Топырак сапасын ба5алау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:21, контрольная работа

Краткое описание

Жер беті толық дерлік жұқа қабат топырақпен жабылған. Топырақ дегеніміз - жердің аналық жынысы, өсімдіктер және жануарлар дүниелері қатысуымен, климаттың әсерінен мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи күрделі зат.
Жердің аналық жынысы мен топырақ қабаттары адамдардың, жәндіктердің, өсіидіктердің, жануарлардың тұратын, өсетін, өмір сүретін орны.

Содержание

1. Кіріспе
Экологиялық таза топырақтың сипаттамасы.
2. Негізгі бөлім
а) Топырақты ластаушылардың негізгі көздері. Топырақтағы экзогенді химиялық заттарды гигиеналық мөлшерлеу.
б) Топырақтардағы ластағыш заттарды нормалау.
в) Топырақ сапасын бақылау әдістері.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

Топырақ сапасын бағалау.doc

— 80.00 Кб (Скачать файл)

                                      Жоспар:

 

1. Кіріспе

Экологиялық таза топырақтың сипаттамасы.

2. Негізгі бөлім

а) Топырақты ластаушылардың негізгі көздері. Топырақтағы экзогенді химиялық заттарды гигиеналық мөлшерлеу.

б) Топырақтардағы ластағыш заттарды нормалау.

в) Топырақ сапасын  бақылау әдістері.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

                                              Кіріспе

 

Жер беті толық дерлік жұқа қабат топырақпен жабылған. Топырақ дегеніміз - жердің аналық жынысы, өсімдіктер және жануарлар дүниелері қатысуымен, климаттың әсерінен мыңдаған, миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғи күрделі зат.

Жердің аналық жынысы мен топырақ қабаттары адамдардың, жәндіктердің, өсіидіктердің, жануарлардың тұратын, өсетін, өмір сүретін орны.

Топырақтың  ерекше қасиеті – оның құнарлығы. Осы қасиетімен ол жердің аналық және тау жыныстарынан айырықша тұрады. Құнарлық деп топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың болуын айтады. Құнарлы топырақ сумен, ауамен және күн сәулесімен қосылып өсімдіктер өсуіне қажетті жағдай жасайды.

Топырақ адамдар үшін негізгі ауылшаруашылық өнімдерін беретін, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ететін орын.

Қаншама техника алға басқанымен адамдар өздеріне керектің бәрін дерлік топырақтан алады. Теңізден, өзеннен, су қоймаларынан алатын қоректік заттар мөлшері онша көп емес.

Халықтың әл-ауқаты мен  ауылшаруашылық өркендеуі топырақтың құнарлығына байланысты.

Қазір адамдар өздеріне керек заттардың 88% -ін егістік жерлерден, 10%- ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит суларынан алады.

Топырақтың  үлкен гигиенналық маңызы бар:

-   эндемикалық аурулардың  пайда болуы мен профилактикада  үлкен рөл атқаратын табиғи  және жасанды аумақтардың қалыптасуында  негізгі фактор болып табылады;

-   адам қоршаған  орта айналымын, халық шаруашылығында қолданатын химиялық және радиоактивті заттар, сол сияқты денсаулыққа кері әсер ететін өндірістік қалдықтар мен ағын сулар арқылы топраққа түсетін экзогенді химиялық заттардың залалсыздануын қамтамасыз етеді;

-   сұйық және  қатты қалдықтарды залалсыздандыруға арналған сәйкес табиғи орта болып табылады;

Ғаламшар халқы жыл  сайын 3,6 х 10³ т өсімдіктерді тамаққа  қолданады, ол Жерде өндіретін өнімдерінің 10% құрайды. Әрине фитомасса қауіпсіз ғана болуға тиіс, ал ол топырақтың химиялық құрамына байланысты болады.

 

           Топырақты ластаушылардың негізгі көздері

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы  қабылдаған анықтама бойынша топырақ ластаушылары деп қажетсіз жерде, қажетсіз уақытта және қажетсіз көлемде кездесетін биологилық организмдер, бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, құрттар мен олардың тіршілік қалдықтарын атауға болады.

Топырақтың  ластануы деп экологиялық тіздек топырақ- су –адам; топырақ-атмосфералық ауа-адам; топырақ- өсімдік-жануар-адам және т.б. арқылы адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық және биологиялық ластаушылардың шектен тыс көп кездесуі деп түсіну керек. Барлық ластаушыларды химилық (органикалық және бейорганикалық) және биологиялық (вирустар, бактериялар, қарапайымдылар, құраттардың жұмыртқалары) деп екі түрге бөлуге болады.

Химиялық ластаушылардың өздерін екі топқа бөлуге болады. 1-ші топқа топыраққа жоспарлы, мақсатты ұйымдастырылып енгізілген химиялық заттар жатады. Бұлар минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, гербицидтер, топырақ  құрылысын түзушілер, өсімдік өнуінің  стимуляторы және тағы басқалар. 2-ші топқа техногенді әрекет жағдайыедағы зауыттар, фабрикалар, пайдалы қазбаларды өндіру, көлік пен түрлі қатты, сұйық және газ тәріздес өндіріс қалдықтары, сондай- ақ жылу энергетикасы, апаттық қоқыстары жатады. 1952-1972 жылдар аралығында түрлі тыңайтқыштардың әлемдік өндіріс жыл сайын 21-ден 79 млн. т дейін көтерілді. Қалдықтардың массасы шикізат пен өндіріс өнімдерін қолдану көлмімен тікелей байланысты.

Топырақ ластаушылары мен  қалдықтардың негізгі көзі- дамыған  өнеркәсіпті елдер болып табылады. Бірақ барлық қалдықтар бұл елдерде пайда болып, жинақталмайды. АҚШ Европалық Экономикалық Одақ елдерінде және Жапонияда «лас» шикізат өндіретін және көпқалдықты технологияларды дамушы елдерге қарай ығыстыру тенденциясы орын алған. Мұндай әрекетті ТМД елдері де басынан өткізіп отыр. Мысалы, Ресейге шикізатты қайталап қолдану деген сылтаумен сыртқы экономикалық жоба бойынша қауіпті қалдықтарды шетке шығару әрекеттері жасалып отыр. 1987 жылдан бастап 1993 жылға дейін Бастыс Европадан 34 млн.т қауіпті қалдықтарды шетке шығару туралы 96 ұсыныс жасалды. Олардың көп бөлігіне кері жауап қайтарылды, дегенмен 4000 тоннасы Ресейде қолданылған катализаторлар, сынап қосындылары, мыс шлактары, химикаттар, пластиктер және т.б. жатады.

Елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту өте маңызды санитарлық гигиеналық міндеттің бірі. Сұйық қалдықтар канализация арқылы жабық желіге түседі, олар топырақты да, ауаны да, үйлерді де ластамайды. Ал қатты қалдықтар үшін көлік қана пайдаланылады, олар топырақ бетіне жиналып қалады. Осы қатты қалдықтардан санитарлық тазарту елді мекендердің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Санитарлық тазарту  үш сатыдан тұрады; қалдықтарды жинау, оларды сақтау, залалсыздандыратын жерге  апару, Біздің елімізде осы жұмыстың бәрін арнайы ұйым – коммуналдық органдар жүзеге асырады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаған кезде олардың сандық және сапалық құрамын білу керек. Қатты тұрмыстық қалдықтардың сапалық құрамында әр түрлі әдістермен оларды өндеу мүмкіндігі мөлшеріне байланысты болатын құрамды бөліктерге бөлу керек. Бұл тамақ қалдықтары, қағаз, көмір, әйнек, күл және басқалар. Екінші бір көңіл аударатын нәрсе қалдықтардың эпидемиологиялық маңызы. Қалдықтардағы органикалық заттар және олардың ауру туғызатын микроорганизмдер мен құрттардың жұмыртқаларының болуына көңіл аудару қажет. Себебі осындай қалдықтарды жинау нәтижесінде осы организмдер топыраққа түсіп, ластайды.

Топырақты санитарлық қорғау мәселесі өзінің аумағының үлкендігіне  қарамастан біздің еліміз үшін маңызды  болып табылады. Өнеркәсіптік қалдықтарды жою және залалсыздандыру мәселесін шешу қанағаттанарлық емес болғандықтан, соңғы он жылда өнеркәсіптік кәспорындардың, қоймалардың аумақтарында қалдықтар елеулі мөлшерде жиналып қалды. Ол қалдықтардың құрамында тірі организмдер үшін зиянды улы ауыр металдардың қалдықтары да бар. Сонымен қатар топырақ пестицидтер және агрохимикаттар мен де ластануда. Қалдықтарды жағатынжәне оларды қайта өндейтін зауыттардың болмауы, қатты тұрмыс қалдықтарын жоюға арналған полигондардағы санитарлық талаптардың бұзылуы қала және ауылды елді мекендердегі топырақтың ластануына әсер етуде.

Топырақ ластауы  деп экологиялық тізбек:

-   топырақ →  су → адам;

-   топырақ→ атмосфералық  ауа→ адам;

-   топырақ→ өсімдік→  жануар→ адам.

және т.б. арқылы адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық және биологиялық ластаушылардың шектен тыс кездесуін түсіну қажет.

1972 жылға дейін топырақ  химиялық элементтер құрамы мөлшерленбейтін  биосфераның бірден бір элементі  болып табылатын. Бұл топырақтың  аздинамикалық, көпфакторлы жүйе (система) екендігімен түсіндіріледі.

Гигиеналық мөлшерлеу (нормалау) тоериясы мен практика негіздері  Киевте Е.И.Гончаруктың басшылығымен құрылды.

Теорияның бірінші  негізі – гигиеналық мөлшерлеу жүйелерін сақтағандағы топырақтың табиғи фонына түскен химиялық заттардың қауіпсіз болуының деңгейлерін (критерилерін) анықтау болып табылады.

Теорияның екінші негізі – адам ағзасына оның әрекетінің жіберілмеуі (топырақтың өзіндік тазалану қасиетін есепке алу қажет).

Теорияның үшінші негізі – мөлшерлеуді өткізу, зерттеулерді химиялық заттардың топырақпен байланысты ортасындағы (су, ауа, өсімдік), көші-қонына(миграциясына) әсер ететін экстремальды (төтенше) топырақты-климаттық жағдайларда өткізу қажет. Экстремальды жағдай жасау үшін тәжірибе ( эксперимент) максимальды сүзгіштік, минимальды сіңіргіштік (сорбциялық) және сіңіру ( наглотительность) қасиеттері бар топырақ типтерінде өткізілуі қажет. Зерттеу жұмыстарын зерттелуші заттарды бойына максимальды (барынша) жинақтайтын өсімдіктермен өткізген абзал (фитотест).

Теорияның төртінші негізі – адам денсаулығының қауіпсіздігі мақсатында биологиялық лабораториялық , кибернетикалық моделдерде стандартты (қалыпты) топырақты-климаттық жағдайларда өткізіліп, одан кейін табиғи (натуральды) топыраққа және адам ағзасына көшірілетін зерттеулер өткізу болып табылады.

Теорияның бесінші  негізі – тәжірибе (эксперимент) кезінде химиялық заттар ертіндісінің (концентрациясының) табалдырығын салыстырудағы «жіңішке» (лимиттейтін) жерлерді анықтау қажет.

Теорияның алтыншы  негізі – топырақтардағы заттардың ШРК кез келген топырақты – климаттық жағдайлар үшін жалпы өлшем болып табылады.

Теорияның жетінші  негізі - әр топырақты-климаттық аймақ (регион) үшін мұндай көрсеткіштер (ШРК) жеке есептеледі.

Топырақтағы химиялық заттарды гигиеналық мөлшерлеудің басты әдістік (методологиялық) мәселесі болып топырақтағы экзогенді заттардың ШРК, яғни топырақтағы оның максимальды санын (мг/кг, абсолютті құрғақ топырақтағы) анықтау болып табылады.

Топырақты санитарлық қорғау шаралары:

1. қалдықтарды жинау, жою, утилизациялау( жерді санитарлық тазалау) үшін жасалынатын санитарлық техникалық шаралар:

2. техникалық шаралар қалдықсыз  немесе азқалдықты өндіріс технологияларын  құру;

3. жоспарлы шаралар  – санитарлық қоғау аймақтарының сақталуын ғылыми түрде негіздеу;

4. заңды, ұйымдастырушылық  және әкімшілік шаралар сияқты  топтарға бөлуге болады.

 

                   Топырақтардағы ластағыш заттарды нормалау

 

Топырақтардағы  ластағыш заттар үш бағытта нормаланады:

1. ауыл шаруашылық пайдалынылатын жерлердің егістік қабатындағы улы химикаттардың мөлшері;

2. кәсіпорынның территориясындағы  улы заттектердің жинақталуы.

3. елді мекендердің,  көбінесе тұрмыстық қалдықтар  сақталатын жерлердегі топырақтың  ластануы.

Егістік қабаттағы улы химикаттарды нормалау екі көрсеткіш қолданылады. ШРК және УРК.

ШРК – топырақтың егістік қабатындағы заттардың ШРК (Шеткі рауальды концентрация) мг/кг. Бұл концентрация адамның денсаулығына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер тигізбеуі қажет, сонымен қатар топырақтың өздігімен тазалану қабілетіне де.

ШРК (РҚМ) – азық түлік  өнімдеріндегі заттектердің ШРК  мг/кг. ШРК белгілеу үшін қарастырылып отырған заттардың фондық концентрациясы оның физикалық химиялық қасиеті, тұрақтылығы, улылығы туралы мәліметтер қолданады. Сонымен тәжірибе ақылы келесі мәліметтер анықталады:

-   топырақтағы заттардың  ШРК, бұл мөлшер деңгейі оның  тағамдық және жемдік өсімдіктерге  өтетін мөлшер кейбір РҚМ аспауы  қажет.

-   заттек топырақтан  ауаға ұшқанда олардың мөлшері  ауа үшін белгіленген ШРК-дан аспайтындай концентрация.

-   микроорганизмдерге  және топырақтың өздігімен тазалану  процесіне әсер етпейтіндей концентрация.

Егер де әр түрлі орталар  үшін ШРК белгіленбеген болса, онда уақытша гигиеналық норматив УРК заттектердің уақытша рауальды концентрациясы.. Уақытша нормалау мерзімі (2-3 жылға) белгіленеді.

Топырақтың санитарлық жағдайы бірнеше гигиеналық көрсеткіштермен  сипатталады, соның ішінде санитарлық сан деп аталатын, яғни белкты азот мөлшерінің жалпы органикалық азотқа қатынасын, сонымен қатар ішектің таяқша құрттарының, шыбынның балапан құрттарының, гельминиттер жұмыртқаларының бар болуы ескеріледі. Топырақтың тазалығы немесе ластанғаны осы көрсеткіштердің жиынтығымен бағаланады.

Осыдан басқа топырақтың санитарлық жағдайын сипаттайтын тағы бірнеше қосымша көрсеткіштер бар, олар өндірістік кәсіпорындардың және де елді мекендердің жерінде анықталады.

 

                Пестицидтердің топырақтағы ШРК, мг/кг.

 

     Пестицид

         ШРК

   Пестицид

        ШРК

Прометрин  

         0,5

  Хлорамп

      0,05

Хлорофос

         0,5

Дихлордифенилтрихлорэтан  ДДТ

       0,1

Севин (инсектицид)

       0,05

Гексахлоран

      1,0.


 

 

                    Топырақтын сапасын бақылау әдістері  

1.Химиялық  көрсеткіштер

Топырақтың химиялық ластану деп антропогендік әсерлер салдарынан топырақтың сапасын нашарлататын топырақтың химиялық құрамының өзгерістерін айтамыз.

Топырақтың ластануын  бақылау принципі – оның құрамында  ластаушы заттардың шоғырлануының  бекітілген нормативтер мен талаптарға сәйкес болуын тексеру.

Топырақта зиянды заттардың  шоғырлануының жол берілетін  шамасы (ШРК) – олардың ең көп  мөлшерінде адамның денсаулығына тура және жанама теріс әсер етпейтін, топырақтың өздігінен тазару мүмкіндігіне зиян келтірмейтін шама.

Информация о работе Топырак сапасын ба5алау