Бастауыш мектептегі экологиялық білім мен тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2014 в 13:53, статья

Краткое описание

Кез-келген өркениетте білім беру негізіне – келесі ұрпаққа алынған тәжірибе мен білімді, мәдениет пен құнды өнер алынады. Қазіргі жағдайда, қатаң экологиялық тоқырау жағдайында, оны жеңгенде ғана планетадағы адамзатты сақтап қалуды қамтамасыз етуге болады, оның әлеуметтік негізіне адамның білім мен тәрбиесі, соның ішінде адамның және табиғаттың өзара қарым-қатынас принциптерін жасау алынады. Осыған байланысты оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесі маңыздылыққа ие.
Экологиялық білім деп үздіксіз жүргізілген оқыту, тәрбиелеу жеке бастың даму процесін айтады, ол жүйелі ғылыми және практикалық білімдер негізінде қалыптасады, құнды бағыт, тәртіп пен әрекет адамның қоршаған әлеуметтік-табиғи ортаға жауапты қатынасын қамтамасыз етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Бастауыш мектептегі экологиялық білім мен тәрбие.docx

— 26.40 Кб (Скачать файл)

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ

 

Н.С.Туменбаева

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Семей қ. nag_55@mail.ru

Пікір беруші:

Кез-келген өркениетте білім беру негізіне – келесі ұрпаққа алынған тәжірибе мен білімді, мәдениет пен құнды өнер алынады. Қазіргі жағдайда, қатаң экологиялық тоқырау жағдайында, оны жеңгенде ғана планетадағы адамзатты сақтап қалуды қамтамасыз етуге болады, оның әлеуметтік негізіне адамның білім мен тәрбиесі, соның ішінде адамның және табиғаттың өзара қарым-қатынас принциптерін жасау алынады. Осыған байланысты оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесі маңыздылыққа ие.

Экологиялық білім деп үздіксіз жүргізілген оқыту, тәрбиелеу жеке бастың даму процесін айтады, ол жүйелі ғылыми және практикалық білімдер негізінде қалыптасады, құнды бағыт, тәртіп пен әрекет адамның қоршаған әлеуметтік-табиғи ортаға жауапты қатынасын қамтамасыз етеді.

Экологиялық білім адамның бүкіл өмірін қамтитын тұтас жүйе. Оның мақсаты- табиғаттағы негізгі біртұтастыққа негізделген көзқарас қалыптастыру.

Оқу процесінде экологиялық білім мен тәрбиені жүзеге асыру жолдары

 

Оқу жұмысы

Сабақтан тыс жұмыстар

Мектептен тыс жұмыстар

Экологиялық дамытушы орта

Пәнді экологиялық бағыттау

Экоакция өткізу

Экологиялық лагерь

Табиғат бұрышы

Факультативтік курстар

Экоойындар

Балалардың экологиялық қозғалыстары

Мектептің оқу тәжірибе үлескісі

 

Эк ожобалар

Биоорталық пен экологиялық қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізу

Қысқы бақ

 

Көрмелер

 

Фитобар

 

Байқаулар (конкурстар)

 

Табиғат мұражайы

 

Үйірмелер

 

Экологиялық соқпақ


Экологиялық білім берудің бірнеше аспектілері бар:

  • экологиялық жағдайлар және оларды шешу жолдары жөніндегі білім;
  • қоршаған орта жағдайының жақсаруы, оны бағалау, оқып үйрену жөніндегі интеллектуалды және сарамандық іскерліктер жүйесін дамыту;
  • экологиялық сипаттағы құнды бағыттарды тәрбиелеу;
  • экологиялық сұрақтарды әлеуметтік және ғылыми бағалау қабілетін, үйлесімді тәртіп әдеттері және әрекеттері, қажеттіліктер мен салдардың қалыптасуы;
  • қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс жүзінде белсенді әрекетке ұмтылу.

Басты мақсат- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол мектепке дейінгі кезеңде жүзеге асырыла бастайды. Экология ғылымын  меңгерумен қатар келесі мәселелерді шешуге ұмтылу қажет;

  1. Айнала қоршаған ортаның өзгерісіне бақылау жасап,оның себебін талдау;
  2. Кез-келген экологиялық жағдайдың себебін анықтап,  оны жоюдың, қалпына келтірудің жолын ашу;
  3. Табиғат қорларын үнемді және ұтымды пайдалану;
  4. Табиғат қорғау мен экология бағытындағы мемлекеттік заңдар мен қаулыларын білу.

Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелері жалпы білім берудің жеке дара құрам бөлігі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынас қалыптастыруға тиіс.Бұл салада мектептің алатын орны ерекше. Оқушылар дүниетану, химия, биология, география, физика т.б. сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарда табиғатты қорғай білуге, аялауға үйренеді. Негізгі көңіл оқушылардың экологиялық білім алуына аударылады. Ол мұғалімнің басшылығымен іске асады. Мектептерде экологиялық білім беру келесі бағыттарда жүргізіледі:

  • Экология пәнін енгізу;
  • Пәндерге экология бөлімдерін енгізу;
  • Жеке тақырыптарды экологиялық бағыттау

Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбиені факультативтік cабақтарда, дүниетану сабақтарын экологиялық бағыттау арқылы жүргізуге болады. Сабаққа экологиялық бағыт беру жолдарын қарастырайық:

  • Экологиялық карточкалар қолдану (тақырыпқа байланысты: насихаттайтын, тыйым салатын мазмұнда салынған суретті  карточкалар)
  • Тақырыптар бойынша қорек тізбектерін, қорек пирамидасы құрастыру. ''Бидай – тышқан – түлкі – бүркіт'', ''Балдыр – балық - шағала'', «өсімдік- маса, шегіртке- инелік» т.б.
  • Экоситуациялар (жағдаяттар) тудыру, олардың себептерін ашқызу, болдырмау жолдарын қарастырғызу.

''Су қоймалары'' тақырыбына жағдаяттың  үлгісі:

Мұхитта мұнай тасымалдайтын танкер күйреп, 50 тонна жағар май суға төгілді. Судағы өсімдіктер мен жануарлар жойылып, су өлі суға айналды. Неге тіршілік жойылып кетті? Жойылмау  жолдарын қарастыр. (Қысқаша оқушылардан күтілетін жауаптың мазмұны: «Жағар май су бетін қаптайды, Күн сәулесі және ауа суға өте алмайды. Ал тіршілікке жарық пен ауа керек. Май судан жеңіл болғандықтан су бетін басады, төгілген май өсімдіктер мен суда тіршілік етушілердің денесіне жабысып, тіршілігіне қиындықтар тудырады.

Жойылу болмас үшін жедел суды тазалау, мұнайдан арылту жүргізілуі қажет. Алдын алу үшін мұнай тасымалдайтын танкер жолға шығар алдында толық ақаулығы жоқтығына тексеруден өтілуі тиіс. Апаттың болуына адам өзі себепкер, салғырттық»).

  • Қызықты экологиялық жарнамалар, қылмысты істер хроникасын құрастырғызу, ол оқушы қиялын, ойын, экологиялық мәселелерді талдап, оны бағалай алу мүмкіндігін дамытады ''Су қойма өсімдіктері мен  жануарлары'' тақырыбына бойынша мысал:

             ''Сәуір айы болатын. Белгісіз біреулер Ертіс өзеніне келіп, балық аулап кетіпті. Қаншама балық дүниеге келмей қалды! Көктемде балық аулаушыларды көрсеңіздер мына телефондарға хабарларыңыздар: «02»

   ''Жануарлардың көктемгі  тіршілігі'' немесе ''Туған жерге оралды'' тақырыбына: ''Қараторғай баспана іздейді. Баспана беріп, көмектескісі келетіндер мына телефонға хабарласыңыздар: 11 - 22 – 33, ''жыл құстары ұйымына''.

  • Тақырыпқа байланысты экологиялық  әңгімелер, ертегілер құрастыру.

''Тасбақа суға түсіп, жағада  жатып күнге күюге теңізге  келеді. Суға күмп ете түскенде, су астындағы балық етін салатын  қалбырына аяғын тіліп алып, жағаға  шығып, жылап отырды. Су шетіне  алабұға балығы келіп,  ''Неге  ренжіп отырсың, тасбақа?'' – деп  сұрады. ''Аяғымды жаралап алдым, суға түсемін деп,'' - деді тасбақа''. Балалар, осы ертегіге жақсы аяқтау  табайық.

Балалардан күтілетін жауаптың жуықтап алғандағы қысқаша мазмұны:

  • Тасбақаның ренжігенін көріп, алабұға су астындағы басқа жануарларды жинап, оларға болған жағдайды түсіндіріп, суға адамдар тастаған қоқырларды жиып-теріп көмектесулерін сұрапты. Су түбін жақсылап тазалап, қоқырларды су жағасына шығарып үйіпті. Су жағасына: ''Адамдар, суды ластамаңдар! Суға қоқырларды тастамаңдар!'' – деген шартты белгі қойыпты. Бұдан былай теңіз жағасына тынығуға келгендер еш қорқынышсыз суға түсе алатын болыпты.

4 класс, дүниетану ''Орман өсімдіктері мен жануарлары, орманды қорғау'' тақырыбын экологиялық бағыттауда оқушылыр алдында тудыратын жағдаяттың үлгісі:

Мақсаты: Жағдаят тудыру арқылы оның себебін іздеу, болдырмау жолдарын қарастыру, аталған жағдай болғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстарын ойластырғызу. ''Ормандағы барлық кәрі ағаштар кесілді. Құстар орманды тастап кетті. Бунақденелілер көбейіп кетіп, жас ағаштарды құрттар жеп қойды. Орман жойылып кетті.'' 

Сұрақ:

- Кәрі ағаштарды кесу мен  орманның   жойылуының қандай байланысы бар?

- Орманды құстар неге тастап  кетті?

-  Орман неге жойылды?

  • Орман жойылып кетпес үшін не істеу керек еді?
  • Орманды қайтіп қалпына келтіруге болады?

Жуықтап алғанда оқушылардан күтілетін жауап, шешім:

 Кәрі ағаштар орманды суықтан, желден қорғайды. Кәрі ағаштарды кескенде ондағы құстардың ұялары да бұзылды, құстар орманды тастап кетіп қалуынан бунақденелілер көбейіп кетіп, жас ағаштарды құрттар жеп қоюынан және олардың суықтан өліп қалуынан орман жойылып кеткен. Кәрі ағаштардың қурап қалғандарын ғана кесіп, кесілген ағаштардың орнына жас ағаштар отырғызған дұрыс. Құстарды орманға үйір етіп, оларға қыста ''құс асханасын'' ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасап, орманда тұрақтандыруға болар еді. Орман жойылғаннан кейін барлық құрт жеген ағаштарды кесіп, әртүрлі ағаштарды араластырып отырғызу жұмыстарын ұйымдастырған дұрыс. Аралас орман бунақденелілерге тұрақты болады.

  Сабақта тақырыпқа байланысты экологиялық терминдерді пайдаланып, глоссарий жүргізу. 3 класс, дүниетану, ''Таза ауа- денсаулық кепілі'' тақырыбы бойынша тақырыпты экологиялық бағыттауда экологиялық термин ретінде ''қышқыл жаңбырдың'' пайда болуы туралы мәлімет беруге болады. Өндірістік, транспорттық газдардан, химиялық заттардан атмосфераның ластанып, жауын-шашынның ''қышқыл'' күйінде түсуі. Мұндай жауын-шашын өсімдіктер мен жануарларға, топыраққа, құрылыстар мен адам денсаулығына қауіпті, ортаға, оны мекендеуші тірі ағзаларға зиянын тигізеді.  Улы газдардан атмосферадағы жауын- шашынмен бірге су қоймалары да ластанып, оны мекендеуші тірі ағзалар да уланады, біртіндеп құрып кетеді, су өлі суға айналады

  • Сабақта экологиялық басылымдарды пайдалану.

   3 класс, дүниетану,’’Жануарлар әлемін қорғау’’ тақырыбы бойынша сабаққа газет шығарту, немесе Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер, жануарлар, Қазақстан қорықтары жайлы альбомдар, буклеттер әзірлетуге болады, басылымдардан экологиялық мәліметтерді оқып, таныстырып отыру.

  • Экологиялық карта сызу.

    3 класс, дүниетану,’’Біздің қала немесе ауыл. Ауыл еңбегі’’ тақырыбын экологиялық бағыттауда экологиялық карта сызғызуға болады. Оқушы өз үйінен мектепке дейінгі жолды, не көшенің экологиялық жағдайын қағаз бетіне шартты белгілер арқылы түсіреді. Экологиялық қауіптілікті тудырып отырған жерлерге шартты белгілер қою, жергілікті тұрғындармен кездесу, тәртіпке шақыру, тазалау шараларын ұйымдастырады.

  • Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету. Тақырыпты экологиялық бағыттауда табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін үйрету, оларды оқушылардың орындауларын бақылау. Кейбір ережелерді атап өтейік: ‘’Табиғатты сүйіңдер және зерттеңдер!’’, ‘’Өсімдіктерді қорғаңдар және сақтаңдар!’’, ‘’Жануарларға ұқыптылықпен қараңдар!’’,‘’Табиғатты ластамаңдар!’’, ’’Табиғат байлығын сақтаңдар және көбейтіңдер!’’ 
  • Халықтық педагогика элементтерін енгізу арқылы тақырыпқа экологиялық бағыт беру.

 2 класс, дүниетану  ‘’Құстардың туған жерге оралуы ‘’ тақырыбында келесі тыйым сөздерді қолдануға болады: ‘’Құс ұясын бұзба!’’ ‘’Құс жұмыртқасын шақпа!’’ Егер құс ұясын бұзсаң, үйің өртенеді, құс жұмыртқасын шақсаң бетіңе секпіл түседі, қолың жараланады, құс қатты қайғырады.

3 класс, дүниетану, ‘’Өзен және  көл. Суды қорғау’’ тақырыбында  келесі қанатты сөздерді : Судың  құрығаны- балықтың құрығаны, балықтың  құрығаны- құстың құрығаны’’, осы  класта ‘’Топырақ’’ тақырыбында :

 ‘’Сүйегің,етің жаралған- топырақты  тоздырма,

   Өзгені де өзіңді аздырма, достым, аздырма!‘’

    Жапалаққа тиіссе адам жынды болады, ұйқысы қашады. Ата бабамыз жайлауда киіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, жұмыртқасын басып, одан балапандарын ұшырғанша үйін жықпаған, басқа қонысқа көшпеген.

  • Тақырыпқа байланысты экологиялық есептер шығару.

3 класта дүниетанудан ‘’Ауа’’  тақырыбынан келесі есепті ұсынуға  болады: Автомобиль бір тәулікте ауаға жуық мөлшерде 20 кг улы газ бөледі. 10 тәулікте ауаға қанша улы газ шығарылады? 8 автомобиль бір тәулікте ауаға қанша улы газ шығарады?

‘’Топырақ’’ тақырыбынан келесі есепті ұсынуға болады: ''Ғалымдардың есептеуінше 5 см топырақтың түзілуіне 2000 жыл уақыт қажет екендігі есептелген. 12 см топырақтың түзілуіне қанша уақыт керек?''

4 класс, дүниетану, ''Дала өсімдіктері  мен жануарлары'' тақырыбын экологиялық бағыттауда келесі есепті шығартуға болады, ''Дала тышқаны бір жазда 1 кг бидайға зиянын тигізеді. Жапалақ бір жылда  1000 тышқанды құртады. Жапалақ бір жазда қанша бидайды сақтап қалады?'' 

3 класс, ''Жануарлардың табиғаттағы  және адам өміріндегі рөлі'' тақырыбын экологиялық бағыттауда келесі есепті келтіруге болады: ''Инелік бір сағатта 40 шыбынды жеп құртса, 24, 48 сағатта қанша шыбынды құртады? ''

 3 класта жануарлардың көптүрлілігі '' тақырыбында: '' Маса 1 минутта қанатын 600 рет қақса, шыбын 300 рет қағады. Маса шыбынмен салыстырғанда қанатын қанша есе жиі қағады?''

  • Экологиялық ойындар енгізу арқылы тақырыпты экологиялық бағыттау. Экологиялық лото, қойылымдар, жарнамалар, т.б. Ойын: '' Қорегін тап!''

Әртүрлі бірлестіктің жануарларының тіршілігін оқып үйренгенде оқушылар өсімдікқоректі, бунақденелі қоректі, жыртқыш жануарлармен танысады. Одан басқа оқушыларға қорек тізбегі жөнінде элементарлы ұғым беріліп,  бір ағзаның басқаға тәуелділігі түсіндіріледі. Оқушылар кез-келген тізбектің өсімдіктен басталатынын нақты білуі керек. Жер бетіндегі өсімдіктердің қорек тізбегіндегі рөлі жөнінде қорытынды жасай алуы тиіс. Бұл жағдайда ойналатын ойын:  ''Қорегін тап!''.

Информация о работе Бастауыш мектептегі экологиялық білім мен тәрбие