Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 06:50, курсовая работа

Краткое описание

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталды:
кәсіпорынның қаржылық активтері құрамында дебиторлық берешекті тану белгілері мен дебиторлар жайында пайдалы ақпаратты қалыптастыру мақсатында дебиторлық берешек жіктемесін анықтау;
дебиторлық берешекті басқару механизмдерін қарастыру;
дебиторлық берешекті есепке алу ерекшеліктері мен қаржылық есептілікте ашып көрсету жағдайларын зерделеу;
дебиторлық берешектің аудиттік тексеруін ұйымдастыру бойынша амалдарды жалпылау мен үдеріс кезеңдерін анықтау;

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

1. Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері.................................5
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.................................5
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні.......................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.............................................................11

2. Дебиторлармен жұмыс істеу саясаты..................................................................12
2.1 Алуға арналған шоттардың есебі және оны тану............................................12
2.2 Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі...............................................14
2.3 Алынуға тиісті вексельдер есебі........................................................................15
2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері............................................17

3. Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары........................22
3.1 Форфейтинг және факторинг.............................................................................22
3.2 «Өскемен титан магний комбинатының» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары..................................26
3.3 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың дебиторлық борышын басқаруды жетілдіру..................................................................................................29

Қорытынды.................................................................................................................32
Қолданылатын әдебиеттер........................................................................................33

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 271.50 Кб (Скачать файл)

Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке,  субъектілердің  ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары  мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады.

Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.    

Дебиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген мәселелері №39 «Қаржылық құралдар:  тану мен бағалау» ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66 тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі. Дебиторлық борыш баланста күмәнді талаптар бойынша құрылған резервтерді шегеру арқылы көрсетіледі.

Ақша құралдары және оның эквиваленттерінен басқа қысқы мерзімді өтімді активтерінің маңызды түрлерінің бірі дебиторлық борыш (алынуға тиісті шоттар)  және алынған вексельдер болып табылады. Олар тауарды несиеге сатқанда пайда болады. Алынуға тиісті шоттар осы кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады. Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады. Дебиторлық борыш шот-фактурамен немесе ресми қарыздық міндеттемемен расталады (вексельдер).

Дебиторлық борыштар төлеу мерзіміне сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне қарай келесі түрлерге бөлінеді:

ұзақ мерзімді;

қысқа мерзімді (ағымдағы);

Қысқа мерзімді қарыздар- ұйымның бір жылға дейінгі қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып саналады.

Дебиторлық борышты қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып табылады, бұл мерзімнен асып кесте дебиторлық борыштың өтелу мерзімі өтіп кеткен болып саналады.

Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне,  сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.

Дебиторлық борыш есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома,  кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.

Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп жэне қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтышдықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі.

                             

1.2 Кәсіпорын   қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» даму Стратегиясында көрсетілгендей, дамудың соңғы мақсаты біздің еліміз үшін экономикалық өсу болып табылады, себебі экономикалық өсудің шарты «бүгінгі мен ертеңгі кунде және соңғы отыз жылдың ішіндегі ең маңыздысы».

Нарықтық қатыныстарды қалыптастыру кезінде экономикалық ақпаратты дер кезінде бермесе шаруашылық субъектілердің  экономикалық механизмін басқару мүмкін емес, оның негізгі бөлігін нақты қарастырылған бухгалтерлік есеп пен қаржылық шаруашылық әрекеттің талдауы береді. Бухгалтерлік есеп және қаржылық шаруашылық әрекеттің талдау мәліметтері шаруашылық субъектінің жұмысын жедел жүргізу үшін және олардың бөлімдеріне ағымдық жоспар мен экономикалық болжамдар жасау үшін, сонымен қатар, елдің экономикалық дамуының заңдылықтарын зерттеу мен оқу үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасында соңғы 5-6 жылдар аралығында бухгалтерлік есепке алудың жетілдіруі мен болашақ дамуы, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау мен өңдеу, нарықтық экономикаға лайықты болатыыыыын жаңа жүйеге    алмасуын тездету бойынша улкен жұмыс жүргізіліп жатыр, 2001 жылдың 1 қаңтарында іске асырылған салық алудың жаңа заңы өңделген болатын. Ауыспалы кезеңде  өндірістің   апаттық төмендеуі, Қазақстан халық шаруашылығының кейбір салаларының тоқталуы – жұмыссыздық пен ақшаның құнсыздануының өсуін, сонымен қатар, ең бастысы, ол шаруашылық субъектілері арасындығы нарықтық қатынастардың  тұрақсыздығын, олардың қаржылық күйлерінің  нашарлауына әкеледі.

Қазіргі уақытта, шаруа адамдардың арасындағы өзекті мәселенің бірі  жалпы шаруашылық субъектінің жұмысын үйлестіру рөлін атқаратын, есептеу-төлемдік операциялармен тікелей байланысты болатын сұрақ – бұл дебиторлық қарыз.

Дебиторлық қарыз шаруашылық субъектілер қорларының маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кез келген кәсіпорын балансының қазіргі қазақстандық құрылымы бойынша ол бірінші және екінші  бөлімдерінде бола алады.

Кәсіпкерлік қызметті атқара отырып, мүліктік айналымның қатысушылары келесі болжам жасайды, олар шаруашылық операцияларды іске асыру кезінде шығындарын қайтарып алғанымен бірге, табысқа ие бола алатындарын болжамдайды. Бірақ тәжірибе жүзінде, әсіресе нарықтық қатынастарға ауысумен бірге өндірістің төмендеуінен тұрақты турде келесі жағдайлар туындай береді: онда белгілі бір себептерге байланысты кәсіпорын контагенттерден қарыздарын ала алмайды. Дебиторлық қарыз көптеген айларға, кейбір жағдайларда жылдарға да созылады. Дебиторлық    қарыздың өсуі  кәсіпорындардың қаржылық жағдайын нашарлатып, кейде банкроттыққа ұшыратады. Айналым құралдарының бір бөлігі болып, нақты айтқанда қатынастық  қорлардың бөлігі бола отырып, дебиторлық қарыз, әсіресе ақталмаған түрі, төленбей   «тұрып қалған» түрі,  айналым құралдарының айналымдығын  қысқартады, яғни   кәсіпорынның табысын азайтады.

Сондықтан қазіргі таңда, шаруашылық субъектілердің қаржылық күйін жақсарту мақсатындағы маңызды мәселелерді шешу басты мәселе болып табылады, оларға біз төменде көрсетілген   мәселерді жатқызамыз:

Бухгалтерлік есепке алудың жаңа жүйесінде және есептеулердің жаңа жоспарына алмасуға, сонымен қатар шаруашылықтың әкімшілік-басқарушылық жүйесінің құлдырауынан кейін барлық шаруашылық қатынастардың жойылуына байланысты дебиторлық қарыздың дұрыс есептерін ұйымдастыру.

Дебиторлық қарыздың талдануы, ол «тұрып қалған» , ақталмаған қарызды жоюға және оның өсуін  азайтуға бағытталған қорларды анықтауға  және дебиторлық қарыздың өсуіне әсер ететін факторларды табуға бағытталған болу қажет.

 

1.3 Дебиторлық қарызды  басқару  әдістері

 

Барлық фирмалар тауарды қолма-қол төлем қабылдау арқылы сатуға ұмтылады, алайда бәсекелестік талаптары төлемдердің мерзімін ұзартуға келісім беруге мәжбүрлейді, осының нәтижәсінде дебиторлық   қарыз пайда болады. Дебиторлық қарыз – бұл фирмадан қандай да бір өнімдерді немесе қызметтерді несиеге алатын сатып алушылардың фирмаға қарыз ақша сомасы. Дебиторлық қарыз – бұл айналым активтерінің манызды бөлігі, оны дебиторлардың шоты деп те атайды, және ол қолма-қол ақша қаражаттары мен төлемдерге тікелей ықпал етеді.

Фирманың дебиторлық қарызын басқару жуйесінің маңызды құрамдас бөлігі әдістер болып табылады. Тек қаржылық әдістерге мыналар жатады: Э. Альтманның әдісі, пайда болған мерзімдері бойынша дебиторлық қарызды реттеу, дебиторлардың шоттарының «ескіру» реестрін құру, күдер узген дебиторлық қарыздың мумкіндікті сомасын болжау, дебиторлардың шоттарының ойластырылған «ескіруін» анықтау, қаржылық коэффициенттерді есептеу және бағалау.

Басқарушылық әдістерге: «шешімдер ағашы», «3С» несиеге қабілеттілікті талдау әдістері, фирманың несиелік саясаты стратегиясының матрицасы, ақпараттық базаны қалыптастыру, сыйақы жүйесін пайдалану, несиелік қарызды төлеу мерзімін «созу» жатады.

Айналым активтерінің циклі. Дебиторлық қарызды жою мәселес  (активтің бағасында аса маңызды шығынсыз ақшалай қаражатқа айналу қабілеті) – әрбір дерлік ұйымның негізгі мәселесіне айналды. Ол өз кезегінде, бірнеше мәселелерге бөлінеді: ұтымды көлем, айналымдылық, дебиторлық қарыздың сапасы.

Бұл мәселердің шешімі дебиторлық қарызды білікті басқаруды талап етеді, бұл фирманың қаржылық жағдайын нығайтудың бір түрі болып табылады. Кәсіпорынды реформалау тәжірибесі дебиторлық қарызды қайтару жөніндегі шаралар кәсіпорынның іщкі қоры есебінен тиімділікті арттырудың анағұрлым әсерлі шаралары тобына енетіндігін және жедел түрде оң нәтиже әкеле алатындығын көрсетті. Қысқа мерзімде қарызды  қайтару – тапшы айналым қаражатын толықтырудың шынайы мүмкіндігі. Дебиторлық қарызды басқару ерекше басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру үдеріс ретінде жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау сияқты кез келген басқа басқару түрімен теңестіріле алады.

Жоспарлау – бұл алдын ала қаржылық шешімдер. Ол тиімді болуы үшін ұйымның ұзақ мерзімді ммақсатын анықтау, ұйымның стратегиясын құру, қызмет ету саясатын анықтау, қызметтің тиімді рәсімдерін таңдау  қажет.

Басқаруды ұйымдастыру мынадай  кезекпен әрекеттеді уйлестіруді білдіреді: барлық әрекет ету саласы таңдалған қызметтері бойынша топтастырылуы қажет; өз қызметіне жауапты тұлғаларға бірдей құқықтар берілуі тиіс.

Ынталандыру дегеніміз – жалпы адамның мінез-құлқы анықталатын психологиялық сәттердің жиынтығы.

Бақылау жөніндегі әрекеттер – бұл:. Әрекеттер стандарттарын әзірлеу, фактілік нәтижелерді стандарттық нәтижелермен салыстыру.

Осылайша, дебиторлық қарызды басқару кәсіпорынның айналым активтерін және өнімді сату көлемін ұлғайтуға бағытталған, осы қарыздың жалпы мөлшерін оңтайландыруды, оны уақытында инкассациялауды қамтамасыз етуді қамтитын маркетингтік саясатын жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Фирманың  дебиторлық қарызын білікті басқару негізінде келесі іргелі мәселелер бойынша қаржыылық шешімдер қабылдау жатыр:

  • әрбір есеп беру күніне дебиторлық қарызды есептеу;
  • фирмада дебиторлық қарызды жоюға байланысты жағымсыз жағдай қалыптасқан жағдайлар мен себептерді диагностикалық талдау;
  • барабар саясатты әзірлеу және фирманың тәжірибесіне дебиторлық қарызды басқарудың қазіргі әдістерін енгізу;
  • дебиторлық қарыздың ағымдағы жағдайын бақылау.

 

 

 

 

 

         2. Дебиторлармен  жұмыс істеу саясаты

 

         2.1 Алуға  арналған шоттардың есебі және оны тану

 

Алуға арналған шоттар мен векселдер өтімді активтердің өзге бір маңызды бөлігі болып саналады. Олар шоттар негізінде, аудару арқылы есеп айырысу бойынша, кейін төлеу жағдайында, сатып алушыларға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату, өткізу және босату нәтижесінде туындайды. Басқалай айтқанда, кейін төлеу жағдайы жабдықтаушының (жеткізушінің) сатып алушыға несие беруін білдіреді. Тауар (қызмет, жұмыстар) сататын ұйымдардың төлем қабілетті сатып алушылармен ғана қарым-қатынаста болғысы келетіні заңды болып саналады.

Алуға арналған шоттар есебінде қою және көрсету, ең алдымен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сату мен және №18 «Түсім» Халықаралық қаржылық есеп стандартында реттелген (бірқатар өзгешеліктермен қатар «Кіріс» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартымен бірқатар ортақ ережелері бар) түсімдердің пайда болуымен, танылуымен және есебімен байланысты аспектілерді өткізуден түскен түсімдердің құрамымен байланысты болады.

Түсім – бұл капиталдың ұлғаюына әкелетін, компанияның экономикалық алатын пайдаларының жалпы түсімі. Түсім, компания беретін кез келген сауда немесе көтерме сауда жеңілдіктерінің сомаларын ескере отырып алынған немесе өтеледі деп күтілген әділ құны бойынша бағалануы тиіс.

Информация о работе Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары