Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 22:16, курсовая работа
Еліміздің экономикалық өсуіне және тұрақтануына мүмкіндік беретін нарықтық қатынастарды тиімді дамытудың ең қажетті шарты аудиторлық тексеру болып табылады.
Аудиторлық тексеру жүргізілмеген ұйымдарда бухгалтерлік және салық заңдылықтарын бұзу тәуекелі көтерілуде, олар бюджеттің салық төлемдерінің бюджетке түсуінің азаюына алып келеді.
Ең алдымен, аудит дегеніміз не жеген сұраққа жауап іздейтін болсақ, аудит дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру болып табылады. Нарықтық жағдайда экономикалық бақылаудың ең тиімді түрі – тәуелсіз аудит.
Кіріспе……………………………………………………………………....
3
Тарау 1 Ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері.......................................................................................
5
1.1 Ішкі бақылау жүйесінің ұғымы, мәні мен мазмұны.........................
5
1.2 Ішкі бақылау жүйесінің ортасы мен құраушылары.........................
9
1.3 Ішкі бақылау жүйесінің қызметін нормативтік реттеу......................
13
Тарау 2 Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі.......................................................................................................
18
2.1 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне сипаттама және оның есеп саясаты туралы айтылған......................................................
18
2.2 Шетелдік тәжірибедегі ішкі аудитте ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.................................................................
24
Қорытынды.....................................................................................................
30
Қолданылған ақпар көздері......................
1.3 Ішкі бақылау жүйесінің
Кәсіпорынның сәтті қызмет атқаруы, табыстылығын арттыру, оның активтерін сақтау және көбейту үшін басқарудың тәртіпке келтірілген механизмінің негізгі элементі – күнделікті ішкі шаруашылық бақылау қажет.
Ішкі бақылау – субъектінің директорлар кеңесімен, жетекшілігімен, басқа қызметкерлерімен орындалатын процесс және мына категориялар:
Ішкі бақылау жүйесінің (ІБЖ) мақсаты: тәртіпке салу және ұйымның ағымдағы шаруашылық істерін тиімді орындау; жетекшіліктің қаржы-шаруашылық саясатының талаптарын орындау; кәсіпорынның активтерін сақтау, құжаттардың анықтығын, толықтығының ыңғайлы деңгейін және тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Ұйымның жетекшігі ішкі бақылау жүйесінің құрастырылғанына және нақты іске асырылғанына жауап береді.
Бақылау жүйесі ақтайтындай болуы қажет, яғни оның жұмыс істеуіне кеткен шығындар кәсіпорында оның жоқтығынан болған шығындардан аз болуы керек. Егер, ішкі бақылау жүйесі тиімді жұмыс істесе, онда ол сыртқы аудитті жүргізу шығындарын азайтады.
Ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құруда әкімшілік қамтамасыз ету керек:
Ішкі бақылау жүйесі өзінің қызметі барысында келесі қағидаттарды басшылыққа алады, ол төмендегі 2 - суретте бейнеленген.
2-сурет. Ішкі бақылау жүйесінің қағидаттары
Кәсіпорындағы ішкі бақылау жүйесі – бұл кәсіпорын қызметін жақсартуға бағытталған тәуелсіз, объективті тексеру және кеңес беру. Кәсіпорын жүйесінде ішкі аудит үлкен рөл атқарады. Ішкі аудит кәсіпорынға жүйелік бағалау мен басқару процесі сапасының жоғарылатуды қамтамасыз ете отырып, мақсатқа жетуге көмектеседі. Ікші бақылаудың ең маңызды функциясы қаржылық есептеменің құрылуын бақылауды қоса алғанда, ішкі бақылау жүйесін тәуелсіз бақылау болып табылады.Ішкі аудит өз кезегінде тәуелсіз жақпен бағалануы тиіс.
Кәсіпорынның ішкі бақылауы ретінде өзіндік бухгалтерлік балансы бар бөлек алынған бөлімшелер қаржылық – шаруашылық қызметінің құжаттық ревизиясын жиі жүргізіп тұру арқылы бақылауды түсінуге болады.
Ішкі аудитті жүргізу міндеттері төмендегі 3-суретте көрсетілген.
3-сурет. Ішкі аудитті жүргізудің міндеттері
Субъектінің жетекшілігі ішкі бақылау жүйесін құрастырған және нақты іске асырғаны үшін жауап береді. Ішкі бақылау жүйесінің ұйымның қызметінің көлемі мен ерекшелігіне жауап беруі, тұрақты және тиімді жұмыс атқаруы жетекшілікке байланысты. Ұйымда, оның құрылтайшылық құжаттарымен немесе ішкі тәртіп ережелері бойынша ішкі аудитор тағайындалады немесе «ішкі аудит» бөлімі ұйымдастырылады.
Ішкі бақылау – кәсіпорын, ұйым, фир
Ішкі аудиттің аса маңызды міндеттерінің бірі – ішкі бақылаудың сыртқы аудиторлар ұйымның шоттары мен есеп-қисаптарына сеніммен қарайтындай жұмыс істеуі. Ішкі бақылау сондай-ақ басқарушылардың өз қызметінің заңдылыққа сай әрі дұрыс жүргізіліп отырғанын іштей сезінуіне, сенімді болуына мүмкіндік беруге тиіс.
Ішкі бақылау – басқару функциясының бір түрі, бақылау процедурасының ұйымдастырушылық жүйесі, компанияның мамандандырылған жұмысшыларының жүзеге асуымен, бизнес процесіндегі есеп жүйесінің ағымдағы және кейінгі бақылау мақсатымен орындалатын, сондай–ақ, ұйымдағы толық бақылау жағдайындағы жалпылама ақпаратты қамтиды.
Ішкі аудит жүйесінің негізгі атқаратын қызметтері туралы төмендегі 4 – суретте бейнеленген.
4 – сурет. Ішкі аудит жүйесінің атқаратын негізгі қызметтері
Ішкі аудиттің қажеттілігіне кейбір себептер шартты, олар:
Ішкі
бақылау объектілері болып, мекеменің
толықтай ішкі бақылау жүйесі
кіреді. Артықшылықпен және нақты
тапсырмалардың тәуелділігіне
Аудиторлық тапсырманың жетекшісі ішкі аудитті өткізуді бастар алдында аудит объектісінің басшысымен танысу кездесуін өткізуді ұйымдастырады. Осы кездесуде аудиторлық тапсырманың жетекшісі аудит объектісінің басшысын аудиторлық тапсырмамен, аудиторлық топпен таныстырады, аудиторлық тапсырманың тәртібі мен мерзімдері туралы, ішкі аудиторлар жұмысының талаптары мен ішкі аудитті өткізу кезеңінде аудит объектісімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі туралы хабардар етеді.
Ішкі аудиттің объектілерін өзара байланысты және өзара тәуелді үш құрылымдарға бөлуге болады. Оны төмендегі 5-суреттен бейнеленген.
5-сурет. Ішкі аудиттің нысандары
Заттық – технологиялық аудитке – аудиторлық тексеріске жататын техникалық – технологиялық, физикалық – химиялық құрамы бар материалдық активтерін жатқызуға болады.
Ақпараттық объект – кәсіпорынның барлық ақпараттық базасынан, кәсіпорынға қатысты нормативтік-құқықтық, күнделікті, есептік және басқа да ақпараттарды қамтиды.
Аудиттің ұйымдастырушылық – басқарушылық объектісі– бағалаудың ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерінің тиімділігін арттыруға қызмет етеді.
Сонымен қатар, объектілердегі қателіктер мен ауытқуларды анықтауына қарай, аудитті алғашқы және кейінгі деп жіктеуге болады. Себебі барлық тексерулер нәтижелі болуы мүмкін, олай болса жүргізілген жұмыстардың тиімділігі анықталған, бекітілген, бағаланған сандық – сапалық көрсеткіштермен бағалауға болады.
Ішкі аудит – аудит түрлерінің бірі екендігі белгілі. Аудиттің қай түрі болмасын ең алдымен Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 ж. 20 қарашадағы (07.10.2012 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Заңымен реттеледі.
Ішкі
аудиттің отандық
Жалпы ішкі аудитті жүргізу барысында ішкі аудиторлардың жұмысын пайдалану 610 Халықаралық Аудит Стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен бірге бұл халықаралық аудит стандарты, сыртқы аудитор 315 ХАС сәйкес ішкі аудитордың қызметі аудитке тән болуы ықтималдылығына шешім қабылдағанда, ішкі аудитордың жұмысына қатысты сыртқы аудитордың жауапкершіліктерін анықтайды [1,7,8,9,13-19].
2. Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі
2.1 Кәсіпорынның қаржылық –
АО «Атыраумунайгаз» – Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін елімізгі мұнай және газбен қамтамасыз ететін кәсіпорынның бірі, онда біздің жоғары білікті мамандар, ғылыми және инженерлік кадрлар қызметін атқарады.
АО «Атыраумунайгаз» бухгалтерлік есеп жүйесі өзгеше деумізге болады, себебі:
Кәсіпорынымыздың қазіргі таңдағы негізгі міндеті өндіру сапасын жетілдіру, инженерлерді техника мен технология бойынша ғана емес, жаңа ақпараттық технологиялар арқылы өндірісті басқарулары, тілдерді меңгеруі бойынша да білім мен дағдыны игерулеріне мүмкіндік жасау.
Қаржы-экономикалық бөлім- «Атыраумунайгаз» құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімнің негізгі міндеттері мыналар:
Ендігі кезекті Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің қандай нәтижені, қандай көрсеткіштерді көрсететіндігі туралы тоқталмақшымын.
Қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады.
Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең болып 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтiзбелiк жыл болып табылады.
«Атыраумунайгаз» ЖШС-ның қаржылық шаруашылық қызметінің 2010-2011 жылдардағы негізгі көрсеткіштерін салыстыра отырып, төмендегідей 3-кестеде құрастырдық.
1-кесте
АО «Атыраумунайгаз»-ның 2010-2011 жылдардағы қаржылық – шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы |
Өлшем бірлігі |
2010 жыл |
2011 жыл |
Өзгеріс (+;-) |
Активтер |
мың теңге |
2 613 055,00 |
2 928 449,00 |
+ 315 394 |
Кіріс |
мың теңге |
1 276 201,85 |
1 446 196,00 |
+ 169 994,2 |
Шығыс |
мың теңге |
1 088 274,44 |
1 158 083,10 |
+ 69 808,7 |
Балдық кіріс |
мың теңге |
897 376,00 |
559 094,00 |
-338 282 |
Пайда (зиян) |
мың теңге |
187 927,41 |
288 112,90 |
+ 100 185,49 |
Таза пайда |
мың теңге |
187 927,41 |
288 112,90 |
+ 100 185,49 |
Рентабельділік |
мың теңге |
7,19 |
9,84 |
+ 2,65 |
Бухгалтерлік есеп
принциптері бойынша кәсіпорынның есеп
саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті
жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы
бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау
мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің
фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын
айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне
шаруашылық қызмет фактілерін топтау
мен бағалау әдістері, активтердің құнын
есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру,
түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік
есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік
есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу
мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар
кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі
мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен
басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар
бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған
бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін
шешудің көп түрлілігімен анықталады.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк
есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы,
2007 ж., 28 ақпан (12.26.2012ж берілген өзгерістер мен толықтырулармен)және Бухгалтерлік
есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің
есеп саясатын құруы барысында бұйрық
немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар
тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген.
Информация о работе Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі