Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2014 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің экономикалық өсуіне және тұрақтануына мүмкіндік беретін нарықтық қатынастарды тиімді дамытудың ең қажетті шарты аудиторлық тексеру болып табылады.
Аудиторлық тексеру жүргізілмеген ұйымдарда бухгалтерлік және салық заңдылықтарын бұзу тәуекелі көтерілуде, олар бюджеттің салық төлемдерінің бюджетке түсуінің азаюына алып келеді.
Ең алдымен, аудит дегеніміз не жеген сұраққа жауап іздейтін болсақ, аудит дегеніміз – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру болып табылады. Нарықтық жағдайда экономикалық бақылаудың ең тиімді түрі – тәуелсіз аудит.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………....
3
Тарау 1 Ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері.......................................................................................

5
1.1 Ішкі бақылау жүйесінің ұғымы, мәні мен мазмұны.........................
5
1.2 Ішкі бақылау жүйесінің ортасы мен құраушылары.........................
9
1.3 Ішкі бақылау жүйесінің қызметін нормативтік реттеу......................
13
Тарау 2 Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі.......................................................................................................

18
2.1 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне сипаттама және оның есеп саясаты туралы айтылған......................................................

18
2.2 Шетелдік тәжірибедегі ішкі аудитте ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері.................................................................

24
Қорытынды.....................................................................................................
30
Қолданылған ақпар көздері......................

Вложенные файлы: 1 файл

arman_kursovoy_audit новый.doc

— 1.16 Мб (Скачать файл)

Аудиттің әрбір даму кезеңінде белгілі бір мақсаттар орындалып отырды. Егер бастапқы кезде аудитке кәсіпорын жұмысының тиімділігін анықтау мақсаты қойылса, кейінірек ауытқулар мен зиянкестікті анықтау, олардың алдын алумен айналысады. Сонымен катар аудитті жүзеге асыру тәсілдері де жетілдірілді.

АҚШ-тың барлық ірі университеттерінде бухгалтерлер мен аудиторларды даярлаудың елеулі бөлігін құрайтын «Аудит» курсы оқылады. Курстардың аталуы және олардың мазмұнымен 2-кестеде берілген мәлімет арқылы танысуға болады.

 

2-кесте

 АҚШ университеттеріндегі  аудит бойынша пәндер және  олардың қысқаша мазмұны

 

Университеттің атауы

Курс атауы

Пәннің мазмұны

1

Хьюстон іскерлік әкімшілік мектебі

Аудит

Аудит стандарттары мен процедуралары, ішкі бақылау, есеп беру

2

Коммерциялық және іскерлік әкімшілік колледжі

Аудит

Аудит мәні, процедуралары, техникасы және тәжірибесі; аудиторлардың кәсіби этикасы мен есеп беруі; тәжірибелік жағдайларды талдау;

3

Нью-Йорк іскерлік әкімшіліктің жоғары мектебі

Аудит

Аудиттің мәні мен маңызы, атқаратын қызметі және әдістері;

4

Миссурия-Колумбиялық іскерлік және қоғамдық әкімшілік мектебі

Аудит

 

 

Аудит теориясы мен тәжірибесі

Аудит принциптері, есептік жазбаларды талдау, іскерлік құжаттармен есеп даярлау

Аудиттің жалпы стандарттары мен процедуралары

5

Флорида іскерлік әкімшілік колледжі

Аудит және ішкі бақылау

Тереңдетілген аудит

Ішкі бақылау жүйелеріне қатысты аудит стандарттары мен процедуралары

Қазіргі қоғамдағы аудиторлардың рөлі, маңызы, атқаратын қызметі


 

Францияда бухгалтер-аудитор болу үшін жоғары білім, 3 жылдық жұмыс тәжірибесі болуы шарт, содан соң талапкер бухгалтер-аудитор дипломын алу үшін емтихан тапсырады. Сондай-ақ, талапкер 25-тен жас болмауы керек. Жасқа байланысты шектеулер көптеген дау туғызуда: АҚШ-та 21 жас болса, Чехияда 35-тен жас болмауы керек. Қазақстан Республикасында мұндай шектеулер қойылмаған.

ТМД елдеріндегі аудиттің өркендеуі «Инаудит», «Контакт», «Казахстан - аудит», «Ержанов и К» және т.б. фирмалардың құрылуынан басталды. Аудиттің даму тарихын зерттеу оның қазіргі уақыттағы жағдайын анықтап, алдағы кездегі даму жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қытай мен Германиядағы аудиторлар даярлау жүйесі көңіл аударарлықтай. Елде аудиторлық тәжірибені енгізуге кәсіби аудиторлардың жетіспеушілігі кедергі болғандықтан, Қытай үкіметі нақты шараларды қолға алды. 29 жоғары оқу орнында, техникалық мектептерде, сондай-ақ бірнеше арнайы даярлық орталықтарында кәсіби аудиторларды даярлау жүзеге асырылады. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде аудиторлық әкімшілік 3000 бөлімшеде шоғырланған 34000 адамнан тұратын аудиторлар штатын кұрды. Қытай теледидарынан жүргізілетін аудит курсы кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар үшін ішкі аудиторларды даярлау және олардың кызметін насихаттауда өте тиімді болып табылады.

Германияда аудиторлыққа талапкерлерге емтихан тапсыруға рұқсатты жоғары федералдық экономикалық ведомствода құрылатын қабылдау комиссиясы береді. Бұл комиссияның құрамына аймақтық үкімет өкілдері, өнеркәсіпшілер одағының өкілдері, сауда палатасының өкілдері және екі аудитор кіреді. Қазақстанда ішкі аудиторларды даярлау үшін қабылдау комиссиясының құрамына экономикалық бөлім, қаржылық басқарма, салық комитеті, ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, жергілікті университеттің есеп және аудит бойынша беделді ғалымдары және сертификаты бар екі аудитор кіргені дұрыс. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет жөніндегі» Заңында ішкі аудит мәселелері арнайы қарастырылмаған, оны тәуелсіз аудиторлармен жүзеге асырылатын кызмет ретінде қарастырады. Алайда онда ішкі аудитке катысты бірқатар нұсқаулар бар.

Қазақстан Республикасының қаржылық-экономикалық бақылау жүйесін білу үшін келесі 3-кестеге назар аударамыз.

 

 3-кесте

Қазақстан Республикасының қаржылық - экономикалық бақылау жүйесі

 

Бақылау типтері

Бақылау субъектілері

Меншік формасы

1

Президенттік

Есеп комитеті

Мемлекеттік

2

Үкіметтік

Салық комитеті; Қаржылық бақылау комитеті; ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік

3

Тәуелсіз аудит

Аудиторлық ұйымдар

Жеке

4

Ішкі аудит

Кәсіпорынның ішкі аудит қызметі

Мемлекеттік, жеке акционерлік


 

Қаржылық-экономикалық бақылаудың әрекеттегі жүйесін (3-кесте) талдай отырып: Есептік палатаны Мәжіліс қарамағына беру қажеттігін атап өту керек, себебі ол республика бюджетін бекітумен айналысады, бірақ оның орындалуын бақылайтын нақты органы жоқ. Кәсіпорынның ішкі аудиті бақылаудың жеке түріне бөлінген, себебі заң талаптарына сәйкес тәуелсіз аудиторлық ұйым тек жеке меншік формасында құрылуы тиіс, ал ішкі аудит меншік формасына және құрылтайшыларға тәуелді болады [20].

Осы тақырыпты нәтижелей келгенде, ішкі бақылау жүйесінің шетелдік тәжірибесінде қолданылатын ішкі аудит стандарттарын қарастыра отырып,  отандық кәсіпорындарда қолдану мүмкіндігі бар және де ол стандарттарды жалпы стандарттар, арнайы стандарттар, аудиторлық есеп беру стандарттары деп 3 түрге бөлінеді. Жалпы стандарттар ішкі аудиттің тексеру әдістерін, мақсатқа жетуге бағытталған және тиімді сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Арнайы стандарттар ішкі аудитті жүргізу барысында операциялардың құжаттарын рәсімдеуге бағытталған. Аудиторлық есеп беру стандарттары аудиторлық тексеру нәтижелерінің бағалануы және аудит жүргізу барысында табылған кемшіліктерді жою керек мақсатына арналған.

Дамыған мемлекеттерде аудитті жетілдіру мақсатында, аудитор біліктілігін жоғарлату үшін арнайы мектептер ашылған. Сол секілді, елімізде арнайы аудитті жүргізуді жетілдіруге курстар ашылып, әр кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесі одан ары қарай дамып, мемлекеттің қаржылық-экономикалық жүйесін дамыту маңызды болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысты  қорытындылайтын болсақ, ең алдымен ішкі бақылау не деген сұраққа жауап берейік.

ішкі бақылау жүйесі деп (Internal control) субъектің қаржылық есептіліктің сенімділігі, операциялардың тиімділігі мен өнімділігі, және заңнама мен нормативтік актілердің сақталуы деген мақсатқа жетуде сенімді болуы үшін басшылық  өкілеттігі берілген  тұлғалардың, субъект басшылығының және өзге де персоналдың жасақтаған және жүзеге асырған процестерінің жиынтығын атайды. 

Курстық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың негізгі бөлімдеріне тоқталып өтсек:

 бірінші бөлімінде - Ішкі бақылау жүйесінің қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері ішкі бақылау  жүйесі қызметінің мақсаты мен міндеттері, әдістемелі және нормативтік реттелуін қарастырдым.

екінші бөлім – «АО Атыраумунайгаз» Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі, Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметіне сипаттама және оның есеп саясаты туралы айтылған.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін қарастырдым. Ішкі бақылау жүйесі қандай қызмет атқаратынын жалпы түсініктеме бердім. Шетелдік тәжірибеде қандай орын алатынын байқадым.

Жалпы «Аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің мәні мен маңызы» курстық жұмысымның мазмұнын толықтай аштым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған ақпарат көздері

 

  1. Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы". Заңы, 1998 ж., 20 қараша (07.10.2012ж берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  2. Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңы, 2007 ж., 28 ақпан (12.26.2012ж берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
  3. Абленов Д.О. Аудит негіздері. Алматы: Экономика 2005ж
  4. Ержанов Ш.С. Аудит. Алматы: Экономика 2005ж
  5. Жалғасбаева А.А., Имашева Ж.О. «Практикалық аудит» Алматы, Эверо баспасы, 2010 ж.
  6. Исақова С.А. «Аудит» Алматы, Эверо баспасы, 2009ж.
  7. Жақыпбеков С. «Ішкі аудит» Алматы, Экономика баспасы, 2008 ж
  8. Балапанова А.Ж. «Аудиттің теориялық негіздері» Алматы, Экономика баспасы, 2003 ж
  9. Кәсіпорындағы ішкі аудиттің ұйымдастырылуы және оны жетілдіру жолдары. ҚазЭУ хабаршысы. 2010. №1 – С. 359-368б. – 1,25 б.т.
  10. Кәсіпорындағы ішкі бақылаудың тиімділігі және оны ұйымдастыру жолдары. – Алматы: ҚазККА хабаршысы. 2010. №5 – С. 140-144б. – 0,625 б.т. басылымда.
  11. Интернет жүйесі: www.yandex.kz., www.refferattar.com., www.google.kz.
  12. www.audit.kz Қазақстан Республикасының Аудиторлар палатасының ресми сайты
  13. Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии. Алматы 1997г
  14. Радостовец В.К., Тасмагамбетов Т., Атинов и др. Финансовый учет. Алматы 1997г
  15. Б.С. Мырзалиев, Р.С. Әбдішүкіров «Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру».−Алматы, 2003 жылы,
  16. Абленов Д.О. «Основы аудита» Астана, издательство «Фолиант», 2008г.
  17. Нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнестегі белсендірудің қаржылық-несиелік әдістері: экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне іздену үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Арзаева М. Ж. – Алматы, 2006жыл
  18. А.Н. Токсанова «Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход».−Алматы, 2005 год
  19. В.Л. Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп», Алматы, «Экономика», 2005 жыл
  20. «Толковый словарь птичьего языка аудита» www.petrenco.com.ua сайтының ақпараттары.

 

 

 



Курстық жұмыстың тақырыбы: «Аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің мәні мен маңызы»


Информация о работе Кәсіпорындағы аудитті ұйымдастырудағы ішкі бақылау жүйесінің ролі