Мектептің техникалық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 22:53, курсовая работа

Краткое описание

Практиканың мақсаты – жоғарғы оқу орнында алған теориялық білімді бекіте отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белгілі бір кәсіпорынға кіргізу бағытында іс жүзінде машықтану.
Өзімнің жетекшімнің берген бағыт-бағдары мен тапсырмаларының негізінде төмендегі мақсат-міндеттерді басшылыққа алдым:
кәсіпорынның экономикалық сипаттамасын жасау
техникалық сиппатамасын жасау
ақпараттық қамтуды іске асыруға қажетті құжаттардың үлгісін жинау
талапқа сай апараттық жүйелерді жасауға негіз болатын тезис дайындау

Содержание

КІРІСПЕ
І. Мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы.
. Мектептің жалпы сипаттамасы
Мекеменің ұйымдастыру құқықтық формасы
Ұйымның құрылу тарихы
Мекеменің міндеттері
. Мекеменің ішкі және сыртқы ортасы
. Ұйымдық құрылым
Басқару құрылымы

ІІ. Мектептің техникалық сипаттамасы.
2.1. Мекеменің материалдық ағыны
2.2. Мекемедегі ақпарттық ағын
2.3.Мектептің аппаратпен жабдықталу сипаттамасы
2.4.Мекеменің арнайы программалық жабдықтау сипаттамасы

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Вложенные файлы: 1 файл

praktika.docx

— 128.45 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. Мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы.

    1. . Мектептің жалпы сипаттамасы
      1. Мекеменің ұйымдастыру құқықтық формасы
      2. Ұйымның құрылу тарихы
      3. Мекеменің міндеттері
    2. . Мекеменің ішкі және сыртқы ортасы
    3. . Ұйымдық құрылым
      1. Басқару құрылымы

 

ІІ. Мектептің техникалық сипаттамасы.

2.1. Мекеменің материалдық ағыны

2.2. Мекемедегі ақпарттық ағын

2.3.Мектептің аппаратпен жабдықталу сипаттамасы

        2.4.Мекеменің арнайы программалық жабдықтау сипаттамасы

 

 Қорытынды.

 Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Өндірістік практика оқу  процесінің негізгі бөлігі болып  табылады. Практика өту арқылы болашақ  мамандыққа қажетті біліктер мен  дағдыларды алып, теориялық білімді  іс-жүзіне асыруды үйренуге болады.

Практиканың мақсаты –  жоғарғы оқу орнында алған  теориялық білімді бекіте отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды  белгілі бір кәсіпорынға кіргізу  бағытында іс жүзінде машықтану.  

Өзімнің жетекшімнің берген бағыт-бағдары мен тапсырмаларының негізінде төмендегі мақсат-міндеттерді басшылыққа алдым:

  • кәсіпорынның экономикалық сипаттамасын жасау
  • техникалық сиппатамасын жасау
  • ақпараттық қамтуды іске асыруға қажетті құжаттардың үлгісін жинау
  • талапқа сай апараттық жүйелерді жасауға негіз болатын тезис дайындау 

Практиканы өткізу орны: Әуеззов ауданы №122 мектеп гимназиясы, есеп бөлімінде болды. Кез-келген кәсіпорынның басты қызмет орны есеп бөлімі болып табылады.

 Алғашқы жұмыс күнін  есеп бөлімі жұмысымен, жұмыс орнында техника қауіпсіздігі ережелерімен танысудан бастадым. Мектеп есеп бөлімінің жұмысы ондағы мүліктердің есебін жүргізуден, барлық шарушылық операцияларын жүргізуден құралады. Мектеп есепшісінің қызметіне мыналар кіреді:

  • мектеп қызметкерлері еңбегін реттеу, еңбекақысын төлеу
  • мектептің есеп-шаруашылық істерінің жоспарын дайындау және қорғау
  • кәсіпорының кірісі мен шығысын жоспарлау
  • өндірістік есепті бақылау
  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

    1. . Мектептің жалпы сипаттамасы

Алматы қаласы Әуеззов  ауданы 1 ықшам ауданында орналасқан  №122 мектеп гимназиясы

Байланыс телефоны: 8(727) 2 76 08 72

Директор: Усенов Б. С.

Бас есепші: Нургалиева Г. М.

Жалпы сипаттамасы:

  1. Мектеп балаларды ақыл-ой және шығармашылық жағынан дамытып, жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдайларды жасайды. Мектеп жанында 120 баланы қамтитын балабақша жұмыс істейді.
  2. Мектепте жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қатысты мамандар жұмыс атқарады.
  3. Мектеп өз жұмысында Қазақстан Республикасы заңдарын, адам құқығын қорғау Декларакциясын басшылыққы алады.

Құқықтар:

  1. Әр адам айналасындағылардың бостандығы мен абыройына нұқсан келтірмей, өз қалауымен іс-әрекет ете алады.
  2. Әр адамның жеке ойы, ұсынысы, қарсылығы болуы мүмкін.
  3. Әр адамның мектеп өміріндегі істерге араласу құқығы.
  4. Мәдени іс-шараларға байланысты ұсыныс жасау құқығы.
  5. Аттестациялық қорытынды бағаларының дұрыс-бұрыстығы жөнінде мектеп директорына шағым жасауына болады.

Міндеттері:

  1. Барлық сабақтарға қатысу.
  2. Жақсы баға алуға тырысу: жаупты, белсенді болу, жеке және міндетті тапсырмаларды уақытында орындау
  3. Салауатты өмір салтын ұстану: спортпен шұғылдану, шылым шекпеу, алкогольдік ішімдіктер ішпеу.
  4. Мектепке қауіпті құралдарды әкелмеу.
  5. Мектеп мүлкін сақтау.
      1. Мекеменің ұйымдастыру құқықтық формасы

Әуеззов ауданы №122 мектеп гимназиясы кешені – мемлекеттік білім беру мекемесі.

Еңбеккерлер құрамы штаттық  кестемен бекітілген. Барлығы – 50, оның ішінде педогог кадрлар – 40.

 

 

    1. Ұйымдық құрылым 
      1. Басқару құрылымы

Әр мекеменің ажырамас жүйесі ол – құрылым. Құрылым ұйымның  ішкі органдарындағы басқа да өзгерістермен  бірлесе отырып кәсіпорынның сыртқы ортаға бейімделуінде үлкен роль атқарады. Сондықтан оның құрылымы тиімді ұйымдастырыла отырып, кәсіпорынның стратегиясын, жетістікке жетуін, алда тұрған міндеттерді шешуін қамтамасыз етуі қажет.

Басқару жүйесінің 2 түрі бар.

  1. Желілік байланыс – басқарудың деңгейлік түрі
  2. Атқарымдық байланыс – белгілі бір жұмысты, қызметті жүйемен орындау

Желілік басқару жүйесінің мәні – коллективті жоғарғы органға бағынатын бір жетекші басқарады. Ұжым мүшелері тек өз басшыларының тапсырмасын орындайды. Жоғарғы орган жетекшісі тікелей басшының сыртынан жұмысшыларға тапсырма бере алмайды. (1 – сурет)

 

О

Б2

Б2

Б2

О

О

О

О

О

О

О

О

Б1

 

1– сурет. Желілік басқару жүйесі.

Б1 – жоғарғы деңгейдегі басшы; Б2 – екінші деңгейдегі немесе мекеменің тікелей басшы(мектеп директоры) О – орындаушылар.

 

Осы басқару жүйесінің  артықшылығы:

    • ұйымдық құрылымның бөлімдері арасындағы қарапайым әрі нақты байланыс.
    • әрбір мекеме басшысының жұмыс нәтижесіне толық жаупкершілігі
    • тапсырмалардың жоғарыдан төменге дейінгі бірізділігі

        Кемшілігі:басшы басқару жүйесінің бар саласында білікті әрі құзыретті болуы керек. Кейбір қиын ұжымдарда бұл басқару басшыға ауырлық түсіруі мүмкін, кей жағдайда шешімді дер кезінде қабылдай алмауына, төрешілдікке немесе икемсіздікке әкеліп соғады.  

О


БВ

БА

ББ

О

О

О

О

О

О

О

О

Б1

Атқарымдық басқару кезінде мекеменің нақты саласын жақсы білетін мамандар мен мекемелер арқылы сол салада тиімді шешімдер шығарылады (2 – сурет).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. – Сурет. Атқарымдық басқару жүйесі.

Б1 – жоғарғы деңгейдегі басшы; БА, ББ, БВ – А, Б, В қызметінің басшылары; О -  орындаушылар

Бұл жүйенің кемшілігі – орындаушы бірнеше қызметтік басшылардан нұсқау алатындықтан, олардың жаупкершілігі төмендеуі мүмкін.

Басқарудың бұл екі  жүйесі бір-біріне антипод болып  келеді: бір жүйенің артықшылығы  екіншісіне кемшілік әкеледі немесе керісінше.

Сондықтан базалық жүйе болып табылатын нәрсе – желілік-атқарымдық басқару жүйесі. (3 – сурет).

О


Б2

Б2

Б2

О

О

О

О

О

О 

О

О

Б1

Ш2

Ш2

Ш2

Ш1


 

 

 

 

 

 

3 – Сурет. Желілік-атқарымдық басқару жүйесі.

Ш1 – жоғарғы деңгейдегі басшының мамандар штабы; Ш2 – екінші деңгейдегі басшының мамандар штабы.

 

Бұл жүйенің артықшылығы:

    • басқарудағы міндеттердің нақты бөлінуі
    • шешімдердің құзіреттілігі
    • мекеменің тұрақтылығы

       Кемшіліктері:

    • басқару жүйесі аппаратында артық мамандардың болуы, оның өндірістен алшақтығы
    • жүйелік басшының әртүрлі ұсыныстарға келісім беруіне байланысты жұмыс бастылығы, тиесінше шешім шығарудағы  төрешілдік пен кеңсшілдік
    • жаңа міндеттер туындаған жағдайда икемділік пен бейімделгіштік қасиеттердің болмауы.
    • жаңа программалар мен жаңалықтарды енгізген жағдайда іс-әрекеттің үйлестірілуі төмен болады.

Директор

Есепші

Кадрлар бөлімі

Оқу-ісінің меңгерушісі

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Психолог

Тех. персонал

2-ауысымның

оқу-ісінің м.

1-ауысымның 

оқу-ісінің меңгерушісі

 

 

Мұғалімдер

4 – сурет. №122 мектеп гимназиясының басқару жүйесі.

 

 

 

 

ІІ. МЕКЕМЕНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.

2.1 Мекеменің материалдық  ағыны.

Ақпараттық ағын – бақылауға  және басқаруға қажетті хабарламалардың  ішкі жүйе мен сыртқы ортада біртұтас айналымда болуы. Ақпараттық ағымдарға оперативтік, анықтамалық және басқарушы сияқты ақпараттар жатады.

Мектептегі есепшінің  мемлекеттік сатып алуды өткізу әрекетінде  мынандай ақпараттық лектерді ерекшелеп атауға болады:

  1. басшы органды мемлекеттік сатып алуға қатысу жөнінде хабардар ету, ол жөніндегі жылдық жоспарды, әртүрлі байланыс хабарламаларын көрсету.
  2. Жарнамалық жабдықтау: бұқаралық ақпарат құралдырына, теледидарға хабарландырулар беру, тапсырушының немесе жоғарғы органдырдың сайттарына хабарлама мәтіндерін орналастыру.
  3. Конкурска қатысуға тілек білдірушілерге құжаттың көшірмесін тарату.
  4. Жабдықтаушыларға байқау құжаттарының тәртібін түсіндіру.
  5. Байқауға сұраныстар қабылдап, жүргізу.

Мен практика өткен мектеп есеп бөлімі мемлекеттік сатып алуға           

жататындықтан, құжат үлгісін төмендегідей көрсетемін:

Құжатардың көшірмесіне  сұраныс бланкі

Порталда орналастырылатын құжаттарды бекіту

 

Конкурстық құжаттардың  көшірмесі

Директор

Есепші

Есепші

Конкурстық комиссия

Қол қоюға берілген жылдық жоспар жобасы

қолы

Конкурстық құжаттар жасау  үшін құрылған жоспар

 

қолы

Қол қоюға берілген құжаттар жобасы

Тіркеу кітапшасы

Жабдықтаушы

 6-сурет. Мемлекеттік сатып алуды өткізу құжаттарының сызбасы

Мектептің товарлар мен қызметтерге  экономикалық сұранысына байланысты әр жылдың басында есепші мемлекеттік  сатып алу жоспарын жасайды.

Ары  қарай жоспар мектеп директорының қарауы мен бекітуіне  ұсынылады. Барлық деңгейлерде бекітілген жоспар мектеп есепшісіне беріліп, жоспардың  әр сатысы бойынша конкурстық құжаттардың  жобасы дайындалады.

Әрбір жеке байқау кезінде  тиісті құжаттар пакеті конкурстық коммисияның  қарауы мен бекітілуіне жіберіледі. Олар байқаудың өткізілуі жөніндегі хаттамаға қол қояды. Ал бұл хаттама байқау құжаттарының бөлінбес бөлігі болып табылады

Портал көмегімен жеткізушілермен  байланыс орнатылады, конкурстық құжаттардың  көшірмелері ұсыныс білдіргендерге жауап ретінде жіберіліп отырады.

Тілек білдірушілердің тапсырыс-бланкілерін  қабылдау тіркеу кітабына белгіленіп отырады.

Информация о работе Мектептің техникалық сипаттамасы