Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 16:54, курсовая работа
Жалпы, бұл мәселелерді шешу үшін,ең алдымен, нарық жағдайындағы бюджет жүйесінің теориялық мәселелері бюджеттердің түрлері, осы бюджеттерді қалыптастырудың әдістері мен амалдары, сондай-ақ Республикада бюджет қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын басқару органдарға қаралып, зерттелуі тиіс. Бұл ретте бюджет жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ететін ғылыми - әдістемелік, ақпараттық-нормативтік және сондай-ақ кадрлармен қамтамасыз ету сияқты қосымша жүйелерді қалыптастыру қажеттігі туады.
Кіріспе
Бюджет жүйесі мемлекеттік қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан, бюджет жүйесінің салық жүйесімен және қаржы жүйесінің басқа да компоненттерімен өзара байланыста қызмет етуі механизмін теориялық және практикалық жағынан зерттеп білу нарық жағдайында көкейкесті проблемаға айналады. Елімізде бюджет жүйесін реформалау және жаңа бюджет жүйесін құру 1993 жылдан басталды. Бір айта кетерлігі , әзірге бюджет жүйесін құру мен жетілдіру салық жүйесін және қаржы жүйесінің басқа да элементтерін реформалаудан артта қалып келеді. Мұның өзі белгілі бір дәрежеде республикадағы біртұтас қаржы жүйесінің қызмет етуі механизміндегі жүйелілікті бұзады. Республика Президентінің “ Елдегі жағдай және 2002 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы” Қазақстан халқына Жолдауында республикада бюджеттік процесс қанағаттанғысыз жүргізілетіндігі баса айтылды. Ал, 2003 жылы бюджетті қалыптастыру барысында “Инвестициялар, табысы төмендері қолдау және елдің қауіпсіздігі” девизі негізгі болғаны баса көрінді.
Осыған байланысты Елбасы мынадай міндеттерді алға тартты:
-бюджетаралық қатынастардың орта мерзімді моделін бекіту;
- үш жылдық перспективалық бюджетті бекітуге көшуді қоса алғанда, бюджеттік процесті анағұрлым жетілдіру;
- еліміздің , Бюджет кодексінің тұжырымдамасы туралы ойлану.
Қазақстан Республикасының “ 2004 жылғы республикалық бюджет” туралы заңыңда бұл мәселелер шешілуіне қадам жасалып келуі көрінеді.
Жалпы, бұл мәселелерді шешу үшін,ең алдымен, нарық жағдайындағы бюджет жүйесінің теориялық мәселелері бюджеттердің түрлері, осы бюджеттерді қалыптастырудың әдістері мен амалдары, сондай-ақ Республикада бюджет қатынастарын реттеуді жүзеге асыратын басқару органдарға қаралып, зерттелуі тиіс. Бұл ретте бюджет жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ететін ғылыми - әдістемелік, ақпараттық-нормативтік және сондай-ақ кадрлармен қамтамасыз ету сияқты қосымша жүйелерді қалыптастыру қажеттігі туады.
1 Мемлекеттік бюджет жүйесі түсінігінің теоретикалық негізі
1.1
Айта кету керек, республикада бюджеттік қатынастар нышандарының зерттелуі мен қарастырылу жайы нашар. Қазіргі кезде мемлекеттің мемлекеттік кәсіпорындармен және ұйымдармен , сондай-ақ жаңа қаржы институттарымен ,атап айтқанда , мемлекеттік емес жинақтаушы қорлармен бюджеттік қатынастарын жан-жақты зерттеген жөн. Бюджет қатынастарының осы нышандарының бәрі республикалық және жергілікті бюджеттерде көрініс табады. Өз кезегінде жергілікті бюджеттер облыстық бюджеттермен , жергілікті бағыныстағы аудандық және қалалық бюджеттерден тұрады. 1993 жылы республикада поселкелік , селолық , ауылдық бюджеттер таратылды . Бұл ауылдар мен поселкелердің қаржылық базасының едәуір нашарлауына әкеліп соқты . Қазіргі уақытта нарық қатынастарының тереңдей түсуіне қарай басқару қызметін орталық -сыздандырып , жергілікті өзін-өзі басқаруға көшу қажет болуда.Біздің ше , мұндай жағдайда селолық-поселкелік бюджеттерді аудандық бюджеттер құрамында қалпына келтірген жөн болар еді . Оның үстіне жаңа салық кодексінде жергілікті атқарушы органдардың жергілікті салықтарды ,атап айтқанда , жер салығын, мүлік салығын және жеке тұлғалардан көлік салығын жинауда өкілеттігі кеңейтілген . Демек , біздің ойымызша ,осы салықтардан түсімдердің бір бөлігі селолық-поселкелік бюджеттерде жұмылдырылуы қажет. Бұл бюджет рессурстары жергілікті атқарушы органдардың қаржылық базасы болып табылды , сондай-ақ селолық- поселкелік бюджеттер әкімдеріне жергілікті жерде жекелеген әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу үшін нақты қаржы тұтқалары мен қаражат береді. Бір сөзбен айтқанда ,олар осы міндеттерді шешу үшін аудан әкімінен , аудандық бюджеттен ақша сұрамайтын болады.
1999 жылдан бері республикада қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануда жаңа қаржы құралдары, атап айтқанда , мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары пайдаланыла бастады. Қазіргі кезде жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық процесінің теориялық ерекшеліктері анықталады, ақшаның уақытша құны тұжырымдамасының даму ыңғайында жинақтаушы қордың инвестициялық портфелін басқару процесінде инвестициялық табысты қалыптастыру әдістемесі айқындады . Бүгінгі таңда , бұл қорларда 150 миллиард теңгеден астам қаржы шоғырланған . Олар негізінен мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда . Өкінішке орай , бұл қаржы ресурстары орталықтандырылған және аудандардың әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін пайдаланылмайды десе де болады.
Дұрысында жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаты экономиканың нақты секторын қолдауға бағытталуы тиіс. Оны қалайша жүзеге асыруға болады? Бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қорларының заем қаржысы есебінен республикалық, облыстық және аудандық бюджеттердің нақты инвестициялық жобаларын жүзеге асыруды қарастыруға болады. Бюджет қарызға ақша алады және оларды жобаларды іске асыруға бағыттайды . Ал, қаражаттың қайтарылуына бюджет кепілдік береді. Қазіргі кезде республикада бюджет арқылы Дүниежүзілік банктің , Азия даму банкінің және басқа да шетелдік қаржы институттарының заемдары есебінен 30-ға тарта инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Осы жобаларды іске асыру барысында құрылыс - монтаж жұмыстарын орындауға және басқа да қызмет түрлеріне тендерлерді шетелдік фирмалар жеңіп алуда. Демек , заем қаржысы негізінен шетелдік фирмаларды қаржы - шаруашылық жағынан қолдау үшін пайдаланылады. Ал , егер біз жобаларды іске асыру үшін ішкі қаржы ресурстарын , атап айтқанда жинақтаушы зейнетақы қорларын пайдалансақ , онда нақты ақша отандық тауар өндірушілерді қолдауға жұмсалған болар еді.
Бұл жаңадан жұмыс орындары , жаңа салық базасы және де бюджетке қосымша қаржы түсімдері деген сөз.Осы орайда заем қаржысы есебінен бюджет арқылы қаржыландырылатын басыңқы , тиімді жобаларды , бағдарламаларды айқындап алу маңызды болып табылады.
2004 жылға арналған бюджет жобасында Қаржы министрлігі заңды тұлғаларға табыс салығынан түсетін түсімдерді түгелдей республикалық бюджетке алып қойып, орнына жергілікті деңгейге акциздерді ( импортқа және қоршаған ортаны ластағаны үшін акциздерінен басқа) береді. Бұл негізінен субъективті жағдайлармен байланысты туған жәйт секілді.Өйткені 2000 жылдан бастап заңды тұлғаларға табыс салығы түсімі күрт ұлғайды. Ол, 1999 жылы 54,8 млрд. теңге болса , 2003 жылы 236,5 млрд. теңгені құрады немесе 4 есе ұлғайды . 2003 жылы заңды тұлғалардан жергілікті бюджеттерге табыс салығы түсімі 81,8 млрд. теңгені құрады немесе 2,9 есе артты. Салықтың бұл түрінің жергілікті бюджеттер кірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 40 пайыздан астам болды. Атырау облысы бойынша мұнай салық түсімі 25,9 млрд.теңгені ( 1999 жылы –3,9 млрд. теңге) , Қарағанды облысы бойынша 10,3 млрд. теңгені ( 1999 жылы -3,9 млрд. теңге) құрады. Қызылорда , Маңғыстау ,Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша да жағдай осыған ұқсас. Осының бәрі жергілікті бюджеттер шығыстарының , әсіресе жоғарыда аталған облыстарда, шығыс бөлігінің күрт артуына әкеліп соқты. Сондықтан көптеген облыстар 2004 жылға арналған бюджет жобасын қалыптастыру барысында жергілікті бюджеттердің шығыс міндеттемелерін бірнеше есе ұлғайтты . Бұған Президент те назар аударды. Үкіметтің корпоративтік табыс салығы республикалық бюджетке түсетін болады деп шешім қабылдады. Бұл арада корпоративтік табыс салығы мен заңды тұлғалардан табыс салығының салық базасында айырмашылық бар екендігін айту керек. Сонымен бірге , осы және толық дерлік , жергілікті бюджеттерге түсетін акциздер жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайта қоюы неғайбыл. Өйткені , 2003 жылы акциздерден түсім республика бойынша тұтас алғанда 15,2 млрд. теңгені құраса, содан жергілікті бюджеттерге түскені 4,0 млрд. теңге шамасында. Демек , мынадай заңды сұрақ туады. Жергілікті бюджеттер заңды тұлғаларға табыс салығы мен акциздер түсімдері арасындағы айырмашылықты (81,8-15,2) қайдан алады ? Мұндай соманы акциздер бойынша салық базасын ұлғайтудан алу қиындау. Ең негізгісі бұл да емес. Мәселе, бюджетаралық қатынастарды бұлайша реттеу барысында біз экономикалық жағынан алғанда жергілікті атқарушы және өкілетті органдарды экономиканың нақты секторынан алшақтатамыз. Өйткені, заңды тұлғаларға табыс салығы бойынша негізгі салық төлеушілер аудан, қала және облыс аумағында жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер ( кәсіпорындар ,ірі компаниялар , фирмалар , бірлескен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар) болып табылады . Осыдан келіп шаруашылық жүгізуші субъектілердің аудандардың, қалалар мен облыстардың әлеуметтік - экономикалық дамуына ықпалы әлсірейтін болады. Сондай-ақ , 1997 жылдан бастап қосымша құн салығы да толығымен республикалық бюджетке түсетін болғанын айту керек. Ал, жергілікті бюджеттерге жеке тұлғалардан табыс салығы мен әлеуметтік салық түседі. Бұл салықтардың салық салу базасы жалақы қоры болып табылады. Бұл екі салықтың жергілікті бюджеттер кірістерінің жалпы көлеміндегі үлестер 2004 жылы 50 пайыздан болса ,ал заңды тұлғалардың табыс салығын есептемегенде 73 пайызды құрады. Мұндай жағдайда аудан , қала және облыс әкімдері бюджеттен , ең алдымен , жалақыны төлеуге мүдделі болады. Бұл, біріншіден , әлеуметтік міндетті шешеді, екіншіден , облыс , аудан және қала бюджеттерін қаржы түсімімен қамтамасыз етеді. Сондықтан облыс, аудан әкімдері нақты секторды ,шағын және орта бизнеске қолдау жасауды кейінге ысыра тұрады.
“2004 жылға арналған бюджет туралы” Қазақстан Республикасының Заңында бюджет көлемі былай бекітілген :
1.Түсімдер –875.896.221 теңге , оның ішінде кірістер – 79.306.164 теңге алынған ресми трансферттер –66.908.685 теңге , кредиттерді қайтару 18.681.372 теңге
2. Шығыстар –968.559.221 теңге , оның ішінде :
шығындар –930.652.184 теңге ,кредиттер –37.907.37 теңге
Қазақстан Республикасының
“ 2004 жылға арналған республикалық
Екіншіден , мемлекеттік қызметшілерінің , білім беру , денсаулық сақтау салаларының және бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайтылады. Мысалы , әулеметтік салаға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 2004 жылы 320,7 милиард теңгені құрайды немесе 2003 жылға қарағанда 20,7 пайызға арттырылып отыр. Ал 2003 жылғы қаржыландырумен салыстырғанда , республикалық бюджет қорының білім саласын дамыту 2004 жылы 51,6 пайызға , денсаулық сақтау 22,3 пайыз, әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету және әулеметтік көмек 15,2 пайыз артады.
Осылайша бюджетаралық қатынастарды реттеу республика үшін көкейкесті және күрделі проблемаға айналып отыр . Сондықтан үкімет жыл сайын түрліше шешім қабылдайды, әйтсе де бюджетаралық қатынастардың тиімді моделін таба алмай келеді. Заңды тұғаларға табыс салығынан аударым жасаудың тұрақты нормативтерін белгілеу де бюджетаралық қатынас мәселесін шеше алады. Мәселе , республикада әр аймақтың әлеуметтік –экономикалық дамуы , аумақтық- климаттық жағынан өз ерекшеліктері бар екендігінде болып отыр. Сондықтан қолданылып жүрген реттеу құралдары мен механизмдері ,атап айтқанда ,жекелеген салықтардан аударым жасаудың тұрақты нормативтерін белгілеу, сондай-ақ бюджеттік алып қоюлар аймақтардың жоғарыда айтылған ерекшеліктерін ескермейді және әлеуметтік міндеттерді шешуді қамтамасыз етпейді. Оның үстіне бюджеттік алып қоюлар, бюджетаралық қатынастарды реттеудің экономикалық құралы емес, әкімшілік -командалық әдіс. Осының бәрі бюджетаралық қатынастар нышанын және оларды реттеу механизмін жан-жақты зерттеуді талап етеді. Республикада бұл мәселелердің зерттелуі өз деңгейінде емес. Бюджеттік процесс, бюджеттік реттеу жөніндегі зерттеу жұмыстары, қолданбалы жұмыстар тиісті дәрежеде жүргізілмейді. Қазіргі кезде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті “Мемлекеттік бюджет және қазыналық” мамандығы бойынша мамандар даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны болып отыр. Қаржы министрлігі бұл салада мамандар даярлауға тапсырыс бермейді. 1999-2003 жылдары аталған мамандық бойынша грант та, несие де аз бөлінуі осының айғағы.
2004 жылы бұл мамандық бойынша грант та, несие де көлемді бөлінуі тиіс.
2. Мемлекеттік
бюджеттің экономиканы
Әрбір елде мемлекеттік қаржының негізін бюджет құрайды, ал дәлірек айтатын болсақ , мемлекеттік бюджетті және әкімшілікті бірліктердің бюджеттерін кірістіретін бюджет жүйесі құрайды.
Ең алдымен , бюджеттік жүйе әрекет етуші мемлекеттік құрылыспен анықталады. Біртұтас мемлекеттерде ( Қазақстан солардың қатарына жатады ) бюджеттік жүйе екі звенодан құралады : мелекеттік және көптеген жергілікті бюджеттер.
Бюджеттер қаржылық қатынастардың күрделі кешені болып табылады, сондықтан оны шешу әдістері де кешенді болуы керек. Тек сол жағдайда ғана мемлекеттік экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы ретінде өз қызметін толығымен атқара алады. Бюджеттік саясат дегеніміз - мемлекеттік шығындар , салық ставкалары мен мемлекеттік қарыз саясаты, экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейіне әсер ету мақсатындағы мемлекеттік табыстар мен шығыстар деңгенін реттеу тәсілі, нарықтық тепе-теңдікті ұстап тұру мен ұлттық экономиканың бөлек салаларын дамытуды ынталандыру.
Бюджеттік саясат мемлекеттің бюджетті өңдеу мен іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік бюджет елдегі белсенді экономикалық саясатты жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың маңызды құралы.
Бюджеттік шығындар саяси, әлеуметтік және шаруашылық сипаттағы көптеген қызметтер атқарады. Бюджет шығындарының құрылымын өзгерте отырып, мемлекеттік органдар сұраныс пен капитал салым көлеміне , экономикалық салалық және аймақтық құрылымдарына , әлемдік нарықтағы бәсекелестікке реттеуші әсерін тигізіп отырады және қандай да болмасын , экономикалық саясаттың практикалық жүзінде іске асырылуына қол жеткізе алады.
Мемлекеттік бюджетті өңдеу мен қабылдау тәртібі - мемлекет кірістері мен шығыстарын қалыптастырудың заңды түрде бекітілген процедурасы . Бюджетті бекіту кезінде өкілетті және орындаушы органдардың мүдделері қайшылыққа түсуі мүмкін . Кейде мұндай қайшылықтар Парламент немесе үкімет таратылуымен аяқталуы мүмкін.
Бюджетті құрастырушылар белгілі бір берілген жағдайларға сәйкес оны өңдейді. Дәлірек айтқанда :
1) Әлеуметтік - экономикалық даму мақсаттары :
- халықтың бөлек топтарына көмек көрсету;
- әлеуметтік саланы қаржыландыру ;
-өндірушілерге селективті түрде қолдау көрсету;
2) Ұлттық экономикалық дамуына әсер етуші сыртқы экономикалық шектеулер :
- экспорттық мүмкіншіліктер;
- импорттық мүмкіншіліктер;
- төлем балансы.
3) Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруға әсер ететін ішкі шектеулер.
-өндірістің дамуы ;
- кірістің ұлғаюы;
-мүлік жағдайының ұлғаюы;
-акциз , тарифтер ставкалары деңгейі.
Мемлекеттік бюджеттің орындалуының ең тамаша үлгісі мемлекеттік шығыстарды кірістермен жабу болып табылады , ең жақсысы , қалдықтың- профициттің болуы. Көбінесе , мемлекеттік бюджеттің орындалуында профицит өте сирек кездеседі.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы ел экономикасының тұрақтылығын сипаттайтын маңызды экономикалық көрсеткіштер санатына кіреді. Бюджет тапшылығының қауіпті формасы экономикадағы дағдарыс , экономикадағы құлдырау нәтижесінде үкіметтің елдегі қаржылық жағдайын бақылай алмағандығынан туындайтын тапшылық болып табылады. Бюджет тапшылығының оптимальды деңгейі елдегі инфляцияға сәйкес келуі керек. Халықаралық стандарттар мүмкін бюджет тапшылығын жалпы ұлттық өнімнің 2-3 пайызы деңгейінде қарастырады. Мұндай тапшылықтар орталық банктің төмен проценті немесе процентсіз несиелерімен жабылады . әлемдік тәжірибеде тапшылықты жабудың негізгі екі тәсілі бар: сыртқы және ішкі қарыздар , мемлекеттік бағалы қағаздарды сату түрінде жүзеге асырылады.
Үкіметтің ағымдағы берешегі жинала бере мемлекеттік қарызға айналады, ішкі және сыртқы несие берушілерге қарыздар бойынша процент төлеу мемлекет берешегі сомасын құрайды. Берешекке қызмет көрсету дегеніміз алынған қарыздар бойынша тұрақты пайыз төлеу механизмі деген сөз. Мемлекеттік қарыз бюджет тапшылығы динамикасымен анықталады.
Нарық жағдайында бюджет мемлекет пен салық төлеушілерге берілетін қоғамдық игіліктер негізінде қалыптасатындықтан , трансферттің шамасын есептеу әдістемесіне тоқталсақ:
Информация о работе Мемлекеттік бюджет жүйесі түсінігінің теоретикалық негізі