Қазақстандағы кедейшілік мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 17:09, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатым: Кедейшілікке қарсы күрес жүргізу – мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі болып танылады. Қазақстанның әрбір аймағына кедейліктің өзіндік деңгейі мен сипаты тән. Сондықтан кедейшілікке қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын дайндағн дұрыс болар еді. Әр аймақтың бағдарламасын жасағанда, оған кіретін барлық аудандарды жеке-жеке зерттеу керек. Оның үстіне ең ауыр әлеуметтік жағдайға тап болған аймақтар мен аудандарды бөліп көрсету керек. Кедейшілікке бөлінетін қарыжатты ең алдымен осы аймақтар мен аудандарға жұмсау керек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3

1 бөлім. Кедейшілік – макроэкономикалық маңызды мәселесі................................5
1.1. Кедейшілік және оның өлшемі.....................................................................
1.2. Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық категория ретінде................................

2 бөлім. Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы.
2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің қазіргі жай-күйін талдау
2.2. Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және оны шешу жолдары

Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ.docx

— 64.96 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАРЫ:

 

 

Кіріспе...................................................................................................................3

 

1 бөлім. Кедейшілік –  макроэкономикалық маңызды мәселесі................................5

1.1. Кедейшілік және оның өлшемі.....................................................................

1.2. Кедейшілік - әлеуметтік-экономикалық категория ретінде................................

 

2 бөлім.  Қазақстандағы  кедейшіліктің осы заманғы жағдайы.

2.1 Қазақстандағы кедейшіліктің  қазіргі жай-күйін талдау

2.2. Қазақстандағы  кедейшілік  мәселесі және оны шешу жолдары

 

Қорытынды...............................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 Кіріспе.

        Кедейлiк  - бұл халықтың белгiлi бiр топтары  өмiр сүру құқықтарын iске асыруға  байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық  қажеттiлiктердi қанағаттандыруда  қиындық көретiн, конституциямен  бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар  шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды  қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын  әлеуметтiк-экономикалық құбылыс.

       Әлем жұртшылығын бүгінгі таңда кедейшілікті азайту мәселесі толғандырып отыр. Дүниежүзілік Банктің (ДБ) 2000-2001ж.ж. Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек : "Асып-тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік артып отыр. Жер шарында 6 млрд тұрғынның 2,8 млрды, демек тең жартсына жуығының бір күндік табысы АҚШ долларына жуық болса, 1,2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді".

        Бір  ғажабы, кедейлер мен қайыршылардың  сары күннен күнге өсіп бара  жатқанымен, жер жүзіндегі жалпы  өмір сүру деңгейі жақсара  түсуде. Дүниежүзілік байлық пен  молшылықтың, сондай-ақ, халықаралық  байланыстар мен техникалық мүмкіндіктер  дамуының арқасында соңғы жылдары  адамзаттың өмір сүру деңгейі  күрт өскені белгілі. Алайда  жер жүзінің әр қилы аймақтарында  қайыршылы пен кедейшіліктің  кең қанат жаюы әлем байлығының  үлесі біркелкі жұмсалмайтындығын  дәлелдеп отыр.

         Сонымен, кедейшілік пен қайыршылық  проблемасы әлем дамының ең  күрделі әрі өзекті мәселелерінің  бірі. Оның салдарынан балалар  өлім-жетімі артып, өмір сүру  ұзақтығы азайып, қатерлі инфекциялық  аурулар мен сауатсыздықтың етек  алатыны белгілі.

 Мақсатым : Кедейшілікке  қарсы күрес жүргізу – мемлекетіміздің  ең басты міндеттерінің бірі  болып танылады. Қазақстанның әрбір  аймағына кедейліктің өзіндік  деңгейі мен сипаты тән. Сондықтан  кедейшілікке қарсы күрестің  аймақтық бағдарламаларын дайндағн  дұрыс болар еді. Әр аймақтың  бағдарламасын жасағанда, оған  кіретін барлық аудандарды жеке-жеке  зерттеу керек. Оның үстіне  ең ауыр әлеуметтік жағдайға  тап болған аймақтар мен аудандарды  бөліп көрсету керек. Кедейшілікке  бөлінетін қарыжатты ең алдымен  осы аймақтар мен аудандарға  жұмсау керек. 

Тақырыптың өзектілігі : Бұл тақырыпта Қазақстанға қаншалықты тән әрі көкейкесті екендігі талқыланады. Онда кедейшіліктің ғаламдық проблема екендігі және түбегейлі өзгерістерді басынан кешіп отырған елдер  үшін аса ауыр жағдайда өтетіні туралы сөз болады. Содай-ақ, кедейшілік мәселесін  түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастыру  тәсілдері (табыс, басты қажеттіліктер  және  адам потенциалын дамыту көзқарастарынан) келтіріледі.

Зерттеу жұмысының міндеті:

- кедейлікке және оның  шығу себептеріне жалпы теориялық  сипаттама беру;

- Қазақстандағы экономикалық  өсудың кедейлікке тигізетін  әсерін қарастыру;

- қоғамдағы кедейліктің  аймақтық ерекшеліктерінің өзектілігін  жан-жақты қарастыру.

Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың  бүгінгі күні ахуалы, сонымен бірге  халықтың материалдық қамсыздану деңгейі.

 

Зерттеу жұмысының пәні:  Қазақстандағы кедейліктің шығу мәселелері, ауыл және қала кедейшілік проблемалары, халықтардың табыстарындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздік  сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономикалық жағдайдағы халықтың әл-ауқатын  жақсарту стратегиялары.

Ақпараттық базасы: зерттеу  жұмысында Қазақстан Республикасының  статистикалық мәліметтері, БҰҰ  жүргізілген зертеулерінің нәтижелері және кедейшілікпен күресудегі қабылданған  бағдарламалардың мәліметтері қолданылды.

Жұмыс құрылымы: екі бөлімнен, кіріспе, қорытынды және қолданылған  әдебиеттерден тұрады

      Ел Президентінің  1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030»  деп аталатын алдағы даму жолымызды  байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын  ұсынды. Барлық қазақстандықтардың  өсіп - өркендеуі, ел экономикасының  өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және  әл – ауқатының артуы –  деп аталатын Қазақстан халқына  жолдауында болашақта жүзеге  асырылуға тиіс ұзақ мерзімді  «7» басымдылық аталды. «Біздің  елімізбен айтқан перспективаларға  қол жеткізуі үшін мынадай  ұзақ мерзімді жеті басымдықты  іске асыруы қажет» деп ерекше  атап кетті.

       Елбасының  демократиялық ел билеудің дәстүрлеріне  жүгініп, реформаны ойдағыдай  өрге бастыру үшін жұртшылық  пен әрбір азаматты іске жаппай  жұмылуға шақыратын саяси бастаманы  дер кезінде көтерді. Азаматтық  қоғамымыздың кемелділігі де  осындай сындарлы бастаманы қаншалықты  ұйымшылдықпен қостағанын бүгінгі  таңдағы іс - әрекеттер дәлелді  айқындап беріп отыр.

        1998 жылы  Қазақстанда алғаш рет халықтың  кедейшілік индексі есептелді.  Осы интегралды көрсеткіш Қазақстандағы  кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру  арқылы 1 және 2 жоқшылықтар индексі  негізінде әзірленді. Бұл жоқшылыктар  индексін БҰҰ ДБ ұсынған.

       «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасын  белгілегендегі басты мақсат  – экономикамызды, соның нәтижесінде  қасиетті халқымызды дүние жүзіне  паш ету. Халықтың әл – аухатын  жақсарту. Рухани және табиғи  байлығымызды шашпай – төкпей, ұрпақтан – ұрпаққа аман –  есен табыстау. 2030 жылы Қазақстанды  «Қазақстан Барысына» айналдыру.

         Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан  халқының әрбір азаматтары үшін  «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының  маңызы, мәні өте терең. Себебі, біздің тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге  биылғы жылы 14 жыл толып отыр. Ол тәуелсіздікке біз қалай  қол жеткіздік тарихымыздан аян.  Ал, ендігі мәселе Қазақстан Республикасының  дамуы қалай қарай жылжып бара  жатқандығында .Осының салдарынан  экономиканы жоспарлау мәселесі  туындады.

       «Қазақстан - 2030» - дан кейін қамтылған  мәселелері мен қабылданған шешімдерінің  және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы  жағынан үлкен екінші құжат  – ол Қазақстан Республикасы  Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы  № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан  Республикасының 2010 жылға дейінгі  стратегиялық даму жоспары». Бұл  құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі  даму моделі анықталды. Оның  мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда  бәсекеге қабілетті экономиканың  негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:

  • халықтың тұрмыс – тіршілігін жақсарту;
  • кедейшілікті жою;
  • халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
  • мемлекетті экономикалық өрлеу «локомотивіне» айналдыру;
  • мемлекеттің қатысуымен жүйе түзетін ірі компанияларды құру және оларды аймақтық және мүмкіншілігінше, әлемдік деңгейге шығару;
  • ТМД аймағындағы экономикалық өктемдікке қол жеткізу көзделген.

       Кедейлік  мәселесі әлемде тарихи дамудың  әр кезеңде болған, боладыда. Өмір  сүру деңгейі, жұмыссыздық, кедейлік, экономикалық өсу маңызды да  өзара тығыз байланысты мәселелер. 

      Бүгінгі  таңда кедейліктің таралу фактілері  әлемде үлкен масштабтарға ие. 1,3 миллиардтан астам адам кедейліктің  ең төменгі шегінде. Соңғы 30 жыл ішінде ең бай және ең  кедей адамдар қатынасы 30:1 ден  61:1 дейін өсті. 20 пайыздық ең ауқатты  адамдардың үлесі 70 пайыздан 85 пайызға  өсті, ал ең кедей адамдардың  үлесі 2 пайыздан 1,4 пайызға төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кедейшілік және оның өлшемі

Кедейшілік – бұл терең  әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық  тамырлары болатын күрделі құбылыс. Кедейшілік уақыт пен кеңістікте салыстырмалы болады. Оны бағалау  мен өлшеуді әрбір елдің дамуының тарихи жағдайларын ескеріп өткізу керек.

Кедейшілікті бағалау  мен өлшеудің бірнеше ыңғайлары  бар: абсолютті, салыстырмалы және субъективті. 1997 жылғы адамның дамуы туралы Баяндамада БҰҰ-ның даму бағдарламасы кедейшілікті адам әлеуетінің даму тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Бұл кезде  табыстар деңгейі, күнкөріс минимумы, сатпы алу қабілеті сияқты кедейшіліктің  дәстүрлі көрсеткіштерімен қатар адамның  даму индикаторлары қолданылады (өмірдің  күтілетін ұзақтығы, жұмыссыздық, жасөспірімдер  мен аналардың өлімі және т.б.). Адам дамуының индикаторлары мыңжылдық  дамуының Мақсаттары мен міндеттерін  қамтиды. Сәйкесінше, есеп беруде Қазақстанда  кедейшілікті өлшеу үшін индикаторларының кеңейтілген тізімі ұсынылады.

Күнкөріс минимумы – бұл  мемлекеттік әлеуметтік саясаттың  маңызды құралы. Әлемдік тәжірибеде ол абсолютті кедейшілік ретінде  қолданылады және «кедейшілік шегі»  деп аталады. Кдейшілік шегі –  бұл адамның негізгі қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін қажетті табыстың минималды деңгейі. Қазақстанда  да кедейшілік деңгейін өлшеу үшін күнкөріс минимумы қолданылады. Бірақ  экономикалық теңсіздікпен тығыз байланысты болатын кедейшілік қоғамның барлық таптарының әл-ауқат деңгейімен қоса қарастырылуы керек. Есепке сәйкес, Қазақстанда  кедейшілік деңгейін төмендетуге бағытталған  мемлекеттік саяст тек абсолютті  кедейшілік жағдайындағы адамдарға  ғана емс, кедейшілікке душар болу тәуекелін  болдырмауға да бағытталуы керек. Абсолютті  кедей болу тәуекел қапі төнген адамдарды  анықтау үшін күнкөріс минимумының  екі мөлшеріне тең табыс деңгейінің шекті мөлшерін пайдалану ұсынылады. Табыстардың мұндай дңгейі минималды  деңгеден жоғары болса да, қалыпты  өмір сүру деңгейін қолдауға қажетті  адамның физикалық және ойлау  қабілеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік  бермейді.

Табыстар бойынша негізгі  критерийлер – бұл күнкөріс минимумы және кедейшілік шегі. Күнкөріс минимумы кедейшілік деңгейін анықтаудың негізі болып саналады жәнеминималды тұтынушылық  қоржыны негізінде есептелінеді, ол 701 пайызға азық-түліктік және 30 пайызға  азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерден тұрады.

Кедейшілік шегі күнкөріс минимумының бір бөлігін құрайды. Бұл көрсеткіш, ең алдымен, адрестік әлеуметтік көмекті көрсетуде мемлекеттің  мүмкіндіктерін сипаттайды. Табыстар бойынша кедейшілік индикаторлары  – бұл табыстары күнкөріс минимумнан төмен болатын халықтың үлесі, кедейшілік алшақтығы мен өткірлігі.

Табыстық емес кедейшілікті бағалаудың негізгі критерийлері –  бұл негізгі әлеуметтік игіліктер  мен қызметтердің қол жетерлік минималды  деңгейі. Денсаулық сақтау сферасында – бұл жан басына шаққандағы медициналық  ұйымдары жоқ қоныстардың саны; білім  беруде – бұл балаларды оқумен қамту, мектептері жоқ қоныстардың  осаны, білім беру мекемелерінде  материалдық көмек көрсетілгендер; әлеуметтік көмек жүйесінде –  халықтың осал топтарына көрсетілген  көмекпен қамту және оның мөлшері.

Кедейлер үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетерлігінің жанама индикаторлары болып денсаулық, білім, өмірдің орташа ұзақтығы, әлеуметтік деградация (алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыстық) көрсеткіштері, сондай-ақ халықтың көші-қонысының көрсеткіштері табылады. Бірақ бар индикаторлар кедейшіліктің  барлық аспектілерін толық көрсетпейді. Физикалық инфрақұрылымның қол  жетерлігінің индикаторлары кедейшіліктің  коммуникациялардан алшақтық, табиғи немесе энергетикалық ресурстардың шектеулігі сияқты факторларын ашып көрсетеді, бірақ олар қажетті шараларды  жасауда жеткіліксіз көлемде  қолданылады.

Кедейшілік профилі –  бұл кедейшіліктің ең айқын көріністерінің сандық және сапалық сипаттамасы.

        Кедейлікті  өлшеудің бірнеше тәсілдері бар,  олар абсолютті, салыстырмалы  және субъективті тәсілдер. 1997 жылдағы  адам дамуы туралы Баяндамада  БҰҰ даму Бағдарламасы кедейлікті  адам дамуы көзқарасы тұрғысынан  қарауды ұсынды. Осы контексте  табыс деңгейі, күнкөріс минимумы  және сатып алу қабілеті сияқты  дәстүрлі  көрсеткіштермен қатар  адам дамуының көрсеткіштері  (болжалды өмір ұзақтығы,жұмыссыздық)  қолданылады. Адам дамуының көрсеткіштері  мыңжылдық дамуының барлық мақсаттары  мен міндеттерін қамтиды. Соған  сәйкес, есепте Қазақстандағы кедейлік  өлшемі индикаторларының жаппай  қамтитын тізбесін пайдалану

ұсынылады.

    

        Күнкөріс  минимумы – кедейлікті азайту  жөніндегі мемлекеттің әлеуметтік  саясатының маңызды құралы. Шын  мәнінде әлемде ол абсолюттік  кедейліктің критерийі ретінде  пайдаланылады да, «кедейлік шегі»  деп аталады, ол адамның негізгі  мұқтаждарын қанағаттандыруға жарамды  ең төменгі табыс деңгейі ұғымын  білдіреді. Қазақстанда да күнкөріс  минимумы сондай-ақ абсолютті  кедейлік деңгейін өлшеу үшін  қолданылады. Алайда кедейлік  экономикалық теңсіздікпен тығыз  байланысты.

Информация о работе Қазақстандағы кедейшілік мәселелері