Қазақстанның өсімдік байлығы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 18:47, курсовая работа

Краткое описание

Ормандағы өсімдіктер ағаш-бұта, шөптесін өсімдіктер, мүктер, қыналар сияқты әртүрлі тіршілік формаларынан тұрады. Олардың тіршілігі де бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді болып келеді. Орман тек ағаштар мен шөптерден ғана емес хайуандардан, құстардан, саңырауқұлақтардан, насекомдардан, микроорганизмдерден тұрады. Олардың бәрінің тіршілігі өсімдікке мәжбүр, онсыз тіршілігі жоқ. Қысқасы орман дегеніміз - күрделі экологиялық жүйе немесе академик В. С. Суначев мұны - биогеоценоз деп атаған болатын. Бұл гректің б и о с - тіршілік, г е о - жер деген сөздерінен шыкқан. Басқаша айтқанда жердің белгілі бөлшегінде тірі организмдердің (өсімдік, жануар, мккроорганизмдер) бірлесе, қарым-қатынаста тіршілік етуі. Ал топырақ өсімдіктердің тіршілік нәрін алатын негізгі ортасы. Онда тұқымдар өніп, өскіндер шығып тамырланады. Бұталар мен жас ағаштар тамырлары арқылы топырақты қопсыту, оған қоректік заттар мен судың сіңуін қамтамасыз етеді. Бұталардың денесіне өсімдіктердің зиянкес насекомдарын құртатын құстар ұя салады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1.Өсімдіктерге жалпы сипаттама..................................................................5
1.1 Өсімдік байлықтарын тиімді пайдалану және қорғау.............................8
1.2 Елді мекендердегі өсімдіктерді қорғау....................................................13
2. Орманның халық шаруашылық маңызы.....................................................17
2.1 Орманды қорғау және көбейту шаралары ..................................................20
2.2 Орман өрттері және оны болдырмау жолдары..........................................23
2.3 Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары....................................30
3. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау.................33
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................42

Вложенные файлы: 1 файл

осимдик коргау.doc

— 259.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ  ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

                                               Биология кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К У Р С Т Ы Қ    Ж Ұ М Ы С

 

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстанның өсімдік байлығы,  сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау

 

 

 

 

 

 

 

                          Орындаған : 

                         Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨСКЕМЕН  2014 ж.

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..3

  1. Өсімдіктерге жалпы сипаттама………………………………………..5

     1.1 Өсімдік байлықтарын тиімді пайдалану және қорғау……………….8

     1.2 Елді мекендердегі өсімдіктерді қорғау………………………………13

     2. Орманның халық шаруашылық маңызы..............................................17

2.1 Орманды қорғау және көбейту шаралары ...........................................20

2.2  Орман өрттері және оны болдырмау жолдары....................................23

     2.3  Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары..............................30

      3. Сирек кездесетін  және құрып бара жатқан өсімдіктерді  қорғау..........33

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................42

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жер шарындағы өсімдіктер бірлестігі биосфераның негізгі бөлшегінің бірі. Өсімдіктерсіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес және оның адамның тіршілігі үшін толып жатқан шаруашылық мәні бар. Өсімдіктер планетаны оттегімен байытады, тіпті жердегі ауа райы, ауаның қозғалысы, жердің ылғалдануы, топырақтың эрозиядан қорғанысы, көптеген химиялық элементтердің айналуы сияқты кұбылыстар өсімдіктер тіршілігімен тығыз байланысты. Ол құбылыстардың бәрінің табиғи ырғағы өсімдіктердің қатынасуынсыз жүрмейді. Бұған қоса өсімдік адам үшін дәрі, тағам, киім, баспана, жол-қатынасы т. б. Бұдан көретініміз өсімдіксіз жер бетінде тіршілік болуы мүмкін емес.

Ормандағы өсімдіктер ағаш-бұта, шөптесін өсімдіктер, мүктер, қыналар сияқты әртүрлі тіршілік формаларынан тұрады. Олардың тіршілігі де бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді болып келеді. Орман тек ағаштар мен шөптерден ғана емес хайуандардан, құстардан, саңырауқұлақтардан, насекомдардан, микроорганизмдерден тұрады. Олардың бәрінің тіршілігі өсімдікке мәжбүр, онсыз тіршілігі жоқ. Қысқасы орман дегеніміз - күрделі экологиялық жүйе немесе академик В. С. Суначев мұны - биогеоценоз деп атаған болатын. Бұл гректің б и о с - тіршілік, г е о - жер деген сөздерінен шыкқан. Басқаша айтқанда жердің белгілі бөлшегінде тірі организмдердің   (өсімдік,   жануар, мккроорганизмдер) бірлесе, қарым-қатынаста тіршілік етуі. Ал топырақ өсімдіктердің тіршілік нәрін алатын негізгі ортасы. Онда тұқымдар өніп, өскіндер шығып тамырланады. Бұталар мен жас ағаштар тамырлары арқылы топырақты қопсыту, оған қоректік заттар мен судың сіңуін қамтамасыз етеді. Бұталардың денесіне өсімдіктердің зиянкес насекомдарын құртатын құстар ұя салады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстанның өсімдік байлығы мен  сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерін қорғауды теориялық тұрғыдан түсіндіру.

 

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Өсімдіктерге жалпы сипаттама беріп, оның мәніне тоқталу.

     2. Өсімдік байлықтарын тиімді пайдалану және қорғау

3. Орман өсімдіктерін қорғауға тоқталу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Өсімдіктерге жалпы  сипаттама 

Орманның органикалық заттар жасауда мәні зор. Бір гектар егістік жылына алты тонна, жайылым төрт тонна органикалық зат жасайтын болса, сол мөлшердегі орман да жылына алты тонна органикалық зат жасайды екен. Өсімдіктер қала ауасын әртүрлі зиянды газдардан тазартады. Қылқан жапырақтылар сияқты тағы басқа көптеген өсімдіктер адамның және өсімдіктердің, қауіпті ауруларын туғызатын микробтарды өлтіріп жіберетін фитонцид дейтін ерекше зат бөліп шығарады. Сондай-ақ ауадағы шанды азайтып, күн сәулесінің қуатын кемітіп, ультракөгілдір сәулелерді сіңіріп алатындығы белгілі. Қияларда да өсімдіктің пайдасы көп. Мысалы, бір гектар шырша орманы бір жылда - 32 тонна, қарағай - 35, қарағаш - 43, емен - 54 тонна шаң сіңіреді. Көгалданған жердің, бір литр ауасының құрамындағы шақ мөлшері есімдігі жоқ көшелерден үш есе кем. Өсімдіктер оттегі мен көмірқышқыл газының балансын реттейді. Ағаштар К. А. Тимирязевтің сөзімен айтқанда «жасыл фабрика» болып табылады. Ол пайдаланылған газдарды қайтадан қалпына келтіре алады. Бұл орман сапасына байланысты. Жақсы өскен ормандар көп мелшерде оттегін шығарып, оның орнына тез және көп мөлшерде көмір-қышқыл газын сіңіреді.

Орманның ауаны реттеуі, онда өсетін ағаш түрлеріне де байланысты. Бұған    мынадай   мысалдар келтіруге болады: бір гектар шырша орманы 100 процент көмірқышқыл газын сіңіреді деп алатын болсақ, жапырақты орман - 120, қарағайлы орман - 160, жеке орманы - 250, емен орманы — 450, терек орманы 700 процент көмірқышқыл газын сіңіреді. Бір гектар орман сағатына 2 литр көмірқышқылын сіңіреді. Бұл сол уақытта 200 адамның тыныс алғандағы бөліп шығаратын көмірқышқыл газына тең. Ал жапырақты   орман   жылына – 2-3 кг фитонцид затын бөліп шығаратын болса, ол затты қылқан жапырақты орман - 5, арша - 30 кг шығарады. Дұрыс талғап, ретімен өсірген жағдайда ағаштар қала шуының 60 процентіне кедергі болады.

Ағаш халық шаруашылығына көп мөлшерде пайдаланылады. Ағаштан 20 мың бұйым жасалады. Химиялық және басқа әдістермен өңдеу арқылы ағаш көптеген өндірістерге шикізат және тұтыну товарларын береді. Бұған алдымен құрылыс материалдары, фанералар, қағаз, картон, өсімдік талшықтары т. б. жатады. Қазақстан ормандарында тек қана өндірістік ағаштар ғана емес, толып жатқан тағамдық, техникалық, мал азықтық, шипалық балшырынды өсімдіктер де баршылық. Жыл сайын    халық  ормандардан    миллиондаған тонна бүлдірген, қарақат, қаражидек, шәңгіш, таңқурай, мүкжидек сияқты тағамдық өсімдікгер жинайды. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды жинау халықтың көп бөлігінің сүйікті кәсібі. Бізде жыл сайын тұтынатын саңырауқұлақ адам басына 6- 7 кг-нан келеді екен. Бал, саңырауқұлақ, жеміс-жидектерді арнайы дайындайтын мемлекеттік мекемелер де бар. Орман илік, бояу, эфир майлары сияқты көптеген техникалық заттарды да ұшаң-теңіз көп береді. Халық игілігіне, денсаулығын жақсартуға пайдаланылатын шипалық және витаминді өсімдіктер өзінше бір төбе. Медицинада пайдаланылатын барлық дәрі-дәрмектердің 40 проценті өсімдіктен алынады. Шипалық өсімдіктердің  түрлері және саны жағынан  дүние жүзінде бірінші орын алады. Дәрі жасау үшін өсімдіктердің тамырлары, жемістері, сабақтары, тамыр-сабақтары және гүлдері пайдаланылады. Әрине бүл өсімдік түріне және шипалық заттың жиналатын органына байланысты. Емдік мақсатта тек гүлді өсімдіктер емес саңырауқұлақтар, мүктер, қыналар да пайдаланылады.

Айтылған пайдаларымен бірге өсімдіктердің қорғаныстық мәні де өте күшті. Өсімдіктердің қорғаныстық мәніне топырақты, егістіктерді, қатынас жолдарды эрозиядан, құм және қар басудан сақтауы, жолдар мен елді мекендерді табиғаттың қолайсыз жағдайларынан қорғау жатады. Жазық далаларда, аудандарда ыстықтан, ызғырық желден, дауылдардан қорғаудың ең сенімді жолы ағаштар өсіру. Қорғаныс ағаштар өскен жерде ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай туады, топырақтың құнарлы қабаты желмен ұшып кетпей сақталады. Орман ызғырық желге қарсы тұрып ашық жерлерде өсімдіктердің суды  көп  буландырмауын қамтамасыз  етеді.  Қыс кезінде мұндай қорғаныс ормандар егіс далаларында қарды тоқтатып, топырақта ылғал сақталып, оны ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ысырапсыз, үнемді пайдаланылуына көмектеседі.

Қорғаныс орман жасауға кететін қаржының құқы, оның келтіретін пайдасынан он есе кем түседі. Мұндай орманның көмегімен дәнді дақылдар мен тамыр-жемісті өсімдіктердің өнімі 15-20 процент артады.

Орман шөл жәие шөлейт аудандарда тұрақты мал азық корын жасауға көмектеседі. Жайылымдык қорғаныс ормандар Орта Азияның барлық рес-публикалары мен Қазақстанда және РСФСР-дің оңтүстік-шығыс бөлімінде жасалуда. Мысалы, Астрахань облысындағы Қарабала тәжірибелік орман шаруашылығы жыл сайын сексеуілден корғаныс орман жасайды. Орынбор мен Куйбышев облысының түйіскен жерінде Волга өзенінен басталатын Бузулук орманы жолындағы жазықтар мен құмды топырақтарды аралай отырып Тянь-Шанъ тауына дейін    созылады.

Метеорологтардың деректері Волганың Азия жағындағы жазықта жыл сайын 3129 мм жауын-шашын болса, Бузулук орманы мен оған шектескен жерлерге 486 мм дейін жауын-шашын жауады екен. Бузулук орманы айналасындағы желдің орташа жылдамдығы жазық далаға қарағанда екі есе аз.

Орманның жерде ылғал сақтап, оны үнемдеп, артық сулардың су қоймаларын толыстыруда да баға жетпес мәні бар. Ормандарда жауын-шашын суымен көктемде еріген қар суы ысырап болмай, топыраққа сіңіп, жер асты суын толыстырады. Орман ағаштарын жүйесіз кесуден қосымша сулар топыраққа сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Бұдан жер асты суы азайып немесе тереңге кетеді. Бұл жер асты суынан құралатын өзендердің суының тартылып немесе кеуіп қалуына әкеледі. Таулардағы сел жүруге де ағаштардың кесілуі себеп болады. Орман тауларда болып тұратын селдердің екпінін бәсеңдетіп, келтіретін зиянын азайта алады. Шағын сел күшімен төмен жөңкілген ірі тастар мен басқа заттардың қалдықтарының 50 процентін орман бөгей алады. Қар көшкіні де орман кедергісіне кездессе бәсеңдейді. Тіпті өте қауіпті деген ірі қар көшкіндері орманнан өткен кезде кауіпті күшінен айрылады.

Орман арқылы судағы лосос және бекіре балықтары да қорғаныш табады. Ағаш көлеңкесі арқылы өзендердің суларының температурасы балықтардың ұрық шашуына қолайлы мөлшерде реттеледі. Ағаштар су астындағы кұмдардың көп сырғымауына кедергі болады. Бұл үшін арнайы бұталы өсімдіктер өсіріледі.

Қазақстан    жер    шарында   орманға ең бай мемлекет. Жер шарындағы орман басып жатқан жердің бестен бір бөлігі, ағаштың дүниежүзілік қорының төрттен бір бөлігі бізде. Табиғи ормандардың да күтімі жақсарды. Кейінгі жылдары қылқан жапырақты ормандардың көлемі 37,2 миллион гектарға артты.

Табиғатты қорғаудың негізгі бір міндеті ормандарды уақытында және сапалы түрде қалпына келтіріп отыру болып табылады. Жаңа жасалған ормандар биологиялық жағынан табиғи ормандардан кем түспейтіндей сапалы, өнімді және халықтың демалыс қажеттігін өтей алатындай болуы керек. Орманды жерлерде жүргізілген зерттеу жұмыстары өсімдік өсірудің тәртібін сақтай отырып жұмыс жүргізген жағдайда көптеген шаруашылық мәні бар өсімдіктерді талапқа сай мерзімде қалпына келтіруге болатындығын көрсетіп отыр. Жаңа шыққан ағаш отырғызатын машиналар орманды қалпына келтіруді тездетумен бірге топырақты да құнарландыра алады.

Табиғатты қорғауда Карпаттық орманшылардың жұмыстары айтарлықтай. Ол жерде ағаштарды кесуге шек қойылып, табиғаттың бұл тамаша аймағы адам қамқорлығына алынған. Карпат мемлекеттік қорығында табиғи парк жасалып көптеген бағалы өсімдіктер қорғауға алынды.

Украинада шипалы өсімдіктерді қорғап, қайтадан қалпына келтіру бағытында көптеген жұмыстар істеліп жатыр, 44 мың гектар жерде 373 заказник ұйымдастырылды.

 

 

 

 

1.1 Өсімдік байлықтарын тиімді пайдалану және қорғау

Отанымыздың орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті.

Өсімдік байлығын қорғап, тиімді пайдаланудың негізі - оны ғылыми негізде есептелген, жан-жақты ойластырылған жоспар бойынша үнемдеп пайдалану. Онда өсімдіктерді зиянкестерден, өрттен т. б. қолайсыз жағдайлардан сақтау да қарастырылады.

Өсімдік байлығын қорғау оны пайдаланумен бірге жүруі керек. Шалғындар мен жайылымдарда, ағашы кесілген ормандарда пайдаланылған өсімдіктердің қайтадан қалпына келуі өте төмен дәрежеде. Осыған байланысты өсімдік байлықтарының, әр топтарын қорғап, тиімді пайдаланудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол топтарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып қорғау жұмысы жүргізіледі.

Өсімдіктердің адам өмірі үшін өте қажетті зат екенін айта отырып, оны қорғаудың қажеттігін айрықша ескерген жөн.

Орманның ескен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толыстырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін айттық. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістердің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.

Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр. Халық шаруашылығында ағаш дайындау өндірісі негізгі орын алады. Бүған тікелей ағаш дайындауға қоса ағаш кесу, ағаш өңдеу, қағаз, мебель, сіріңке өндірістері мен стандартты үй құрылысын салу мекемелері де кіреді. Бұл көптеген өндірістерге қыруар ағаш қажеттігі өзінен-өзі түсінікті. Ал анықтай келгенде сол өндірістер үшін кесілген ағаштың аз бөлігі ғана пайдаланылатын болып шықты. Қыруар бөлігі (жоғары кесілген ағаштың түбі, ұшы, бұтақтар) кесілген жерде қалып шіріп кетедІ. Бұған қоса жыл сайын ағаш кесілген жерлерде 12 миллион тонна ағаш қылқандары қалады. Ал бұл қылқандар пайдаланылатын болса, мал шаруашылығына өте қажетті 5 миллион тонна витаминді ұнтақ берер еді. Одақ бойьшша жыл сайынғы ағаш қалдығы 100 миллион текше метрге жетіп, ысырап болып отыр.

Алайда әлгідей ағаш ысырабы айтарлықтай зиян келтіреді. Бұл орманды үнемдеп пайдаланудың қажет екендігінің дәлелі. 1954 жылы Индияда орманшылардың конгресінде бір шешен: «Орман дегеніміз - су, су-өнім, ал өнім-өмір» деген болатын. Сондықтан орманның, мәнін ешуақытта естен шығаруға болмайды.

Орманның байлығы ондағы ағашпен ғана шектелмейді. Онда көптеген терісі қымбат андар мен жеуге жарайтын өсімдіктер бар. Мысалы, СібІр орманы жылына жеуге жарайтын 18,8 миллион тонна жидек пен 1 миллион тоннадан аса саңырауқұлақ береді екен. Алайда ұйымдастыру жұмыстары-ныд нашарлығынан бұл заттар аз жиналып отыр. Мысалы, мың гектар орманнан бізде орта есеппен бар болғаны - 0,02 тонна саңырауқұлақ жиналса, Польшада - 0,09, Чехословакияда - 0,16, Вен-грияда - 0,2 тонна жиналады. Бұл көрсеткіш бізде саңырауқұлақ қорын жинаудың нашар жолға қойылғанының дәлелі.

Халық шаруашылығы үшін ағаш көп мөлшерде қажеттігін айттық. Бұған қарамастан орманды қорғау қажет дейміз. Сонда бұл түйықтан шығар жол қайсы? Орманның дамуының тыңайған жерлердегі шөптер, тундрадағы мүкті, қыналы, сазды жерлердегі қамысты, қияқты, орлар мен құмдардың, сорлар мен сортаң жерлердің, тасты беткейлердің. шөптері де пайдаланылады. Құрғақ, жазық далалық, таулы, теңіз және өзен жағалауларындағы табиғи шабындық  барлық жайылымның 12 процентін қамтиды.

Барлық жайылымның 50 проценті Қазақстанда, Орта Азия республикаларында - (21 процент), РСФСР-де (6 процент), қалғандары басқа аймақтардың үлесіне тиеді. Барлық мал азығының 30 проценті табиғи жайылымдар мен шабындықтардан дайындалады.

Информация о работе Қазақстанның өсімдік байлығы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау