Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері: көркем мәтін, тіл мәдениеті, стилистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 00:26, дипломная работа

Краткое описание

Ұлттың қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірінде болып жататын өзгерістердің барлығы оның тілінен көрініс таппай қалмайды. Тіл тек қатынас құралы ғана емес, халықтың танымы мен білімінің жинақтаушысы да болғандықтан, солай болуы заңды да. Ғылым тілінің даму тарихын да халық өмірінде болған өзгерістермен байланыстырмай, бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан да бұл диплом жұмысында жалпы термин шығармашылығы, оның ішінде терминологиялық лексиканың барлық тәсілдері арқылы жасалған лингвистикалық терминдер қоғам өмірінде болған сондай өзгерістермен тікелей байланыста қарастырылады. Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму тарихы термин шығармашылығының барлық уақытта бір қалыпты жүріп жататын үдеріс емес екендігін көрсетеді.

Содержание

Кіріспе
I Тарау. Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
1.1. Қазақ терминологиясының қалыптасу кезеңдері.
1.2. Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты.
1.3. Ахмет Байтұрсыновтың термин жасаудағы әдіс-тәсілдері.
II Тарау
2.1. Қазіргі қазақ лексикасының терминденуі.
2.2. Ахмет Байтұрсыновтың фонетика саласындағы терминдері мен
тілдің қазіргі дыбыстық жүйесіндегі терминдердің арақатынасы.
2.3. А.Байтұрсыновтың грамматика саласындағы терминдері мен қазіргі грамматикалық жүйедегі терминдердің сипаты.
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

реферат экология.docx

— 99.64 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

Кіріспе

I Тарау. Ахмет Байтұрсынов  және қазақ терминологиясы

1.1. Қазақ терминологиясының  қалыптасу кезеңдері. 

1.2. Ахмет Байтұрсыновтың  тіл біліміне қажет терминдерінің  жалпы сипаты.

1.3. Ахмет Байтұрсыновтың  термин жасаудағы әдіс-тәсілдері. 

II Тарау 

2.1. Қазіргі қазақ лексикасының  терминденуі. 

2.2. Ахмет Байтұрсыновтың  фонетика саласындағы терминдері  мен 

тілдің қазіргі дыбыстық жүйесіндегі терминдердің арақатынасы.

2.3. А.Байтұрсыновтың грамматика  саласындағы терминдері мен қазіргі  грамматикалық жүйедегі терминдердің  сипаты.

Қорытынды

Кіріспе

Ұлттың қоғамдық-саяси, рухани-мәдени өмірінде болып жататын өзгерістердің  барлығы оның тілінен көрініс  таппай қалмайды. Тіл тек қатынас  құралы ғана емес, халықтың танымы мен  білімінің жинақтаушысы да болғандықтан, солай болуы заңды да. Ғылым  тілінің даму тарихын да халық  өмірінде болған өзгерістермен байланыстырмай, бөліп алып қарауға болмайды. Сондықтан  да бұл диплом жұмысында жалпы  термин шығармашылығы, оның ішінде терминологиялық  лексиканың барлық тәсілдері арқылы жасалған лингвистикалық терминдер  қоғам өмірінде болған сондай өзгерістермен  тікелей байланыста қарастырылады. Қазақ терминологиясының қалыптасу, даму тарихы термин шығармашылығының барлық уақытта бір қалыпты жүріп  жататын үдеріс емес екендігін көрсетеді. Түрлі себептердің әсерінен белгілі  бір мерзім аралығында терминдер  қатары тез өсіп, терминологиялық  лексиканың ауқымы молая түссе, келесі бір уақыт аралығында ондай қарқындылық  байқалмайды. Оның бірнеше себептері  бар. Солардың ішіндегі термин шығармашылығына  тікелей ықпал ететін ең басты  факторлардың бірі — ғылым мен  техниканың дамуы болса, екіншісі —  сол елде үстемдік етуші тіл саясаты. Ғылым жақсы дамыған тұста  көптеген жаңа ұғымдар пайда болып, олар тілден өзінің таңбаланушысын табуды қажет етеді. Мұндай құбылыс арнаулы  саланың барлығына емес, санаулы  бір ғылым салаларына ғана тән  болуы да мүмкін. Ұлт тілінің ғылым  саласындағы қызметі, термин шығармашылығына  қатыстырылуы сол тілдің қоғамда  атқаратын рөлімен тікелей байланысты. Ал тілдің қоғамда қандай рөл атқаратындығын сол елдің тіл саясаты белгілейтіндігіне  өткен ғасырдағы қазақ терминологиясының  даму жолдары дәлел бола алады.

Терминологияның дамуы мен  қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Оны ғылым мен техниканың өркендеуінен, қоғам өмірінде болып жататын  саяси-экономикалық, рухани-мәдени, тарихи-әлеуметтік өзгерістерден мүлде бөліп алып қарауға болмайды.

Қазақ тіліндегі термин қалыптастырудың  алғашқы тәжірибелері Қазан төңкерісіне  дейін де болған. Бұл пікірді барлық зерттеушілер де растайды. Қазіргі  қазақ тіліндегі лингвистикалық терминдерде де сол алғашқы тәжірибелердің негізінде қалыптасып, даму қалыптасу  барысының түрлі жолдарынан өтіп, өзінің дамуы мен қалыптасуының  қай кезеңінде де мемлекеттің  жүргізіп отырған ресми тіл саясатынан тыс қалып көрген емес. Дәлірек  айтқанда, терминологияны дамыту мен  қалыптастыру қашан да мемлекеттің  жүргізіп отырған ұлттық саясатының жалпы қағидаларына негізделген  тіл саясаты айрықша көңіл  бөлетін, басты назарда ұстайтын мәселелерінің қатарында болып  келген. Оны қазақ терминологиясының  дамуынан айқын көруге болады. Ал тәуелсіздік  алғаннан бергі уақытта мемлекеттік  тілдің мәртебесін нығайту бағытында  елімізде терминологияны ретке келтіру, жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан  қарымды қадамдар жасалды. Термин шығармашылығы  біршама жанданып, арнаулы салаларда  жаңа атаулар жасалып, олар біртіндеп  тілімізге ене бастады. Соның  бірі – лингвистикалық терминдер  жүйесі. Ұлттық әдеби тілдің ғылым  нысанына айналып, әр түрлі қырынан  зерттелуі оның грамматикалық, лексикалық, фонетикалық, орфографиялық нормаларының қалыптасуына зор әсерін тигізді. Тілдің даму бағытын бағдарлап жаңа сөз  жасау, термин қабылдау, заман талабына сай даму жолындағы ғылыми техникамыздың  түрлі саласындағы терминдерді  қалыптастыруда төл тіліміздің ерекшеліктерін негізге алып отыру, оны назардан тыс қалдырмау - өткен ғасырдың бас  кезінен бері жалғасып келе жатқан дәстүр. Бұл дәстүр бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жойған жоқ.

Жұмыстың зерттеу нысанына алынып отырған лингвистикалық терминдер  қатарында да тыңнан жасалған, әсіресе  шет тілдерден енген сөздер санының  көбеюі аталған мәселеге аса мұқият, үлкен жауапкершілікпен көңіл бөлуді талап етеді. Бұл тек лингвистикалық терминдер жүйесіне қатысты мәселе емес, тілдің жалпы терминдік қорына да байланысты.

Ал қазақ тілтанымында соңғы кездердегі зерттеу еңбектерінде универсалий, реалий, кониотация, сигнификат, денотат, пресуппозиция тағы сол  сияқты басқа тілден енген және сөзтұлға-сөзпішін, тұлғаным (форма), үндестік-үндесім (сингармонизм), бейүндесім-бейүндестік (аккомодация) тәрізді түрліше қолданылып жүрген атаулар сала мамандарының өзідеріне  де кей тұстарда елеулі қиындық келтіретіні  белгілі.

Сондықтан қазақ тіліндегі  лингвистикалық терминдерді құрылымдық, мағыналық, қолданыстық жағынан  біріздендіруде, қалыптастыруда қазақ  тілтану ғылымының негізін салушы, ұлы тұлға А.Байтұрсыновтың ғылыми мұраларының маңызы ерекше.

Жалпы, тілдің дыбыс жүйесі, лексика, грамматика, диалектология, әдістеме салаларындағы атаулардың барлығы  лингвистикалық терминдер жүйесін  құрайтындығы белгілі. Олардың құрылымдық негізін бір ғана жұмыстың көлемінде  талдап шығу да мүмкін емес. Сондықтан  диплом жұмысының зерттеу нысанына тілдің дыбыс жүйесі мен грамматика саласындағы терминдер алынды.

Диплом жұмысының мақсаты  – А.Байтұрсыновтың лингвистикалық терминдерінің құрылымдық негізін  анықтап, қазіргі тілдік жүйедегі терминдермен арақатынасын айқындау.

Диплом жұмысының міндеттері:

- қазақ терминологиясының  қалыптасу кезеңдеріндегі ерекшеліктерді  анықтау; 

- А. Байтұрсыновтың терминология  саласына үлесі туралы ғылыми  көзқарастарды негізге ала отырып, терминжасамдық тәсілдердің термин  жасаудағы тиімділігін айқындау;

- А. Байтұрсыновтың лингвистикалық  терминдерінің құрылымын қазіргі  қазақ грамматикасындағы терминдер  жүйесімен салыстыра талдау арқылы  олардың арақатынасын анықтау. 

Жұмыс барысында А. Байтұрсынов, Ә. Қайдар, Ө. Айтбаев, Р. Сыздық, т.б. ғалымдардың  ғылыми тұжырымдары негізге алынды.

Диплом жұмысы бойынша  «Жоғары оқу орындарындағы қазақ  тілі мен әдебиеті мәселелері: көркем мәтін, тіл мәдениеті, стилистика»  атты студенттік-ғылыми конференцияның материалдары жинағында бір мақала жарияланды. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі  екі тарау, қорытынды және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ..............................................................................................3

I. Сөз және мағына.

1.1 Сөздің лексикалық және  грамматикалық мағыналары......5

1.2 Лексикалық мағынаның  типтері..............................................8

1.3 Сөздің номинативті  және ауыс мағынасы...............................9

1.4 Фразеологиялық байлаулы  мағына........................................12

1.5 Сөздің стилистикалық  қызметінен туған мағыналары......13

II. Сөз мағынасының дамуы.

2.1 Сөз мағынасының дамуы  және тарылуы..............................14

2.2 Көпмағыналылық (полисемия)...............................................17

2.3 Полисемия және кеңмағыналылық........................................20

2.4 Полисемия және контекст.........................................................24

2.5 Контекст түрлері.........................................................................25

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................28

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Таза сөйлеу – ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық  «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде  ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған  адамдардың қойыртпақ тіліне қарап  қынжылып айтса керек.

Ойдың айқындылығы сөз  қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің  тақырыпты қаншалықты меңгергенімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, кез  келген әдеби тілінің байлығы  мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік  қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты  тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені  жөн.

Әрбір қолданыста әр түрлі  мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана  алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша  мағынасы бар болса, сонша рет  қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер  жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл-күй  одағайы, т.б. немесе мағынасы бір-біріне жуық, мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды.

Ал бір-біріне кереғар, қарама-қарсы  мағынадағы антоним сөздер – ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі.

Кез клген тілде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа-басқа мағыналарды  білдіретін сөздер қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді  орнымен қолдану сөйлеуде қателік  жіберуден сақтандырады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер  дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен  қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді.

Қайсібір тілді алсақ  та олардың сөздік қорында сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер  жасалу мүмкіндігі шексіз екендігін  көреміз.

Курстық жұмыстың мақсаты. Көпмағыналы  сөздерге нақты сипаттама бере отырып сөз бен оның мағынасының көпмағыналылықты қалай құрайтынын және шығарма контекстіндегі шарттармен қалай үйлесетінін көрсету. Сөздердің көп мағынаға ие болуы  оның шығармада дағы қолданысында қарама-қайшылықтар  туғызып отырады. Бірақ сөздердің  басқа да жуық мағыналары шығармады  тиісті бағытта жұмсалуы қажет. Сөз  көп мағыналылығын тереңірек  аша отырып, қолдану барысында  оларды бір-бірінен айыра білу және шығарма контексті арқылы қандай мағынада жұмсалғанын көрсету.

Жұмыс алдына мынадай тапсырмаларды  қояды: ағылшын тілінің лексикалық мәселелерін жалпылама сипаттама  беру және жүйелеу; полисемия мен  оның түрлеріне жалпылама түсінік беру, көпмағыналы сөздердің көрінісін тереңірек ашу және осы қолданыстағы материалды оқулық ретінде және кәсіби мақсаттарға пайдалану үшін жүйелеу.

Зерттеу нысаны. Ағылшын тіліндегі  көпмағыналы сөздерді ашып көрсету  үшін, зерттеу жұмысының нысаны ретінде  және шығарма контекстіндегі полисемияны  ескере отырып, Америкалық жазушы Джек Лондонның «Мартин Иден» романы алынып отыр. Шығармадан көп мағыналы сөздерді тауып, олардың контекст бойынша  қандай мағынада тұрғанын зерттеу және басқа да мағыналарын іздеу.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Курстық  жұмыс шет ел факультеттерінде ағылшын  тілін оқытып, үйретуде маңыздылығы  зор. Жұмыста білікті тіл мамандарының ағылшын тілінде кездесетін полисемия  құбылыстарына берген анықтамаларымен  қатар теория және практика жүзінде  келтірген мысалдарымен танысуға болады. Жұмыс ағылшын тіліндегі полисемия  құбылыстарын тек жалпы тілде  емес,сонымен қатар шығарма контексті  аясында келтірген мысалдармен, теориялық анықтамалармен толықтырылған. Полисемия құбылыстарын қарастыра  отырып, көпмағыналы сөздер кездесетін контекст аясын да зерттеп, контексттерге  де анықтамалар берілген. Жұмыста  көп мағыналы сөздерден басқа, тілдегі  сөздердің басқа да қасиеттері –  синонимдік, антонимдік, омонимдік  және басқа да мағыналық қасиеттері кең ашылып көрсетілген. Бұл курстық  жұмыс ізденуші мен оқырмандардың  қызығушылығына байланысты ағылшын  тілінің лексикологиясын оқытуда  семинарларда, дәрістерде қолдануға  болады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс  кіріспеден бөлек тармақщаларға  бөлінген екі тараудан және қорытынды  бөлімнен тұрады. Соңында падаланған әдебиеттер тізімі берілген. Кіріспеде  курстық жұмыстың қысқаша мазмұны  мен мақсат міндеттерімен танысуға болады. Сонымен қатар зерттеу  нысанын басшылыққа ала отырып, осы  жұмыстың теориялық және практикалық  маңыздылығымен танысуға болады.

Әдістемелік негізі. Жұмыста  полисемиялық құбылыстарды зерттеуде  талдау әдісі қолданылды. Талдау әдісі - ағылшын шығармасындағы көп мағыналы сөздердің өзге де мағыналарын

тауып, олардың сол мағыналары шығармада қалай жұмсалады және контекстте қалай анықтай білу керек  екендігі талданады 

Тақырыбы: Ресми іскер  тілінің прагматикалық ерекшелігі

Кіріспе ..............................................................................................................

1 Іскерлік сөйлеу тіліндегі  сендіру категориясының ерекшеліктері

1.1Сендіру категориясының  прагматикалық қызметі .........................................3

1.1.1 Сендірудің тілдік  тәсілдер арқылы ықпал етуі ..........................................10

1.1.2 Іскерлік сөйлеу тілі: мәтін және дискурс .....................................................16

1.2 Логикалық, этикалық  және эмоционалдық дәлелдерінің

сендіру ерекшеліктері ........................................................................................... 17

2 ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ  ТАБИҒАТЫ

2.1 Ресми іскер стилінің  ерекшелігі ...................................................................... 32

2.2 Іскерлік қарым-қатынас  мәдениеті ..................................................................40

2.3 Іскерлік сөйлеу тілінің  презентациясы ............................................................50

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................60

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы  сипаттамасы. Еліміздің тәуелсіздікке  қол жеткізген алғашқы жылдарында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың нарықтық экономикалық қатынастарды орнату мақсатында ел экономикасына  шетелдік инвесторларды тарту ісін негізгі басымдық ретінде белгілегені  аян. Қазіргі таңда Қазақстан  экономикалық секторын шетелдік ірі  кәсіпорындармен іскерлік қатынаста  болуы – осы тарихи бетбұрыстардың нәтижесі. Бұл сайып келгенде, қоғамның барлық салаларына, соның ішінде тіл  біліміне де белгілі бір жаңалық, өзгерістер әкеліп, жаңа міндеттерді  межелегендей. Соның бірі – зерттеу  нысаны болып отырған іскерлік сөйлеу тілі болып табылады. Іскерлік сөйлеу тілінің табиғаты күрделі құрылым  болғандықтан оны бір ғана тілдік шеңберде жан-жақты зерттеу мүмкін емес. Cондықтанда оның тілдік және экстралингвистикалық факторлары прагмалингвистикалық ізденісті  талап етеді.

Іскерлік сөйлеу тілінің  ең басты міндеттерінің бірі –  адресатқа белгілі мақсатта ықпал  ету. Өз кезегінде ықпал ету –  сендіру, иландыру, үгіт-насихаттан тұратын  кешенді құрылымдық ұғымды білдіреді. Бітіру жұмысы іскерлік сөйлеу тілінің  сендіру категориясының ерекшеліктеріне  арналады.

Информация о работе Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері: көркем мәтін, тіл мәдениеті, стилистика