гир
3 )Мельница лабораторная
технологическая ЛМГ-1
4) Шкаф хлебопекарный
лабораторный ШХЛ-065 СПУ
Маркетинг басқару
жүйесі
Маркетингтің тауар
айналымы мен саудаға қарағанда үлкен
маңызы бар. Сатып алушыларға өнеркәсіп
не ұсынса, соны сатып алуды міндеттейді.
Маркетинг көлемімен өнеркәсіп тұтынушылардың
сұранысын қанағаттандырып отырады. Маркетинг
екі сатылы процесс, өндіріс күші және
тұтынушыларға негізделген. Бұндай жағдайда
бұл процесс жоспарлап және бұйымды қайта
өңдеу бағалы саясат, тауар айналымы ұсыныстары,
тұтынушылардың сұраныстарын толық қанағаттандырады.
Қазіргі маркетинг
концепциясы өндірістегі тұтынушылардың
сұранысын және оның өзгерістеріне
негізделген. Сонымен қатар маркетингтің
бағы бір мақсаты сатып алушылардың
сұранысын қанағаттандырылмаса,
оны қанағттандыру мақсатында
өндірісті ыңғайландырады.
Маркетинг жүйесі
өнеркәсіп тауарлары мен функционалды
түрде тұтынушылардың сұранысы
бойынша ассортиментті және сапалы,
қажеттісін шығарады. Кез – келген
жағдайда сұраныс ұсыныстан төмендеп
немесе жоғарлап кетуі мүмкін.
Мұндай жағдайда маркетинг басқару
жүйелерімен жұмыс жасалынады.
Өнеркәсіптік маркетинг
жүйесі 5 түрге бөлінеді: дұрыс жылжыту
концепциясы, тауарды шығару концепциясы,
комерциялы күшті интенсификациялы
концепциясы, маркетинг концепциясы
және әлеуметтік маркетинг концепциясы.
Дұрыс жылжу концепциясында
тұтынушылар тауарға жақсы көзқараста
, яғни кең ауқымда және бағасы
жеткілікті болады. Жетекшілік өзінің
күшін алға жылжу және жоғары
жүйеде дамуына жұмсайды. Концепция
2 стадияға бөлінеді:
- Тауарға деген сұраныс жоғарлағанда. Бұл жағдай жетекшілік өндіріс ауқымын кеңейтуі қажет.
- Тауар бағасы тым жоғары болғанда оны тез арада түсіру қажет.
Еңбекті қорғау және
қауіпсіздік ережесі
Технологиялық қондырғыларды
бақылап қарау үшін қондырғылармен және
машиналардың жұмыс істеу принциптерімен
және техникалық танысу, өндірістік санитариядан
өткен адамдар жіберіледі.
Станок, машиналар, механизмдер
және қондырғылар технологиялық
мақсатқа арналған жұмыс қондырғылары
бидайдан шаңды тазалауға арналған.
Бидайдан , ұннан және
екеуінен араласқан шаң өртену
және жарылу қаупін тудырады.
Сондықтан ауаның шаңдануын және
шаңның жиналуын болдырмау керек.
Ол үшін шаң шығатын жерлердің
бәріне асперациялық каналдар
орнату қажет және қондырғыларды
жақсы қарау қажет.
Жұмысшылардың жұмысқа
деген икемділігін жақсартуға
жұмыс қондырғысы да өз әсерін
тигізеді. Сонымен қатар өндірістік
жақсы жарықпен қамтамасыз етілуі
жұмысшылардың жақсы көруін сақтайды,
жұмысты дұрыс орындауын , зақымдануды
болдырмауды қамтамасыз етеді.
Ұн заводында судың
сапасы , яғни бидайды жууға арналған
судың санитарлық маңызы бар.
Технологиялық дамуы барысында
өндірісте шу мен діріл ұлғая
түсуде. Шу мен діріл негізінен
вальцалы станоктың айналысында
байқалады. Вальцалы станоктағы
шу 100-110 дб-ға жетуі мүмкін, бұл
адамға зиянды. Шуды төмендетуүшін
қондырғыларды қамтамасыз ету, сонымен
қатар уақытында қондырғыларды қарап
, жөндеу жүргізіп отыру қажет.
Қорытынды
Мен өндірістік тәжірибемді
ЖШС “ Белес – Агро ”
да 2012 жылдың 14 наурызынан 14 сәуірге
дейін арнайы оқу бағдарламасының
бекіткен мезгілдерінде өндірістік
мамандандыруда өз білімімді
шыңдай отырып, аз да болса
өндірістік тәжірибе жинадым.
Өндірістік машықтандыру кездерінде
, мен диірменде диірмен жұмысшыларымен
, сондай – ақ зертханада жұмыс
жасадым. Бұл өндірістік тәжірибеде
мен алған білімімді толықтай
меңгердім деп ойлаймын.
Жоғары сапалы өнім
алу үшін өндіріс қазіргі заманға
сай технологиямен қамтамасыз
етілуі қажет. Өнім сапасы тек
шикізатқа байланысты ғана емес,
сонымен қатар бидайды тазартудан
ұнтақтауға дейінгі технологиялық
процесс жатады.
Қолданылған әдебиеттер
- Буров Л.А. Технологическая оборудование макаронного производства
- Технология пишевых производств Учебник / под ред. Л.П. Ковалюк
- Хранения и технология сельскохозяйственных продуктов / под. Ред. Трисветского
- Технология макаронного производства . Медведев Г.М.
- Буров Л:М: Пишевая промышленность.