Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 17:28, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі. Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету. Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

Содержание

Кіріспе

1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
8
1.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және мақсаттары
8
1.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістер
17
1.3
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері
19
2
«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС» ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
32
2.1
Кәсіпорын қызметімен танысу және оның көрсеткіштерінің техника-экономикалық негізделуі
32
2.2
Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
36
2.3
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
44
2.4
Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
53
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
62
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері
62
3.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау көресткіштерінің нәтижелілігін арттыру бойынша шаралар
64

Қорытынды
71

Қолданған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Корпоративтік қаржылық жоспарлау.doc

— 700.50 Кб (Скачать файл)

Екінші кезеңде әлеуметтік жөне экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

Үшінші кезеңде  сметадағы тапсырмалар және кірістердің  баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен

қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Басқарудың барлық деңгейлерінде  жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын  бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және бастапқы қаржы жоспарлары.

Кәсіпорынның жиынтық  қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.

Нысаны бойынша  олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің, ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде жиынтық  қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік, салалық, аумақтық жоспарларды кірістіреді. Мыналар жалпы мемлекеттік болып табылады: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет, бюджеттен тыс қорлар.

Жиынтық қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған дамудың жалпы мемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны жасаумен Қаржы минисірлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің, меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға) оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.

Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кірістіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан

түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.

Шығыстар  бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар (күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру, айналым қаражатарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын щығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың есімі.

Кәсіпорынның Жиынтық  қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтың  қаржы ресурстарын сипаттайтын  қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып  табылады. Жиынтық қаржы балансына  қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйлесімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша-кредит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министрліктер мен ведомсволарға нақтылы бекітусіз жасалынады. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен-жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстарда да сондай. Бұл баланстың көмегімеи мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.

Дүние жүзінің барлық елдерінде оперативтік Кәсіпорынның қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады. Оны жасаудың керектігі мемлекеттің ақша ресурстарының кездері мен ауқымын анықтаудың және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды ұтымды бөлудің қажеттігінен туындайды.

Мемлекеттік бюджет кәсіпорынның қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесінде бастысы болып келеді, өйткені олардың қалыптасуы мен орындалуына ол белсенді ықпал етеді, мемлекеттің түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және халықпен өзара қатынастарын айқындай отырып, оларды үйлестіреді. Бюджет белгіленетін жалпымемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды орындауда, демек, мемлекеттің функцияларын, оның ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.

Бюджет баланс нысанында  жасалады, онда ағымдағы кезеңге арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламасына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына, бюджет қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.

Аса маңызды оперативтік  қаржы жоспары болып табылатын  мемлекеттік бюджеттің жиынтық  қаржы балансынан бірқатар елеулі айырмашылықтары  бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері  емес, тек оның орталықтандырылатын  бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық шаруашылық бойынша келтіріледі, ал мемлекеттік бюджетте олар төптіштелініп (нақтыланып) көрсетіледі. Бюджетте оған түсетін толемдердің нақты атаулары мен оларды төлеушілер, арналымы және оларды алушылар көрсетілген.

_ Шаруашылық жүргізудің  социалистік жүйесі мен қаржы  жүйесінің барлық буындарын мемлекеттендірудің жоғары дәрежесі жағдайында мемлекеттік сақтандырудың жиынтық қаржы жоспары мен әлеуметтік сақтандырудың бюджеті сияқты орталықтандырылған қаржы жоспарлары да жасалды. Мемлекеттік саңтандырудың жиынтық, қаржы жоспары бұл ұйымның барлық ақша түсімдері мен тиісінше стихиялық апаттарды ескертумен және оның зардаптарын жоюмен байланысты ұйғарылған шығындарды анықтайтын. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бюджеті (түгелдей КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне қамтылатын) әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын жасау мен бөлуді жоспарлайтын. Ол Кәсіподақ ұйымдарының барлық ақша ресурстарын, Кәсіподақтардың, республикалық және облыстық кеңестерінің бюджеттерін, халықтың әлеуметтік қажеттерін, ВЦСПС-тің орталықтандырылған қаражаттарын біріктіреді.

Кей жылдары бүкіл  ұлттық шаруашылықтың, жеке республикалардың жиыитық қаржы жоспарлары да жасалды. Оларда бюджет ресурстарынан, мемлекеттік сақтандырудың қаражаттарынан басқа мемлекеттік Кәсіпорыпдардың қаражаттары есепке алынды.

Дамыған нарықтық экономикасы  бар елдерде бюджеттен басқа  жалпымемлекеттік бағдарламаларды  қаржымен қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық бюджеттен тыс қорлардың бюджеттері түрінде басқа да орталықтандырылған қаржы жоспарлары жасалады. Жұртқа мәлім, көптеген елдерде әлеуметтік, табиғатты қорғау сипатындағы немесе басқа арналымдардың маңызды шараларын қаржыландырудың арнаулы көздері ретінде қалыптастырылады. Бюджеттен тыс қорлар, әдеттегідей, жалпымемлекеттік қаржы жүйесінің дербес буыны болып табылады, айрықша көздер есебінен құрылады және өзінің ресурстарын функциялық міндеттерді орындауға жұмсайды. Сондықтан олардың қаржы жоспарлары ағымдағы жылға түсетін барлық түсімдер мен шығындарды анықтайтын құндық баланстар болып келеді.

Жиынтық қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары бойынша емес, сонымен бірге қаржы  ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша  да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.

Кәсіпорынның Салалық, (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің (ведомстволарының) шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және т.б. қаржы жоспарларын кірістіреді.

Кәсіпорынның аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың жиынтық, Кәсіпорынның каржы баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.б. жоспарлары.

Кәсіпорынның Қаржы  жоспарларының барлық түрлері өзара  байланысты: мәселен, салалық жоспарлар  ведомствоға қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.

Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімді (үшжылдық, бесжылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.

Шаруашылық байланыстар  мен экономика тендестігінің  бұзылуына, дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі ұштылығына (неғайбілдігіне) байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа өтпелі кезенде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға жиынтық кәсіпорынның қаржы балансы, бірқатар басқа жиынтық жоспарлар жасалуы тиіс, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілуі тиіс.

Кәсіпорынның бастапқы қаржы жоспарларының саны жиынтық қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі. Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен қаржыландырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ведомстволардың қаржы жоспарлары. Бастапқы қаржы жоспарларының ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектісінің ақша қаражаттарының жеке-дара айналымын негіздеу қабілеттігінде болып келетіндігі, осыдан барып олардың айрықша арналымын - бұл объектінің кірістері мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатынастарды анықтау.

Кәсіпорынның бастапқы қаржы жоспарларын топтастырудың  негізіне кірістердің, шығыстардың  құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай-ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларымен қаржылық өзара қатынастардың қалыптасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меншік нысандарын жатқызуға болады. Мәселен, мемлекеттік, жалгерлік, кооперативтік Кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, бірлескен шетелдік кәсіпорындардың, жеке меншікті фирмалардың, қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.

Бұл топтардың  әрқайсысының Кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс өзгешелігіне, Кәсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы, қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немссе бюджеттік қаржыландыру) қаржыландыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына, құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан оларды салалық, ведомстволық белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай-ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша да (бірлестіктер, концерндер, ірі, орта, шағын Кәсіпорындар және т.с.с.) топтастырған орынды.

Кәсіпорынның Қаржы  жүйесінің барлық сфераларын, буындарының  қаржы жоспарлары болады және қаржы  жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы жүйссінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.

Бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шығыс сметалары жасалынады. Ұжымшарлар, корперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және сақтық компаниялары қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық) есепте жұмыс істейтін Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен Кәсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болады. Олардың кіріс бөлігінде табыстар мен қаражаттардың түсімі, шығыс бөлігінде осы түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталатын. Баланстың "Кәсіпорындардың бюджетпен өзара қарым-қатынастары" бөлігі (алғашқы екі бөлімді -"кірістерді" және "шығыстарды" теңестіруші) бюджетке түсетін түсімдердің және бюджеттен қаржыландыруды көрсететін.

Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық жүргізуші  субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы  жоспарларын жасайды, оларда бюджеттен  бөлінетін қаржы кірістердің  құрамына, ал бюджетке төленетін төлемдср шығыстардың құрамына кірістіріледі.

Кәсіпорынның  кірістері мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық - қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер - ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.

Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу (бекіту) арнаулы қаржы жоспарында - төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері