Қазақстанның өсімдік байлығы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 18:47, курсовая работа

Краткое описание

Ормандағы өсімдіктер ағаш-бұта, шөптесін өсімдіктер, мүктер, қыналар сияқты әртүрлі тіршілік формаларынан тұрады. Олардың тіршілігі де бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді болып келеді. Орман тек ағаштар мен шөптерден ғана емес хайуандардан, құстардан, саңырауқұлақтардан, насекомдардан, микроорганизмдерден тұрады. Олардың бәрінің тіршілігі өсімдікке мәжбүр, онсыз тіршілігі жоқ. Қысқасы орман дегеніміз - күрделі экологиялық жүйе немесе академик В. С. Суначев мұны - биогеоценоз деп атаған болатын. Бұл гректің б и о с - тіршілік, г е о - жер деген сөздерінен шыкқан. Басқаша айтқанда жердің белгілі бөлшегінде тірі организмдердің (өсімдік, жануар, мккроорганизмдер) бірлесе, қарым-қатынаста тіршілік етуі. Ал топырақ өсімдіктердің тіршілік нәрін алатын негізгі ортасы. Онда тұқымдар өніп, өскіндер шығып тамырланады. Бұталар мен жас ағаштар тамырлары арқылы топырақты қопсыту, оған қоректік заттар мен судың сіңуін қамтамасыз етеді. Бұталардың денесіне өсімдіктердің зиянкес насекомдарын құртатын құстар ұя салады.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3
1.Өсімдіктерге жалпы сипаттама..................................................................5
1.1 Өсімдік байлықтарын тиімді пайдалану және қорғау.............................8
1.2 Елді мекендердегі өсімдіктерді қорғау....................................................13
2. Орманның халық шаруашылық маңызы.....................................................17
2.1 Орманды қорғау және көбейту шаралары ..................................................20
2.2 Орман өрттері және оны болдырмау жолдары..........................................23
2.3 Орман ағаштарының көшеттерін өсіру шаралары....................................30
3. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау.................33
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................42

Вложенные файлы: 1 файл

осимдик коргау.doc

— 259.50 Кб (Скачать файл)

Жарамды ағаштың қалдықтары мен отынға арналған ағаштар үй құрылысында кеңінен қолданылатын аса бағалы ағаш - торқа плиталар жасап шығаруға жұмсалады. Престелген ағаш материалдары подшипниктер, втулкалар, тісті -дөңгелектер, насостардың түрлі сальниктерін жасауға пайдаланылады.

Еменнің, талдың, қандыағаштың, бал қарағайдың және басқа ағаштардың қабығынан, жапырағынан алынатын илік заттар тері илейтін өнеркәсіпте кең көлемде қолданылады.

 

2.1 Орманды қорғау және көбейту шаралары

Өсірілген екпе материалдарының 2006 жылы көлемі 220 гектар, ол 2007 жылы 400 гектар жерге орман дақылдарын отырғызуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ жыл сайын 750 гектар алаңға табиғи жаңаруға әсер ету бойынша шаралар қабылданады.  Облыстың бекітілген бюджетіне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне 2005 жылы ормандарды қорғау, күзету, ұдайы өндіруге және ормандарды қалпына келтіруге, сонымен қатар жануарлар әлемін қорғауға облыс бюджетінен көлемі 251176 мың теңге ақшалай қаражат бөлінді, олардың 124669,0 мың теңгесі орман шаруашылығын ұстауға, 15000,0 мың теңгесі ормандарды ұдайы өндіру және ормандарды дамытуға, 9444,0 мың теңгесі орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға бөлінді.

Бұнымен қатар, республикалық бюджеттен орман күзеті қызметкерлерінің қосымша штаттық санына 71559,0 мың теңге трансферт бөлінді, нәтижесінде “Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап орман мастерлері мен орман күтушілердің саны нормаға келтірілді және жұмысқа қосымша 518 орман күтуші мен 106 орман мастері қабылданды. Қазіргі кезде коммуналдық меншікке берілген орман шаруашылығының 13 мемлекеттік мекемесінің орман күзетінің қызметкерлері 2187,8 мың гектар алаңдағы мемлекеттік орман қорының аумағын күзетуді жүзеге асыруда.

Бағдарлама іс-шарасының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың өрт қауіптілігі жоғары кезеңінде 467 шақырым жыртылған жолақ салынды, 1218 шақырым жердегі жыртылған жолаққа күтім жасалды, өртке қарсы маңыздылығы бар 50 шақырым жолдың құрылысы салынды, 115 шақырым жолға күтім жасалды.

Өрт сөндіру-химиялық станциялар толық дайындыққа келтірілді, барлық өрт сөндіру құралдары, орман күзеті өрттен күзету бойынша ғана пайдаланылды. Тұрғындармен жұмысқа ерекше назар аударылды. Осы мақсаттарды өртке қарсы тақырыптарға арналған 481 дана аншлаг орнатылды, 1440 дана үнпарақ таратылды, өртке қарсы тақырыптарға арналған 2025 лекция мен әңгіме жүргізілді, бұқаралық-ақпарат құралдарында хабарлар ұйымдастырылды (теледидарда – 4; радиода – 8, баспасөзде - 31). Бұл орайда өрке қарсы іс-шаралардың көлемі толығымен орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің өздерінің қаражаттарының есебінен жүргізілді.

Өрт қауіптілігі жоғары кезең бойы өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға бақылау жасауды ұйымдастыру үшін мемлекеттік орман күзетінің күшімен 1183 тексеру және өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша рейдтер жүргізілді, оның барысында 954 өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзу анықталды, сол үшін сомасы 824,6 мың теңгенің айыппұлы өндірілді.

Ағымдағы жылы қабылданған шаралардың нәтижесі 2004 жылмен салыстырғанда орман өрттерінің саны 24 азайды, ал өрт күйдіріп өткен орман алаңы 369 гектар және 16 өрт барлығы 141,8 гектар алаңды құрады. Орман өрттерінің шығу себептері: 9 отты абайсыз пайдалану және 7 найзағайдың түсуі.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері мен өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі жедел отряд браконьерлікпен күрес бойынша 3543 рейд пен 1269 тексеру жүргізді. Барлығы 3170 бұзушылық анықталды, олардың ішінде аң аулау бойынша – 355, балық бойынша – 731, заңсыз ағаш шабу және бұталарды зақымдау – 434, өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу – 9554, басқа орман бұзушылықтар – 695. Сомасы 3350,9 мың теңгенің 2796 айыппұлы, оның ішінде аң аулау бойынша сомасы 730,6 мың теңгенің 200 айыппұлы, балық бойынша сомасы 455,8 мың теңгенің 575 айыппұлы, орман бойынша сомасы 2164,5 мың теңгенің 2021 айыппұлы салынды. Сомасы 3167,3 мың теңгенің 2697, оның ішінде аң аулау бойынша – сомасы 723,6 мың теңгенің 186, балық бойынша сомасы 452,1 мың теңгенің 571, орман бойынша – сомасы 1991,6 мың теңгенің 1940 айыппұлы өндірілді. Сомасы 6168,1 мың теңгеге талап қойылды, оның ішінде аң аулау бойынша – сомасы 2 967,7 мың теңгенің 28 талабы, балық бойынша сомасы 110,400 теңгенің 30 талабы, орман бойынша сомасы 3090,0 мың теңгенің 246 талабы қойылды. Сомасы 4220,6 мың теңгенің 246 талабы, оның ішінде аң аулау бойынша сомасы 1 614,4 мың теңгенің 15 талабы, балық бойынша сомасы 100,3 мың теңгенің 30 талабы, орман бойынша сомасы 2505,9 мың теңгенің 201 талабы өндірілді.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан 143 аңшылық қаруы, олардың 129 тегіс оқпанды және 14 ойындылы, 493 заңсыз аулау құралы (аулар, торлар), 175,9 текше метр сүрек алынды. 2839 адам әкімшілік жауапкершілікке, 1 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

“Жасыл ел” бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып елді мекендердің тоғайлылығын көбейту және елді мекендерде жасыл аймақтарды құру болып табылады, оларды жүзеге асыру қалалар мен аудандардың есебінен жүргізу қарастырылған.

Ағымдағы жылы елді мекендерде және олардың маңайында 237778 дана сүрек түрлерінің көшеті, 54354 қума метр бұта аудандық бюджет қаражатының есебінен, ауданның аумағындағы тұрғындар мен заңды тұлғалардың қаражатының есебінен отырғызылды. Көктемгі-жазғы кезеңнің екі айы бойы елді мекендерде “Жасыл бақ-таза қала”, “Менің атаулы ағашым”, “Саябақтар маршы”, сондай-ақ орман мен бақ айлығы облыстық экологиялық акция ұйымдастырылды, оның барысында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері сүректік-бұталық ағаш түрлерін жеткізуді үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Қазіргі кезде орман дақылдарын отырғызу мен елді мекендердің тоғайлылығын көбейту бойынша ағымдағы жылда көзделген жұмыс көлемі орындалды.

Республикалық және облыстық “Жасыл ел” штабтарын құруға, және республикалық бюджеттен осы мақсаттар үшін ақшалай қаржы бөлуге байланысты, 2005 жылғы 11 шілдеден бастап республикадағы сияқты, біздің облыстың аумағында да студент жастардың еңбек отрядтары жұмыс істеді, басында Семей өңірінде (351 адам), одан кейін Өскемен қаласында құрамында 151 адам бар 7 ұйым құрылды.  Жасыл ел” өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының студенттері орман тұқым бақтарындағы екпе материалдарға күтім жасауға және өсіруге, орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесінің Комсомол орманшылығындағы сүректік-бұталық жас ағаштарға күтім жасауға тікелей байланысты жұмыстарды орындады Бұнымен қоса Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасымен қоса Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын бекіту үшін 2006 жылы сомасы 675,4 миллион теңге ағымдағы мақсатты трансферт түрінде республикалық бюджеттен қаржы бөлу қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Орман өрттері және оны болдырмау жолдары

Орман өртінен келетін зиян өте көп. Өрттен тік тұрған ағаштар ғана құрып кетпейді, дайындалған ағаштар да жанып кетеді. Өрттен күйген ағаштарды дайындауға жұмсалған еңбек те, уақыт та қаржы да зая кетеді.

Өрт орта жастағы және жас ормандарды құртып, бағалы ағаш тұқымдарын жойып қана қоймай, сонымен бірге халық шаруашылығына қажетсіз ағаш тұқымдары пайда болуына әкеліп соқтырады.

Өрт ағаштардың тамырын, қоректенуін нашарлатып, зиянды жәндіктер мен  саңырауқұлақтардың әрекет жасауын күшейтеді.

Өрт ара шаруашылығына зиянын тигізеді. Жабайы  құстардың санын қатты азайтып, аң шаруашылығын төмендетеді. Құстарға, әсіресе көктемде балапан өргізерде болған өрт көбірек зиян келтіреді.

Өрт жабайы айуандардың қорегін құртып ғана қоймай, малдардың да жемшөп қорын азайтады. Өрт балық шаруашылығына әсер етеді. Су көмір қышқылымен уланады, соның салдарынан балықтар қырылып қалады. Өрт орманды су қорғайтын, суды реттейтін әрекетінен айырады, тазалық сақтау және көркемділік маңызын кемітеді. Өрт түтіні атмосфераны торлап күн сәулесін азайтады да, егіннің пісуін кешіктіріп, өнімділігін төмендетеді. Жайлым шөбінің малға жұғымын кемітеді.

Өрттің түрлері. Өрт төменгі, жоғарғы және жер асты өртіне бөлінеді. Төменгі өрт орман төсенішін, бүркенішін, балақ бұтақшаларын және діңгек түбін қамтиды. Жоғарғы өрт ағаштардың   бөрікбастарымен жүреді. Жер асты өрті орман ішіндегі шымтезектің жануынан болады.

Төменгі және жоғарғы өрттер кезінде өрт жанжағына тез тарайды. Өрттің тез тарауы метеорологиялық жағдайға және орманның түріне байланысты. Кейде өрт тәулігіне 1 км жайылса, кейде сағатына 12-25 км дейін жайылады.

Жоғарғы өрт кезінде ыстық ауа ағымы пайда болады да, желдің күшімен жанып тұрған қабықтарды, бүршік шоғын 1,5 километрге дейін, кейде одан да қашыққа ұшырып әкетеді. Мұндай жағдайда орманда «теңбіл» деп аталатын өрт пайда болады.

Тегіс жерлерде діңгектің ық жағы ұзағырақ жанады, сондықтан төменгі өрттерде діңгектің сол жағының күйігі көбірек жоғары көтеріледі. Осы белгіге қарап көп уақыт өткеннен кейін де өрт кезінде желдің қай жақтан соққанын қатесіз айтуға болады.

Тау орманында діңгектің тауға қараған түбі көбірек жанады, сол себептен діңгектің тауға қараған жағы көбірек күйіп көмірленеді.

Метеорологиялық жағдайдың өрттің пайда болуына және таралуына тигізетін әсері. Метеорологиялық жағдай дегеніміз орман ішіндегі төсеніштер, бұтақтар, дайындалған ағаштардың қалдықтары және басқалар. Жауынның аздығы мен ауа ылғалының төмендігі де өрттің шығуына себеп болатын ауа райының элементтері болып саналады.

Өрт шығып, оның жан-жағына таралуына себеп болатын фактордың бірі жел. Ал нажағайдан болатын өрт, көбінесе таулы ормандарда кездеседі.

Әдетте орман өрті екі топқа бөлінеді. Біріншісі орман ішінде жағылған оттан, тартқан шылым қалдығынан, аңшылардың атқан мылтығының дәрісінен, орманнан ағаш дайындағанда қалған қалдықтарды жағып, сөндірмей кетуден, ауыл шаруашылығының қажетіне пайдаланылатын орман участоктарын өртеп тазартудан, мал жайылымын жақсарту үшін арнайы жіберілген өрттен шыққан ұшқыннан пайда болатын  өрттер.

Екіншісі найзағай түсуден, құстар мен жәндіктер әкелетін оттан шығатын өрттер.

Таулы ормандарда нажағайдан болған өрт жиі кездеседі. Нажағай өрті әсіресе терек, емен, қарағаш, шаған, ақ қараған ормандарында көп болады.

Нажағай ойнаған кезде орманда жүрген адам биік ағаштың астына паналамай жерге жата қалу керек, немесе нажағай өтіп кеткенше, аласа бойлы ағаштың түбінде тұру керек.

Өртке қарсы шаралар. Өртті болдырмау үшін кесілген ағаштың орнын қалдықтан мұқият тазарту керек. Орман  қызметкері өрттің шыққан жерін жоспардың градусқа бөлінген сызық бұрыштарына қарап есептеп көрші мұ-нарада тұрған күзетшіге және орталыққа телефон арқылы хабарлайды.

Мұнарада тұрған шолушы-күзетші әйнегі түтінделген көзілдірікпен және дүрбімен қамтамасыз етілуге тиісті. Түтінделмеген көзілдіріктен күн ашықта күзетшінің көзі талады да, өрттің шыққан жерін дұрыс анықтай алмайды.

Қазір өртке қарсы самолет кеңінен пайдаланылады. Самолетпен аумақты жерді тез арада шолып шығып, өрт шыққан жерді бірден дәл анықтап, дер кезінде оны сөндіруге болады.

Самолеттер орманды шолу ғана емес, өрт шыққан жерге жұмысшылар, құрал-саймандар, химикаттар, тағам тасу үшін де пайдаланылады.

Өрт мұнарасынан түтіннің пішініне қарап өрттің алыс-жақындығын шамалап айтуға болады. Дүрбімен қарағанда әрең көрінетін ақшыл түтін алыста жана бастаған төменгі өрт екенін, дүрбімен қарағанда түтін анық көрінсе өрт мұнараға жақын жерден шыққанын, түтін қарайып, бірде көтеріліп бірде бәсеңдеп тұрса, онда ол жас ағаштардың жанып жатқанын, қалың қара түтін будақ-будақ болып шықса ол жоғарғы өрт екенін, немесе дайындалған ағаш склады жанып жатқанын көрсетеді.

Орман өрттерін сөндіру тәсілі. Әрбір орман шаруашылығы және оның бөлімшелері орман өртін сөндіру тәсілдерін белгілеп жоспар жасайды. Жоспарда өрт шыққан жерге тез апаратын жалғыз  аяқ жолдар, арбамен және автомашинамен жүретін жолдар дәл көрсетіледі.

Бағалы ағаш дайындалып жатқан жерлер мен тасылмай жатқан ағаш, тез тұтанып жанатын қылқанды қарағай мен шіріні ағызылып алынатын қарағай орманын, күйген ағашты, құрылыстарды, маяланған пішенді өрттен қорғап қалу өрт сөндіру жоспарының картасына түсіріліп қояды.

Әрбір орман шаруашылығы бөлімшелерінде өрт сөндіруге қажетті дискілі тырма, күрек, балта, металдан істелген сыпырғыш, шелек, түзік насос, противогаз, мотоцикл, автомашина, қорғаныш көзілдірік міндетті түрде болуға тиіс.

Өрт сөндіретін саймандар өрттің хаупі күшті жерлерде арнайы  әзірленген   аптечкалар,  химикаттар болады.

Төмен жанған өртті сабалап сөндіру үшін ағаш сапты металдан жасалған сыпырғыш қолданылады. Сыпырғышты жапырақты ағаштың көк бұтақтарын кесіп алып жасауға болады.

Өрт өшіру үшін суды мол пайдалануға болады, егер ыза суы жер бетіне жақын болса, не өрт шыққан жерге жақын өзен, жылға, шалшық су болса, ондай жерлерде ұзын жеңді қол насос қолданған дұрыс. Төменгі өрт оты күшейіп, оны өшіру қиынға соғатын болса өртке тосқауыл болатын жолақ жасау керек.

Жоғары өрт орман үшін де, адам үшін де өте хауіпті. Ондай өрт жұқа қабықты, бөрікшелері төмен біткен, тамырлары жер бетіне жайылып өскен ағаштардың барлығын құртып жібереді. Жоғары өрт кезінде ертеректе орман ішінде жүрген адамдардың, өртшілердің, өртке күйіп өлгендері аз болмаған.

Жоғары өртті сөндірудің негізгі екі әдісі бар. Біріншісі ағашын кесіп орман жолын жасау, екіншісі өртке қарсы от жіберу. Тосқауыл орман жолының енін ағаштың биіктігіндей етіп жасайды, орман жолының ағашын өрт келгенше кесіп, ол жерден шығарып, жаңғыш материалдардан тазартып үлгеретіндей жерден жасаған дұрыс.

Информация о работе Қазақстанның өсімдік байлығы, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау