Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық өсуіне және тұрақтануына мүмкіндік беретін нарықтық қатынастарды тиімді дамытудың ең қажетті шарты аудиторлық тексеру болып табылады.
Аудиторлық тексеру жүргізілмеген ұйымдарда бухгалтерлік және салық заңдылықтарын бұзу тәуекелі көтерілуде, олар бюджеттің салық төлемдерінің бюджетке түсуінің азаюына алып келеді.
Ең алдымен, аудит дегеніміз не жеген сұраққа жауап іздейтін болсақ, аудит дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру болып табылады. Нарықтық жағдайда экономикалық бақылаудың ең тиімді түрі – тәуелсіз аудит.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………....
3
Тарау 1 Ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері.......................................................................................

5
1.1 Ішкі бақылау жүйесінің ұғымы, мәні мен мазмұны.........................
5
1.2 Ішкі бақылау жүйесінің ортасы мен құраушылары.........................
9
1.3 Ішкі бақылау жүйесінің қызметін нормативтік реттеу......................
13
Тарау 2 Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі.......................................................................................................

18
2.1 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне сипаттама және оның есеп саясаты туралы айтылған......................................................

18
2.2 Шетелдік тәжірибедегі ішкі аудитте ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.................................................................

24
Қорытынды.....................................................................................................
30
Қолданылған ақпар көздері......................

Вложенные файлы: 1 файл

arman_kursovoy_audit новый.doc

— 1.16 Мб (Скачать файл)

 

 

 

 

Төмендегі 6-суретте бекітілетін құжаттардың қатарына кіретін қажетті құжаттар тізімі бейнеленген.  

 

 

 

6-сурет. Қажетті құжаттар тізімі

 

Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Тиісті заңдылықтардың өзгеруіне байланысты РМҚК «Орталық» өзінің есеп саясатының ережелеріне шұғыл түрде өзгеріс енгізіп, құжатты пайдаланушыларға ескертеді. Есеп саясатының жалпы ережелерінде РМҚК-ң бухгалтерлік есебін жүргізудегі және қаржылық есеп беруді құруда Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес талаптарға сүйеніп, Типтік жоспар шоттарын қолданып, сондай-ақ олардың қағидалары, негіздері, жағдайлары, тәртіптері жазылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер төмендегі 7-суретте бейнеленген.

 

 
7-сурет. Есеп саясатына әсер етуші факторлар

 

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама -қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет. 

АО «Атыраумунайгаз»-ның «Есеп саясаты» -  Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары мен халықаралық қаржылық есеп стандартының әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған. 

Есеп саясаты төмендегі талаптар негізінде құрылған:

  1. АО «Атыраумунайгаз» үшін ол ұйымдағы бухгалтерлік есеп ережелері мен қаржылық есептілік құрудағы біртұтас құрамды  ұстанымдарды айқындаушы ішкі нормативтік құжат болып саналады;
  2. актив және міндеттемелері, меншік иелерінің міндеттемелері мен активтері негізінде құрылады;
  3. шаруашылық  қызметінің  деректері келіп түскен немесе төленген ақша қаражаттарының шын мәнісіндегі уақытына қарамастан, олар орын алған есептік кезеңге жатады;
  4. АО «Атыраумунайгаз»-ның «Есеп саясаты» дәйекті түрде жылдан жылға қолданылады.

Есеп саясатын өзгерткен жағдайда өзгерту түріне перспективалық әдіс қолданылады, яғни жаңа есеп саясаты, ол қабылданған мерзімнен кейінгі жағдайлар мен келісімдерге қолданылатын болады. Ағымдағы жылдың пайда мен зиян жөніндегі есептілігінде есеп саясаты өзгерген жағдайда да алдыңғы қаржылық есептілікті қайта есептеу жүргізілмейді.

Бұл ретте әрбір қаржылық жыл 1 қаңтарда басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.

Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыруы

Шаруашылық есеп бухгалтериямен дербес құрылымдық  бөлімше сияқты жүзеге асырылады. Бухгалтерия қызметін реттейтін, құқықтық – нормативтік құжат «Бухгалтерия жағдайы» туралы  құжат болып табылады. Бухгалтерия жұмыскерлерінің лауазымды міндеттері лауазымды нұсқаулармен реттеледі.

Шаруашылық операция міндеттері және мүлік бойынша бухгалтерлік есеп теңге мен тиын бойынша «1С – бухгалтерия» бағдарламасын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Шаруашылық операцияларының орындалуын ішкі бақылау бухгалтерия арқылы алғашқы есептік құжатты қабылдауды есепке алғанда қолданылады және оған мына бағыттарды жүзеге асыратын бақылау рәсімдері жатады:

  • бақылауды тексеру;
  • заңға сәйкестікті тексеру;
  • өкілділікті тексеру;
  • деректердің өңделуін тексеру;
  • қорғаныс жүйесін тексеру;
  • тексеру тәуелсіздігі.

Бухгалтерлік құжаттама

Кәсіпорынның атқаратын барлық шаруашылық операциялары негізгі бухгалтерлік есеп жүргізілетін алғашқы құжаттармен рәсімделеді. Ол шаруашылық қызметінің деректерін рәсімдеу үшін, 23.05.2007 ж. № 185 ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітілген бастапқы құжаттың жиынтық формалары және «1С-Бухгалтерия» бағдарламасы қарастыратын алғашқы құжат формалары қолданылады.

Бухгалтерлік есеп регистрлері 1С бағдарламасымен көзделген институттағы бухгалтерлік есебі жүргізілетін форматта құрылады.

Бухгалтерияға келіп түсетін бастапқы құжаттар формасы, мазмұны, арифметикасы бойынша міндетті тексеріске түседі.

Ақшалай, тауарлы – материалдық және басқалай құндылықтарды сақтау және жұмсау, заңға және тағайындалған тәртіпке қарама қайшы келетін операциялар бойынша құжаттар қабылданбайды, олар кәсіпорынның Бас бухгалтеріне шешім қабылдау үшін беріледі.

Бұрын кеткен жазба қателерін түзету үшін проводкаларды түзету бухгалтерлік анықтамасы беріледі. Бухгалтерлік анықтамаға оны жасаған орындаушының және бас бухгалтердің қолы қойылуы керек.

Белгілі бір құжаттарды сақтау үшін әрбір есепті ай және кварталға іс қағазы құрылады. Бухгалтерлік мұрағатта сақтау жауапкершілігі және мұрағат кітапшасына енгізіп отыру бухгалтерге жүктеледі.

Ол мынадай сақтау мерзімдерінен құралады:

  • жылдық  қаржылық есеп – күнбе – күн;
  • кварталдық – 5 жыл;
  • келіп түскен негізгі құралдарды бағалау ведомость актілері – күнбе– күн;
  • жұмысшылардың жеке шоттары (еңбекақы есептеу ведомості) – 75 жыл;
  • басқалай құжаттар – 5 жыл.

Құжаттарды сақтау мерзімінен шығару олар жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүргізіледі.

Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.

 

 

8 – сурет. Қаржылық есептілік құрамы

 

Жоғарыда көрсетілген 8-суретті негізге ала отырып, оларға жеке – жеке тоқталсақ, ең бірінші бухгалтерлік балансты алайық. Бухгалтерлік баланс – институттың қаржылық  жағдайын көрсетеді және активтер, міндеттемелер және меншікті капитал жөнінде ақпараттар беріп отырады. Шаруашылық операцияларын негізге ала отырып, активтер мен міндеттемелер баланста қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Қоғам активтердің, меншікті капиталдың, міндеттемелер мен соның жүзеге асырып отырған шаруашылық  операцияларының бухгалтерлік есебін бухгалтерлік есептің шоттарының жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заңына, ҚЕҰС, ҚЕҰС-ны түсіндірмелеу жөніндегі тұрақты комитетімен жарияланған ҚЕҰС – ларды қолдану жөніндегі түсіндірмелерге, осы есептік саясатқа және стандарттардың ішкі түсіндірмелеріне, қоғамның бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жөніндегі өзге нұсқаулықтары мен бұйрықтарына негізделумен жүргізіп отырады.

Тауарлардың өзіндік құны негізінде пайда және зиян жөніндегі есептілік шығыстарды өзіндік құны функциясы бойынша классификациялайды.

Ақша қозғалысы жөніндегі есептілікте ақша қаражаттары операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет бойынша тікелей есептеу әдісінен құралады.

 

 

 

 

 

Есеп саясатын қолданып, форматтарға бухгалтерлік есеп принциптерін мұқият орындау керек.Ол төмендегі 9-суретте көрсетілген.

 

 

9-сурет. Бухгалтерлік есеп принциптері

 

Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік есебі бойынша түсіндірмелік жазбада көрсетіледі:

  • қаржылық есептілікті дайындау мен таңдалған есеп саясаты туралы ақпарат;
  • ХҚЕС бойынша ашылуы керек, бірақ қаржылық есептілікте көрсетілмеген;
  • Қаржылық есептілікте көрсетілмеген, бірақ дәлелдеу үшін қажет қосымша ақпараттар.

Есеп саясатының қолданылуын қадағалау:

  1. Есеп саясаты барлық қызметкерлерге өз қызметі шегінде міндетті болып саналады.
  2. Есеп саясатын дұрыс қолдануды қадағалау Бас бухгалтерлерге жүктеледі [11,20].

 

 

2.2 Шетелдік тәжірибедегі ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері

 

 

Ішкі аудиттің дамуы шетелдік тәжірибені қарастыра отырып, терең теориялық зерттеулер жүргізуде оның концепцияларын өңдеуді талап етеді. Сондай-ақ, Ішкі аудиттің кәсіпкерлік жағдайындағы мақсаты мен мазмұнын анықтау қажет. Бұрын аудиторлық қызметке ретроспективті сипат тән болса, яғни ол жүзеге асырылған қаржылық және шаруашылық операциялардың нормативтік актілерге сәйкестігін және шынайылығын тексеруге бағытталса, қазіргі уақытта ол жеткіліксіз болып есептеледі. Меншік иелері мен ақпаратты пайдаланушылар аудиторлардан экономикалық шешімдер қабылдау үшін негіз болатын, түрлі сұрақтар бойынша қажетті ақпарат, кеңес алуға үміттенеді. Сондықтан ішкі аудит концепциясын бизнестің дамуымен байланыстыру қажет. Аудит кәсіпкерлік тәуекел мен кәсіпорынның даму жолдарын ашуға бағытталған болжамдық сипатта болуы керек, себебі олар кәсіпорын қызметінің ерекшеліктері жөніндегі ақпаратқа ие.

Бүгін ішкі аудит дегеніміз – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жүзеге асуы үшін тәуелсіз және объективті кеңес пен кепілдік беру бойынша қызмет. Ішкі аудит тәуекелдерді басқару, бақылау және корпоративті басқару процестеріне тиімділігін көтеруге және бағалауға жүйелі түрде және дәйекті ыңғайын қолдана отырып, кәсіпорынның алға қойған мақсатына жетуге көмектеседі [19].

Мемлекеттік аппарат дамыған елдерде ішкі аудит мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Ішкі аудиторлардың халықаралық институтында аудиттің сәйкес стандарттарын өңдеуге жауапты арнайы бөлім қызмет атқарады. Осыған байланысты халықаралық ұйымдарда қолданылатын ішкі аудит стандарттарын отандық тәжірибеде қолдану мүмкіндігі тұрғысынан сипаттаған дұрыс.

Әдетте мұндай стандарттарды 10-суреттегідей үш топқа жіктейді:

 

 

10-сурет. Халықаралық ұйымдарда қолданылатын ішкі аудит стандарттарының отандық тәжірибеде қолданылу түрлері

 

1. Жалпы стандарттар (General Standards). Бұл топ стандарттары келесідей ережелерді қамтиды:

Тексерудің құны одан алынатын тиімділіктің құнынан артпауы тиіс және мүмкін тәуекелді ескеруі керек. Кәсіпорын әкімшілігі ішкі тексеруге оң қабақ танытып, оның тиімділігінің артуына ықпал етуі қажет. Олардың қызметкерлеріне, ішкі аудит қызметі басшылығынан кәсіби біліктілігінің жоғары болуын және ішкі бақылау жүйесін терең білуін талап етеді.

Тексеру объектілері мен мақсаттары кәсіпорынның әрбір қызмет түрі үшін анықталған, толық және негізделген болуы тиіс.

Ішкі аудиттің тексеру әдістері, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және тиімді сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін болуы тиіс.

2. Арнайы стандарттар (Documentation Standards). Олар келесідей ережелерді қамтиды:

Құжаттау, яғни операциялардың, құбылыстардың құжаттауы операцияларды бақылау кезінде басшылар мен аудиторлар үшін пайдалы болуы керек.

Операциялардың орындалуы, яғни әрбір операцияны жүзеге асыруға рұқсат беріліп, олар тиісті қызметкерлердің өкілеттілік шеңберінде орындалуы қажет.

Қызметкерлер арасында тиісті міндеттер мен жауапкершіліктердің болуы және дұрыс бөлінуі. Сонымен қоса ішкі аудит мақсатына жетуі үшін білікті және тұрақты бақылауды қамтамасыз ету керек.

3. Аудиторлық есеп беру стандарттары (Audit Resolution Standard). Оларға сәйкес аудиторлық тексеру нәтижелері бағаланып, аудиторлардың ұсыныстары негізінде кемшіліктер жойылып отырылады.

Аудиторлық нәтижелер мен кеңестерге аудиторлар жауап береді. Басқарушыға аудиторлық есеп бойынша қабылданған шешімдердің әр қайсысына доклад ұсынып отыруы керек.

Жоғарыда көрсетілгендей, ішкі аудит стандарттары жалпы талаптарды және аудитті жүргізу шарттарын сипаттайды.

Ішкі аудиттің халықаралық стандарттар аудитін жүзеге асырудың жалпы талаптары мен шарттарын сипаттайды.

 Кәсіби  аудиттің халықаралық озық тәжірибесін  зерделеуге кіріспес бұрын нарықтық  экономикалық елдердегі әр түрлі  бизнес-құрылымның қызметін қаржылық бақылаудағы өзіндік ерекшелігі бар әрі тәуелсіз жүйесі ретінде оның қалыптасуының маңызды кезеңдеріне ерекше назар аударған жөн. Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті - көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер және т.б пайдаланатын экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы болып табылады.

 Кәсіпорынның бақылаумен айналысты және қаржылық есеп шынайылығы пайда болған соң меншік иелері кәсіпорын басқарушылары ұсынатын ақпаратқа сенімсіздік таныта бастады. Сондықтан қаржылық есептің шынайылығын растау үшін тәуелсіз аудиторлар шақырылатын болды (аудит – латыннан тікелей баламада «тыңдаушы» дегенді білдіреді). Аудиттің көмегімен кәсіпорынның экономикалық жағдайы анықталады [19].

Ағылшын тілдес мемлекеттерде бізге жеткен ең ежелгі есептік құжаттар мен аудит жөніндегі ескертулер Англия мен Шотландияның архивінен табылған. Аудиттің даму тарихын қарастыра отырып С.М. Бычкова  бес кезеңді бөліп көрсетеді: алғышарт(1850ж-ға дейін), аудиттің пайда болуы (1850-1905 жж.), кәсіптің қалыптасуы (1905-1933 жж.), кәсіптің өркендеуі (1933-1940 жж.), қазіргі жағдайы (1940 ж. - қазіргі уақытқа дейін).

Информация о работе Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі