Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:33, сочинение
Қазіргі кездегі бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндіріп отырған басты проблемалардың бірі ол антропогендік ластану болып табылады.Жалпы антропогендік ластану дегеніміз не? Антропогендік ластану дегеніміз - ол қандай да бір адамның іс-әрекетінің салдарынан болатын, табиғат пен қоршаған ортаға көп мөлшерде зиянын тигізетін, ластанудан пайда болған қалдықтары қайтадан қалпына келтірілуі қиын ластанудың бір түрін айтамыз. «Судың да сұрауы бар!»,-дейді халық даналығы.Бірақ қазіргі таңда бұл сөзге мән беріп құлақ асатын жандар саусақпен санарлық.Соның айқын бір дәлелі антропогендік ықпалдың салдарынан бүгінгі су қорының ластануын айтуға болады.