Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2014 в 23:02, отчет по практике
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2010 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызынан 2011-жылдың 01-ші қаңтарына дейінгі аралықта Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Шу көшесіндегі 45 үйде орналасқан «Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:
1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;
2 Ақша құралдары айналымы есебі;
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу................................4
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері......................6
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау..............................9
ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы............................................13
2.2 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................14
2.3 Қорлар есебі мен аудиті....................................................................................16
2.4 Дебиторлық борыштар есебі............................................................................18
2.5 Факторингтік операциялар есебі.....................................................................20
2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................21
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......23
2.8 Міндеттемелер есебі.........................................................................................27
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті...................28
3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс салығы...........................................................................32
3.2 Жеке табыс салығы...........................................................................................33
3.3 Әлеуметтік салық..............................................................................................34
3.4 Қосылған құн салығы.......................................................................................35
3.5 «Рамадангрупп» ЖШС-ның сыртқы аудиті...................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР..................
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ.......................
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және
оның қызметімен танысу........
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың
негіздері.....................
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-
ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің
2.2 Ақша қаражаттарының есебі.....
2.3 Қорлар есебі мен аудиті.......
2.4 Дебиторлық борыштар есебі.....
2.5 Факторингтік операциялар есебі.........................
2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті........................
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......23
2.8 Міндеттемелер есебі.........................
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті...................28
3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс салығы....
3.2 Жеке табыс салығы........................
3.3 Әлеуметтік салық..............
3.4 Қосылған құн салығы...........
3.5 «Рамадангрупп» ЖШС-ның сыртқы
аудиті........................
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР.....................
КІРІСПЕ
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2010 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызынан 2011-жылдың 01-ші қаңтарына дейінгі аралықта Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Шу көшесіндегі 45 үйде орналасқан «Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:
1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;
2 Ақша құралдары айналымы есебі;
3 Кіріс және шығыс есептері;
4 Меншікті капитал өзгерістері жайлы есеп;
5 Қаржылық есепке түсіндірмелік жазба;
6 Жарғы;
7 Есеп саясаты;
8 Негізгі құралдар жайлы есеп;
9 Еңбек бойынша есеп;
10 Шоттар талдауы;
Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.
Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатысты. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.
Берілген жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу
Тәжірибе өткен «Рамадангрупп» ЖШС Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі арқылы есепке қою жөніндегі куәлігі негізінде ашылған. Кәсіпорынның толық атауы: «Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. «Рамадангрупп» ЖШС шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде құрылды, серіктестіктің орташа жылдық жұмысшылар саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 60 мыңдық айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Бұл заңды тұлғада өзінің дербес балансы, өз атауы жазылған шеңбер мөрі, банктегі жеке шоттары және басқа да реквизиттері бар.
Серіктестіктің қызметінің мақсаты: Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру болып табылады.
Коммерциялық кәсіпорын ЖШС «Рамадангрупп»-атқаратын мақсаты заңды тұлғалық, қарапайым тұрғындарды әр түрлі жиһаз өнімдерімен қамтамасыз ету.
«Рамадангрупп» ЖШС-гі - тұрақты түрде дамып келе жатқан шағын кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын иесі Байымбетов Д.У. Аталған кәсіпорын өз жұмысын ағаш өңдеу цехынан бастап, жылдан жылға кеңейіп өсуде. Онда ағаштан жасалған құрылыс материалдарынан басқа, жиһаз, тратуарға төселетін плиткалар жасалуда. 2007 жылы кәсіпорын кеңейтіліп, пластиктен есік, терезе жасайтын жаңа цех ашылды. Аталған мекеме облыстық «Үздік тауарлар және көрсетілген қызметтер» байқауына қатынасып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Кәсіпорын басшысы қоғамдық жұмысқа атсалысып, қала аумағында өткізілетін шараларға белсенді көмек көрсетеді.
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшы салымынан, серіктестік алған кірістер мен заңмен тиым салынбаған көздерден кірістер есебінен құрылады. Серіктестіктің жарғылық капиталының салымы ақша қаражат-тары, құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жер пайдалану құқығы және өзге де мүліктер бола алады. Серіктестіктің жарғылық капиталы 109200 (бір жүз тоғыз мың екі жүз) теңгені құрайды.
Серіктестік қатысушының ерекше құзіреті:
Серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылық жасаушы, серіктестіктің атқарушы органы болып директор табылады. Серіктестіктің директоры:
Таза табысты бөлу.
Серіктестіктің жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза пайдасы, серіктестік қатысушының шешіміне сәйкес бөлінеді.
Серіктестікте резерв капиталға құрылған жағдайда серіктестіктің ықтимал шығындары осы қордың есебінен жабылады. Резерв капиталдың қаражаты жетіспеген кезде немесе резерв капитал болмаған жағдайда шығындарды жабудың көздері туралы шешім қатысушымен қабылданады.
Серіктестіктің жұмыс тәртібі.
Серіктестіктің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңына сәйкес жасалынады.
Осы Жарғыға өзгертулер енгізу тәртібі
Серітестіктің Жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізуі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте қатысушының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Серіктестік бір айдың ішінде Жарғының өзгергені туралы Әділет органдары хабардар етуге міндетті. Осы мерзім өткеннен кейін кез келген мүдделі адам сот тәртібімен Жарғының өзгерулеріне заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік регистріне енгізуді талап етуге құқықты.
Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар: Жоғарғы орган- Қатысушы, Атқару органы-Директор, Бақылаушы орган-Тексеруші.
Серіктестіктің мүлкі.
Серіктестіктің мүлкін құрайтындар: негізгі қорлар және айналымдағы қорлар, сонымен қатар серіктестіктің қаржылық есебінде көрсетілген өзге де мүліктер болып табылады.
Мүлік серіктестікке жеке меншік түрінде жатады.
Серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері:
-қатысушының жарғылық
-серіктестік қызметінен
-ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да табыс көздері болып табылады.
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері
Іс-тәжірибесін өтіп отырған серіктестіктің өз алдына бухгалтериясы бар, оны бас бухгалтер басқарады. Мұнда бухгалтерлік есеп қабылданған тәртіппен және қаржылық есеп беру формасына сәйкес жасалады және де Атқару органына тапсырылып отырады.
Серіктестіктегі есеп бөлімінің ұйымдастырылу құрылымында: Бас бухгалтер және оған бағынатын еңбек ақы төлеу бухгалтері мен материалдық ресурстар, өндірістік шығындар, және дайын өнімдер мен оны сату есебін ұйымдастыратын бухгалтер бар.
Серіктестіктің ішкі өндірістік қаржылық есебі кәсіпорынның жинақтық бухгалтерлік есебі құрамына кіреді.
Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер жайлы» Кодексіне сәйкес (Салық Кодексі) филиал барлық салық түрлерін және жинамдарды есептейді және төлейді.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесі келесі нормативтік құқықтық құжаттардағы талаптарға сәйкес жүргізіледі;
1) «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңы;
2) Қазақстан Республикасының
3) Қазақстан Республикасында
5) Қазақстан Республикасының
6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруді реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттары.
Сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу барысында «Рамадангрупп» ЖШС-нің директоры бекіткен есеп саясатының қағидалары мен негіздеріне сүйенеді.
«Рамадангрупп» ЖШС-нің есеп саясаты 2009 жылдың 5 қаңтарында №8 хаттамамен қабылданған және ол 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2432 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң негізіндегі ҚР Президентінің қаулысы мен ҚР БЕС №1-20; ҚР Қаржы министрлігінің 21 мамыр 1997 жылғы бұйрықтарының және басқа да заң күші бар нормативтік актілерде көрсетілген кәсіпорын қызметінің өндірістік-экономикалық талаптарына сай жасалған.
Бұл есеп саясатына сәйкес негізгі құралдарға жұмыс істеу кезінде қолданатын құралдар, қолдану мерзімі 12 айдан кем емес, құнына байланыссыз.
Кәсіпорынның есеп саясаты анықталған нормативтер негізінде өз бетінше шаруашылықтың ұйымдық құқықтық түрінен, салалық ерекшеліктерінен, айналыс әдіснамасынан және істің сипаты және т.б. есеп және бақылаудың ұйымдастырылуының нақты қалпы мен әдістерін анықталуына құқық береді.
ТМҚ иемденуінің есебі мен оның бағалануының ережесі мен тәртібі, өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі, оның бағалануы, өткізілуі және т.б. есеп саясатымен анықталған. Есеп саясатындағы сонымен қатар бухгалтерлік есептің шоттар жүйесінің құрылымын анықтауы енген.
Есеп саясатының қалыптасуы кезінде мүліктік ерекшелік пен ұйымдық ісінің үздіксіздікті қарастырылады, сонымен қатар есеп саясатының қолданылу кезектілігі, шаруашылық қызмет фактілерінің уақытша анықталғандығын қарастырады. Есеп саясаты толықтылық, байқаушылық, қарама-қайшылық және орнықтылық талаптарына сәйкес келеді.
Есеп саясатында есептің қағидалары мен әдістерін қолдана отырып шаруашылық іс-әрекет туралы нақты және оперативті ақпарат алуға мүмкіндік береді.