Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 21:32, реферат
Хаттаманың түрлі баптарына түзетулер өзара байланысты болғандықтан кешенді Түзетулер ретінде Лондон кеңесінде қабылданған болатын. Бұл түзетулер хаттаманың Жақтары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары бекітіп, қабылдаған немесе қолдаған кемінде 20 құжатты сақтауға тапсырған жағдайда 1992 жылғы 1 қаңтарында күшіне енеді. Егер бұл шарт көрсетілген датаға орындалмаса, Түзетулер осы шарт орындалғаннан кейінгі тоқсаныншы күнде күшіне енеді. Басқарушының түзетілген бөліктері 1987 жылғы Монреаль хаттамасымен қатар майлы қара әріптермен басылды. Оны бекіткен мемлекеттер үшін түзетулердің күшке ену сәті күшін жоғалтқан 1987 жылғы хаттаманың сол бөліктері шаршы жақшалардың ішінде жазылған.
4. Әрбір Жақ 1997 жылғы
1 қаңтарда басталатын он екі
айлық мерзім ішінде және одан
кейінгі әрбір он екі айлық
мерзім үшін А қосымшасының I тобына
қосылған реттеуші заттарды
5. Әрбір Жақтардың 2000 жылдың 1 қаңтарында
басталатын он екі айлық мерзімі ішінде
және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзімде
А қосымшасының І тобына қосылған оның
реттеуші заттарын тұтынатын есепті деңгейі
нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз
етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін
өндіретін әрбір Жақ осы мерзімдердің
ішінде осы заттарды өндірудің есепті
деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз
етеді. Бірақ та 5-баптың 1-тармағының шеңберінде
жұмыс істеп жатқан Жақтардың негізгі
ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін
оны өндірудің есепті деңгейі, бұл шектен
асуы мүмкін, бірақ 1986 жылғы оны өндірудің
есепті деңгейінен он бес проценттен артық
емес.
6. 1992 жылы Жақтар қысқарту кестесін тездету
мүмкіндігін қарайды.
2В-БАП: ГОЛОНДАР 13/
1. Әрбір Жақ 1992 жылдың
1 қаңтарында басталған он екі
айлық мерзім ішінде және одан
кейінгі он екі айлық
2. 1995 жылдың 1 қаңтарында басталатын он
екі ай мерзімнің ішінде және одан кейінгі
он екі айлық мерзімнің әр қайсысы үшін
А қосымшасының II тобына қосылған реттелуші
заттардың жыл сайынғы оны тұтынудың есепті
деңгейі 1986 жылғы оны тұтынған есепті
деңгейден елу проценттен артық болмауын
қамтамасыз етеді. Осы заттардан біреуін
немесе бірнешеуін әрбір Жақ осы мерзімнің
ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы
есепті деңгейі 1986 жылғы оны өндірудің
жыл сайынғы есепті деңгейінен елу проценттен
аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың
1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың
негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру
үшін оны өндірудің есепті деңгейі бұл
шектен аспауы мүмкін, бірақ ол 1986 жылғы
өндірілген оның есепті деңгейінен он
проценттен артық болмауы тиіс. Бұл тармақ
өздеріне біртекті балама болмайтын қолданудың
маңызды түрлерін қамтуға қажетті өндіру
немесе тұтыну деңгейіне рұқсат берген
шешімді Жақтар қабылдаған негіздегіден
басқа кезде қолданылмайтын болады.
3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарында басталатын
он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі
он екі айдың әрбір мерзімі үшін А қосымшасының
ІІ-тобына қосылған реттелуші заттарды
тұтынудың есепті деңгейі нольдік деңгейден
аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы
заттардың біреуін немесе бірнешеуін
шығарса, осы мерзімнің ішінде осы заттарды
өндірудің есепті деңгейі нольдік шектен
аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың
І-тармағында жұмыс істейтін жақтардың
негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру
үшін оның есепті деңгейі бұл шектен аса
алады, бірақ 1986 жылғы өндірудің есепті
деңгейінен 185 проценттен аспауы керек.
Бұл тармақ өздерінің біртекті баламасы
жоқ қолданудың маңызды түрлерін қамтуға
қажетті өндіру немесе тұтыну деңгейіне
рұқсат беру жөнінде Жақтар шешім қабылдаған
кезде ғана қолданылады.
______________________________
13/ Жақтардың екінші Кеңесі 11/3 шешімінде
галондар жөнінде 1992 жылы өтетін Жақтардың
төртінші Кеңесінде галондарды айырбастау
мүмкіндігіне қатысты, галондарды пайдаланудың
маңызды түрлерінің барлығын айқындау
керек, кезінде осы түрлерді анықтап, зерттейтін
сарапшылардың арнайы жұмыс тобын құруға
қаулы етті:
4. 1993 жылдың 1-қаңтарына дейін
"Қолданудың маңызды түрлері"
ұғымын айқындау жөнінде, егер
де осы баптың 2 және 3-тармақтарының
мақсаттары үшін мұндайлар
2С-БАБЫ: БАСҚАЛАРЫ ТҮГЕЛ ГАЛОГДИРЛЕНГЕН ХФУ
1. Әрбір Жақ 1993 жылы
басталған он екі айдың мерзім
ішінде онан кейінгі он екі
айлық мерзімнің ішінде В
2. Әрбір Жақ 1997 жылы 1-қаңтарда басталатын
он екі ай мерзімнің ішінде және одан кейінгі
әрбір он екі айлық мерзімнің ішінде В
қосымшасының 1-тобына қосылған реттелуші
заттардың жыл сайынғы тұтынудың есепті
деңгейі 1989 жылғы тұтынудың есепті деңгейіне
15 проценттен аспауын қамтамасыз етеді.
Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін
өндіретін әрбір Жақ осы заттардың өндірудің
жыл сайынғы есепті деңгейі 1989 жылғы өндірудің
жыл сайынғы есепті деңгейінен он бес
проценттен аспауын қамтамасыз етеді.
Бірақта 5-інші баптың 1-тармағының шеңберінде
жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі
қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің
есепті деңгейі 1989 жылы өндірілген есепті
деңгейден он процент болып, бұл шектен
асып кетуі ықтимал.
3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан басталатын
он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі
он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының
1-тобына қосылған реттелуші заттарды
тұтынудың есепті деңгейі нольдік деңгейден
аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы
заттардың біреуін немесе бірнешеуін
шығаратын болса, осы мерзімнің ішінде
нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз
етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде
істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін
қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті
деңгейі 1989 жылғы өндірілген есепті деңгейдегі
бұл шектен он бес проценттен артық аспауы
мүмкін.
2-БАП: І/ТЕТРАХЛОРМЕТАН
1. Әрбір Жақ 1995 жылдың
1-қаңтарында басталатын он
2. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарында басталатын
он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі
әрбір он екі ай мерзім ішінде В қосымшасының
І-тобына қосылған реттелуші заттардың
тұтынылуының есепті деңгейі нольдік
деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы
заттарды өндіретін әрбір Жақ осы мерзімдердің
ішінде осы заттарды шығарудың есепті
деңгейінің нольдік деңгейден аспауын
қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың I-тармағында
істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін
қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті
деңгейі 1989 жылғы өндірістің есепті деңгейінен
он бес проценттен артпай, бұл шекті асуы
мүмкін.
2Е-БАП: І,І,І-ТРИЛОРЭТАН /МЕТИЛХЛОРОФОРМ /
1. Әрбір Жақ 1993 жылдың
1-қаңтарында басталатын он
2. Әрбір Жақ 1995 жылдың 1-қаңтарында басталатын
он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі
әрбір он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының
ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың
жыл сайынғы тұтынылуының есепті деңгейі
1989 жылғы оны тұтынудың есепті деңгейінен
70 проценттен аспауын қамтамасыз етеді.
Осы затты шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің
ішінде оны өндіретін жыл сайынғы есепті
деңгейі 1989 жылғы оны шығаратын есепті
деңгейінен 70 проценттен аспауын қамтамасыз
етеді. Бірақта, 5-баптың 1-тармағының шеңберінде
істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін
қанағаттандыру мақсатында оны өндірудің
есепті деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің
есепті деңгейінен он проценттен аспай
асып кетуі мүмкін.
3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарынан басталатын
он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі
әрбір он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының
ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың
жыл сайынғы тұтынуының есепті деңгейі
оны тұтынудың 1989 жылғы есепті деңгейінен
отыз процент аспауын қамтамасыз етеді.
Әрбір Жақ осы заттарды шығара отырып,
осы мерзімдердің ішінде осы заттың 1989
жылғы өндіруінің есепті деңгейінен отыз
процент аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта
5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін
Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру
үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989
жылдың оның өндірілген есепті деңгейінен
он проценттен аспай, бұл шектен артық
болуы мүмкін.
4. Әрбір Жақ 2005 жылдың 1-қаңтарында басталатын
он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі
әрбір он екі ай мерзім ішінде В қосымшасының
ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың
жыл сайынғы есепті деңгейі нольдік деңгейінен
аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттарды
шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің
ішінде осы затты өндірудің есепті деңгейі
нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз
етеді. Бірақта, 5-баптың 1-тармағының шеңберінде
істейтін Жақтарының негізгі ішкі қажеттерін
қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті
деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің есепті
деңгейінен он бес проценттен артпай,
6ұл шектен асуы мүмкін.
5. 1992 жылы Жақтар осы бапта көрсетілгендермен
салыстырғанда қысқарту кестесін тездету
мүмкіндігін қарайды.
3-БАП: РЕТТЕЛУШІ ДЕҢГЕЙЛЕРДІҢ ЕСЕБІ
Әрбір Жақ 2 14 2А -
2Б және 5-баптарының мақсаттары
үшін қосымшасының немесе В
қосымшасындағы заттардың
а/ Өндіріс жолымен:
I/ Әрбір реттелуші заттың өзінің жылдық
өндіріс көрсеткіші А қосымшасының немесе
В қосымшасында озон бұзатын қабілетін
көбейту;
II/ Әрбір топ бойынша алынған көрсеткіштерін
соммалап жинақтау;
в/ импорт пен экспортқа сәйкес а/ тармақшасында
көрсетілген mutalis mutandis процедурасын қолдана
отырып және
с/ Реттелуші заттарды өндіріс пен импорттың
өзіндік есепті деңгейлерін сомдау жолдарымен
тұтыну және а/ мен в/ тармақшаларына сәйкес
айқындалған экспорттың өзіндік есеп
деңгейінен шығарып тастау. Бірақта 1993
жылдың 1-қаңтарынан бастап Жақтарға жатпайтын
елдерге реттелуші заттардың экспортынан
экспортқа жіберетін Жақтың тұтыну деңгейін
шығарып тастауға болмайды.
4-БАП: ЖАҚТАРҒА
ЖАТПАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН
1. Осы Хаттама күшіне
енгеннен кейінгі бір жылдық
ішінде әрбір Жақ осы
2. 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап 5-баптың
1-тармақшасының шеңберінде істейтін Жақтардың
бірде-бірі осы Хаттаманы жақтамайтын
кез келген мемлекетке бірде реттелуші
затты экспортқа жібере алмайды.
3. Осы Хаттама күшіне енген күннен кейінгі
үш жылдың ішінде Жақтар конвенцияның
10-бабында көрсетілген ережеге сәйкес
реттелуші заттар бар өнімінің тізімін
қосымша ретінде дайындайды. Қосымшаға
қарсы пікір айтпаған Жақтар көрсетілген
процедураларға сәйкес қосымша күшіне
енген бір жылдың ішінде осы Хаттаманың
Жақтаушысы болмаған кез келген мемлекетпен
мұндай өнімдердің импортына тыйым салады.
4. Осы Хаттама күшке енгеннен кейінгі
бес жылдың ішінде Жақтар осы Хаттаманы
негізінде жүргізілген өнімдердің импортына
тыйым салу немесе шектеудің практикалық
мүмкіндігін анықтайды. Жақтар егер де
бұл мүмкін деп санаса, конвенцияның 10-бабында
көрсетілген процедураларға сәйкес осындай
өнімдердің тізімін қосымша ретінде дайындайды.
Ол жөнінде қарсы пікір білдірмеген Жақтар
айтылған процедураларға сәйкес осы Хаттаманың
Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетпен
осындай заттардың импортына қосымша
күшіне енген бір жылдың ішінде тыйым
салады немесе шектейді.
___________________
14/ 2, 2А және 2В-баптары 1990 жылғы 29 маусымда
Лондонда өткен Жақтардың екінші Кеңесі
қабылдаған ІІ/І шешімінің түзетулеріне
сай
5. Әрбір Жақ осы Хаттаманы
Жақтарға жатпайтын кез келген
мемлекетке реттелуші заттарды
өндіруге немесе пайдалануға
қажетті технологияны беру
1. 1990 жылдың 1-қаңтарынан бастап әрбір
Жақ осы Жақтарға жатпайтын кез келген
мемлекеттен А қосымшасында көрсетілген
реттелуші заттардың импортына тыйым
салады.
1-бис. Осы тармақша күшіне енгеннен кейінгі
бір жылдың ішінде әрбір Жақ Жақтарға
жатпайтын кез келген мемлекеттің Б қосымшасында
көрсетілген реттелуші заттардың импортына
тыйым салады.
2. 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап әрбір
Жақ Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке
А қосымшасында аталған кез келген реттелуші
заттардың экспортына тыйым салады.
2-бис. Осы тармақша күшіне енген күннен
бір жыл өткен соң әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын
кез келген мемлекетке Б қосымшасында
көрсетілген кез келген реттелуші заттың
экспортына тыйым салады.
3. 1992 жылдың 1-қаңтарына дейін Жақтар конвенцияның
10-бабындағы процедураларға сәйкес А қосымшасында
көрсетілген реттелуші заттары бар өнімдердің
тізімі қосымша ретінде дайындайды. Бұл
қосымшаға қарсы келмеген Жақтар көрсетілген
процедураларға сәйкес осы қосымшаның
күшіне енген бір жылдың ішінде Жақтарға
жатпайтын кез келген мемлекетке осындай
заттардың импортына тыйым салады.
3-бис. Осы тармақша күшіне енгеннен кейінгі
үш жылдың ішінде Жақтар конвенцияның
10-бабында айтылған процедураларға сәйкес
В қосымшасына қосылған реттелуші заттары
бар өнімдердің тізімі қосымша ретінде
жасайды. Бұл қосымшаға қарсылық білдірмеген
Жақтар осы процедураларға сәйкес осы
қосымша күшіне енген Жақтарға жатпайтын
кез келген мемлекетке осы өнімдердің
импортына тыйым салады.
4. 1994 жылдың 1-қаңтарына Жақтар А қосымшасында
көрсетілген реттелуші заттардың негізінде
шығарылатын, бірақ Жақтарға жатпайтын
мемлекеттерден басқалардың өнімдерінің
импортын шектеу немесе тыйым салудың
практикалық мүмкіндігін айқындайды.
Жақтар егер де мұны мүмкін деп санаса,
конвенцияның 10-бабында қарастырылған
процедураларға сәйкес осындай өнімдердің
тізімін қосымша ретінде дайындайды. Жақтар
бұл ұсыныстарға қарсы болмаса, аталған
процедураларға сәйкес қосымша күшіне
енген бір жылдың ішінде осы Жақтарға
жатпайтын кез келген мемлекеттерден
осындай өнімдердің импортына тыйым салады.
4-бис. Осы тармақтың күшіне енген күннен
кейінгі бес жылдың ішінде Жақтар Жақтарға
жатпайтын мемлекеттерден В қосымшасында
көрсетілген реттелуші заттардың негізінде
өндірілетін өнімдердің импортын шектеу
немесе тыйым салудың практикалық мүмкіндігін
анықтайды. Жақтар егер де мұны мүмкін
деп санаса, конвенцияның 10-бабында көрсетілген
оларға сәйкес осындай өнімдердің тізімін
қосымша ретінде дайындайды. Бұл қосымшаға
қарсы пікір білдірмеген Жақтар көрсетілген
процедураларға сәйкес Жақтарға жатпайтын
кез келген мемлекеттен осындай өнімдердің
импортын қосымша күшіне енгеннен кейінгі
бір жылдың ішінде шектейді немесе тыйым
салады.
______________________________
1 5/ Жақтардың үшінші Кеңесі Хаттаманың
4-бабын жүзеге асыру жөніндегі ақпарды
хатшылыққа беру туралы Жақтардың ұсынысын
мақұлдап, қаулы етті.
5. Әрбір Жақ осы хаттаманы
жақтамаған кез келген
6. Әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын мемлекеттерге
реттелуші заттарды өндіруге көмек беретін
технология немесе қондырғы, жабдықтар
мен өнімдерді экспортқа жіберу үшін жаңа
жәрдемақша, көмек, несие, кепілдеме немесе
қауіпсіздендіру бағдарламасын беруге
өзін өзі тоқтатады.
______________________________
16/ 2, 2А және 2В-баптары 1996 жылдың 29 маусымында
Лондонда өткен Жақтардың екінші Кеңесінде
қабылданған ІІ/І шешімдерінің түзетулеріне
сай.
17/ Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/15 шешімінде
Жақтардың ашық құрамының жұмыстары тобының
жұмысын одан әрі жалғастыруға, қажет
болғанда және бірінші кезекте мына мәселелерді
қарау үшін оның мандаты ұзартылсын:
с/ Жақтармен катар Жақтарға жатпайтын
мемлекеттермен және ұйымдармен сауда
жасау туралы осы Хаттаманың ережелеріне
байланысты, оның ішінде еркін сауда жасаған
қатысты және Жақтардың үшінші Кеңесі
жасалған ұсыныстар проблемаларын шешу.
7. 5 және 6 тармақтар реттелуші
заттарды қауіпсіз сақтауға, пайдаға
асыруға, рециркуляцияға
8. Осы баптың жағдайына қарамай, 1, 1-бис,
3, 3-бис, /және/ 4 және 4-бис тармақтарында
айтылған импорт және 2, 2-бис тармақтарында
айтылған экспорт Жақтарға жатпайтын
кез-келген мемлекетпен немесе егер де
Жақтар Кеңесі бұл мемлекет және 2, 16 2А
- 2Е баптарының ерекшеліктерін толық орындап
келеді және ол 7-17 бабында көрсетілгендей,
ол туралы тиісті мәліметтер берілген
кезде рұқсат беріледі.
9. Осы баптың мақсаттары үшін "осы Хаттаманы
жақтамайтын Жақтың мемлекеті" деген
ұғымға кез-келген нақты реттелуші затқа
қатысты жұмыс істейтін осы затқа байланысты
реттеу шараларымен келіспеген мемлекет
немесе экономикалық интеграция жөніндегі
аймақтық ұйым жатады.
5-БАП: ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЫ 18/
1. Кез келген дамушы
ел болып табылатын Жақ оның
А қосымшасында көрсетілген