Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 06:50, курсовая работа
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер анықталды:
кәсіпорынның қаржылық активтері құрамында дебиторлық берешекті тану белгілері мен дебиторлар жайында пайдалы ақпаратты қалыптастыру мақсатында дебиторлық берешек жіктемесін анықтау;
дебиторлық берешекті басқару механизмдерін қарастыру;
дебиторлық берешекті есепке алу ерекшеліктері мен қаржылық есептілікте ашып көрсету жағдайларын зерделеу;
дебиторлық берешектің аудиттік тексеруін ұйымдастыру бойынша амалдарды жалпылау мен үдеріс кезеңдерін анықтау;
Кіріспе...........................................................................................................................3
1. Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері.................................5
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.................................5
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні.......................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.............................................................11
2. Дебиторлармен жұмыс істеу саясаты..................................................................12
2.1 Алуға арналған шоттардың есебі және оны тану............................................12
2.2 Сатып алушыларға берілген жеңілдіктер есебі...............................................14
2.3 Алынуға тиісті вексельдер есебі........................................................................15
2.4. Күмәнді талаптар түсінігі, резерв құру тәсілдері............................................17
3. Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары........................22
3.1 Форфейтинг және факторинг.............................................................................22
3.2 «Өскемен титан магний комбинатының» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары..................................26
3.3 Қазақстан Республикасындағы компаниялардың дебиторлық борышын басқаруды жетілдіру..................................................................................................29
Қорытынды.................................................................................................................32
Қолданылатын әдебиеттер........................................................................................33
Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі - берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға тиісті барлық шоттарды мынандай категориялар бойынша жіктеу қажет:
өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;
1 күннен 30 күнге дейінгі
төлеу мерзімі бар шоттар;
31 күннен 60 күнге дейінгі
төлеу мерзімі бар шоттар;
61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
90 жэне одан көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар. Мысалы:
Күмәнді борыштар сомасы 226,7 мың теңге құрайды.
7443 «Жалпы және әкімшілік
1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот кредиті - 226,7 мың теңге.
Субъект балансынан бұрьш талап етілмеген, күмәнді деп танылған борыштарды есептен шығарғанда мынандай жазба жазылады:
1290 «Күмәнді борыштар бойынша резерв» шот дебеті
2110 «Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті
2120-2130 «Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» шот кредиті - 226,7мың теңге.
«ӨТМК» ЖШС іс-сапардан оралғаннан кейін бас бухгалтердің көмекшісі алған аванстары бойынша оларды растайтын құжаттарымен бірге нақты жұмсалған шығындары бойынша есеп берген.
«ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы жетілдіру жолдары:
дебиторлық берешекті басқару механизмдерін оңтайландыру;
дебиторлық берешекті есепке
алу ерекшеліктері мен
күмәнді талаптар бойынша резерв құру әдістерін айқындау;
дебиторлық берешектің
кәсіпорынның дебиторлық
кәсіпорынның айналым активтерін есепке алу, аудиттік тексеру, талдау мәліметтері негізінде басқару үдерісін қазіргі заманғы жаңа тетіктерді қолдану арқылы үнемі жаңартып отыру.
Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында дебиторлық берешекті басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді.
борышын басқаруды жетілдіру
Дебиторлық борыш – сатып алушылар дайын өнімді арттырған уақыттан бастап банкідегі шотқа оның бағасын төлегенге дейінгі қарыз. Дебиторлық қарызды талдау оның заңдылығын, пайда болған уақытын анықтауды қамтиды.
Мұндай жағдайда қалыпты және қалыпсыз қарыз пайда болады. Өтейтін уақыты бола қоймаған қарыз қалыпты деп есептеледі. Төлем құжаты бойынша уақытында төленбеген қарыз қалыпсыз деп есептеледі.
Дамыған елдерде дебиторлық қарыз кредиторлық қарыздан асып тұрса айналымның өскендігін дәлелдейді, қауіпті деп саналмайды. Кейбір елдерде бұл жағдай кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын әлсірететіндіктен қауіпті деп есептеледі.
Дағдарыс жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін дебиторлық, кредиторлық қарыздың ара қатынасын бақылап отыру қажет. Дебиторлық қарыздың біршама өсуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді, қаржыландырудың қосымша көздерін жұмылдыруды талап етеді:
- уақыты өтіп кеткен қарыздың жағдайын бақылап отыру керек;
- тапсырыс берушілердің қарызды өтемеу қаупін азайту үшін тапсырыс берушілердің санын мүмкіндігінше көбейтіп отыру қажет;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына дебиторлық қарыз өз бетінше әсер етпейді, оның көлемі, қозғалысы, формасы әсер етеді.
Дебиторлық қарызды талдау кәсіпорынның балансының мәлметіне сай оның бір жылдың ішіндегі көлемін анықтаудын басталады. Қарызды өтеу мерзімі бойынша дебиторлық қарыз ұзақ уақыттық (өтейтін уақыты 12 айдан көп), қысқа уақыттық (12айға дейін) деп екіге бөлінеді.
Бұл екі бөліктің әрқайсысында төлейтін уақыты өткен қарыздың мөлшері белгіленеді.
Уақыты өткен қарызды талдай отырып, оның қайсысының сенімсіз қарызға жататынын анықтап, алдағы уақытта талдаудан шығарып тастау қажет.
Уақыты өтпеген, бірақ өтелмеген дебиторлық қарыз өтейтін уақыты өтіп кеткен, қарыз төлейтін мекеме жойылғандықтан сенімсіз қарыз деп бөлінеді.
Дебиторлық қарыздың айналымы төмендегі көрсеткіштердің көмегімен талданады:
- ағымдағы активтің жалпы көлеміндегі дебиторлық қарыздың үлесі;
- сенімсіз (үш айдан көп уақыт өтелмеген) қарыздың үлесі;
- қарастырылып отырған мерзімде дебиторлық қарыздың орташа айналым мөлшері.
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды.
Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Тұрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, вексельдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Тұрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады.
Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады.
Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады.
Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін.
Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс: Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді.
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру.
Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Қаржы ресурстарын басқару жүйесінің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.
Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді. дебиторлық қарыздар дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебитолық борыштардың есептелген уақыты мен отелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байл анысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады.
Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін (скидки) және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.
Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады.
Қорытынды
Біздің еліміз “Қазақстан – 2030” ұзақ мерзімді бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай ілгері дамып келеді. Соңғы жылдары біздің қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр. Ең бастысы бізде қоғам мен мемлекетті, экономика мен әлеуметтік саланы тұрлаулы дамытудың келелі жолдарын іздестіру тынымсыз әрі нәтижелі жүргізіліп келеді.
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің маз-мұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.
Дебиторлық берешек- алынуға жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қарым қатынастарынан пайда болатын алынуға тиісті берешектері. Дебиторлық берешекті өз уақытысымен өндіріп алу ұйымның қаржылық жағдайындағы жетістікті қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі болып табылады. Яғни дебиторлық берешек әр ұйымның қызметінің бірі ретінде өмір сүру мен тұрақты қызмет етуіне байланысты.
Бухгалтерия үшін әр түрлі жағдайға байланысты қарыздардың өтеуіне бақылау жасау мақсаты мен салықтық қателер мен есептегі операцияның сәйкессіздігін болдырмайтын бақылау ұйымдастыру керек .
Дебиторлық қарыз шаруашылық субъектілер қорларының маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кез келген кәсіпорын балансының қазіргі қазақстандық құрылымы бойынша ол бірінші және екінші бөлімдерінде бола алады.
Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Дебиторлық берешекті басқарудың инновациялық құралдары