Экономическая оценка лесных ресурсов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2014 в 15:09, дипломная работа

Краткое описание

Егемен ел болғалы 17 жыл ішінде Қазақстан саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда. Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз салмағының арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты жағдайлар ьуғызуда. Нарық жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты табиғат қорын пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3
1 ОРМАН ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................... 6
1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары...................................................................... 6
1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географияда табиғат ресустарын пайдаланудағы төлемдер мәселесі........................................................................................................... 11
2 ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ МЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ..................................................................................................... 18
2.1. Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі............................................................................................. 18
2.2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және жүйелеу........................................................................................................... 22
2.3 Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы .................................. 29
3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА................................................................................................ 45
3.1 Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау ................................................................. 45
3.2 Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорнына сипаттама....................................................................................................... 58
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................ 63
67

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-ОРМАН-ОРМАН-РЕСУРСТАРЫН-ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-ТҰРҒЫДАН.doc

— 949.00 Кб (Скачать файл)

Ф-ОБ-001/035

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

кіріспе..........................................................................................................       

3

1 орман  орман  ресурстарын экономикалық-географиялық  тұрғыдан бағалаудың теориялық  және әдістемелік мәселелері.......................................................

6

1.1 Баға және табиғат  ресурстарын экономикалық-географиялық  тұрғыдан бағалау теориялары......................................................................

6

1.2 Қазіргі экономикалық  және әлеуметтік географияда табиғат ресустарын пайдаланудағы төлемдер мәселесі...........................................................................................................

11

2 орман ресурстарын  экономикалық-географиялық тұрғыдан  бағалау мен тиімді пайдалану жолдары.....................................................................................................

18

2.1. Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі.............................................................................................

18

2.2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және жүйелеу...........................................................................................................

22

2.3 Қазақстандағы орман  ресурстарының жағдайы ..................................

29

3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ  ОРМАН РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА................................................................................................

45

3.1 Шығыс Қазақстан облысы  орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау .................................................................

45

3.2 Риддер орман шаруашылығы  өндірісі кәсіпорнына сипаттама.......................................................................................................

58

қорытынды...............................................................................................

пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................

63

67


 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Егемен ел болғалы 17 жыл ішінде Қазақстан саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда. Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз салмағының арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты жағдайлар ьуғызуда. Нарық жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты табиғат қорын пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі болып табылады.

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды. Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.

Қазақстан территориясының 4 пайызға жетер-жетпес қана бөлігін алып жатқан орман ресурстарын қорғап, сақтап қалу және оны жетілдіру, территориямыздың 69 %-ын шөл және шөлейтті аймақтар алып келе жатқан шақта бұл мәселенің өзектілігін одан сайын арттырады. Осы жайды ескере отырып, бұл жұмыста түбегейлі экономикалық реформа жүргізуге арналған құжаттарды басшылыққа ала отырып, оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша жасалған кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу арқылы іске асыру мүмкіншілігі қарастырылады.

Қазіргі кездегі байқалған орман ресурстарын пайдаланудағы ысырапсыздыққа жол бермеудің негізгі бағыттары осы ресурстарға алдымен мониторингтік тұрғыдан зерттеу жүргізіп толық есеп-қисапқа алу және ең бастысы экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалап, оларды пайдаланғаны үшін төлемді жүйені қалыптастыру. Осы жағдай дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға ықпал жасады.

Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Ғылыми жұмыстарды, арнайы әдебиеттерді, мерзімдік басылымдарды, әдістемелік құралдарды және басқа да жинақ, еңбектерді талдау нәтижесі табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін зерттеу саласында елеулі, әрі маңызды ғылыми жұмыстардың бар екендігін көрсетті.

Аталған салада, яғни табиғат ресурстарын тиімді пайдалану саласында, теориялық және әдістемелік мәселелерді шешуде көп еңбек сіңірген, теориялық негізін қалаған Л.В. Канторович, Н.С. Федоренко, Н.Н. Баранский, Э.Б. Алаев, Н.Н. Колосовский, Ю.Г. Саушкин, А.А. Минц т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Бірақ, сол кездегі (экономиканщ басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің үстемділігі кезінде), социалистік шаруашылық жағдайында, табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым негізінде, олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлемнің қажет екендігіне әкеп саяды.

Жоспарлы экономика кезінде табиғат пайдалануда төлемдік жүйені қолданудың мүмкіндігі мен тиімділігі жайында КСРО ғалымдарының біраз еңбектерінде айтылды. Олардың арасында әкімшілік-әміршілдік жүйенің билік алып тұрған кезінде біршама ашық айтқан. В.К. Шкатовтың, З.Қ. Қарғажановтың бұл мәселені тереңнен жан-жақты қозғағанын айрықша атап өткен жөн. Халық шаруашылығын түбегейлі экономикалық реформалау кезеңінде осы бағытта К.Г. Гофман, С.Н. Бобылев, М.К. Клубничкин, Н.Н. Лукьянчиков т.б., Қазақстаннан С.Б. Байзақов, З.Қ. Қарғажанов, Е.М. Үпішев, Қ.М. Баймырзаев, Э.А. Түркебаев, Р.Қ. Ниязбекова, Р.С. Коренов, М.С. Тонкопий, С. Мұхаұлы, Е.Ә. Келемсейіт, Б.А. Исабеков, Н.А. Коваль, А. Молдахметов, В.А. Манзюк, В.Р. Колесников, М.Б. Кенжегузин, Ж.Х. Давильбекова, С.Р. Ердавлетов, К.К. Қажымұрат, Т.С. Сатқадиева және т.б., ал шет елдік ғалымдардан Д. Хоскольд, Д. Пирс, Т. Титенберг, К. Тернер, Г. Хоттелингтер біршама үлкен зерттеулер жүргізді. 

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және орналастыру тұрғысынан У.Б. Баймұратовтың еңбектерін атауға болады. экономикалық тұрғыдан бағалау, оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру табиғатты тиімді пайдаланудың басты, негізгі элементтері ретінде экономикалық географияның жаңа бағыты болмақ. Бұл жаңа бағыттың пайда болуы экономикалық және әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады.

Қазіргі уақытқа дейін табиғат ресурстарының ішінде орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыру жағынан ең аз зерттелген және практикалық шешімін таппаған мәселеге жатады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыруды зерттеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылды:

- табиғат ресурстарын, оның ішінде орман ресурстарын, экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау туралы теориялық ұғымдарды анықтап, нақтылау;

- Қазақстан Республикасындағы орман ресурстарының бүгінгі жағдайын талдау;

-   орман ресурстарын бағалаудың әдістерін ұсыну;

-   баға және бағалау ұғымдарына талдау және түсініктеме беру;

- табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салық пен төлемнің айырмашылығы;

- Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау;

- Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыру.

Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы орман ресурстары (Шығыс Қазақстан облысы мысалында) алынған.

Зерттеу тақырыбы. Қазақстандағы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оны пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыруды зерттеу – дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы болып табылады.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс– кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында 36 қолданылған әдебиеттер тізімі берілді. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін диплом 15 кестемен жабдықталған. Жұмыстың көлемі  68 бет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  орман  РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН  БАҒАЛАУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  ЖӘНЕ

Әдістемелік негіздері

 

1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары

 

Жалпы өнімге және табиғат ресурстарына, оның ішінде табиғат байлығын өндіруші салалардың өніміне баға белгілеу мәселесі экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибенің негізгі мәселесі болып табылады. Бұл мәселе бірнеше ғасырлар бойы талқыланып келеді және оның қазіргі уақытта шектік пайдалылық пен құнның еңбек теориясына дейін көптеген ғылыми тұжырымдамалары бар. Капиталистік шаруашылықтағы нарық экономикасын зерттеу нәтижесінде жасалған К. Маркстің еңбек құны теориясының негізгі ережелері нарық экономикасы дамыған елдердегі ғалымдардың зерттеулерінде дәлелденген және бағаны реттеу іс жүзінде тұрақтандыру кезінде сол елдерде қарастырылған. Осы теорияға сәйкес қандай да бір тауарды өндіруге жұмсалған қажетті еңбек шығыны оның бағасының негізі болып табылады. Төлемге қабілетті сұранысты қанағаттандырғанда және салыстырмалы түрде экономикалық дамудың тұрақтылығы жағдайында өндіруге кететін шығынның қажетті деңгейі жеке өнімнің орташа шығын мөлшерімен анықталады. Қарастырылатын өнім түріне және өнімнің басқа түрлеріне деген сұраныс (ұсыныс) өндіріс арқылы қамтамасыз етілгенде олар экономикалық тепе-теңдік жағдайын білдіреді. Сұраныс ұсыныстан асып кеткен жағдайда, бағалар қажетті шығындардан өсу жағына қарай ауытқиды, ал сұраныстан ұсыныс асқан жағдайда олар төмендеу жағына қарай ауытқиды. Сөйтіп, ұзақ уақыт ішінде бекітілген өнім түрінің бағасы оны ұдайы өндіруге кететін қажетті шығынға байланысты және сонымен анықталады, яғни, бағаның негізінде еңбек шығыны есептеледі, ал сұраныс пен ұсыныстың ара салмағы салыстырмалы түрде қысқа мерзімде тауардың күнделікті бағасының шамасын реттейді және бағаны тауар құнынан не жоғары, не төмен қарай ауытқытатын фактор болып табылады.

Табиғат пайдаланушы салалардың өніміне қалыптасатын бағаға К. Маркстің еңбек құны теориясын қолдану, аталған өнімге, оның ішінде табиғат ресурстарының өзіне баға, сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, жеке өнімнің ұдайы өндіруге кететін қажетті шығынының орташа деңгейі негізінде, басқа да өнім түрлеріне белгіленетін сияқты белгіленеді. Осыдан келіп, баға табиғат ресурстарына, оларды игеруге кететін шығынның деңгейінде қойылды. Бұл өнімнің алуан түрінің, олардың құны (айырбастау құны) бойынша тұтыну құнын айырбастау баламалылығы мен жалпы баға қалыптасу мәселесін шешуде үлкен рөл атқарды [1].

Жоспарлы шаруашылық жағдайында, академик С.Г. Струмилиннің анықтамасы бойынша, табиғи ресурстардың бағасы оларды игеруге және өндіріске дайындауға жұмсалған шығын мөлшерімен анықталады. Табиғат ресурстарын ашуға, өндіріске дайындауға және қалпына келтіруге адам еңбегі жұмсалған жағдайда, олардың тұтыну құны болуы мүмкін, сондықтан олар экономикалық тұрғыдан бағаланады. Осыған байланысты табиғат ресурстарының бағасын оларды экономикалық бағалаудан ажырата білу керек.

Нарық шаруашылығы жағдайында табиғи ресурстардың бағасы ретінде оларды пайдаланудан түсетін тиім алынады, өйткені сатылатын және сатып алынатын ресурстардың өзі емес, дифференциалдық жер рентасы, яғни К. Маркс көрсеткендей капиталистік шаруашылық жағдайында монополизацияланатын табиғат ресурстары алып-сату нысаны бола отырып, құнның “иррационалдық” түріне ие болады және  “…бұл жердің сатып алу бағасы пайыздық ставкаға сәйкес есептелінген – сол жер беретін жер рентасы”.

Нарық шаруашылығы жағдайында уақыт факторын ескере отырып анықталатын жер рентасы жерді және жалпы табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың мазмұнын құрайды [2].

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі біртекті сұранысты қанағаттандыратын және біркелкі сапалы өнімге қойылған бағаның бірдей болуын, яғни бағалардың шамасы бірдей болуын талап етеді. Осыған байланысты халық шаруашылығының табиғат пайдалану салаларындағы ірі масштабта қолданылған және қолданылып келе жатқан қос және көбінесе келісімдік (есепті) баға жүйесін жою қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта мұндай баға жүйелерінің қолданылуы түрлі табиғат рестурстарын пайдаланушы кәсіпорындардың тиімділігін бағалау кезінде туындайды, “табиғи еңбек өнімділігінің” әсерін бейтараптандырумен байланысты. Бірақта, аталған баға жүйелері қазіргі уақытта өздеріне жүктелген міндетті толығымен әлі де орындамайды, олар көбіне кәсіпорын жұмыстарының кемшілігін бүркемелейтін құралға айналған. Нарықтық қатынастар жағдайында, кез-келген шаруашылық басқару аппаратының, әрбір кәсіпорын, цех, бригада, жұмыскер т.б. шаруашылық жүргізуіне бірдей экономикалық жағдай жасау, яғни әділетті түрде бәсекеге түсу жағдайын жасау басты міндет болып табылады. Нарық жағдайында өнеркәсіп салаларының жекелеген өндірісі мен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тең экономикалық жағдайда жұмыс істеуі үшін осы кәсіпорындардың шикізат базасын экономикалық бағалауға негізделген рента мөлшері шешуі тиіс.

Информация о работе Экономическая оценка лесных ресурсов