Қазақтан Республикасында азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2012 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді.

Вложенные файлы: 1 файл

азык тулик.docx

— 55.07 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ 

Азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету – күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі  орталық мәселелердің бірі болып  табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді  қамтамасыз етпейінше бір де бір  ел басқа мемлекетке тәуелділіктен  құтыла алмайды.  Қазақстан экономикасының тұрақтануы  және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Бірақ, енді ғана басталып келе жатқан экономикалық  өсу  90-жылдары туындаған дағдарыстың салдарын жойып жіберді деп айту мүмкін емес. Мұндай тұжырымды жасауға  республиканың азық-түлік қауіпсіздігінің жағдайы, аграрлық өнеркәсіптің (шынайы даму тенденциясы) және отандық азық-түлік  нарығының шынайы даму  тенденциясы,  оның деңгейінің әлемдік, азық-түлік нарығындағы өзгерістерге тәуелділігі, елдің әртүрлі аймақтарындағы  халықтардың әлеуметтік жағдайы  мен төлем қабілеттілігі жағдайы негіз болып табылады. Елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің қажетті шарты – ұлттық шаруашылықтың  көптеген салаларымен қарым-қатынаста  болатын, экономиканың ірі секторы – агроөнеркәсіптік кешен қамтамасыз ететін олардың өзін-өзі  қамтамасыз етуі ( азық-түлік тәуелсіздігі)  болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету дегеніміз ауыл-шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер  мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін  азық-түліктің негізгі бөлігін  материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық жағдайлар жасау есебінен  ел ішінде өндіру. [1]

Кез келген елде  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің  деңгейі мен сапасы  ауыл шаруашылық жағдайы  мен агроөнеркәсіптік  кешенге байлынысты салалардың жағдайына  тікелей байланысты болады. Зерттеулер көрсеткендей,  ауыл-шаруашылық өндірісінің  келесідегі жағдайы негізгі үрей туғызады: егістік өнімдері жағдайларының  нашарлауы, ауыл-шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базаларының жетіспеушілігі; жермен және малмен  айналысудың өнімділігінің төмен деңгейі; кейінгі жылдардағы табиғи-климаттық факторлардың жағымсыз үйлесуі (құрғақшылық, су тасқыны және т.б.); астық мәдениетінің өнімділігінің қысқаруы және т.б.

Елдің  азық-түлік қауіпсіздігі  мәселелерін зерттеу,  ғылыми негізделген  нормалар бойынша  негізгі тамақ өнімдеріне  деген халықтардың қажеттіліктерін  қанағаттандыру мақсатында, ел ішіндегі аграрлық  өндірістің тиімділігін  көтеруге бағытталған іс-шаралар  кешенін жасау  зерттеу тақырыбының өзектілігін  және оның елдің  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғылыми-практикалық маңыздылығын анықтайды.

Азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету отандық және шетелдік  авторлардың зерттеулеріндегі көзқарас бойынша республикадағы агроөнеркісіптік өндірісті дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін  талдау және оның  потенциялы мен  мүмкіндіктерін бағалау, зерттеліп отырған тақырып толық ашылмағандығын және де концептуалды шешімдерді іздеу деңгейінде екенін көрсетеді. Осыған байланысты, диссертациялық жұмыста азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетелдік оқымыстылардың ғылыми жұмыстары талданған.

Жұмыстың мақсаты азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша  мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін анықтау үшін Қазақстандағы азық-түлік  қауіпсіздігінің баға берудің  теориялық және әдістемелік аспектілерін жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ҚАЗАҚСТАНДА  АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 
1.1. Азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету ұғымы

 

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан  халқына арнаған 2010 жылғы Жолдауында «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету – маңызды мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің  ішкі нарығының 80 пайызын отандық  азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде  бұған толық мүмкіндік бар», –  деп бүгінгі таңда ғаламдық мәселенің  біріне айналып отырған азық-түлік  қауіпсіздігі төңірегінде отандық  өнімдердің орнын ерекше атап көрсетіп, бұл саланы ойдағыдай дамытуға қол  жеткізуіміз керектігін қатаң тапсырды.

Азық-түлік қауіпсіздігінің  қазіргі жаһандық жайы адамзат өміріне  күрделі қауіп төндіруде. Жер  шары тұрғындарының саны өскен сайын  халықты азықпен қамтамасыз ету  мәселесі де ушығып отыр. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін жетеді деген  болжам бар. Сондықтан да азық-түлік  дағдарысы және оның алдын алу  – әлем жұртшылығын алаңдатып  отырған басты мәселе. Қазіргі  таңда азық-түлік тапшылығы орын алып, ашаршылықтан зардап шегіп жатқан елдер де аз емес. Дүниежүзінде бүгінгі  күні созылмалы аштық дертіне  шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, бұл Жер шары тұрғындарының 14 пайызына тең. Сондай-ақ әлем елдерінің 29-ы азық-түлік тапшылығын өткір  сезінуде. Бұл маңызды мәселе турасында  Қазақстан Президенті Н. Назарбаев  ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының отырысы кезінде сөйлеген сөзінде «Қазіргі уақытта әлемдік тұтыну мен табиғат апаттарының салдарынан шикізат пен энергия ресурстары бағасының өсуі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алып келді. Азық-түлік дағдарысының зардаптары бүкіл әлемдегі әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығып кетуіне соқтырады. Бұл жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін аймақтық және халықаралық деңгейде тұрақтандырып, үйлестірілген және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру шарт», – деп атап өтіп, ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты арттыру керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ осы отырыста Елбасы азық-түлік қауіпсіздігі мен суды пайдалану ісінің маңыздылығын ескере отырып, ұйым қабырғасында «Су-азық-түлік» комитетін құру жөнінде бастама көтерген-ді. Қазіргі азық-түлік дағдарысының әлем бойынша белең алып отырған шағында мұндай іс-шаралардың жедел қолға алынып, нақтыланған жүйеде жұмыс атқаруының, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда қосымша резерв жинаудың, сондай-ақ елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір бағыты – ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы мен тамақ өнеркәсібіне аса мән беріп, олардың жұмысын жандандыруды қадағалаған жөн.

Азық-түлік тапшылығының жылдан-жылға артуының бір факторы  ретінде жоғарыда халық санының  өсуін атап, тамаққа сұраныстың бұрынғыдан еселеніп артып ортырғанын айтсақ, енді бірі соңғы кездегі аграрлық сектордың дұрыс жолға қойылмай, кенже қалуы деуге әбден болады. Сөзіміздің дәлелі, еліміздегі ауылшаруашық өнімдері 1990 жылы ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 36 пайызын құраған болса, бүгінде  бұл көрсеткіш 4 пайыздан ары аса  алмай тұр. Азық-түліктің тек 40 пайызы ғана өзімізде өндіріліп, қалған 60 пайызы өзгенің бақшасынан тасымалданады. Демек, бұл тұста аграрлық сектордың  рөлі ерекше. Қазіргі ауыл шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне көп кедергі келтіріп отыр. Осы  орайда технологияның кенже қалып  отырғаны қол байлап, бүгінгі күні елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің  басым бөлігін – 80 пайызын шикізат  күйінде шығаруға мәжбүрміз. Яғни азық-түлік  қауіпсіздігі мәселесінде ерекше мәнге  ие отандық өнім, оның ішінде ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндіру мен өңдеуде  үлкен жобаларды қолға алып, арнайы бағдарламалар негізінде жұмыс  жасау керектігі көрініп тұр. Әлемдік тәжірибелерге көз жүгіртсек, 70-80 жылдары-ақ Германия, Франция, Швеция, АҚШ елдері азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша  алдымен фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған, аграрлық секторға ерекше мән берген. Демек, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен  бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің  кепілі. Сондықтан да бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аграрлық саясатқа ерекше назар аударып, оның алдағы уақыттағы даму көрсеткіштері  мен негіздерінің қалай көш түзейтініне  болжам жасай отырып, заман талабына сай стратегиялық бағыттарына қажетті  өзгерістерді енгізуіміз керек. Елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден бір бағыты – ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті өрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту. Осы орайда айта кетерлігі, қай елде болмасын ауыл шаруашылығының өркенді дамуы алдымен қаржыландыру мәселесіне тікелей байланысты. Дегенмен қазіргі күні банктер ауылға қаржы  беруге құлықсыз, инвесторлар да бұл  жаққа көп жолай бермейді, елімізде аграрлық саланы бірден-бір қаржыландырушы тек мемлекет болып отыр. Ал ауыл шаруашылығы қомақты айналма  қорды қажет ететіндіктен бөлінген қаржының бұл саланың етек-жеңін  толықтай жамауға жетпей қалып жататыны да аян. Бұған агросектордың табиғи жағдайға барынша тәуелді сала екенін тағы қосыңыз. Технологияның жедел  игерілмеуі салдарынан шикізаттың уақытылы өңделмеуі, өз кезегінде оның арзан  бағамен шекара асып жатқаны – жыл бойы жанталасқан шаруалар еңбегінің зая кетіп отырғанының бір көрінісі. Сондай-ақ бұл жерде тікелей жеткізу жүйесінің дамымауы, яғни сатушы мен тұтынушы арасындағы тікелей сауда жасау жүйесінің жоқтығы да – жиналған өнімнің бекер жарамсыз болып, желге ұшуына себеп. Сондықтан да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орыны ерекше аталатын агросекторды жан-жақты жоспарлай отырып, дамытудың маңызы мол. Нарық механизімдері түзетілмейінше және егіншілікке одан көп инвестиция салынбайынша әлемнің әртүрлі аймақтарында «ашаршылық көтерілістерінің» бастала берері айдан анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қазақстан Республикасының  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз  ету саласындағы заңнамасы

 

 

       Қазақстан Республикасының  тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы  заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк  құқықтық  актiлерiнен тұрады.      

 Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер  белгiленсе, онда халықаралық  шарттың ережелерi қолданылады. P991716       

 Осы Заң Қазақстан  Республикасында өндiрiлетiн және  Қазақстан Республикасының аумағына  әкелiнетiн (импортталатын) тамақ  өнiмдерiне, сондай-ақ тамақ өнiмдерiн  әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiне (сатыларына) қолданылады.     

 Осы Заңның күшi  жеке тұтынуға арналған, үйде  дайындалатын тамақ өнiмдерiне  қолданылмайды.      

Мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен принциптерi      

1. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi  саласындағы мемлекеттiк реттеудiң  мақсаттары:      

1) мыналарды:  
      адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн;  
      тұтынушылардың заңды мүдделерiн қорғауды;  
      экологиялық қауiпсiздiктi;  
      ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;      

2) кәсiпкерлiктi дамытуға  жәрдемдесу;      

3) адам өмiрi мен денсаулығын,  тұтынушылардың заңды мүдделерiн  қорғау үшiн Қазақстан Республикасының  заңнамасын халықаралық нормалармен  және ережелермен үйлестiру;      

4) отандық өнiмдердiң бәсекеге  қабiлеттiлiгiн арттыру;      

5) халықаралық сауданың  дамуы үшiн жағдайлар жасау  болып табылады.      

2. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi  саласындағы мемлекеттiк реттеу:       

1) адам өмiрi мен денсаулығы  және қоршаған ортаны қорғау  үшiн тамақ өнiмдерi қауiпсiздiгiнiң  басымдығы;      

2) адам денсаулығына және  қоршаған ортаға ықтимал зиянды  әсердiң алдын алу;      

3) мемлекет жүзеге асыратын  шаралардың ашықтығы;      

4) ақпараттың жариялылығы,  қолжетiмдiлiгi, дұрыстығы;      

5) қатерлердi бағалаудың  ғылыми негiздiлiгi;      

6) тамақ өнiмдерiн әзiрлеудiң  (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың  және жоюдың барлық процестерiнде  (сатыларында) тамақ өнiмдерiнiң  қадағалануы;      

7) тамақ өнiмдерiн әзiрлеудiң  (жасаудың), өндiрудiң (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың  және жоюдың барлық процестерiнде  (сатыларында) тамақ өнiмдерiнiң  қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудегi субъектiлердiң жауапкершiлiгi принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  құзыретiне мыналар жатады:      

1) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi  саласында мемлекеттiк саясаттың  негiзгi бағыттарын әзiрлеу;      

2) уәкiлеттi органдардың қызметiн  салааралық үйлестiру;      

3) бекiту жөнiндегi құзыретi  осы Заңның 6-бабында көзделген  нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы  нормативтiк-құқықтық актiлердi бекiту;       

4) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi  саласындағы салалық (секторлық)  бағдарламаларды бекiту;      

5) мыналарды:  
      Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ;  
      адам өмiрi мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауiп төндiретiн тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату және жою ;  
      мемлекеттiк тiркелуге тиiстi тамақ өнiмдерiн әкелу (импорттау)  
      Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн, әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезiнде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестiгiн уәкiлеттi органдардың келiсуi ;  
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиiстi тамақ өнiмдерiн  байыту (фортификациялау);  
      өндiру объектiлерiне есептiк нөмiрлер беру ;  
      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiнiң сәйкестiгiн растау;  
      Қазақстан Республикасының тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы заңнамасында белгiленген талаптарға тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiндегi (сатыларындағы) олардың сәйкестiгiн, тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау), өндiру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерiнiң (сатыларының) сәйкестiгiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ;  
      генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң айналымы ;  
      генетикалық түрлендiрiлген объектiлердiң қауiпсiздiгiн ғылыми негiзде растау жөнiндегi жұмыстар жүргiзу тәртiбiн бекiту. 
      Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн мемлекеттiк  
бақылау және қадағалау       

Информация о работе Қазақтан Республикасында азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету