Қазақстанның өсімдік байлығы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 18:47, курсовая работа

Краткое описание

Ормандағы өсімдіктер ағаш-бұта, шөптесін өсімдіктер, мүктер, қыналар сияқты әртүрлі тіршілік формаларынан тұрады. Олардың тіршілігі де бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді болып келеді. Орман тек ағаштар мен шөптерден ғана емес хайуандардан, құстардан, саңырауқұлақтардан, насекомдардан, микроорганизмдерден тұрады. Олардың бәрінің тіршілігі өсімдікке мәжбүр, онсыз тіршілігі жоқ. Қысқасы орман дегеніміз - күрделі экологиялық жүйе немесе академик В. С. Суначев мұны - биогеоценоз деп атаған болатын. Бұл гректің б и о с - тіршілік, г е о - жер деген сөздерінен шыкқан. Басқаша айтқанда жердің белгілі бөлшегінде тірі организмдердің (өсімдік, жануар, мккроорганизмдер) бірлесе, қарым-қатынаста тіршілік етуі. Ал топырақ өсімдіктердің тіршілік нәрін алатын негізгі ортасы. Онда тұқымдар өніп, өскіндер шығып тамырланады. Бұталар мен жас ағаштар тамырлары арқылы топырақты қопсыту, оған қоректік заттар мен судың сіңуін қамтамасыз етеді. Бұталардың денесіне өсімдіктердің зиянкес насекомдарын құртатын құстар ұя салады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1.Өсімдіктерге жалпы сипаттама..................................................................5
1.1 Өсімдік байлықтарын тиімді пайдалану және қорғау.............................8
1.2 Елді мекендердегі өсімдіктерді қорғау....................................................13
2. Орманның халық шаруашылық маңызы.....................................................17
2.1 Орманды қорғау және көбейту шаралары ..................................................20
2.2 Орман өрттері және оны болдырмау жолдары..........................................23
2.3 Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары....................................30
3. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау.................33
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................42

Вложенные файлы: 1 файл

осимдик коргау.doc

— 259.50 Кб (Скачать файл)

17. Безгелдек                        34. Сақалтай, қозықұмай  

 

 БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

1. Шұбар батбат кесіртке  4. Шұбар кесіртке

2. Зайсан батбат кесірткесі  5. Жолақты әбжылан

3. Үлкен көз кесіртке  

 

ҚОС МЕКЕНДІЛЕР

1.Даната құрбақасы

БАЛЫҚТАР

1.Таймен                      2. Сылан

 Шығыс Қазақстан облысының  Қазақстанның Қызыл кітабына

 енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және

құрып кету бар  өсімдік түрлерінің тізімі

(Қазақ ССР-дің Қызыл кітабы,  Алматы, 1981ж.)

1.Верещагин сазшөбі – сирек, жергілікті түр

2. Қыртысты жуа – сирек, аз  жергілікті түр, құрып кету қаупі  бар

3.   Ұсақ торлы жуа – сирек түр

  4. Көп тамырлы жуа – сирек түр

   5. Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті түр

    6.Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр

    7.Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

    8.Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр

    9.Ірі гүлді шолпанкебіс  — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

    10.Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

    11.Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

    12. Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр

     13.Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр

     14.Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр

     15.Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр

     16.Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр

     16.Көктем жанаргүлі– сирек түр

     17.Алтай гимноспермиумы – көп жерлерде азайып бара жатқан сирек түр

     18.Қар дәуаяғы – сирек түр, көне түр

     19.Сабақсыз ашықжеміс  – сирек, жергілікті түр

     20. Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті көне түр

    21. Қызғылт семізот, алтын тамыр – саны қатты азайып бара жатқан  бағалы түр

     22.Алтай суық шөбі – саны азайып бара жатқан сирек түр

     23.Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара жатқан түр

     24.Павлов итмұрыны – сирек, жергілікті түр

     25.Ледебур бадамы – сирек, жергілікті түр

     26.Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті, көне түр

     27.Ақ түкті таспа – Зайсан ойпатының жергілікті түрі

     28.Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне түр

     29.Жіңішке сабақты таспа – сирек, жергілікті түр

     30. Инелі кекек – өте сирек, жергілікті түр

     31. Шыбықша тиынтағы– өте сирек түр

     32.Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті түр

     33.Алтай қасқыржидегі– сирек, жергілікті, көне түр

     34.Тарбағатай таушешегі – сирек, жергілікті түр

     35.Су жаңғақ  — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан көне түр

     36.Еуропа орманоты — сирек, көне түр

     37.Қылтанды дәлен– өте сирек, көне түр

     38.Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті түр

     39.Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр

     40.Саз қазанақ – сирек түр

     41.Кәдімгі аюжидек, аюбүлдірген – сирек түр

     42.Ұсақ жемісті мүкжидек – сирек түр

     43.Тарбағатай кемпіршөбі – сирек, аз таралған жергілікті түр

     44.Резниченко кермегі – сирек, көне, жергілікті түр

     45.Попов дембеті – сирек, жергілікті түр

     46.Тарбагатай дембеті– өте сирек, аз жергілікті түр

     47.Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті түр

     48.Тарбағатай қандыгүлі– сирек, аз жергілікті түр

     49.Резниченко рияны – сирек, аз жергілікті түр

     50.Дауыр бақаауызы– сирек түр

     51.Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті түр, көне түр

     52.Зайсан лаксасы – сирек, аз жергілікті түр

     53.Сафлор тәрізді аюдәрі (марал тамыры) – саны қатты азайып бара жатқан түр

    54. Таңдамалы сушырмауық – өте сирек түр

     55.Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр

     56.Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі

Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.

Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.

Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қай елде болмасын орманның халық шаруашылығына тигізетін пайдасы аса зор. Жазушы Леонид Леонов-тың бейнелеп айтқанындай, орман халық қазынасы, «жасыл алтын».

Шын сырын жете түсінбей, үстірт қараған адамға орман жансыз дүние, әдемі жай сурет болып қана көрінеді. Ал натуралистер көзімен қараған адамға орман бірімен-бірі тығыз байланысты, күрделі организм. Орманда әрқашан қайнаған өмір, қозғалыс, өсу және өркендеу, кеңею және азаю, жасалу мен қайта жаңару, баяу және тынымсыз өсу, басталуы мен аяқталуы бітпейтін процестер жүріп жатады.

Қорытып айтқанда, орманның ең негізгі және ең бағалы материалы-өнімі - сүрегі, мұны жұрт орманның негізгі өнімі деп атайды. Дегенмен, орманның ағаш материалдарынан басқа да беретін қосымша өнімдері өте көп. Орманнан саңырауқұлақ, жабайы жемістер және дәрілік өсімдіктер көптеп теріп алынады. Жеміс, жидек және жаңғақ өсімдіктері жыл сайын 11 миллион тонна тағамдық бағалы өнім береді.

Самырсын ұрығы, грек жаңғағының жемісі, шамшат ағашының дәні-аса бағалы тағамдық және техникалық майдың қайнар кезі. Орманда мамық жүнді аңдар мен қауырсынды құстар ауланады. Еліміздін, ормандарында бұлғын, арыс (ақ тышқан), сасық күзен, камшат, борсық, қара күзен, аю, қызыл және ақ түлкі, сілеусін, ақ тиін, қоян, бұлан, бұғы, солтүстік бұғысы, жабайы шошқа өседі. Аңшылық кәсіпшілігіне жарамды құстар- қаз, үйрек, құр, бұлдырық, шіл, қарабауыр, қырғауыл мекендейді. Орманның ауыл шаруашылығы үшін де үлкен мәні бар, онда шөп шабылады, мал жайылады. Бұлар орманның көмекші байлығы деп аталады. Аталған кәсіпшіліктің халық шаруашылығы үшін үлкен маңызы бар, өйткені бұларға ешқандай шығын шығарылмайды.

Орманда кесілген ағаш пен онан жасалған өнімдер қаншалықты бағалы болғанымен, кесілмей өсіп тұрған ағаштар онан да гөрі бағалы болып саналады. Индияда жиналған халықаралық орманшылар конгресі: «Орман - ол су, су- өнім, өнім- өмір» дегең ұранмен өткені жұртқа мәлім.

Ормандар - ауа райын, табиғи су балансын реттейтін ең маңызды фактор. Орманның топырақты, суды сақтау, санитарлық-гигиеналық, мәдени-эстетикалық және стратегиялық маңызы да өте үлкен.

Далалық және орманды-далалық жерлерде жасыл желек жамылған ормандардың ауыл шаруашылығын өркендету мақсатындағы маңызы ете зор. Олар ауыл шаруашылық дақылдарын қуақшылықтан, аңызақ желден, тозаңды дауылдан сақтау жөнінде егіншілердің сенімді серігі болып саналады. Микроклиматты және топырақтың су, ауа режимін жақсарту арқылы орман ауыл шаруашылық дақылдарының жақсы өсуіне ықпалын тигізеді. Орманы бар жерлерде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі орманы жоқ жерге қарағанда (астық өнімі жөнінен орта есеппен 25-30 процент, жеміс-бақша өсімдіктері жөнінен 50-75 процент) әлде қайда көп болады.

Ормандар өзендер мен көлдердің және су қоймаларының суларын буланудан, сай-салаға текке ағып саязданып  және лайланып  кетуден  сақтайды.  Топырақтың үстімен ағып кететін суды, оның астыңғы қабаттарына сіңіру арқылы ыза суын молайтады.

Ормандар жыралардың, дөңестердің, құмайт жерлердің топырағын бекітеді, тас және темір жолдарды қар және құм басудан сақтайды.

Орман денсаулық  сақтаудың да  бірден-бір   айғағы. Жасыл желектер ауаны тазартады, сондықтан орманның ішінде адам жеңіл дем алады. Қалалар мен елді мекендерде жасалған   парктер,   скверлер, бульварлар   және көше бойында отырғызылған ағаштар әдемі керік бергеннің үстіне, ауаны шаң-тозаңнан және көмір қышқылды газдан тазартады, қаланың шуын азайтады. Сондықтаи курорттарды, демалыс үйлерін, балалар лагерьлерін орманның ішіне, не көгалдандырылған жерге орналастырады.

Халық шаруашылығын өркендету мен адам баласының тұрмысында орман шаруашылығы жан-жақты және аса маңызды қызмет атқарады. Өте ерте заманда адам баласы, тіпті өзін адаммын деп сезбеген кезде, олардың алғашқы тағам тапқан, күнелткен орны - осы орман болған. Адамзат қауымының өркендеу тарихына көз жіберсек, олардың алғашқы киім мен отынды, алғашқы қаруы- таяқ пен садақты да осы орманнан тапқанын оп-оңай аңғаруға болады.

Орманда ағаш сүректері және оның өңделген көптеген бұйымдары жасалады. Халық шаруашылығының бірде-бір саласы ағашсыз немесе ағаштан жасалған материалдарсыз өркендей алмайды. Жанды және жансыз табиғатта, ешбір зат та, минерал да, өнім де ағаш бұйымдарындай көп қолданылмайды. Біздің қазіргі шаруашылығымызда ағаштың және онан жасалған материалдың 20 мың түрі қолданылатынын айтсақ та жеткілікті. Ғылым мен техника өркендеген сайын, ағаштың қолданылуы да көбейе бермек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Ө. Орынбаев. Қазақстан ормандары.-Алматы.-1972.-142 б.
  2. Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар (Шығыс Қазақстан облысы).-Алматы.-1991.-353 б.
  3. Ахметов М.  Егоренков С. Егін қорғайтын орман алқаптаоын өсіру.-Алматы: Қайнар. -1970.- 145 б.
  4. Дәуренбеков Ж. Асқаров Ә. Жасыл әлемге саяхат.-Алматы: Қайнар.-1985.-160 б.
  5. Әбілов Д. Ә. Өсімдіктердің түрі мен көктеуі.-Алматы,2000.-233б.
  6. Әметов Ә. Ә. Ботаника.- Алматы: 2000.-455 б.
  7. Иващенко А. А.  Қазақстанның өсімдіктер әлемі.-Алматы: Алматыкітап.-2004.-176 б.
  8. Мәмбетқазиев Ә. Ә. Табиғат қорғау.-Алматы: Қайнар,1990.-412 б.
  9. Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау.- Алматы: Қайнар.-1975.-148 б.

 

 

 

 


 



Информация о работе Қазақстанның өсімдік байлығы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау