Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Мая 2013 в 17:28, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі. Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету. Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.

Содержание

Кіріспе

1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
8
1.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және мақсаттары
8
1.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары мен әдістер
17
1.3
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың кезеңдері мен түрлері
19
2
«СЕМЕЙ ЖОЛЫ СЕРВИС» ЖШС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
32
2.1
Кәсіпорын қызметімен танысу және оның көрсеткіштерінің техника-экономикалық негізделуі
32
2.2
Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
36
2.3
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
44
2.4
Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
53
3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
62
3.1
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері
62
3.2
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау көресткіштерінің нәтижелілігін арттыру бойынша шаралар
64

Қорытынды
71

Қолданған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Корпоративтік қаржылық жоспарлау.doc

— 700.50 Кб (Скачать файл)

 

                 АА           ЕӨА+ ЖӨАх0,5 + БӨАх0,3

Ж.ө.к.  =             =


                 МА          ЕММ+ ҚММх0,5 + ҰММх0,3                               

 

1,423,430+7,368,215х0.5+2,555,312х0.3       5,874,129

                                                                     =                     = 0.42


6,174,849+8,621,581х0.5+12,121,958х0.3    14,122,226  

2,143,834+8,288,519х0.5+2,625,453х0.3              6,985,729

                                                                         =                           = 0.43


7,056,919+10,390,803х0.5+13,455,395х0.3          16,288,938 

 

«Семей жолы сервис» ЖШС 01.01.2011 ж. балансының мәліметтері бойынша ағымдағы өтімділік коэффициенті 0.42 тең (5,874,129/14,122,226) және   01.01.2012 ж.  – 0.43 (13,057,806/17,447,722).

Ол  ағымды активтердің  ағымды міндеттемелерді қандай еселікте жабатынын орнықтыруға мүмкіндік береді, және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді қолайлы өткізу жағдайлары кезінде ғана бағаланатын емес, сонымен қажет болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарының басқа элементтерін сатумен бағаланатында, шаруашылық жүргізуші субъектінің төлеу мүмкіндіктерін көрсетеді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде, шаруашылық жүргізуші субъектінің ағымды өтімділігін  бағалау кезінде ерекше мән беріледі.Оның кеңінен қолданылуының себебі келесілер  болып табылады:  біріншіден,  ол  ағымды активтермен ағымды міндеттемелердің жабылу дәрежесін көрсетеді: бұл шама қаншалықты жоғары болса, қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеуде соншалықты сенімділік жоғары болады;  екіншіден,  ағымды активтердің ағымды міндеттемелерден артуы ағымды активтерді сату немесе жою кезінде зиянның пайда болуына кедергі жасайды (ақшалай қаражаттан өзге):  қарама – қарсы әрекет қаншалықты күшті болса, соншалықты несиегерлер үшін жақсы болады. Бұл артықшылықты жұмысшы капитал деп атайды.

Бұл  коэффициент 1-2 шегінде болуы керек. Төменгі шекара, ағымды активтердің ағымды міндеттемелерді өтеу үшін жеткілікті болуы керектігімен шартталады,  әйтпесе шаруашылық жүргізуші субъект төлеу қабілеттіліксіз болып қалады. Ағымды активтердің ағымды міндеттемелерден екі еседен артық артуы орынсыз деп есептеледі,  өйткені ол компанияның өзінің қаражатын тиімсіз жұмсайтыны және оны тиімсіз пайдаланатыны туралы куәлендіреді.Көріп отырғанымыздай, төменгі шекара осы кәсіпорын бойынша коэффициентті бағалау үшін сақталмайды.

Жоғарыда келтірілген  үш көрсеткіштердің әрқайсысы шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы  жағдайының анықталған жағын көрсетеді, бірақ оның бәрі қаржы жағдайы  мен төлеу қабілеттілігінің бағдарлы индикаторы ғана болып табылады. 

Атап айту керек, көптеген  шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін қатаң өтімділіктің төменгі коэффициенттерінің ағымды өтімділіктің жоғарғы коэффициенттерімен ұштасуы сирпатты болады.  Бұл шаруашылық жүргізуші субъектіде шикізаттың, материалдардың, құраушылардың, дайын өнімнің  артық қорының болуымен, кейде аяқталмаған өндірістің  ақтаусыз жоғарылығымен байланысты.

Бұл шығындардың  негізсіздігі ақырында ақша қаражатынығ  жетіспеуіне және төлеу қабілеттілігінің нашарлауына әкеледі.  Осыдан, ағымды өтімділіктің жоғары коэффициенті кезіндеде  оны құраушылардың күйі мен динамикасын айқындау қажет, әсіресе баланс активтерінің үшінші тобына кіретін баптар бойынша. Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімдердің, аяқталмаған өндірістің айналымдығын есептеу қажет.

Өтімділікті қаражаттардың айналымдылық көрсеткіштерінің нашарлауы кезіндегі төлеу қабілеттілігін барынша объективті бағалау үшін, осы нашарлаудың себептерін айқындау қажет. Бұл кезде, тұтынушылармен өнім  мен көрсетілген қызметке өтеудің кідіруі,  дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және т.б. қорларының артық жиналуы себептерімен егжей-тегжейлі тексеріп анықтау керек.  Бұл себептер, талданатын субъектіге соншалықты тәуелді емес сыртқы болу мүмкін, ішкі болуыда мүмкін.  Бірақ,  бәрінен бұрын,  өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеу, олардың деңгейіндегі ауытқуды анықтау және оларға әртүрлі факторлардың ықпалының мөлшерін анықтау қажет.

Жоғарыда көрсетілген  коэффициенттер нәтижелері бойынша, «Семей жолы сервис» ЖШС жылдың басында және аяғында жеткізушілер мен банкирлер жайғасымынан төлеу қабілеттілікті деп, ал акционерлер мен инвесторлар жайғасымынан – төлеу қабілеттілігі жоқ деп бағаланды. Баланс деректері бойынша, жалпы өтімділік коэффициентінің 1-ден төмен болуы салдарынан, жұмысшы капитал теріс мәнде болады. Жаңғырту үшін қаржы қаражаттарының тұрақты жетіспеуі мен оны сырттан тартудың жетіспеуі өтімділік коэффициенттеріне өте үлкен ықпал етеді.

Кәсіпорынның төлем  қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс өтімділігін  талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы  белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша  өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа  мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.                                                                                                           

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді  және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу ке-рек.

Баланс өтімділігін талдаудың  мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс өтімділігін анықтау  үшін актив пен пассив бойынша  келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс  өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген  жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртін-ші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бо-йынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төр-тінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономика-лық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарт-тарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының ба-рын дәлелдейді. 

 

 

2.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау

 

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің  құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.                                                                                                                        

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін  өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.                                                                                                            

Активтердің қорлану  көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.                                      

Кәсіпорын активтері  құрылымының өзгерісін зерттеу  өте маңызды ақпарат алуға  мүмкіндік береді. Мысалы,  мүліктегі  ағымды активтердің үлесінің артуы  келесідей жағдайларды куәлендіреді:

  • ұйым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетуге ықпал ететін, активтің ең жұмылдыру құрылымдарын қалыптастыру;
  • ағымдағы активтердің бір бөлігін дайын өнімді тұтынушыларды, көрсетілетін қызметті, еншілес кәсіпорындарды, басқа дебиторларды  несиелендіруге оқшауландыру;
  • өндірістік базаларды қысқарту;
  • олардың бухгалтерлік есебінің қолданудағы тәртібі салдарынан негізгі қорлардың нақты бағаларының бұрмалануы және т.б.

Активтер құрылымындағы  осы пропорцияның өзгеру себептері  туралы дәл қорытындылар жасау үшін, баланс активінің жеке баптары мен бөлімдеріне  егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет, жекелеп айтқанда, кәсіпорынның өндірістік әлуетінінің жағдайын, негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтерді тиімді қолдануды, ағымдағы активтер айналымының жылдамдығын  бағалау жүргізу.

Баланс активінің  бірінші бөлімін талдау кезіндеаяқталмаған құрылыс сияқты элементтің өзгеру беталысына көңіл аудару қажет, өйткені бұл  бап өндірістік айналымға қатыспайды және, демек, белгілі бір жағдайларда  оның үлесін арттыру қаржы – шаруашылықты қызметтің нәтижелілігіне жағымсыз ықпал етеді.  

Ұзақ мерзімді қаржылық жұмсалымның болуы кәсіпорын  жұмсалымының инвестициялық бағыттылығына  сілтейді.

Негізгі қаражаттардың  меншікті салмағының сыртқы факторлар  ықпалы салдарынан өзгере алатынын ескере отырып, мысалы,  шикізатқа, материалға, дайын өнімге баға жеткілікті жоғары қарқында өсіп жатқан кезінде, инфляция жағдайларындағы негізгі қаражат құнының кешіктірілген түзетулері жүруі кезіндегі оларды есептеу тәртібі, есеп беру кезеңіндегі абсолюттік көрсеткіштер өзгерісіне көңіл аудару керек.

Кәсіпорын құрамында  материалдық емес активтердің болуы  ұйыммен инновация ретінде таңдалған  стратегияны жанама сипаттайды, өйткені  ол қаражатты патенттерге, лицензияларға, басқада зияткерлік меншікке салады.

 Ағымды активтердің  (абсолюттік және салыстырмалы) өсуі  тек өндірістің кеңеюі немесе  инфляция факторлары әрекеті  туралы куәлендірмейді, сонымен  қатар айналымның баяулауында  көрсетеді.  Бұл олардың массасын  арттырудың қажеттілігін объективті  тартады. 

Қорлар құрылымын зерттеу кезінде негізгі көңілді ағымдағы активтердің келесідей элементтерінің өзгеру беталысын айқындауға аударған тиімді: шикізат, материалдар және басқа осыған ұқсас бағалылықтар, аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын өнім және қайтарма сатуға арналған тауарлар, тиелген тауарлар.

Өндірістік қорлардың меншікті салмағын арттыру келесі салдарлардан шығады:

  • ұйымның өндірістік потенциалын арттыру;
  • өндірістік қорларға салу арқылы кәсіпорынның ақшалай активтерін инфлияция ықпалынан құнсызданудан қорғауға ұмтылу;
  • шаруашылықтық стратегияның тиімсіз таңдалуы, соның салдарынан ағымдағы активтердің маңызды бөлігі, өтімділігі жоғары болмайтын, қорларға шашырайды.

Осылай,  қорларды өсіруге бетбұрыс кейбір уақыт аралығында ағымдағы өтімділік коэффициентінің жоғарылауына әкелетініне қарамастан, бұл жоғарылаудың активтердің өндірістік айналымнан негізсіз оқшаулануынан жүрмегендігін талдау қажетті, ол, ақырында, несиегерлік берешектің өсуіне және қаржы жағдайының нашарлауына әкеледі. 

Баланстың позитивтік өзгерісінің белгілері болып табылатындар:

Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері