Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 18:11, реферат
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.
Табиғи төтенше жағдайдың орын алуына антропогендік әсердің де ықпалын айта кеткен жөн. Барлық табиғи катастрофалардың бір бірімен байланысы бар.
КІРІСПЕ......................................................................................................................
1. Негізгі бөлім
1.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдай..........................................................
1.2 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері......................
1.3 ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы.............................................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................
МАЗМҰНЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
1. Негізгі бөлім
1.1 Техногендік сипаттағы төтенше
жағдай........................
1.2 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері......................
1.3 ҚР «Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
Заңы..........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Табиғи сипаттағы
төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан
бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың
әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам
өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа
мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді
құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар.
Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен
қауіпті. Табиғи катастрофаның тағы да
бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі
салдары. Табиғи катастрофа болғаннан
кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық
т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.
Табиғи төтенше жағдайдың
орын алуына антропогендік әсердің де
ықпалын айта кеткен жөн. Барлық табиғи
катастрофалардың бір бірімен байланысы
бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен
цунамидің, тропикалық циклондар мен су
тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер,
газдардың атылуы платинаның жарылуы
орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті
әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау
жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне,
аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан
атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер
(паводок) жер асты суларын ластап, құдықтарды
уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады.
Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың
бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік.
Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін
жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға
болады. Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың
негізі болып апаттың себебі мен механизмін
ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи
апаттың орын алу процессін біле отырып
оның қандай мөлшерде, қандай болатын
екенін болжауғада болады. Ал уақытылы
және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді
жолдарын қарастыруға, шығынды барынша
азайтуға мүмкіншілік жасайды.
Табиғи қауіп қатерден қорғау
активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті қорғауға инженерлік техникалық
құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау,
табиғи объектілердегі құрылымдар мен
құрылыстарды реконструкция жасау. Пассивті
қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп
жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде
активті және пассивті әдістерді бірге
пайдаланады.
1.1 Техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Техногендік
сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік
қызметіне байланысты және ол қоршаған
ортаның ластануы және де ластамайтын
жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны
ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен
радиоактивті химиялық және биологиялық
қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты.
Радиоактивті заттарды тастау қаупіне
жататын апаттарына атом станцияларындағы
ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі
және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық
зиянды заттарды тастау қаупіне жататын
апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі
химиялық улану заттар қоймаларындағы
апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық
зиянды заттарды тастау қаупіне жататын
апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу
орталықтарындағы бактериалдық құралдарды
даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау
кездегі апаттар жатады.
Қоршаған ортаға зиянды заттар тастамайтын
төтенше жағдайларға жарылыс, өрт, ғимараттардың
құлауы және т.б. апаттар жатады.
Өрт - бұл жану
салдарынан материалдық байлықтың жойылуы
және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп
төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы
зат пен ауадағы оттегінің арасындағы
тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және
жарық бөлетін процесс. Жану толық және
толық емес болып бөлінеді. Толық жану
оттегі жеткілікті жағдайда, ал толық
емес жану оттегі жеткіліксіз жағдайда
жүреді. Өзі тұтану (самовоспламенения)
химиялық процесстің әсерінен болатын
жағдай. Өзі тұтанудың температурасы әр
түрлі факторлардан тұрады. Атап айтқанда
жанушы қоспаның құрамы мен көлемі ортаның
қысымы т. б. байланысты. Көптеген газдар
мен сұйықтар 400-700 °С аралығында, ал қатты
денелер (ағаш, көмір) -250-450 °С аралығында
тұтанады. Өрт және жарылыс қауіпі бар
обьектілерге жарылу және тұтану қауіпі
бар заттарды өндіру, сақтау және тасмалдаушы
өндірістер жатады.
Жарылу, өрт пен жарылыс, және өрт қауіпі
бойынша өрт және жарылыс қауіпі бар обьектілер
5 категорияға бөлінеді (А,Б,В,Г,Д). Бұлардың
ішіндегі өте қауіптілері А,Б,В кетегориялары.
А категориясына - мұнай өңдеу зауыттары,
химиялық өндірістер, мұнай өнімдері қоймалары
мен құбырлар кіреді. Б категориясына
- көмір шаңын, ағаш ұнтағын, қант пурдасын
дайындайтын және тасымалдайтын, сонымен
қатар диірменнің ұнтақтан бөлімдері
кіреді. В категориясына-ағаш кесу, ағаш
өңдеу және столярлық өндірістері кіреді.
Г- категориясына ыстық күйіндегі жанбайтын
заттарды өңдеу және тасымалдау өндірістері
мен қоймалары кіреді. Д- категориясы салқын
күйдегі жанбайтын заттар мен материалдарды
сақтау өндіріс орындары мен қоймалары
жатады.Барлық құрылыс материалдары мен
конструкциялары жану жағынан 3 топқа
бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын және
жанғыш. Жанбайтын деп жоғары температура
мен оттың әсерімен тұтанбайтын және жанбайтын
материалдарды айтады. Қиын жанатын деп
жоғары температура мен оттың әсерімен
қиын тұтанатын және от ошағы болған жағдайда
ғана жанатын материалдарды айтады. Жанғыш
деп жоғары температурада немесе оттың
әсерімен тұтанып кететін және от ошағынан
алып тастағанда да жана беретін материалдарды
айтады.
Үлкен өндіріс орнындағы және елді мекендердегі
өрттер жеке және жалпы болып келеді. Жеке
бұл бір ғимарат пен құрылымда болатын
өрт. Жалпы бұл елді мекендегі өндіріс
орындарындағы ғимараттардың 25 % алып
жатқан өрт.
Өртті сөндіруде әр түрлі
өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың
ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы
механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер
қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың
араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық
көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің
(0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар
адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді
өрт сөндіруші заттарға инертті газдар
да жатады. Олар жанып жатқан заттардың
булары мен қышқыл газдарымен араласып
оттегінің канцентрациясын төмендетіп
оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар
көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және
ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді.
Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от
өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға
альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті
сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар
өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып
жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы
өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған
өрттерді сөндіруде өртті галландірленген
калиреудегі негізіндегі өртті басуға
арналған құрам көп қолданылады. Өртті
өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл
содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы
су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің
де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан
заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың
арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру
құралдарына сұйықты және көбікті өрт
сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл
сұйық құйылған темір баллон түрінде болады.
Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе
полиэтилен пакетінен жасалған күкірт
қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек
жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін
төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған
ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол
кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе
бастасы мен көпірік пайда болып химиялық
әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен
қатар үлкен қысым пайда болады. Соның
арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай
бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау
мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң
артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды
өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып
жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин,
мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды
сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi
пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл
балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы
170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл
болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз
етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн
баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай
бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт
сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты
25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы
1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi
бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда
зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында
арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан
тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге
керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу
керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта
пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында
арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы
тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және
кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды
су құбырына станоктарды су құйғыш орнатылады.
Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су
құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру
су құбырларының гидранттары жолдың бойында
және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан
сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м
қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады.
Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың
баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын
перспективтi бағыттардың бiрi автоматты
өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға
спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары
жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы
өртте сумен автоматы және қашықтықты
жүйеде сөндiредi.
Қазiргi таңда
кез келген көлiк қауiп көзi. Темiр жол апаттарының
негзгi себептерiне жолдың қозғалмалы
құрамының ақауы, диспечерлердiң қателiгi,
машинисттердiң жауапкершiлiксiздiгi. Көп
жағдайдағы апаттар темiр жол көлiктерiнiң
жолдан шығып кетуiнiң, соқтығысуының,
вагондардағы өрттер мен жарылыстың арқасында
болып жатады. Қазiрiгi заманның негiзгi
проблемеларының бiрi автомобиль жолдарындағы
қауiпсiздiктi сақтау болып отыр. Жол көлiк
оқиғалардың арқасында адам шығыны көптеп
саналуда. Олардың 75% көбi жүргiзушiлердiң
жол қозғалысының ережелерiн сақтамаудан
болуда. Қолданылып отырған iс әрекеттерге
қарамастан әуе көлiгiнiң апаттары азайар
емес. Атап айтқанда, двигательдiң өшіп
қалуы, байланыс, тоқ беру жүйелерiнiң iстен
шығуы апатқа әкелiп соқтыруда. Кемелердегi
көптеген iрi апаттар борандар мен дауылдардың,
тұман және экипаждың қателiктерінiң арқасында
орын алуда. Көптеген апаттар кеменi жасаған
және жобалаған қателiктердiң кесiрiнен
де болып жатады.
Төтенше жағдай, пайда болу әсерінің таралуы
немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және
төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан
топталады. Төтенше жағдай пайда болу
жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық,
биологиялық, антропогендік, әлеуметтік
және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді.
Техногендік төтенше жағдайға - техникалық
обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар
жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық
қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті
және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың
қирауы және адам тіршілігіне қажетті
жүйелердің апаттары. Табиғи төтенше жағдайға
жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар,
сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады.
Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның
ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің
шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың
жаңбырлар және т.б. жатады.
Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия,
эпизоотия және эпифитотия жатады.
Әлеуметтік төтенше жағдайға
- қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық
конфликттер,терроризм,геноцид,
Антропогендік төтенше жағдайлар адамның
қате іс-әрекетінен туындайды.
Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын
төтенше жағдайлар - бұл өндіріс орынының
бір ғана жүйесінде,технологиялық тізбегінде,қондырғысында
орын алған оқиға.
Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:
Төтенше жағдай
деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда
пайда болатын әскери, әлеуметтік және
саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың,
әлеуметтік және табиғи нормаларының
кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын
жағдайды айтады. Төтенше жағдай бұл аймағы
жағынан үлкен маштабты және көптеген
адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға.
Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария
және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда
бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың
әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген
жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.
Авария - бұл машиналар, технологиялық
процестердің және т.б. өндірістік орындарда
болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке,
улы заттарды ауаға немесе суға тастауға
әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың
әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес.
Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған
жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше
түрге бөлінеді:
Экологиялық катастрофа
дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше
жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік,
транспорттық және стихиялық апаттар.
Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға
сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін
құбылыс. Техногендік катастрофа - кенеттен
механикалық, химиялық, радиациялық тағы
с.с. энергиялардың тасталуы, адам және
материялдық шығындарға алып келіп соғатын
үлкен апаттардың әсерінен болатын апат
түрі.
Стихиялық апат- бұл қауіпті
катастрофаға алып келетін геофизикалық,
геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық
тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан
тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір
тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық
ресурстарды бұзуға және құртуға әсер
жасайды
1.2 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың
пайда болу әсері.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай:
|
Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға
тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп
саналады. Бірақ ондағы технологияның
деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі,
сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа
сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне
бұл жағдайды экономикалық кризиспен
экологиялық проблемалар қиындатып жіберді.
Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен
катастрофаны талдап көргенде олардың
орнын алатын жағдайлары технологиясы
ескі, техникалары өзіндік ресурстарын
тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні
анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты
өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы
да өзінің әсерін беруде.
Химиялық өндіріс халық
шаруашылығында кеңінен пайдаланады.Бірақ
кейбір кездерде кішігірім апаттар орын
алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды
заттар атмосфераға тасталынып қоршаған
ортаны ластауда.Химиялық өндірістің
қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің
физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың
сенімділігіне, технологиялық процестің
сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу
және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың
деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық
біліктігі мен дайындығына және апатқа
қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық
қауіпті заттардың тасталуы химиялық
ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті
заттар адам организміне тыныс алу жүйесі
және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті
заттар адам организміне жара беттеріне
де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам
организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа
бөлінеді:
1. Өте қауіпті.
2. Жоғары қауіпті.
3.Орта қауіпті.
4.Қауіптілігі аз.
Химиялық қауіпті
Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға
бөлінеді:
1. Жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық
тізбектің және инженерлік қондырғының
бұзылуы;
2. Апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.
Химиялық апаттардың топталуы.
1. Жеке.
Жеке - зақымдағы улы заттарды
атмосфералық ауаға тастамаған апат.
Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың
санитарлық қорғау зонасының радиусынан
аспайтын апат.
Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың
қоймасының қирауынан туындаған апат.
Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың
үлкен көлемді тасталуына алып келген
апат.
Радиакциялық қауіпті обьектілердегі
апаттар:
Қазіргі кезде көптеген
шаруашылық және ғылым салалары радиактивті
заттар мен жедел сәулесінің көздерін
пайдалануда. Ядролық энергетикада жоғарғы
қарқынмен өркендеуде. Осыған орай бұл
салаларда да апат орын алуы мүмкін. Апат
болған жағдайда мекендеген жай радиактивті
ластануға және адамдар сәулеленуге душар
болар. Локальді апат-бұл радиактивті
заттар мен жедел сәуленің радиактивті
қауіпті обьектілердегі қондырғылардың
істен шығуының арқасында қондырғы технологиялық
тізбектің қисында және ғимараттық белгіленген
нормадан аспай байқалады. Жергілікті
апат-бұл радиактивті заттар мен жедел
сәуленің радиактивті қауіпті обьектілеріндегі
қондырғылардың істен шығу арқасында
санитарлық қорғау аумағында белгіленген
нормадан аспай байқалуы. Жалпы апат-бұл
радиактивті заттар мен жедел сәуленің
радиактивті қауіпті обьектілеріндегі
қондырғылардың істен шығуының арқасында
санитарлы қорғау аумағынан тыс жерде
белгіленген нормадан артық мөлшерде
байқалуы.
Негізгі радиактивті қауіпті обьектілерге:
атом станциялары, ядролық отын дайындайтын
өндіріс орындары, радиактивті қалдықтарды
көму және өндеу орындары, ядролық реакторы
бар ғылыми және жобалау институттары,
ядролық энергетикалық қондырғылары бар
көліктер жатады.
Жедел сәуле көздері.
Жедел сәуле көздері табиғи және техногенді
болып бөлінеді. Табиғи сәуле көздеріне
жер радиакциясы мен ғарыштық сәулелер
кіреді. Техногендік сипаттағы жедел сәуле
көздеріне жататындар: