Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 21:32, реферат
Хаттаманың түрлі баптарына түзетулер өзара байланысты болғандықтан кешенді Түзетулер ретінде Лондон кеңесінде қабылданған болатын. Бұл түзетулер хаттаманың Жақтары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары бекітіп, қабылдаған немесе қолдаған кемінде 20 құжатты сақтауға тапсырған жағдайда 1992 жылғы 1 қаңтарында күшіне енеді. Егер бұл шарт көрсетілген датаға орындалмаса, Түзетулер осы шарт орындалғаннан кейінгі тоқсаныншы күнде күшіне енеді. Басқарушының түзетілген бөліктері 1987 жылғы Монреаль хаттамасымен қатар майлы қара әріптермен басылды. Оны бекіткен мемлекеттер үшін түзетулердің күшке ену сәті күшін жоғалтқан 1987 жылғы хаттаманың сол бөліктері шаршы жақшалардың ішінде жазылған.
18 "Дамушы елдер"
ұғымын түсіндіру жөнінде
Осы аталған дамушы елдер жайында жақтардың
екінші Кеңесі 11/10 шешімінде қаулы етеді:
5-баптың бірінші тармағының шеңберінде
істейтін Дамушы елдерге қажетті реттелуші
заттардың дәл санын өздерінде бар деректердің
негізінде анықтау және Хаттаманың 2А
- 2Е баптары мен 2-бабы бойынша рұқсат етілген
проценттер көлемінде дамушы елдерге
өздерінің компанияларына қосымша қажетті
сандарында өндіруге көмек көрсету үшін
жеткізу көздерін анықтау Хатшылықтан
сұралсын.
Хатшылықтан өзінің жыл сайынғы деректер
туралы баяндамасында 5-баптың 1-тармағының
шеңберінде істейді деп есептелетін толық
мәліметтердің негізінде дамушы елдердің
жаңартылған тізімін жариялау сұралсын.
Хаттаманың санымен бірге 5-бабының 1-тармағының
шеңберінде істейтін Жақтар болып есептелуге
тиіс толық емес немесе бағалай алатын
дамушы елдердің тізімін жариялайды. Хаттаманың
5-бабындағы Ережелерге сәйкес 5-баптың
1-тармағында көрсетілген тәртіп ол хатшылыққа
мұның жыл сайынғы тұтынудың есепті деңгейі
жан басына шаққанда 0.3 килограмнан төмен
екенін растайтын толық мәліметті бермейінше
ешбір Жаққа таратылмайды. Жақтардың үшінші
Кеңесі III/3 с/ шешімінде 5-баптың 1-тармағына
сәйкес дамушы елдердің мамандықтары
туралы ұсынысты мақұлдауға қаулы етеді:
"Мәліметтер туралы баяндамада бар"
(UNEP/OZ. (Pzo) Vl 3/113 gty Add 1) деректерге сай және
мәліметтер беру мәселелері жөніндегі
арнайы сарапшылар тобының баяндамасының
/ (UNEP/OZ (Pzo/WC Z/114) /с/ 14 тармағындағы ұсыныстарға
орай Комитет мына Дамушы елдер 5-баптың
1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін
уақытша мамандықта деп қаулы етті: Бахрейн,
Мальта, Біріккен Араб Эмираттары мен
Сингапур. Басқа дамушы елдердің бәрі
5-баптың 1-тармағының шеңберінде қимыл
жасайтындар болып қаралады.
Жақтардың Үшінші Кеңесі бойынша сонымен
қатар III/5 шешімінде қаулы етеді:
а/ Дамушы елдің статусын беру туралы
мемлекеттердің өтініштері жеке негізде
және түсуіне қарай қаралсын;
в/ Монреал Хаттамасының мақсаттары үшін
Түркияға дамушы елдің статусын беру мойындалсын,
онда Дүниежүзілі банк пен ОЭСР және ПРООН
Түркияны дамушы ел ретінде танитыны атап
өтілсін;
с/ Жақтардың ашық құрамының жұмысшы тобынан
Монреаль Хаттамасының мақсаттары үшін
дамушы елдердің статусын беруді сұраған
кезде қолданылатын критерийді анықтап,
зерттеу сұралсын және Жақтардың төртінші
немесе бесінші Кеңесінде қарауға баяндама
берілсін. Жақтардың үшінші Кеңесі осымен
бірге III/6 шешімінде Дамушы елдер өкілдерінің
Баға жөніндегі топ, жою технологиясы
жөніндегі Комитет, Бюро және Жұмысшы
топтарының, сондай-ақ Монреаль Хаттамасы
шеңберінде шақырылатын кез-келген басқа
Кеңестердің жұмысына қатысулары мақұлдансын
және осындай қатысушыларды мүмкіндігіне
қарай қаржымен қолдау қамтамасыз етілсін.
Монреаль Хаттамасына қосымша түзетулер
енгізу жөнінде Жақтардың үшінші Кеңесі
одан әрі III/13 шешімінде қаулы етеді:
в/ Хаттаманың 5-бабының 1-тармағының шеңберінде
жұмыс істеп, осы бапта көрсетілген жан
басына шаққанда тұтыну 0.3 килограмм көлемінен
асқанда ел үшін оның салдарының мүмкінділігі
қандай болатынын талқылау үшін Монреаль
Хаттамасының барлық тиісті баптарын
қарау керек.
с/ осындай Жақтың екінші бапта қарастырылған
реттеу шараларына орай жағдайына айқындап
білу үшін Хаттамаға енгізілуі мүмкін
түзетулерді қосу шараларын талқылау
қажет, оның ішінде анықталатыны
осындай Жаққа өндіруді қысқарту кестесі
үшін қолданатын негізгі жыл;
өндіруді қысқарту кестесінде кезең,
ол оған сай болуы керек;
реттеу жөніндегі шараларды неғұрлым
толық жүзеге асыру үшін Жаққа қандай
мерзімді /егер ондай болса/ беру қажет.
/5/1/ бап бойынша өзінің статусын Жақтар
үшін жоятын салдардың мүмкіндігін қарайды,
егер де ол осы уақытта Уақытша көп жақты
қордың атқару Комитетінің мүшесі болып
табылса.
2. Жақтардың дамушы елдер болып саналатын
Жақтарға экологиялық қауіпсіз балама
химиялық заттар мен технологияларға
қол жеткізуге көмектеседі және соларға
осындай балама заттар мен технологияны
пайдалануға тез көшу мақсатында көмек
көрсетеді.
3. Жақтар екі жақты немесе көп жақты каналдар
бойынша дамушы елдер болып табылатын
жақтарға балама технологиямен айырбасталатын
өнімдерді пайдалану мақсатында ақшалай
жәрдем, көмек несие кепілдеме немесе
қауіпсіздендіру бағдардамаларын беруді
жеңілдетуге міндеттенеді.
2. Бірақ та кез-келген Жақ осы баптың 1-тармағының
шеңберінде жұмыс істеп, А қосымшасында
көрсетілген реттелуші Жақтардан жыл
сайынғы тұтынуының есепті деңгейінен,
жан басына шаққанда 0.3 килограмнан аспауы,
В қосымшасында аталған реттеуші заттардың
жыл сайынғы есепті деңгейінен, жан басына
шаққанда 0.2 килограмнан аспауы керек.
3. Осы баптың 1-тармағының шеңберінде
істейтін әрбір кез-келген Жақ 2А - 2Е баптарына
сәйкес реттеу шараларын қолданған кезде
мыналарды пайдалануға құқы бар:
_____________________
19/ 2А және 2В баптары 1990 жылы 29 маусымда
Лондонда өткен Жақтардың екінші Кеңесінің
ІІ/І шешімінде қабылданған зерттеулерге
сәйкес.
а/ А қосымшасында
көрсетілген реттелуші заттар
үшін 1995 жылдан 1997 жылға дейінгі
мерзім ішіндегі өзінің
в/ В қосымшасында көрсетілген реттелуші
заттар үшін 1998 жылдан 2000 жылға дейінгі
мерзім ішінде өзінің тұтынуының есепті
орта жылдық деңгейі немесе реттеу шараларын
сақтаудың критерийін анықтауға негіз
ретінде қандай деңгейдің аз екенін жан
басына шаққанда 0.2 килограмм көлемінде
тұтынудың есепті деңгейіне байланысты.
4. Егер де осы баптың 1-тармағы шеңберінде
жұмыс істейтін Жақ 2А және 2Е баптарында
көрсетілген реттеу шаралары жөніндегі
міндеттемелер күшіне енген кезіне дейінгі
кез-келген сәтте реттелуші заттардың
жеткілікті санын алуға мүмкіндік жоғын
білсе онда ол туралы ол Хатшылыққа хабар
береді. Хатшылық мұндай хабардың бір
данасын осы мәселені келесі Кеңесте қарайтын
Жақтарға жібереді және олар тиісті шаралар
қабылдайды.
5. 2А - 2Е баптарында айтылған зеттеу шараларын
сақтау жөніндегі осы баптың 1-тармағының
шеңберінде істейтін Жақтардың міндеттемелерді
орындауға мүмкіндігін қамтамасыз ету
және оларды осы Жақтар бойынша жүзеге
асыру 10-бапта көрсетілген қаржылық ынтымақтастықты
тиімді түрде жүзеге асыруға және 10А бабында
айтылғандай технологияны беруге тәуелді.
6. Осы баптың 1-тармағы шеңберінде істейтін
кез келген Жақ кез-келген сәтте іс жүзінде
барлық мүмкіндікті қолдағанына қарамай
10 және 10 А баптарын қатаң түрде орындауы
себебінен 2А - 2Е баптарында көрсетілген
зерттеу шаралары жөніндегі кез-келген
немесе барлық міндеттемелерді орындауға
өзінің күші жоқ екені жайында Хатшылыққа
жазбаша түрде хабарлайды. Хатшылық бұл
мәселені осы баптың 5-тармағын ескере
отырып, алдағы Кеңесте қарайтын Жақтарға
осы хабардың бір данасын дереу жібереді,
олар қажетті шаралар қабылдайды.
7. Жоғарыдағы 6-тармақта айтылған қажетті
шараларды қабылдауға тиісті хабарды
алған және Жақтардың Кеңесін өткізу аралығындағы
мерзімде немесе кез келген онан кейінгі
кезеңде Жақтар Кеңесінің шешімі бойынша
хабар берген Жаққа 8-бапта айтылған ережені
сақтамауға байланысты процедуралар қолданылмайды.
8. Жақтардың Кеңесі 1995 жылдан кешікпей
осы баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін,
оның ішінде технологияны беру мен қаржылық
ынтымақтастықты тиімді түрде жүзеге
асырып отырған Жақтардың жағдайына шолу
жасайды және осы Жақтарға қолдануға жарайтын
реттеу шаралары кестесіне қатысты қажет
деген кез келген қайта қарауды өткізеді.
9. Осы баптың 4, 6 және 7-тармақтарында айтылған
Жақтардың шешімі 10-баптың шеңберінде
қолданған шешімдерге қарайтын сол процедураға
сәйкес қабылданады.
6-БАП: РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ШОЛУ
1990 жылдан бастап және
төрт жылда кем дегенде бір
рет Жақтар 2, 20/ мен 2А - 2Е-баптарында
көрсетілген реттеу шараларын,
сол сияқты ғылыми, экологиялық,
техникалық және экономикалық
ақпараттардың негізінде С
___________________________
20/ 2, 2А және 2В баптары Лондондағы 1990 жылдың
29 маусымында ІІ/І шешімінде қабылданған
түзетушілерге сай.
21/ Жақтардың бірінші Кеңесі Монреаль
Хаттамасының 6-бабына сай мына төрт топтың
құрылуын бекітуге қаулы етті:
а/ ғылыми баға беру жөніндегі топ
в/ экологиялық баға беру жөніндегі топ
с/ техникалық баға беру жөніндегі топ
с1/ экономикалық баға беру жөніндегі
топ
Жақтардың бірінші Кеңесі, сондай-ақ 1/10
шешімінде ғылыми баға беру жөніндегі
топтан булыжай тиімділігінің ықпалына
жылудың қабілеті, ОРС көрсеткіштері туралы
және реттелуші және реттелмеуші түрлі
атмосфералық құрылымдардың өмір сүру
мерзімдері туралы мәселені жан-жақты
қарап, Жақтарға барлық тиісті атмосфералық
құралдардың қазіргі жайы мен болашақ
өндіру мен шығарудың болжамдарының экологиялық
сипаттамасы жайында өзінің пікірін білдіруді
сұрайды. Бұл орайда қазіргі кезде реттелетін
заттардың айырбастау қабілетіне, әсіресе
ГХФУ - 22-ге ерекше көңіл бөлу қажет. Сонымен
бірге атмосфералық озонды реттеудегі
метилхлорформ және тетрахлорметанның
маңызы жайында сандық бағасын беру қажет.
Жақтардың бірінші Кеңесі одан әрі 1,5
шешімінде ашық құрамының жұмысшы тобын
құруға қаулы етті, ол:
а/ Жоғарғыдағы 3 шешімде айтылған төрт
жұмысшы тобының баяндамаларын қарап,
ол баяндамаларды бір құрама баяндамаға
біріктіреді;
в/ Жоғарыдағы а/ тармақшасының негізінде
Монреаль Хаттамасы Жақтардың бірінші
Кеңесінде айтылған пікірлерді ескере
отырып сұраған кезде қажет Хаттамаға
деген кез келген түзетулердің ұсыныстарының
жобаларын дайындайды. Мұндай ұсыныстар-озон
қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясының
9-бабына сәйкес Жақтарға жіберіледі;
Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/5 шешімінде
Жақтардың ашық құрама жұмысшы тобының
қайраткерлігін одан әрі жалғастыруға
және оның мандатын қажет кезінде және
бірінші кезекте мына мәселелерді қарау
үшін ұзартуға қаулы етті:
а/ Қаржыландыру механизмінің шешілмеген
түрлі құрастыру тетіктерін одан әрі жасау;
в/ Озон қабатын қорғауға арналған технологияны
тапсырудың ең ыңғайлы түрлерін анықтау;
с/ Дамушы елдер болып табылатын Жақтар
мен Хаттаманы жүзеге асыруда ынтымақтасу;
және
с1/ Еркін сауда аймағына қатысты мәселелерді
қосып, Хаттаманың Жақтаушысы немесе жақтамаушысы
емес Жақтармен және мемлекеттермен және
ұйымдармен саудаға қатысты пайда болған
проблемаларды шешу;
Жақтардың екінші Кеңесі, сондай-ақ ІІ/13
шешімінде баға беру тобы жөнінде қаулы
етті:
Техникалық шолу жөніндегі Топтан 6-бапқа
сәйкес I,I,I-трихлорэтанды /метилхлорформды/
өндіру мен тұтынуды кезеңмен қысқартудың
немесе толық тоқтатудың ең қысқа техникалық
жүзеге асыру мерзімі мен осыған байланысты
шағымдарды анықтау және өзінің қорытындысы
туралы Жақтардың төртінші Кеңесін дайындаушы
Кеңесте қарау мақсатында уақытында ұсыну
және оны сол Кеңесте қарау сұралсын;
Жақтардың бірінші Кеңесі құрған баға
беру жөніндегі төрт топтың әрбір мүшесін
жаңа ақпаратты қарау үшін және Жақтардың
үшінші Кеңесінің 2-бабының 1-тармағындағы
мағынаға сай оның мандатын қараған жағдайда
бұл мәселені талқылау үшін Жақтардың
төртінші Кеңесінің уақытында қарау үшін
қосымша баяндамаларға қосу Хатшылықтан
сұралсын;
Технологияны бағалау жөніндегі Топтан
өз жұмысына мыналарды қосу сұралсын:
а/ ауыспалы заттарды арнайы қолдану түрлеріне
қажеттілікті қабылдау;
в/ 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс
істеп жатқан Жақтар үшін олардың қазіргі
және болашақтағы ішкі қажеттері үшін
реттелуші заттардың санын есептеп талдау
және осындай заттарды жөнелту мүмкіндігі;
мен
с/ химиялық заттардың токсикалық, жалындап
жану ауыстырушылардың энергиялық қабілетінің,
сонымен қатар оларға байланысты қоршаған
ортаға қарасты басқа да пайымдаудың сипаттамасын
салыстыру және қауіпсіздігі, сонымен
бірге медициналық мақсаттарда ауыстырушыларды
алу мүмкіндігін талдау;
Ғылыми баға беру жөніндегі Топтың өз
жұмысына мыналарды қосу сұралсын:
а/ реттелуші заттардың /мысалы ГХФУ мен
ХФУ/ ауыстырушылардың әлемдік жылу қабілеті
мен озон бұзушылық күшіне, басқа да озон
қабатын жасайтын мүмкіндігін бағалау;
в/ едәуір мөлшерде өндіре алатын "басқа
галондардың" озон бұзарлық қабілетінің
мүмкіндігін бағалау;
с/ Хаттамаға қазіргі әлемдік қатысудың
деңгейін ескере отырып, Жақтардың екінші
Кеңесінде қабылданған өзгерістерді білдіретін
қайта қаралған реттеу шараларын жүзеге
асыруға байланысты озон қабаты үшін болатын
салдардың талдауы;
ғылыми баға беру жөніндегі Топқа жоғарыда
ұшатын ұшақтар, ауыр зымырандар мен көп
рет пайдаланатын ғарыш кемелерін қозғалтқыштары
шығаратын газдардың ықпалы туралы баға
беру мәліметтерін дайындау тапсырылсын;
Барлық баға беру Топтарына дамушы елдерден
сарапшыларды кеңінен қатыстыруға барлық
күш жұмылдырылсын.
Жақтардың үшінші Кеңесі II/II шешімінде
қаулы етеді:
а/ Жақтардың екінші Кеңесінде II/2 шешімінде
қабылданған Монреаль хаттамасының түзетулеріндегі
5-баптың 5 және 6-тармақтағыларын еске
түсіріп, II/15 шешімге сәйкес Жақтардың
ашық құрамы жұмысшы тобының өкілеттілігі
мақұлдансын және бұл жұмыстарды белсенді
түрде жүргізу сұралсын;
в/ егер де баға беру жөніндегі Топтардың
жұмыс нәтижелерінде хаттаманы Үйлестіру
қажеттілігі пайда болса, немесе оған
түзетулер енгізу керек болса, Жақтардың
келесі Кеңесінде қарау үшін Жұмысшы тобы
ұсыныстарды дер кезінде беруі керек.
с/ ашық құрама Жұмысшы тобының қосалқы
төрағалары ретінде Мексика мен Бірлескен
Корольдіктердің сайлануы мақұлдансын.
7-бап: Мәліметтер беру
1. Әрбір Жақ болған
соңғы үш айдың ішінде
1.2 Әрбір Жақ Хатшылыққа өзінің жыл сайынғы
өндірісі, Жақтар бекітуге жататын технологияны
қолдану мен жыл сайын жойылатын заттардың
саны туралы деректерді арнайы көрсетіп,
импорты мен экспорты, Жақтар болып табылатын
елдердің немесе олай саналмайтын елдердің,
немесе ол Жақтаушы болған бір жылдың
ішінде және одан кейінгі әрбір жыл үшін
осындай мәліметтер беруі тиіс. Ол мұндай
мәліметтерді деректер қарайтын жыл өткен
соң тоғыз айдан қалдырмай береді.
2. Әрбір Жақ Хатшылыққа В қосымшасындағы
әрбір реттелуші заттан өзінің өндіруі
мен экспорты, сондай-ақ С қосымшасындағы
бірінші Топтың ауыспалы заттарының 1989
жылы немесе егер де фактілі деректер
болмаса В қосымшасындағы заттарға қатысты
Хаттама ережесі осы Жақ үшін күшіне енгеннен
кейін үш айдан кеш қалмай ең сенімді баға
берудің сипаттамасы туралы санақ мәліметін
тапсырады.
3. Әрбір Жақ Хатшылыққа өзінің жыл сайынғы
өндірісі (бұл 1-баптың 1-тармағында айтылғандай)
және жеке мына санақ мәліметтерін береді.
Жақтар бекіткен технологияны қолданумен
жойылған заттардың саны туралы;
Жақтардың және Жақтарға жатпайтын елдер
мен Ұйымдардың импорты мен экспорты туралы,
тиісінше А мен В қосымшаларында аталған
әрбір реттелуші заттың, сол сияқты осы
Жақ үшін күшіне енген қосымшасындағы
заттарға қатысты ережелер бар С қосымшасының
1-тобының ауыспалы заттары және одан кейінгі
мәліметтер береді. Осындай мәліметтер
жататын жыл аяқталған соң айдан кешікпей
мәліметтер беріледі.
4. 2-баптың 8 а/ тармағындағы ереженің шеңберінде
жұмыс істейтін Жақтар 1, 2 және 3 тармақтарындағы
импорт пен экспорт туралы санақ мәліметтерін
беру жөніндегі талаптар егер де тиісті
экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық
ұйым осы ұйымның мүшелері болып табылмайтын
ұйымдар мен мемлекеттер аралығындағы
импорт пен экспорт туралы мәлімет бергенде
ғана орындалады.
22) Жақтардың бірінші Кеңес: мәліметтерді
беру мен құпиялылығын сақтау жөнінде
I/II шешімінде қаулы етті, онда:
а) әрбір Жақ өзінің жыл сайынғы реттелуші
заттың әрқайсының жеке өндірісі, импорты
мен экспорты туралы мәлімет беруі тиіс.
в) реттелуші заттар туралы мәлімет беруші
Жақтар, оларды құпия деп санаушылар мұндай
деректерді Хатшылыққа бергенде бұл мәліметтер
кәсіптік құпия ретінде пайдаланып, олар
құпия, сыр болып сақталғандығы туралы
кепілдемені талап етеді.
с) реттелуші бойынша мәліметтер туралы
баяндамалар дайындағанда Хатшылық Жақтардан
келіп түскен құпия деп саналатын мәліметтердің
жарияланбауын қамтамасыз ететін шаралар
қабылдайды. Хатшылық, сонымен қатар барлық
Жақтың реттелуші заттардың әрқайсысының
жеке қасиеті туралы жалпы деректерді
жариялайды.
д) Хаттаманың 12-бабының в/ тармақшасына
сәйкес өзінің құқығын жүзеге асырғысы
келген Жақтар мәліметтерді кәсіптік
құпия ретінде сақтап, оларды ешбір жағдайда
жарияламайтын және баспайтын жағдайда
оған жазбаша кепілдеме берген кезде ғана
Хатшылықтан басқа Жақтардың құпия мәліметтеріне
рұқсат алады.
с) 7-бапқа сәйкес берілетін мәліметтер
конвенциясын 11-бабына сәйкес дауларды
құпиялық негізде реттеуге қажет болған
кезде беріледі.
Жақтардың екінші Кеңесі 11/9 шешімінде
қаулы етті:
Хаттаманың 7-бабында айтылған мәліметтерді
беруге байланысты кейбір елде пайда болған
қиыншылықтардың себептерін қарау үшін
мүдделі Жақтардың мүмкін болған шешімдерін
ұсыну үшін Сарапшылардың арнайы тобы
тағайындалсын және оның жұмысының барысы
туралы Жақтардың үшінші Кеңесіне хабарлансын;
және Хаттаманың 7 бабына сәйкес Хатшылыққа
берілетін реттелуші заттарды тұтыну
туралы кез келген деректердің құпиялық
маңызы жоқ екені қуатталсын. Жақтардың
екінші Кеңесі сол сиякты 11/12 шешімінде
Кедендік ынтымақтастық Кеңесі қабылдаған
барлық мүшелердің үкіметаралық өздерінің
ұлттық санаттық тізімінде бекітілген
тақырыпшаларды неғұрлым тез жариялауға
бағытталған шаралары бойынша ұсыныстармен
келісуі туралы қаулы қабылдап, Хатшылыққа
Монреаль хаттамасы реттейтін жеке химиялық
заттар үшін қосымша тақырыпшалар пайдалы
деген пікірге келген, озон қабатын қорғау
жөніндегі олардың жігерлерін көрсеткен
Жақтар туралы Кеңеске хабарлап, бұл жөнінде
Кеңестен көмек сұрайды.
Жақтардың үшінші Кеңесі III/3 шешімінде
қаулы етеді:
а) Орындау жөніндегі Комитеттің жұмысында
прогреске қол жеткенін атап, бұл істі
істемеген Жақтар Монреаль хаттамасына
сәйкес талап етілген мәліметтерді дереу
берулерін қатты сұрайды;
в) Экономикалық интеграция жөніндегі
аймақтық ұйымға кірмеген және бұрын деректерді
берген мемлекеттер келешекте мәліметтерін
жеке бөліп берсін деп ұсынылады және
қажетіне қарай III/7 а) шешіміне сай жасайды;
с) мәліметтерді беру мерізімі 1 қаңтардан
31 желтоқсанға дейінгі (7 бап 2 тармақша)
уақыт мөлшерін қамтиды және бақылау мерізімі
1 шілдеден 30 маусымға дейінгі /2 бап 1 тармақша/
уақытты қамтиды және Жақтардан екі мерзім
үшін мәлімет беру сұралады;
е) Орындау жөніндегі комитет мүшелері
ретінде Венгрияның, Норвегияның, Триндад
пен Тобагоның, Уганды мен Жапонияны ұстаған
бағыты тағы да бір жылдың ішінде мақұлдансын
және Камерун, Тайланд, АҚШ, КСРО мен Чили
екі жылдық мерзімге сайлансын.
Одан әрі Жақтардың үшінші Кеңесі III/7
шешімінде ескертеді:
а) арнайы сарапшылар Тобының мәліметтерді
беру мәселелері жөнінде баяндамасы және
ондағы ұсыныстар әсіресе дамушы елдер
мәліметтерді беру кезінде кездескен
кез-келген қиындықтар туралы Хатшылыққа
ақпарат беру жөніндегі ұсыныстар және
мұндай қиындықты бастарынан өткізіп
отырып Жақтар жағдайды түзетуге қажетті
тиісті шаралар қабылдау үшін Хатшылыққа
хабар беру ұсынылады;
в) Хатшылықты бағалау бойынша тұтыну
деңгей: жан басына шаққанда 0,3 килограмнан
аспаған дамушы елдерде елдерінің 1986 жылы
мәлімет беру жөніндегі міндеттемелерін
орындау үшін мүмкіндіктер болып, өздерінің
оның бағалауымен келісетіндіктері туралы
(Unep/02/P20/Wс2/144.14 тармақшасы) Хатшылыққа
хабар берулері тиіс.
Хатшылықтың өзгеруіне сәйкес мәліметтерді
беруге қажет үлгілер туралы Жақтардың
үшінші Кеңесі III/9 шешімінде Жақтардың
үшінші Кеңесінің баяндамасына Ү қосымшада
бар мәліметтерді беру үшін қайта қараған
үлгілерді қабылдауға қаулы етті.
Монреаль хаттамасына қатысты қосымша
үйлестіру мен түзетулер туралы Жақтардың
үшінші Кеңесі, сондай-ақ өзінің III/13 шешімінде
Жақтардың ашық құрама тобынан Монреаль
хаттамасына енгізуге мүмкін түзетулері
бар ұсыныстарды қарауын сұрады және ұсыныстар
бойынша Жақтардың Төртінші Кеңесіне
баяндама жасайды:
а) 7 баптың 5 тармағы (Хаттаманың оған
енгізілген түзетулермен): реттелуші заттарды
үшінші ел арқылы тікелей тасығанда (импорттан
және одан кейінгі реэкспорттан бөлек)
реттелуші заттарды шығарған ел экспортшы
ретінде, ал соңғы тоқтайтын ел - импортшы
ретінде қаралады. Мұндай жағдайларда
мәліметтерді беру үшін жауапкершілік
заттар шыққан елге экспортшы ретінде
және алған елге импортшы ретінде жүктеледі.
Импорт пен реэкспорт жағдайы екі бөлек
жасалған келісім қаралады, оны шығарушы
ел орта аралық елге одан кейін ол шығарған
елден алған импорт туралы және соңғы
тоқтайтын елдің экспорты туралы, соңғы
алған ел "импорт жөнінде мәлімет бергенде
мәлімет береді".
Жақтардың үшінші Кеңесі, сондай-ақ III/12
шешімінде қаулы етті:
а) баға беретін Тораптардан, оның ішінде
технология мен экономикалық баға беретін
топтан Монреаль хаттамасының 5 бабы үшін
зардабын тигізбей реттелуші заттарды
өндіруді ерте тоқтатудың бірінші кезекте
дамушы елдер үшін, оның ішінде !??Ю жылға
дейін тоқтатудың салдарын бағалау сұралсын.
Өздерінің бірінші кезекті Кеңесінде
Жақтар осы хаттаманың ережелерін сақтау
фактілерін анықтаудың процедураларымен
ұйымдастыру механизмін және хаттаманы
сақтамайтын Жақтарға қалай қарау керек
мәселесін қарап бекітеді.
23 Жақтардың бірінші Кеңесі 1/8 шешімінде
қаулы етті:
а) Жақтардың екінші Кеңесінде қаралып,
бекітілетін тиісті ұсыныстарды және
Монреаль хаттамасының ережелерін сақтамау
фактілерін анықтайтын процедуралар мен
ұйымдастыру механизмін қатысты және
Хаттаманың ережесін сақтамайтын Жақтарға
қалай қарау керек тиісті ұсыныстарды
1989 жылдың 1 қарашасына дейін жасап, Хатшылыққа
ұсынатын ашық құрамның құқылық мәселелері
жөніндегі арнайы жұмысшы тобы құрылсын;
в) Хаттаманы жақтаушылар мен Хаттамаға
қол қойғандар 1989 жылдың 22 мамырынан кешіктірмей
арнайы жұмысшы тобының құжаттарына өздерінің
кез келген ескертпелері мен ұсыныстарын
енгізулері жайында Хатшылыққа хабарласын;
с) Хаттама Жақтарын келесі үш айдың ішінде
және ерікті негізде осы арнайы жұмысшы
тобының Кеңесін өткізуге қажетті құралдарды
тауып берулері қатаң сұралсын.
Жақтардың екінші Кеңесі II/5 шешімінде
қаулы етеді:
Хаттама ережелерін сақтамау фактілерін
анықтау мен маны сақтамайтын Жаққа қалай
қарау керек мәселесін шешу үшін Уақытша
негізде процедуралар мен ұйымдастыру
механизмдері қабылдансын.
ХАТТАМАНЫ САҚТАМАУҒА ҚАТЫСТЫ ПРОЦЕДУРА
1. Егер де Жақтардың
біреуі немесе бірнешеуі басқа
Жақтың Хаттама бойынша өз
міндеттемелерін сақтауына
2. Хабарлама сол сияқты жауап үшін парасатты
мүмкіндік өзінің міндеттемесін орындауға
күдіктенген Жаққа тапсырылады. Мұндай
жауап және оны растайтын ақпарат Хатшылықпен
оған мүдделі Жақтарға беріледі. Бұдан
кейін Хатшылық осы хабарлама мен жауапты
және Жақтардың ақпаратын 3 тармақта айтылған
Хаттаманы орындау жөніндегі Комитетке
жіберді, ол бұл мәселені мүмкіндігінше
ең қысқа мерзімнің ішінде қарайды.
3. Осымен Хаттаманы орындау жөніндегі
комитет тағайындалады. Комитет әділетті
жағрапиялық орналасуының негізінде Жақтар
Кеңесі екі жылға сайлаған бес Жақтан
тұрады. Өкілеттігі біткен Жақтар онан
кейінгі тек бір мерзімге қайта сайланады.
Алғашқы сайлау кезінде екі Жақ бір жылдық
мерзімге сайлануы керек.
4. Комитет өзінің орындауға сәйкес Кеңеске
жиналады.
5. Комитеттің міндеті мыналарға қатысты
баяндамаларды, қарау және жеткізу:
а) 1 және 2 тармақтарға сәйкес бір немесе
бірнеше Жақтардың кез келген хабарламасы;
в) Хаттаманың 12 бабының с) тармақшасында
айтылған баяндаманы дайындауға орай
жіберген кез келген ақпарат немесе ескертпелер;
6. Комитет Хаттаманың ережелерін сақтау
негізінде мәселені өзара келісім жолымен
реттеу мақсатында 5 тармақта айтылған
ақпараттан ескертпелер мен хабарламаны
қарайды.
7. Комитет баяндаманы Жақтардың Кеңесіне
дайындайды. Комитеттің баяндамасын алған
соң Жақтар істің жағдайын ескере отырып,
Хаттаманы Жақтардың сақтауын көмектесу
жөніндегі және оның мақсаттарына жету
туралы шараларды қосып, Хаттаманың толық
сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар
мен шешімдер қабылдай алады.
8. 5 баптағы айтылған талқылауға қатысушы
Жақтар Хатшылық арқылы Конвенцияның
II бабына сәйкес Хаттаманы сақтамаудың
мүмкіндігіне қатысты 7 тармақты орындауға
Жақтардың қабылдаған кез келген шешімін
орындау мен нәтижесінің нақты жағдайы
туралы талқылау қорытындысы жайында
Жақтар Кеңесіне хабарлайды.
9. Жақтар Кеңесі Конвенцияның II бабына
сәйкес өткізіліп жатқан талқылау аяқталғанша
алдын-ала талап және/немесе ұсыныс қабылдай
алады.
10. Жақтар Кеңесі Хаттаманы сақтамау мүмкіндігі
болған жағдайды қарауға Кеңеске көмектесуге
кепілдеме сұрап Комитетке барады.
11. Комитет мүшелері және Комитетте талқылауға
қатысушы кез келген Жақ құпия жолмен
алынған ақпараттардың құпиялық сипаттамасын
қамтамасыз етеді.
Жақтардың екінші Кеңесі, сол сияқты II/5
шешімінде ашық құрамының құқылық мәселелері
жөніндегі Арнайы жұмысшы тобының Мандатын
Хаттаманы орындау жөніндегі Комитеттің
айналымдағы және сақтамау процедураларын
одан әрі жасауға және дайындау Кеңесі
жұмысының нәтижелерін оларды қарау үшін
Жақтардың төртінші Кеңесіне бергенше
ұзартуға қаулы етті.
Жақтардың үшінші Кеңесі III/2 шешімінде
қаулы етеді:
а) құқық мәселелері жөніндегі арнайы
Сарапшылар тобынан Монреаль хаттамасын
сақтамау процедурасына қатысты, одан
әрі сақтамауға қатысты процедураларды
әзірлеуді сұрайды:
I) хаттаманы сақтамауға орай тууы мүмкін
жағдайларды білу;
II) толық сақтауға көмектесу жөніндегі
консультативті және келісімді шаралардың
үлгі тізбесін жасау;
III) Орындау жөніндегі комитеттің консультативтік
және келісімдік органы ретінде рөлін
белгілеп сақталмау процедураларына қатысты
ұсыныстарын ескере отырып, олар ақырғы
шешім қабылдау үшін әрдайым Жақтар Кенесіне
берілуі тиіс;
ІV) Хаттама Ерержелерін Заң жүзінде түсіндіру
қажеттігінің мүмкіндігін білу;
V) Жақтар Кеңесінде Хатаманы сақтамайтын
Жақтарға қатысты, әсіресе дамушы елдерге
Хаттаманы сақтауы үшін көмектің барлық
түрінің көрсетілуін қамтитын мүмкіндікті
ескеріп, Жақтар Кеңесі қабылдай алатындай
шаралардың үлгілік тізбесін жасау;
VІ) құқылық мәселер жөніндегі Сарапшылардың
Арнайы жұмыс тобының Вена Конвенциясының
II бабына сәйкес дауды Заң жүзінде және
арбитаждық реттеу және Монреаль хаттамасының
8 бабына сәйкес сақтамау процедураларын
екі жеке және бір-бірінен айырмашылығы
бар процедуралар болып табылады деген
қорытындысы мақұлдансын.
в) Хаттаманың төртінші Кеңесінде қарау
үшін сақтамауға қатысты процедуралардың
жұмысын аяқтаудың мына күнтізбелік кестесі
қабылдасын:
1996 жылдың Жақтардың мақұлдауына берілетін
процедуралар
қазан айлары жобасын аяқтау үшін құқылық
мәселелер
жөніндегі Сарапшылардың Арнайы жұмысшы
тобының Кеңесі;
1991 жылдың Сақтамауға қатысты озон жөніндегі
процедура
қараша айы жобасын Хатшылыққа тапсыру;
1991 жылдың Сақтамауға қатысты процедуралар
жобасын
желтоқсан айы Жақтарға жіберу;
Вена конвенциясы процедурасының ережесіндегі
түзетулерге орай Жақтардың үшінші Кеңесі
III/7 шешімінде сол секілді Монреаль хаттамасын
сақтамаудың құқылық мәселелері жөніндегі
Сарапшылардың Арнайы жұмысшы тобынан
Вена конвенциясының 9 бабына сәйкес түзетулер
енгізу процесін жеделдету үшін процедураларды
қарауды сұрауға қаулы етті.