Экология жалпы мәлмет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 22:24, реферат

Краткое описание

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдерқауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың,организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.

Вложенные файлы: 1 файл

экология.docx

— 247.25 Кб (Скачать файл)

Антропогендік фактор


Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тіріорганизмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесіндеатмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксид|оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.[1]

Антропогендік факторлар[


Антропогендік факторлар дегеніміз - бұл адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, коршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар.

Кез келген дарақ, популяция немесе бірлестік бір мезгілде осы факторлардың көптеген әрекетіне ұшырайды, алайда олардың кейбіреулерінің ғана емірлік маңызы болады. Ортаның мұндай факторлары шектеуші (лимитирующий) фактордеп аталады. Кез келген түр үшін экологиялық факторлардың әрқайсысынан өзіне қажетті барынша көп, ең аз және қолайлы әрекет ету қарқыны болады.[1]

1. Антропогендік  ластанудың негізгі көздері. 
1.1. Мұнай өндірісі. 
1.2. Химия өнеркәсібі. 
1.3. Жеңіл өнеркәсіп. 
1.4. Қара металлургия. 
1.5. Электр энергитика, энергетика өндірісі

Адам – биоәлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің әлеуметтік жағын өзгерте алады.

Адамдар табиғатты өзгерте отырып, әрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз әсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді.

Адамдарға табиғи ортадан басқа әлеуметтік – мәдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды. Осының нәтижесінде экология және мәдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы және жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бұл жердегі адамгершілік принцпінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген. Бұның өзі экология және құқық арасындағы байланысқа жатады.

Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады. Сол себепті де экология және саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары және министрлер талқылауда.

Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді паидаланудың келесі жолы рекрацияға пайдалану. Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда.

Егер жалпы жүйелі құрылымдық әдіспен айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп айтуға болады. Әдістің негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік. 1-ші мысалда толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын қарастырамыз. 1972 жылғы «Рим клубының» өтініші бойынша Масачусет технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап шығарды. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың атынан негізгі әсер етуші бағдарлама болып есептеледі.

Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық әдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы көптеген зерттеу әдістерінің бірі. Соңғы кездердегі қолданып жүрген әдістердің бірі – көпдеңгейлі шкала және динамикалық классификация. Көпдеңгейлі шкаланың негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі – ондағы адамға көпдеңгейлі әсер етудің нәтижесіндегі мінез-құлық.

Осындай ұдайы өзгеріс орта факторын тиянақты, тыңғылықты классификациялауда қиындық туғызады. Бұларды ұдайы анықтап отыратын әдіс – динамикалық классификация әдісі. Себебі осылар жоғарғы оқу орнындағы студенттер үшін арнайы оқытылатын курстың негізі болып табылады. Бұл пәнді игеруде өте терең білім қажет – ол үшін математиканы, физиканы, химияны, биологияны жақсы білу керек. Бұл пәндерге де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жоғары мемлекеттік стандарттарына сәйкес көңіл бөлініп, белгіленген мөлшерде сағат бөлінеді.

Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясын оқытудың актуалдылығы.

Соңғы кезде әрбір ұшырылған «протонның» қоршаған ортаға үлкен зиян әкелетіндігі анықталды. Гептильдің әсерінен уланған аумақтың көлемін анықтап, кінәлі жаққа толық мағлұмат беріп, олардың шығынын өтеп алу қажет. Бқл келтірілген оқиғалар дәлелдейтін екі факт ғана бар. Экология мамандардың қажет екендігін, мемлекетті экологиялық жағынан қоршаған ортаны қорғау керектігін республика президенті Н. А. Назарбаев Қазақстан инженерлері съезінде атап өтті.

Енді толығырақ айтсақ, Қазақстан аумағындағы ядролық жарыстан кейін жалпы күші Хиросима қаласына тасталған атом бомбасының күшінен 45000 есе көп. 1946 жылдан бастап, Арал теңізіндегі «»Возрождение» аралығында биологиялық және химиялық бомбалар жасау үшін іскери мекемелер ашылды. Дәл осы жерде Сібір жарасы, тулериями, бруцелез, тырысқақ және Кулихорадқа ауруларының қоздырғыштарын сынап көрді. 1950-1990 жылға дейін әртүрлі мақсаттағы сынақ полигоны жұмыс істеді. Ал олардың таза 200 кг өнімі айналасындағы жарты миллион адамды жойып жіберуі мүмкін.

Экологиялық индульгенция феноменін қалыптастыруда жапондықтардың жүргізген тәжірибелері экологиялық проблемаларға деген реакцияны зерттеуге көбінесе экологиялық тұрғыдағы мамандар емес, ғылыми зерттеу органдарының өтініші бойынша жасалынып, өздеріне қажет деген нәтижелерді ғана есепке алуда. Бұл жағынан қарасаң, кез келген мекеме экологиялық зерттеулер жүргізе беретін болды.

«Тұрақты даму» концепциясы 1992 ж. «Біздің жалпы болашағымыз» атты айдармен жарияланды. Бұл құжатта алғаш рет негізгі принциптер жинақталды. Яғни кез келген мемлекет стратегиялық жоспар жасауда осы принциптерді ұстануы қажет.

Бұл жердегі Қазақстан Республикасы үшін үлкен мәні бар принциптарды алайық:

- қазіргі және болашақтағы  ұрпақтардың өмір сүруіне қажетті  өнімдермен қамтамасыз ету және  оның қорын сақтау;

- биотехнологиялық тұрғыдан  ойластырылған, қалдықтан – қалдықсыз  өнім шығаруға көшу;

- біртіндеп органикалық  отынмен жұмыс істейтін энергетика  өнеркәсібінен қолайлы немесе  дәстүрлі емес энергния алу  көздеріне өту.

- табиғатты қорғаудағы  әкімшілік, экономикалық және құқықтық  әдістерді жақсарту.

- биосфераның көптүрлілігін  сақтау, қорғау бағытында жұмыс  істеу;

- экологиялық мәдениеттілік  кодексін тиянақты, бұзбай сақтау.

Егерде теориядан күнделікті өмірге келсек бұл бағдарламаны орындау және көп жыл бойы тиянақты жұмыс істеуді қажет етеді. Ендігі жерге 2030 стратегиясының адам экологиясымен тығыз байланысы бар пунктерін қарастырайық.

Қазіргі кезде адамның шаруашылықты ұйымдастырудағы, оны дамытудағы бірінші ойы – табиғат байлығы таусылмайтын құнсыз зат, екінші ойы тез арада сол жерден пайда табуы. Табиги ресурстардың толық құндылығы анықталмаған. Соңғы кездерде ғана табиғатты пайдаланғаны үшін төлем ақы мөлшері белгілене бастады. Экономикалық тұрғыдан қалдықтардың, ластанудың тиімсіз жақтары ескеріле бастады.

 


Қолданбалы экологияның басты салалары және негізгі заңы, тәртібі, қағидалары. Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаға антропогенідік әсер ету түрлерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Биосфераға антропогендік әсер  ету.

2.Биосфера компоненттеріне адам  қоғамының әсер ету ерекшелігі.

2.Адамның биосфераға әсер етуінің  түрлері.

3.Жер биосферасына әсер етудің  экстремалдық түрлері.

Қолданбалы экология міндеттері:  
- тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған колданбалы экологиясының, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың түрақтылығын оқып-білу; 
- биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салалары туралы білімдерді қалыптастыру; 
- әртүрлі мемлекеттердегі Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру; 
- экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда студенттердің ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру. 
Лекцияның қысқаша мазмұны .

 Биосфераға антропогендік  әсер ету. Биосфера компоненттеріне  адам қоғамының әсер ету ерекшелігі. Адамның биосфераға әсер етуінің  ерекше түрлері. Жер биосферасына  әсер етудің экстремалдық түрлері. Гидросфераға антропогендік әсер  ету. Литосфераға антропогендік  әсер ету.. Техногендік апаттар

Адамның табиғатқа әсерінің түрлері

Қоғам мен табиғат арасында қарым- қатынас басталғаннан бері күні бүгінге дейін  адамның табиғатқа жасайтын ықпалы біркелкі емес. Адам баласы тіршілігін сақтау үшін өмір бойы табиғи құбылыстармен күресуде. Қақаған аяз бен аптап ыстық кездерде өлмеу үшін ішер тамақ, киер киім табуы қажет болды.  Адам баласының санасының ең бір жетілген кезеңі отты пайдалануды үйренген кезі. Алайда сол от арқылы адам баласы айналаны  түтінмен ластап, орманды өртеп, биосфераға  зиянын тигізе бастағанын білген жоқ. Дегенмен сол көне заманда адамның табиғатқа ықпалы өте аз мөлшерде болды. Адам табиғатқа  түгелдей тәуелді болғандықтан қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр еді. Адамның ол кездегі табиғатқа ықпалы көлемінің аздығы сондай, оны қазіргі кездегі табиғатқа  жасалып жатқан өзгерістермен салыстыру мүлдем мүмкін емес.

Адамның табиғатқа әсерін тікелей әсер, жанама әсер және құрама әсер деп үш топқа бөлуге болады. Бұл әсер түрлері шамамен алынып отыр, олардың арасында шекара жоқ десе де болады. Дегенмен бұлай бөлудің адамның табиғатқа  ықпалы күрделі құбылысты түсінуге көмегі тиеді. Адамның табиғаттың қорына бірден барып жасаған әсерін тікелей әсер дейді. Мысалы адамның жер жыртуы, ағашты кесуі, аңдарды, құстарды, балықтарды аулауы, көмірді, мұнайды, газды қазып алуы тікелей әсерге жатады. Мұндай әсер ақырында сол табиғи қорлардың   азаюына немесе құрып кетуіне әкеледі.

Табиғатқа жасалатын жанама әсер тікелей әсердің салдарынан туады. Олай дейтініміз ағаштарды кесу табиғатқа қосымша жанама әсерді туғызады. Мысалы, ағашы кесілген жер енді ашық қалғандықтан топырақ, желдің әсерінен үгітіледі де, ұсақ өзендердің көзін басып қалады, өзен тартылады. Бұл әлгі өзен құятын көлдің кеуіп қалуына әкеледі. Су қоймаларының жағасындағы ағаш кесілсе жарқабақтар құлайды, судың булануы артады, су жануарлары мен өсімдіктерінің тіршілігіне қолайсыз жағдай туады. Кесілген орманның орны  ондағы кейбір хайуандардың, құстардың, өсімдік тіршілігіне қызмет етуден қалады. Сөйтіп хайуанаттар мен құстар қоныс ауыстыруға мәжбүр болып, ол жерлердегі кейбір өсімдік түрлері жойылады. Жер астындағы қазба-байлықты алу кезінде алдын ала сақтық жасалмастан, жүйесіз жүргізілетін болса, жердің құнарлы қабатының бүлінуіне, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі.

Табиғатқа жасалатын жанама әсердің салдары тікелей әсерден әлдеқайда қауіпті. Олай дейтініміз жанама әсердің жақын арадағы немесе көп уақыттан кейін білінетін зиянды салдарының көлемін анықтау қиын. Адамның табиғатқа жасайтын жанама әсерінен болатын зиянның экономикалық көлемі тікелей әсердің зиянынан әлдеқайда артып кетуі мүмкін.

Табиғатқа жасалатын тікелей әсер мен жанама әсердің басы қосылып құрама әсерді туғызады. Адамның табиғатқа әсері арнайы түрде және арнайы емес жүруі мүмкін. Табиғатқа адамның әсері алдын ала шешіліп, белгілі мақсатты орындау үшін жүретін болса, арнайы әсер болып шығады. Бұл табиғат байлығын белгілі бір мақсатқа пайдалану кезінде жүреді және бұл әсерді жұмыс деңгейіне және табиғи байлықтың мөлшеріне байланысты жоспарлы жүргізуге болады. Табиғатқа адамның арнайы емес әсері сенбі- жексенбі күндері адамдар көп жиналатын демалыс орындарында болады. Адамдар орманды ластап, шөптерді таптап, гүлдерді жұлып, бұтақтарды сындырып, аңдар мен құстарды қорқытып орманның табиғи ырғағын бұзады.  Мұның салдарынан бұталарда тұратын топ- тоғайлар жойылып, ағаштардың жоғарғы жағы кеуіп, ақырында өледі, шөптесін, гүлді өсімдіктер жойылады.

  1. Экологияның мүмкіндігі мен ғылыми – жетістіктерді жаңғырту;

  1. Табиғи және антропогенді факторлардың әртүрлі экологиялық шаруашылық жағдайларда өзара әсерлесудің ең тиімді жағдайын жасау;

  1. Табиғи ресурстарды және өмір сүру ортасын пайдалану нормаларын, оларға шекті жүктеулерді, әртүрлі деңгейдің экожүйелерін басқару формаларын, шаруашылықты экологияландыру әдістерін өңдеу;

  1. Адамның биосфераны бұзу механизмдерін, бұл процесстің алдын алу әдістерін зерттеу;

Информация о работе Экология жалпы мәлмет